Екі күннен бері ереуілдетіп жатқан Жаңаөзен жұмысшылары енді аштық жарияламақ

  Рет қаралды 99,965

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Екі күннен бері ереуілдеткен Жаңаөзендегі мұнайшылар "Кезби" компаниясы кеңсесінің алдына түнеп шықты. Жалақының аздығы жанына батқан жұмысшылар, осылайша басшылықтың назарын аударғысы келген. Қолдарына плакат ұстап, он екі талапты жеткізбек болған жұмысшылардың мәселесімен танысуға бұл жолы облыс әкімі Серікбай Трұмов келді. Айтқанымыз орындалмайынша жұмысқа кіріспейміз деген мұнайшылар енді аштық жарияламақ. Ереуілшілердің талаптарын әріптесім Махаббат Нұржанқызы тыңдаған еді.
МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші:
- Жаңаөзенде кешелі бері ереуілдетіп жатқан "Кезби" компаниясының мыңға жуық жұмысшысы дәл осы жерде түнеп шыққан. Қолдарына "Кезби" компаниясына әділдік орнасын, "Бірдей жұмысқа бірдей еңбекақы", "заңсыз жұмыстан босатылғандар өз орындарына қайта қабылдансын", "Еңбек еркіндігі сақталсын" деп жазылған плакаттарды алып шыққандар осымен екінші күн жұмыстарын тоқтатты. Аптап ыстыққа қарамастан бүгін де наразылықтарын жалғастырған азаматтар басшылыққа бірден 12 талап қойып отыр. Бастылары - жалақыны көтеру, сыйақы төлеу жүйесін қайта қарастыру, зиянды аймақтағы жұмыс үшін ақы төлеу, құрал-саймандарды стандартқа сай ету.
АХМЕТ ЖАҚСЫБАЕВ, жұмысшы:
- Елмен қатар айлық алғымыз келеді ғой бәріміз де. Алатын 200 мың теңге. Оны кімге жеткізесің? Істеп жатқан жұмыстарымыз, солардан көп жасаймыз НГДУ-дан.
Ұңғымаларды жөндейтін жұмысшылар "Кезби" компаниясының басшылығы артық істелген жұмыстың ақысын төлемей, шеберлерге жұмыс уақытын мәжбүрлі түрде азайтып жаздыртады дейді. Мұнай өндірісіне тікелей қызмет етіп жүргендер жұмысқа берілген техникалар адам өміріне қауіпті екенін де айтады. Басшылар "Құл сияқты жұмсайды" деп ызаланған бір топ адам мұндай қорлыққа енді шыдамаймыз дейді.
БАҚЫТЖАН БАЙЖАНОВ, шебер:
- Айына 660 сағат бар ғой біздер одан артық орындап тұрған соң балдарға еңбекақысын алып бергіміз келеді. Себебі біз балдарға жұмыс жасатқанда айтамыз сендерге айлығын төлетеміз деп. Ал біз мекеменің басшыларына айтсақ, бұлар төлемейді.15 сағат КТУ қояды 740 сағатқа. Бұл деген сұмдық қой.
Дәл қазір осында мәселені шешу үшін облыс әкімі Серікбай Трұмов та келді. Жағдайды өз көзіммен көруге келдім деген аймақ басшысы бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жағдай екенін айтады.
СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі:
- Жекеменшік мекеме болғаннан кейін біз ішкі экономикалық жағдайына араласа алмаймыз. Мәселені екі жақты келіскеннен кейін жұмысшыларға айтады, хабарлайды. Мәселе әрине, экономикалық жағдай, бәрі ақша-қаражатқа тіреледі. Барлығымызға ортақ заң бар. Сондықтан барлығы заңның аясында болу керек деп есептеймін.
Ал мыңға жуық азамат бас көтеріп, талаптарын жаудырып тұрғанда "Кезби" компаниясынан сұхбат беруге ешкім шықпады. Тіпті күзетшіге түсірілім тобын кіргізбеуге тапсырма беріп қойыпты.
"Кезби" компаниясының бас директоры Бітім Кезбаевқа телефон арқылы хабарластық. Ол мәселенің барлығы тапсырыс беруші тараптан екенін айтып отыр. Десе де қызметкерлердің ереуілге шығуы заңсыздық деп отыр.
