Рет қаралды 413,391
Күні кеше Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Ербол Нұрланұлының жақындары марқұмның жетісін берді. Бір апта бұрын 29 жастағы мұғалім аурухана төсегінде тілге келместен қайтыс болған. Оның өліміне күдікті ретінде сол ауылдың тұрғыны, бес баланың әкесі Медет Тұражанұлы қамауға алыныпты. Ол мұғалім Ерлан Нұрланұлын «әйеліммен сөйлесіп жүр» деген күдікпен соққыға жыққан көрінеді. Күйеуінің туыстары үйінен қуып жіберген бес баланың анасымен телефон арқылы тілдестік. Ол кісінің пікірі мүлдем басқа. Ал, Қарағанды облысындағы жеті айдан бері жақындары мәйітін іздеген келіншектің туыстары қыздарының денесін тапты. «Күйеу баламыз өлтірді» деп жүргендердің күдігі күшейді. Олар енді қызымызды бір емес, бірнеше адам өлтірді және тірідей көмген деп күмәнданып отыр. Осыдан біраз бұрын ұл тумағаны үшін соққыға жығылған қарағандылық келіншектің де сұхбатын берген болатынбыз. Отбасылық ұрыс-керістердің соңы - адам өлімімен аяқталуда. Бұл фактілер - қылмысқа айналмай тұрғанда, отбасылық шағын жанжалдардан ғана басталған екен. Адамның айтуға аузы бармайтын сұмдық қылмыстар туралы - бүгінгі Сөздің шыны керекте.