ИМАМ БҰХАРИ МЕН МУСЛИМНІҢ ҰСТАЗЫ | ШАБЫТТАНДЫРАДЫ ᴴᴰ

  Рет қаралды 6,697

ALEM QUTBASY

ALEM QUTBASY

4 жыл бұрын

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
✅ Инстаграм: / alash_izbasarlary
✅ Телеграм: t.me/alash_izbasarlary
✅ Вконтакте: alash_izbasarlary
_____
🔊 Тыңдаймыз, бөлісеміз, пікір қалдырамыз.
🌍 Бейнероликтің сілтемесін "Whats App" арқылы жақын-жуық бауырларыңызға, отбасы мүшелеріңізге бөлісіңіз!
Алла Елшісі (ﷺ) былай деп айтқан: «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық». (Бұхари, Муслим)

Пікірлер: 23
@ALEM_QUTBASY
@ALEM_QUTBASY 4 жыл бұрын
Бұл кісі атақты ғұлама болардан бұрын, ішімдікке тәуелді болған. Шарапқа салынған жан еді. Ол - оқымаған, тоқымаған. Әдеп-ақылағы нашар, адамгершілігі өте төмен жан болатын. Өзінің қаласындағы ең нашар адам еді. Бір күні ол, өзінің жолдастарымен ішімдік ішіп отырады. Ішімдік ішетіңдердің арасында тек осы кісі ғана көпшіліктен ұялмай, жария түрде шарабын ішетін. Түсініп отырсыздар ма? Ол, осы ісі үшін ұялмайтын. Адамгершілігі де сол кездері өте төмен болған... Сөйтіп, ол, бір топ адамдар біреуді айнала қоршап, өтіп бара жатқандарын көреді. Ортадағы адам есектің үстінде еді. Айналасында өте көп адам ілесіп жүреді. Адамдардың барлығы есектің үстіндегі адамға құрмет көрсетіп, сөйлесе әдеппен сөйлейтіндерін байқайды. Барлығы онымен сөйлесуге тырысып жатады. Бұл көріністі көрген ол, есектің үстіндегі кім екенін анықтағысы келеді. «Неге бәрі оған құрметпен сөйлеп жатыр?»,- деп ойлайды. Сөйтіп, қастарына барады. Адамдардың арасынан өтіп, ортадағы кісіге жақындайды. Оның алдына шығып, оны тоқтатып, «Сен кімсің?»,- дейді. Бұл оның сол кездегі әдепсіздігін көрсетеді. Мінезі нашар болған. - «Сен кімсің?»,- дейді. - Айналасындағы адамдар оның Аш Шағби екенің айтады. Бұл - имам Шағби. - «Имам Шағби дейсіңдер ме?.. Кім ол?.. Не нәрсемен айналысады?»,-дейді. - Адамдар: «Ол - мұхаддис» дейді. - «Мұхаддис деген нені білдіреді?».. - Олар оған «Мұхаддис деген Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм)нің хадистерін жеткізуші.. Ол хадистерді жаттаған, оны бізге үйретеді. Жұмысы осы»,- дейді. - «Жақсы, мұхаддис болсаң, онда маған бір хадис айт. Маған хадис жеткіз»,- дейді. Сөйтіп, имам.. Бұл имамдар нағыз білім иелері болатын. Хадис сұраушының қандай халде екенің түсінеді. Оның жағдайын көріп.. Оған қажетті болған, оны құтқаратын хадисты жеткізеді. Сөйтіп мына хадисты айтып береді. Сахаба Әбу Мәдуд Әль-Бәдрі (родыйАллаһу *әнһу)ден Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм)нің былай дегенің жеткізеді. Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм): «Егер ұятың болмаса... Егер ұялмайтын болсаң, онда білгеніңді істе» деген. Себебі сізде ұят болмаса, ұятсыз, арсыз қадамдарға барасыз. Осыны естіген кезде, бұл сөздер жаңағы адамның жүрегіне жетеді. Айтылған хадис оның жүрегіне жетеді. Осы сөзді естігеннен кейін, ол өзгеруге шешім қабылдайды. Ол өмірін толық өзгертуге бел буып, өткен өмірін артта қалдыруды шешеді. Сөйтіп, ол атақты имамға барады. Имам Мәлік ибн Әнәс - Мединаның имамы еді. Ол сол имамға барып, соның шәкірті болады. Имам Мәліктің қасында хадистерді үйренеді. Бұл кісі... Кезінде ішімдікке салынған бұл кісі... Кейін имам Бұхари мен имам Муслимге ұстаздық етеді. Ол имам Бұхари мен имам Муслимның ұстазы болады. Оның есімі - Абдулла ибн Мәсләм (р.