БІТІМ КЕЗБАЕВ, «КЕЗБИ» ЖШС Бас директоры:
- Ол жөнінде біз хат жаздық әкімге де, бәріне. ҚазМұнайгазга да жаздық. Енді біз не істейміз. Олар ертең-ертеңмен отыр. Уақытында жауап беріп жатқан жоқ. ӨзенМұнайгаз аз төлеп отырғанда тендермен келді ғой.
Жыл сайын айлық азаяды деген азаматтар ауыр жұмысқа 200 мың теңге жалақы алу ең үлкен қорлық деп есептейді. Ал дәл қазір олар әкімдікке аштық жариялайтындары туралы хабар жіберіп жатыр.
Махаббат Нұржанқызы
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#ӨзенМұнайГаз #жұмысшылар_наразылығы #Кезби

Пікірлер: 229
@user-mw4lx7wk5y
@user-mw4lx7wk5y 2 жыл бұрын
Жараисыңдар Маңғыстаудың Батыр жігіттері Шымкенттен
@user-bq7ie6xp6t
@user-bq7ie6xp6t 2 жыл бұрын
Прокуратура кайда?антикор кайда?
@user-jz4me9dp7t
@user-jz4me9dp7t 2 жыл бұрын
Бара бара наразылық күшейе береді, болашақ та халық өзі сол мұнайға өздері ие болады
@user-ro1xb1uz6w
@user-ro1xb1uz6w 2 жыл бұрын
Казахстаннын укыметы жалакыларын котериншиш жумысшылардын осы кунге дейн жумысшылар сендерды тындап аз жалакымен жумыс жасап келдыго бастыктар сендер байыдындар акша жок болса оздерыннын жалакыларынды тусырын .45 градус ыстыкта жумыс жасайтындарды кобейтын енды солар алсын акшаны
@user-bh2jj3oy9b
@user-bh2jj3oy9b 2 жыл бұрын
Өте дұрыс еңбек ақы маңдай терді сұрау әркімнің қақысы.
@user-jc1dm2jk1f
@user-jc1dm2jk1f 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Бауырлар.Аштық жарияламаңдар.Денсаулықтарыңды құртасыңдар.Аштан өлсекте Бізге қарайтын басшы,үкімет жоқ.Әкім заң бәрімізге ортақ, бірақ мекеме ішіне араласа алмаймыз дейді.Қай мекеме болмасын,еңбек ақы бірдей төленетін заң шығарсын.Осы Қазақстан кәсіпорындарын басшыларын түсінбеймін,өз Қазағыңа артық жұмыс жасатады.Сол артық сағаттың ақшасын төлей алмасаң,немесе мөлшерлі жұмыс уақытында жұмысты ұйымдастыра алмасаң орныңды босату керек.Соңғы кезде екіжүзді,уәдеге тұрмайтын, өтірікші,жалпаңдаушы басшылар көбейіп кетті.
@user-gb6gp4hy8q
@user-gb6gp4hy8q 2 жыл бұрын
Акимин колынан ештеңе келмейді
@user-gc5wp9iy8c
@user-gc5wp9iy8c 2 жыл бұрын
Неге Қазақстанда тек озимиздин халқымыз жылап отырады. Сол компониянын басшысы Қытайлар қырғын миллион алып отырады. Қара жұмыс жасайтын қазағым 100мын тенгени куни бойы жұмыс жасап, отбасын тастап кангып журип еңбек етип зорға алады. Денсаулык құрды. Айлықтарын котериндерши әр қайсысы көп балалы әке шырылдап жүрген, отбасын асыраймын деп жүрген нағыз ер азаматтар.
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 2 жыл бұрын
Зұлым қытай экспансияна жол жоқ жол жоқ. Оян қазақтар
@user-lx4ou4dr7r
@user-lx4ou4dr7r 2 жыл бұрын
қытаи келсе будан бетерболады көтеріліңдер қазақтар
@user-kb4lu4fp5y
@user-kb4lu4fp5y 2 жыл бұрын
Мунаига жумыска барып уйыктап ,уйге келгесын аракты суша ышып жургендерды ,баска жумыска ауыстыру керек
@knsv6430
@knsv6430 2 жыл бұрын
Аштык жарияламандар прост жумс токтатп тастандар олар ушин организмге зиян келед зачем олар ушин олай истеу.
@baiankaskataeva1515
@baiankaskataeva1515 2 жыл бұрын
Ячмень
@baiankaskataeva1515
@baiankaskataeva1515 2 жыл бұрын
На
@baiankaskataeva1515
@baiankaskataeva1515 2 жыл бұрын
От на
@user-qb9sm8zz2l
@user-qb9sm8zz2l 2 жыл бұрын
Бауырлар аштык жарияламандар,Назар урыботтар ына барибир, денсаулык тарынды куртып аласындар, ХАЛЫК биригип,барлыгымыз Бир мезгилде барин токтату ,уйде жатып алу сиякты амалдар керек...
@user-fc4yp9ey7h
@user-fc4yp9ey7h 2 жыл бұрын
ДЕПУТАТТТАР НЕ УШИН КЕЛМЕСЕНДЕР ОСЫ АРАГА МИЛЛИОННАН АЛЫП ОТЫРСЫНДАР, СОЙЛЕУГЕ,ХАЛЫККА ЖАКТАСУГА КОРЫКСАНДАР БОСАТЫНДАРОРЫНДАРЫНДЫ
@aigulkadylbekova1498
@aigulkadylbekova1498 2 жыл бұрын
Неге казак бирикпейди!
@user-gb6gp4hy8q
@user-gb6gp4hy8q 2 жыл бұрын
Колдаймын! Алға!
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Осы жкмысшылардын енбеги ,Депутаттар айлык алып откандарын
@user-xd5zc8uo4s
@user-xd5zc8uo4s 2 жыл бұрын
колдарынан бок келмейтин облыс башылары отыргой
@hojakyz
@hojakyz 2 жыл бұрын
АТЫП ТАСТАУ КЕРЕК ҚОЙ МЫНАДАЙ ОҢБАҒАН БАСШЫЛАРДЫ
@kaiyrbekzhakieev6982
@kaiyrbekzhakieev6982 2 жыл бұрын
Шайтан өлмей ештеме шешілмейді
@aliasylhanov1597
@aliasylhanov1597 2 жыл бұрын
жигиттер отырып алып 200 300 мын аладыго деп айтпан.бириншиден аптап ыстык пен кыстын салкынында далада кара жумыс истеп алган айлыгын отбасынды багуга жетпесе не керек. Баска онирлерге караган бизде мангыстауда барлыгы кымбат тамак онимдеринен бастап строй материалдарга дейин,оны себебиде белгисиз неге бздин онирде кымбар бари,баска онирдин адамдары устине коп косып сатама алып келип пайда кору ушинбе билмеймин, Бизге келетн жемис жидектер онтустиктен келеди кобине бирак кымбат,оданда через порт келип жаткан азербайджан иран онимдери арзан,сондыктан укимет осы еки елден келетин товарларды кенейтсе екен,озимиздин онимди кымбатка алп келимсектерди байытканша,арзан оним алп экономдап озимз байыйык
@user-jy9of2nr3w
@user-jy9of2nr3w 2 жыл бұрын
Әкім боп шеше алмасаң несіне отырсың Қазақстанда заң жоқ болған емес
@nauryzbaktybaev3817
@nauryzbaktybaev3817 2 жыл бұрын
Дурыс айттасыз..2011 де мына жемкорлар мунайшыдардын арыз талабын тындамаган сон котерилген жокпа осы
@user-jf2ft1gc5p
@user-jf2ft1gc5p 2 жыл бұрын
Әкімдер араласа алмаса ,сонда халықа комектесе алмаса неге керек Акім
@user-pr6xf3sr3x
@user-pr6xf3sr3x 2 жыл бұрын
Бас директор мыңғыр мыңғыр деп не деді құрту керекқо ондай директордың шшс
@user-vq6qr4ex9l
@user-vq6qr4ex9l 3 ай бұрын
Жарайсыңдар бауырлар !
