Рет қаралды 57,983
Ақтөбеде бір мектептің есепшісі бір жыл ішінде өзінің есепшотына 200 млн теңге аударған. 2018 жылдан бері 390 млн теңгені қалтасына басқан. Ал, Өскемендегі бір мұғалімнің айлығына қосымша төлем 400 мың теңгеден 8 млн 800 мың теңгеге өсіп кеткен. Ал, Талдықорған қалалық білім бөлімі бухгалтері 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілініп, ал, білім бөлімінің басшысына 280 млн теңге пара алды деген айып тағылғанын бұдан бұрын да айтқанбыз. Тек Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бөлімінің бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп есепшілері кіргенін өткен аптада жариялаған Антикор, бухгалтерлердің қомақты қаражатты қолды қылудың жұмбақ сызбасын анықтағанын айтты. Ол схеманы арнайы мамандар анықтамағанда бюджет қаражаты жылдар бойы қолды болып кетер ме еді? Тек есепшілер ғана білетін жымқыру әдісінің республика бойынша қолданыста болғанын да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтапты. Қазір бірнеше қаланың білім бөлімдері тексерілуде. Бухгалтерлер бюджет қаражатын қолды қылудың әдісін қалай жасырып, жемқорлық әрекеттерін қалай заңдастырып келгені - келесі бейнематериалда.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал