Рет қаралды 440,231
Жаңалықтарымызды Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік оқиғамен басатасақ. Кеше ғана қара жамылған Дүңгенбай отбасы екі апта ауырып коронавирустан көз жұмған әкелерінің орнына бөтен адамды жерлей жаздаған. Одан қалды мәйітханадағылар марқұмның денесін бүгін таңғы тоғыз аса Таразға басқа адамның орнына ұшаққа салып ұшырып жіберген. Дәрігерлердің "мәйітті ашпаңдар, вирус жұғады" деген сөзін тыңдамай жерлер алдында әкесінің бетін ашқан балаларының жанары шарасынан шығып кете жаздаған. Тірегінен айырылып онсыз да есеңгіреген олар таңнан бері шырылдап отағасының мәйтін іздеумен әлек болған.
Таңғы сегізден бері алай-дүлей күй кешіп әкелерінің мәйітін іздеп шарқ ұрған апталдай азаматтар әке денесін көргенде осылай егілді. Күні кеше денсаулығы сыр берместен сап сау жүрген Әбу Дүңгенбай 70 жасында аяқ асты коронавируспен ауырып ауруханаға түскен. Екі апта аурумен алысқан азамат ақыры Нұр-Сұлтандағы фтизиопульманология орталығында жан тапсырады. Кейін марқұмның денесі көпсалалы медициналық орталықтағы мәйітханаға жіберіледі. Ал ол жердің қызметкерлері қайтқан адамның денесін кеше сұраған балаларына бермей, бүгін таңда жерлер кезде береміз деп қайтарған.
КӘКЕН ЖАНТАЙҰЛЫ, марқұм Әбу Дүңгенбайдың туысы:
- Таңертең сегіз жарымнан келгенбіз, келгеннен кейін бұлар айтты мәйітті ашпайсыңдар деді. Мәйітті газельге салғаннан соң балалар айтты: "Жоқ, біз ашамыз көреміз, әкеміз бе, жоқ па?" деп. Ашсақ басқа адам болып шықты. Қайда бұл мәйіт десек, олар айтпайды. Суреттерін алып келіп салыстырдық міне мына жерде мең бар, мынада жоқ дегеннен кейін бұлар қипылықтай бастады. Кетіп қалды Таразға деді.
Сөйтіп марқұмның туыстары ізін суытпай Таразға денені алып кеткендерге хабарласады. Олар мәйітті ұшақтан түсірместен қайта Нұр-Сұлтанға жібереді. Ал Дүңгенбай отбасы жерлей жаздаған Жұмабек марқұм дәл сол қара жамылған тараздықтардың туысы болып шығады.
АСҚАР ҚАЙЫПБАЕВ, марқұмның баласы:
- Мына жақта елдің бәрі жаназаға дайындалып әкемнің денесі әлі қабырға тиген жоқ. Бері қарай денені салып жіберді. Кешкі сағат тоғыз жарымда келеді, енді денені мына жақта қайда сақтарымды да білмеймін, жаназасын қашан шығаратынымды да білмей масқара болып отырмын.
Ал Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарасты көпсалалы аурухана қызметкерлері өз кінәларын толықтай мойындап отыр.
БАҚТЫБАЙ ОРАЗБЕКОВ, Нұр-Сұлтандағы Көпсалалалы медициналық орталық директорының орынбасары:
- Туыстарынан кешірім сұрап бәрін түсіндіргеннен кейін олар бәрін түсінді. Бізге претензиялары жоқ. Самолетқа транспортный расходтарын біз өзіміз сотрудниктар өздеріміз толтырдық.
Осылайша әкелерінің мәйітін жоғалтқандардың біреуі денені жер қойнына тапсырса, енді бірінде жерлеу рәсімі кешігіп жатыр. Жапа шеккендер аурухана қызметкерлерінің қателігін кешірді деген басшылық қалт айтқан секілді. Өйткені таңнан есеңгіреген азаматтар мәйітхана қызметкерлерің сотқа береміз деп отыр.
Гүлназ Сайлауқызы, Нұркен Тоқмурзин
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#ғайып_болған_мәйіт #дәрігерлер_қателігі