@user-qb9sm8zz2l
@user-qb9sm8zz2l 2 жыл бұрын
Тек осылай жумысты КЗ.бойынша токтату аркылы бул уры арамтамактарды койылган талаптарды орындауга мажбурлеу керек,тек Букилхалык болып жатып алмаса ештене болмайды.Сиздер кем дегенде 1000 долл.жогары акы алуларын керек.Олар тырп ете алмайды, Кайтпандар!!!
@user-fd2xg3sc5c
@user-fd2xg3sc5c 2 жыл бұрын
Каидагы заң Қазақстанда.
@user-bq2mg1fq4k
@user-bq2mg1fq4k 2 жыл бұрын
Две коровы и бабки придут, корреспондент, как автомат Калашникова,.😀
@talgatnurmuhanbetov3515
@talgatnurmuhanbetov3515 2 жыл бұрын
Жумыстары бирдей жасайтын, озенмунайгаз жумысшылары милион тенге алады. Тоо жумысшылар 200 мын алады сумдыкко. Алга жыгыттер кайтпан
@darkdimas
@darkdimas 2 жыл бұрын
В наше время 200 тысяч это не зарплата, в магазине каждый день оставляешь от 5ти до 10ти тысяч тенге!!!
@user-ro1xb1uz6w
@user-ro1xb1uz6w 2 жыл бұрын
Бул еще мунайшынын айлыгыго 200 мын еще мангыстау кымбат жер
@user-lo5nf9ep7d
@user-lo5nf9ep7d 2 жыл бұрын
Бауырларымыз берик болыныздар.Тилектериниз орындалсын. Биликтен кетсин!!!
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Оз жеримизде айналыссак егиспен халык аш болмас ед, неге соны ойламйды екен
@user-kv1oi5np9z
@user-kv1oi5np9z 2 жыл бұрын
АШТЫК ЖАРИЯЛАП АЛЛАНЫН БЕРГЕН ДЕНСАУЛЫГЫНА КИЯНАТ ЗИЯН КЕЛТИРГЕННЕН ТУГЕЛ КОТЕРИЛЫП НАЗАРБАЕВТЫ ТУП ТАМЫРЫМЕН КУРТУ КЕРЕК.АЛЛАНЫН АЛДЫНА БАРГАНДА ДА АНЫГЫН ШЫНДЫГЫН СУРАЙДЫГО.АУДАРЫП ТОНКЕРУ КЕРЕК.
@aikynshaihov2984
@aikynshaihov2984 2 жыл бұрын
✊✊✊ Алға жігіттер ! Қарапайым қазақ азаматтарын аз жалақымен қорлау тоқтатылсын !!!
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Бир Алла бар соны ойландар, халыктын коз жасы жибермейди, халыктан каргыс алган ша, халыктан алгыс ал деген емеспе , Абай атамыз
@user-dw2wl7jn5f
@user-dw2wl7jn5f 2 жыл бұрын
Өзеннің халқының ауызбірлігі күшті. Фортты айтсайшы көгалдандырдық, көшеге гүл егілді, тал егілді деп әкім есеп беріп сайрам отыр. Көшеде шұбырып жүрген түйе, жылқы, сиырдан басқа.ештеңе жоқ. Еккен шыбықтары қисайып қурап жатыр. Гүлдің тұқымыда жоқ.бәрі ауызша жасалып жатыр. Қаланың іші. Лас.
@user-nh2il6gh6n
@user-nh2il6gh6n 2 жыл бұрын
Аштык жарияламандар Денсаулыктарын зиянын тигізеді,оданда жумыска шыкпандар отырыңдар сол жерде.биліктегілердін жаны ашымайды сендерге бауырларым.
@user-ij4ky6fm8s
@user-ij4ky6fm8s 2 жыл бұрын
Кезбаевтың өзі пенсияға кететін жастағой кетсін орынынан.
@user-qd2fz1bp7r
@user-qd2fz1bp7r 2 жыл бұрын
Турымов колыннан тук келмесе не истеп журсин!!!
@user-xi5wx8qn6d
@user-xi5wx8qn6d 2 жыл бұрын
Актобе Атырау Орал мунайшылар ы азаматтар колдандар Жанаозендик сериктеринди Кашангы осылай журесиндер
@user-ex3tu6hq3p
@user-ex3tu6hq3p 2 жыл бұрын
оте дурыс айтади
@user-mz1ob1yz1g
@user-mz1ob1yz1g 2 жыл бұрын
Бензин тамак кымбаттай берсе арты жаксы болмаиды гои.вакцинаны мажбірлеуді токтатса екен.
@user-tv1gm8cs3h
@user-tv1gm8cs3h 2 жыл бұрын
Кто их будет слушать
@user-jd4kj1px3o
@user-jd4kj1px3o 2 жыл бұрын
Әр жерден бір шыққанша' бүкіл халықты шақырған митингке Астанаға барып халықпен бірге шықсаңдар басқаша болар еді.Ештеңе өзгермейді.
@user-rb8ye6rq4w
@user-rb8ye6rq4w 2 жыл бұрын
Отиниш талаптарын басшы орындау керек. Талаптары орындалмаса компаниясын заңды түрде фин полицияға тапсыру керек.халыктын әлеуметтік жағдайын көтеру керек Казакстаннын барлык елди мекндерин тесерип жалакысын көтеру керек.
@user-qd7ll2uf1w
@user-qd7ll2uf1w 2 жыл бұрын
Қазахстанның елді мекендерінде жұмыс жоқ.Қандай заң егер әкім ештеңе шеше алмаса ондай әкімнің не керегі бар.
@user-wt3kz1io2q
@user-wt3kz1io2q 2 жыл бұрын
Жұмысшыларды қолдау керек
@user-fz6in2ti2m
@user-fz6in2ti2m 2 жыл бұрын
ӘКІМ ӨЗІНЕ Әкім БОЛЫП КЕТТІМА?
@user-wg3ny5nm9r
@user-wg3ny5nm9r 2 жыл бұрын
Масқара айтарға сөз жоқ.
@user-uo4jj5nt9n
@user-uo4jj5nt9n 2 жыл бұрын
Сонда депутаттар не истеп отыр, ашейн миллион айлык алып уйыктап
@user-qj5ug9lu2p
@user-qj5ug9lu2p 2 жыл бұрын
Ассаламагалейкум! Ауыстырсын жалакысын мунайшыларга депутаттардын жалакысын толесын мунайшылардыкын депутаттарган берсын! Сонда коремыз!
@user-ex3tu6hq3p
@user-ex3tu6hq3p 2 жыл бұрын
дурыс айтасвз..тук битирмей елге кайыри депутатдар 1 миллион айлык алади салкын жерле отырип .60 градус ыссыда жумыс жасайтын жумышыга акша толегиси килмит кайта депутати 200 мын болу керекго некаыр тигижеди елиме
@user-fd3ud9fi6y
@user-fd3ud9fi6y 2 жыл бұрын
Билік тағыда түнгі сағ 12 де белгісіз бір деңе шашып жүр.
@azamat5447
@azamat5447 2 жыл бұрын
2003-2005 те жұмыс жасадым сол мекемеде. Больничный алған адамды жұмыстан шығарып жіберетін еді. Айлық 33 000 теңге алатынбыз 15-күнге. Сол кезде өзен мұнай газдың жігіттері 180-200 мың алатын. Солардан қолғап сұрап алатын едік қолданғанын. Киімді ыдыс аяқты үйден әкелеміз. Айдалада екі вагон шешініп суға түсесің 5-литр баклажканың көлеміндей ыдысқа. Тамаққа 10 мың ұстайды, жировканы көтерсеңдер көресіңдер архивтен. 15-күн бойы промсылдың ішінде жатамыз бір вагонда 7- жігіт болып. Техника, кілттерін мусордан жинап алғандай еді. Талай жігіттің белі кетті ауыр жұмыстан. 180-200 штук трубаны қолмен тийейтін кездер де болған сияқты арбаға. Кейін бір ЧП болып жаппай уланды бригадалар, 2-адам өлді. Олардың жағдайына уайымдаған адам шамалы сияқты. Ешкім сотталған жоқ. Мен сияқты жасап кеткен адамдар түсінеді сол жердегі мұнайшылардың жағдайын.