а). Ең атақты, танымал хадис жеткізушілердің бірі. Абдулла ибн Мәсләм кезінде шарап ішетін, мінезі нашар, әдепсіз, ешкімді құрметтемейтін. Ел-жұрттың көзінше шарап ішетін болған. Бірақ бәрін тастағаннан кейін, ұзақ жылдар бойы имам Мәліктің қасында тәлім алған. Ол: «Менің осы жолға түсуіме, тура жолға бағытталуыма себеп болған адамды көруім керек»,- деп, Басраға сапар шегеді. Себебі, Имам Шағби Басрада болатын. Абдулла ибн Мәсләм Басраға жеткен кезінде, имам Шағби ол келерден бұрын дүниеден өтіп кеткендігі туралы естиді.Бұл атақты имам Абдулла ибн Мәсләмнің өмірінен көптеген нәрселерді үйрене аламыз. Өзгеруге ешқашан кеш емес. Жаман жолды тастап, жақсылыққа ұмтылуыңыз керек. Ешқашан кеш емес. Біреу келіп сізді өзгертеді екен деп күтпеңіз, біреу сізді өзгертеді деп ойламаңыз. Өзгеру - өз қолыңызда. Ертеректе қандай күнә істесеңіз де, шынайы тәубе етіңіз, ең үздік адамдардың қатарында болуға тырысыңыз. Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм)нің өмірі, сахабалардың өмірі, ұлы имамдардың өмірі баршамызға үлгі-өнеге. Ислам тарихында үлкен жетістіктерге жеткен ғұламалардың, ержүрек көшбасшылардың өмірі бізге өнеге. Олардың жетістіктері неде еді? Олар екі нәрсені жасады. Өздерін өзгертті және өзгелерді өзгертті. Өміріміздегі ең маңызды нәрселер. Жан-жақты бол! Рухани, физикалық, ментальдық тұрғыдан дамы! Жетістікке ұмтыл! Егер өзің өзгерсең, өзіңді дамытсаң, өзгелердің дамуына, жетілуіне себепкер боласын. Бұл маңызды нәрсе. Егер өзгеру қолымнан келмейді деп ойласаңыз.. Өзгеруге тырыспай жатып, «менің қолымнан келмейді, шамам жетпейді» демеуіңіз керек. Өзіңізді қауқарсыз сезінсеңіз. «Уақыты келгенде өзгереміз» деп, жүре берсеңіз, жақсылыққа ұмтылмасаңыз, әрекеттенбесеңіз, уақыт - сізді өзгертпейді! Қиямет күні Алла Тағалаға не деп айтасыз?.. Сіз өзіңізді өзгертпейіңізше, әлем өзгермейді. Қоғам түзелмейді. Ал сізді өзіңізден басқа ешкім өзгертпейді. Алла Тағала әлемнің өзгеруін бізбен байланыстырып қойды. Алла Тағала Құранда: «Расында қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді» деген. "Рағыд" сүресі, 11 - аят
@ALEM_QUTBASY
@ALEM_QUTBASY 4 жыл бұрын
Қазіргі таңда, бүкіл мұсылман елдерінің жағдайы... Мұсылмандардың жағдайының нашар екенің көріп жүрміз. Өзімізді өзгертуге тырыссақ, бес уақыт намазымызға бекем болсақ, жаман әдеттерімізді тастасақ, Алла Тағаланың разы болатын амалдарын көптеп жасасақ... Өзгеруге шынайы ниетіміз болса... Алла разылығына ұмытылатын болсақ... Жылы төсегімізден тұрып әрекет етсек, сонда ғана өзгерістер орын алады. Себебі барлық нәрселер бір-бірімен байланысты. Осы нәрселерді Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм) сахабаларына көп рет ескерткен, үйреткен. Бұл дүниеміз, бүкіл ғалам бір-бірімен тығыз байланысты екенін білуіміз керек. Сіз күнә істесеңіз, оның әсерін көресіз.. Бірден болмаса да, мүмкін 10, 20 жылдан кейін көресіз. Ол күнәңіз үмметке әсер етеді. Отбасыңызға, тума-туыстарыңызға, қоғамға әсер еді. Сіз оны байқамайсыз. Барлық нәрсе бір-біріне әсер етеді. Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм) пайғамбар болып адамдарға жіберілуінің себебі неде? Бізге жіберілудегі мақсаты қандай еді? Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм) адамдарды өзгертуге, жақсылыққа бағыттауға келген. Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм) пайғамбар болғанға дейін, арабтардың мінездері өте нашар, тым әдепсіз болған. Өзара бөлінісіп, бір-бірін өлтіріп, тастарға, пұттарға табынатын. Көп жаман нәрселер істеген. Кейін Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм) келгеннен кейін, 23 жылдан кейін, олар мұсылман болып, ең үздік адамдарға айналған. Олардың ықпалымен, олардың себебімен Ислам бүкіл әлемге жайылды. Қытайдан бастап, Марокко, Испанияға дейін... Пайғамбарымыз (соллаллаһу *әләиһи уәсәлләм) мінезі нашар адамдарды тәрбиелеп, оларды ең үздіктерге айналдырды. Міне осы адамдар жер бетіне Исламды жайды.. Мұсылмандардың арқасында әлемде көптеген жаңалықтар ашылған. Математика, медицина, астрология және басқа да салаларда көптеген жаңалықтарды ашқан. Бізде, өмірімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек! Оянуымыз керек!Бей-жай жүре бермеуіміз керек! Егер намазым түгел, осы да жетеді деп жүрсеңіз немесе бойыңызда жаман әдеттер болса, оны елемесеңіз... Сіз ғапылдықтасыз, сіз ұйықтап жүрсіз! Алла разылығы үшін істеп жүрген азғантай амалыңызға разы болмаңыз! «Мен садақа беремін. Рамазан айында ораза ұстаймын. Намаз оқимын. Осыларды істесем болды емес пе? Осы жеткілікті ғой?!» демеңіз. Күн өткен сайын, күн сайын дамуыңыз керек. Құлшылықты қатесіз жасауға жеткілікті білім алсаңыз, мінезіңізді жақсартуға, Құранды көбірек жаттауға назар салыңыз. Сондай-ақ оқыған мамандығыңызды жақсырақ үйреніңіз. Шет тілдерді, адамдармен байланыс орната білуді үйреніңіз. Физикалық жаттығулар жасаңыз. Жалпылай айтқанда, дамуды тоқтатпауыңыз керек. Алар асуымды алдым деп дамуды тоқтатсаңыз, біліңіз, сіз шайтанның азғыруына түсіп қалғансыз. Ояныңыз! Ақиқатқа тіке қараңыз! Күнә істерді, жаман әдеттерді қалдырып, өзгеруді бүгіннен, дәл қазірден бастаңыз! Алла баршамызды сау жүрек иелерінен етсін! Үмметке пайдалы болуымызды нәсіп етсін!
@Tolik76
@Tolik76 11 ай бұрын
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
@user-hr2sj3px1o
@user-hr2sj3px1o 2 жыл бұрын
Керемет
@user-mj8bc5in4m
@user-mj8bc5in4m 4 ай бұрын
👍👍👍👍👍
@dumanmaratuli5059
@dumanmaratuli5059 2 жыл бұрын
Кереметкои осындаи окигалар! Баримиз осылаи озгерумиз керек 💚☝️☝️☝️☝️☝️
@user-pj5pt3pv3x
@user-pj5pt3pv3x 4 жыл бұрын
Неге керемет видеода қаралым аз. Өкінішкті. Адамдардың арзан нәрсеге үйір болатыны айй Алла разы болсын саған
@ALEM_QUTBASY
@ALEM_QUTBASY 4 жыл бұрын
сіздер видеоларды таратсаңыздар қаралым көбейеді :) Алла сізге де разы болсын!
@d.nargulan5169
@d.nargulan5169 4 жыл бұрын
Allahu akbar.
@user-kp2ow4mt2t
@user-kp2ow4mt2t 4 жыл бұрын
машшАлла
@user-uy4vk7zw3t
@user-uy4vk7zw3t 4 жыл бұрын
Автор дауысыда тусиникти жаксы жеткизип турасыз рахмет Алла разы болсын
@esett557
@esett557 3 жыл бұрын
Алла разы болсын сизге
@user-pt1pu6eb7y
@user-pt1pu6eb7y 3 жыл бұрын
Аллаһу акбар
@user-of4jh5zt6q
@user-of4jh5zt6q 4 жыл бұрын
Керемет 👍👍👍
@user-px3cm9nh6e
@user-px3cm9nh6e 3 жыл бұрын
Мәшаа алла өте керемет
@honorfgjfe5908
@honorfgjfe5908 3 жыл бұрын
МаашАллах
@user-jk7su3lo1s
@user-jk7su3lo1s 4 жыл бұрын
Басталмай жатып жүрегім елжіреп кетті.
@as_bolsynn
@as_bolsynn 4 жыл бұрын
السلام عليكم و رحمة الله ما شاء الله جزاكم الله خيرا
@abduprokz
@abduprokz 4 жыл бұрын
Аллаху Акбар
@user-bp4bm2ob8d
@user-bp4bm2ob8d 4 жыл бұрын
Оте керемет
@user-rs4nc9xi8n
@user-rs4nc9xi8n 4 жыл бұрын
🙇‍♂️🙇‍♂️🙇‍♂️
@user-gy6my6hs8l
@user-gy6my6hs8l 4 жыл бұрын
👍👍
@user-ve8yw4hm3c
@user-ve8yw4hm3c 3 жыл бұрын
Аллаху Акбар
Increíble final 😱
00:37
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 51 МЛН
WHO DO I LOVE MOST?
00:22
dednahype
Рет қаралды 16 МЛН
Cute Barbie Gadget 🥰 #gadgets
01:00
FLIP FLOP Hacks
Рет қаралды 43 МЛН
Climbing to 18M Subscribers 🎉
00:32
Matt Larose
Рет қаралды 18 МЛН
Алланың көркем  99 есімімен зікір ету
0:16
Сымбат Абенова
Рет қаралды 2,3 М.
Құран мұғжизалары 90: Тез жүру ᴴᴰ
5:04
Increíble final 😱
00:37
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 51 МЛН