Рет қаралды 59,040
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Жиенқұм ауылының тұрғындары балаларын мектепке жібермей қойды. Олар мұндай жағдайға амалсыздан барғандарын айтады. Сөздерінше тиісті мекемелер ауыл азаматтарының талап-арызына құлақ аспаған. Жиенқұмдықтар Анарбай Жүзбаев пен Айгүл Зияш есімді ұстаздардың мектепте жұмыс істеуіне қарсы. Естеріңізде болса, шағымданушылар бұған дейін де аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне осы талаптарын айтып, арыз қанағаттандырылмаса балаларды мектепке жіберуден бас тартатындарын ескерткен. Талап-арызымыздан нәтиже шықпады деген ауыл азаматтары араға 1 ай уақыт салып, тағы да наразылықтарын білдірді.