@user-ew2jz2gn5d
@user-ew2jz2gn5d 2 жыл бұрын
Халықтың мұң мұқтажын тыңдап жаткан не әкім не депутат не министр жоқ барлык зат кымбатап жатыр айлык көтер десең осы не жүмыстаны шығасың
@user-wz6gr7xu4f
@user-wz6gr7xu4f 2 жыл бұрын
Қалай заңсыз сонда еңбек ақысын бермеу заңды ма
@kanatrakymzhanuly2839
@kanatrakymzhanuly2839 2 жыл бұрын
2011жылыда жазда осылай басталдығо наразылықпен кейің 16желтоқсанда бәрің қиратты....жемқор басшылар осыған жеткізбей мәселені шешсе.жақсы болар еді.....бұл жолы бүтің халық ашулығо
@user-kh4se9pt6f
@user-kh4se9pt6f 2 жыл бұрын
Бұлардыда ататын шығар енді.назарбаев ештеңе білмейм дейтін шығар
@user-ex3tu6hq3p
@user-ex3tu6hq3p 2 жыл бұрын
енди аталмайди .Озен не кормеди коргени канди кыргын ..89 жыли азербайжанди тазалади каладан .2011 жыли адал енбегин сураганда ок жаудырди .Казакстанын бир облысы жактасалмади .кайта укиметге жагынып .Жана озенди теледидарда жамандади .осы казактарда аузыбиршилик жок сол кези .Жана озенди барлыги колдаганда мна жемкор билий ауысатын еди
@user-yj5tt4gh5p
@user-yj5tt4gh5p 2 жыл бұрын
Бір Алла жар болсын Еңбектерін көтеріп заңсыз жұмыстан шығарған адамды орнына алып тілектерін орындап оңынан шешіп беруді нәсіп етсін
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Сондыктан барине бирдей толенгени дурыс айлык
@altinkylymbaeva9090
@altinkylymbaeva9090 2 жыл бұрын
Неге жекеменшык соны тусынбей турмын неге жекеменшык ке береды зовот халыктыкы емеспа сонда халыкта не калды
@user-wo6hs6xd6i
@user-wo6hs6xd6i 2 жыл бұрын
Шет елден келген адам керисинше казактардан аз айлык алу керек. Казакстандыктар айлык коп алуы тиіской.
@user-tn7uv8di1x
@user-tn7uv8di1x 2 жыл бұрын
Алга!
@user-uz1pb5wk1s
@user-uz1pb5wk1s 2 жыл бұрын
Сосын эр жерден бир шыккан болмайды ау биригип халык шыгу керек
@user-eg5ck1vl4z
@user-eg5ck1vl4z 2 жыл бұрын
Жекеменшік дегенді қуып шығу керек!
@user-hz1vz1zz5x
@user-hz1vz1zz5x 2 жыл бұрын
Мунайшлардын.ебекг.отё.адал.осы.мунаидын.аркасында.баиып.отыргои.баилар.Мунаишнын.аилг.кемдегенде.700жузне900 000.болу.керек.нагыз.енбек.мунаишылардк
@kairzhansalamatuly
@kairzhansalamatuly 2 жыл бұрын
Согыска барган атамда анадай медаль 🏅 болмаган оиибууу
@user-gj6hh4fj3h
@user-gj6hh4fj3h 2 жыл бұрын
Атан окопта тыгылып жаткан гои 😃
@user-my7jr4vv4v
@user-my7jr4vv4v 2 жыл бұрын
Иә, қай еңбегіне алды екен
@kairzhansalamatuly
@kairzhansalamatuly 2 жыл бұрын
Атамнын аягына ок тиген согыс кезинде медаль болды Бирак дэл мундай медал болган емес
@user-vp4ow8xj5s
@user-vp4ow8xj5s 2 жыл бұрын
Еңбек ақыларын дұрыстап төлеу керек жемқорлар.
