ICHAN QALA ХИВА Узбекистан Кальта минор Ислам ходжа

  Рет қаралды 54

ӨМІР ТАМАША

ӨМІР ТАМАША

15 күн бұрын

Ичан қала Хива Өзбекстан
Армысыздар Өмір тамаша арнасының көрермендері!
Біз екі жарым мың жылдық тарихы бар көне Хиуа қаласының ішінде орналасқан әйгілі Ичан кала кешеніндеміз. Бүгінгі бейне тарихи ескерткіштерге толы,арнадан ажырамаңыз!
Ичан қала- Хиуаның ішкі қаласы. Әйгілі жібек жолы керуенінің тоқтайтын жері болған. Археологиялық деректерге сүйенсек, қала 5-6 ғасырларда пайда болған. Бүгінгі таңда аспан асты мұражайы.
Ичан-Қала кешеніне дәстүрлі стильдегі тұрғын үйлер мен сәулет ескерткіштері кіреді.
Ең таңғаларлығы, Ичан-Қала тек мұражай емес, сонымен қатар мұнда кәдімгі адамдар тіршілік етеді, елестетесіз бе? Мұражайдың ішінде тұрғылықты халқы бар. Мұнда негізінен қолөнермен айналысатын отбасылар тұрады.
Қаланы қоршап тұрған қорғанның ұзындығы 2 шақырымнан астам, биіктігі 10 м-ге дейін және қабырғасының қалыңдығы 5-6 метрге жетеді. Төрт жағында жағында төрт қақпасы қойылған.
Кальта Минор мұнарасы
Мына тұтас майоликамен қапталған көрнекті ғимарат Кальта Минор деп аталады және Хиуа қаласының визитті карточкасы болып табылады.
Биіктігі 29 метр. Бір кездері ол Орталық Азиядағы ең биік мұнара болады деп жоспарланған, бірақ Хиуа билеушісі қайтыс болып, құрылыс тоқтап қалған. Бүл күндеріез келген саяхатшы Кальта Минардың қасында суретке түсуі дәстүрге айналған.
Мұнда Ұлы Жібек жолы дәуірінің ең бай мұрасы сақталған. Шығыстың ертегісіндей керуен дәуірін тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді.
Келушілер мақта матадан, ағаштан, қыштан жасалған түрлі қолөнер бұйымдарын кәдесый ретінде сатып ала алады.
Хорезм жібек кілемдері. Баяу және көп еңбекті қажет ететін процесс жібек құртының пілләларынан басталады: олар қолмен өңделеді және табиғи бояғыштарды - өсімдіктер мен минералдарды пайдалана отырып, үлкен құтыларда боялады. Бұл ауыр жұмысты ер адамдар атқарады, ал қалғаны жұмыс әйелдердің иығына түседі.
Түрлі-түсті жіптен жасалған кілемдер қарапайым тоқыма станоктарында тоқылады. Қолөнерші бір күнде небәрі бір сантиметрге жуық тоқиды, ал тұтас кілем жасау үшін көлеміне қарай 1 жылдан 3 жылға дейін уақыт қажет.
Ұлттық бас киімдері чугурма
Ислам Қожа Мұнарасы
Хиуада,ы ең биік мұнараның ұзындығы 50 метрден асды және ол көз алдарыңызда тұрған Ислам Қожа мұнарасы.
20 ғасырдың басында салынғанына қарамастан, ол ескі қаланың сәулетіне тамаша үйлеседі және қаланың кез келген нүктесінен көрінеді. Ал ең қызығы, оған кез келген адам шығып, Хиуаны тамашалай алады.
Бір кездері мұнара бірнеше қызмет атқарған. Ол әрі бақылау мұнарасы, сонымен қатар діни рәсім атқарды, атап айтқанда, мешітке азан үшін пайдаланылды. Сондай-ақ халықты билеушілердің жарлықтарын оқу үшін жақын маңдағы алаңға шақыру және басқа да жағдайларда пайдаланылды.
Мұражайдағы үйлерге заманауи құрылыс материалдарын қолдануға рұқсат жоқ.
Ислам Ходжа медресесіне кіреміз. Бұл жер де қазір мұражайға айналған.
Осы ретте Ислам Ходжа кім деген сұрақ туындайды. Ол 1907-1913 жылдары Хиуа хандығының бас уәзірі қазіргі тілмен айтқанда премьер министрі қызметін атқарды, сондай - ақ 35 жасында бас уәзірлікке тағайындалған ең жас саясаткер еді.
#хива #ичанкала #ичанқала #саяхат #өміртамаша

Пікірлер: 16
@nomadqazaq8819
@nomadqazaq8819 12 күн бұрын
Рақмет жарайсың қазақ тілді контент көрсек қуанып қаламыз ғой жақсы жасағансыз қарындасым
@fishing_iza
@fishing_iza 2 күн бұрын
😎👍
@DoyouUnderstand-tx7fi
@DoyouUnderstand-tx7fi 12 күн бұрын
Күшті!❤
@OmirTamasha
@OmirTamasha 12 күн бұрын
Мың да бір алғыс!
@thisiskazakhstan7144
@thisiskazakhstan7144 6 күн бұрын
Сөз жоқ, әдемі репортаж болды📽️👏👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha 5 күн бұрын
Алғыс, бар болыңыз!
@user-lg4up9lf8z
@user-lg4up9lf8z 12 күн бұрын
Қызықты, әдемі болып шықты видеоңыз🤩
@OmirTamasha
@OmirTamasha 12 күн бұрын
Рақмет!✊🏻
@user-ss5zn4nw2y
@user-ss5zn4nw2y 12 күн бұрын
Ажойиб видео чикарибсиз👍👍👍👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha 12 күн бұрын
🙏🏻
@user-jk3hb8nc9i
@user-jk3hb8nc9i 12 күн бұрын
дыбыс таза екен.Петличкаңыз аты қандай ?
@OmirTamasha
@OmirTamasha 12 күн бұрын
Аты BOYA
@user-qc6md9lj2h
@user-qc6md9lj2h 12 күн бұрын
Керемет видео шықты👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha 12 күн бұрын
Көп рақмет!
@nomadqazaq8819
@nomadqazaq8819 12 күн бұрын
Көп болды ғой видео салмағаныңызға.
@OmirTamasha
@OmirTamasha 5 күн бұрын
Иә, үзіліс болды.)
Шыңғыс ханды, Мұқалыйды көрген қытай елшісі
22:41
Бексултан Нуржекеев
Рет қаралды 142 М.
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 76 МЛН
Nonomen funny video😂😂😂 #magic
00:27
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 15 МЛН
Как Владимир Путин тайно путешествует
26:54
King Luxury Russian
Рет қаралды 68 М.
Почему Арабы и Евреи всегда воюют?
19:22
Сложный Процент
Рет қаралды 821 М.
Құлпынайдың көктемгі күтімі. Удобрение беру
8:16
Талғат Айдарбек
Рет қаралды 1,2 М.
Ата жолы. Қожалар мен Наймандар туыстығы
4:51
Тоқберген Байтасов
Рет қаралды 77 М.
Жын шығаратын Рустам қария
0:49
Saya Akba
Рет қаралды 283 М.
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 76 МЛН