@user-ih6xj8il9g
@user-ih6xj8il9g 2 жыл бұрын
Халыкты мун мухтажын орындамаса Трумов не керек халыкты налогына масыл болып не ушин келди позор брлып
@user-mo3ix7qh7g
@user-mo3ix7qh7g 2 жыл бұрын
сенің оттап отырғаның заңсыз бастық халықты қанай бермей ақшасын дұрыстап бер
@zhuldzraymbek8081
@zhuldzraymbek8081 2 жыл бұрын
халыққа күн жоқ болды гой, осыбилік не үшін керек, не дұрс заң жоқ, не жағдай жоқ, құғымыз жан жақтылы бұзлып атр, ояну керек, әр жерден бір шығу еш нарсе бітрмейді,үлген өзгерс керек, жүйені өзгерту керек, ары қарай былжраудың қажеті қалған жоқ, тағы күтіп отрсақ ішкі сртқы жаудың дайын жемне айналамыз, ал біз осы күнді күтіп отрмыз ба!
@SerjanSerjan-ii1sq
@SerjanSerjan-ii1sq 2 жыл бұрын
М
@Knxjnx
@Knxjnx 2 жыл бұрын
Азаматтардын енбек акызын солардын койып отырган талабына сай жондеп толеп бер , куарган ку какбас . Олерiннiн шагында елдiн енбегiн жеп тозакка кеткiн келеме ? Кудайдан корыксайшы , карт перi . Жалмандамай . Сол байлыкты корiне аркалап кетпейсiн сipa . КАРАБЕТ . Кудайдын алдына кай бетiнмен бармакшысын .
@user-uo4jj5nt9n
@user-uo4jj5nt9n 2 жыл бұрын
Канша депутат бар, не кереги бар халыктын акшасына кун корип жатыр. Солар тусинбеймин не шешіп жур? Карапайым халык жиналып жатыр. Депутат тарды қысқарту керек.
@user-ki5xf2gj3p
@user-ki5xf2gj3p 2 жыл бұрын
Ол неге меншік болады. Бәрі өкіметтігі болу керек қой сонын бәрін бастарын істеп тұр ғой неге меншікке айландырған.
@botagozkulmagambetova8324
@botagozkulmagambetova8324 2 жыл бұрын
Өкімет колынан келмесе казак азаматтарын кім қорғау керек
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 2 жыл бұрын
Не деди,солкебайларын солкилдетип кадап алган,кай согыстан алган орден-медаль?..
@Samsung-kc1gg
@Samsung-kc1gg 2 жыл бұрын
Бизде вообще жумыс сыз журмыз
@user-kx2cr5cz7e
@user-kx2cr5cz7e 2 жыл бұрын
Дұрыс екен адал еңбегін талап еткени бирак тик токта ваксинаға қарсы көтерліске шықты деген мұнда ваксинаға қарсы ештеңе көрмедим
@user-eb9po2ew6t
@user-eb9po2ew6t 2 жыл бұрын
Укиметке кайтарсын кезбийди или сол жумысшларга өздери ретдейд
@user-ds6zp8xd3b
@user-ds6zp8xd3b 2 жыл бұрын
Молодцы так держать.
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Алла тагала баримизди жаратты , сендер бир бирлерине сыйлы конаксындар соны есте сақтаңдар деп
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Бир биримизге сенбесек ,биз еш кашан ел болалмаймыз
@user-rz2dm7hj4r
@user-rz2dm7hj4r 2 жыл бұрын
Пайдасы жоқ жарнамалар канды ишти, бир дурыс карай алмаймыз!Ашып калсак әкелеринен калган мура сиякты,атып шығады. Толық карай алмай сөндіруге тура келеди,жаналыкты дурыс карауга мумкиндик жоқ.... Жазба жаналыкты ашып калганда онда,жарнама атып шығады,оширсем оширилмейди.Акыры оныда колды бир силтеп тастап кетемин. Ойпырмай Акша ушин,бизге билгендеринди жасадындар-ау.Жарнамадан түскен акшаларынды суйектерине салыңдар!.
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Биз отырамыз кен байтак жерде озимизге кыймай
@user-jz4me9dp7t
@user-jz4me9dp7t 2 жыл бұрын
Әкім неге қашақтап тұрсың! Халықты қорғамайды
@user-yw9zt5xl8h
@user-yw9zt5xl8h 2 жыл бұрын
Араласа алмаймыз деген не сөз.Облыс әкімі халық үшін сөзін өткізе алмаса,несіне әкім болып отыр. Облыс бойынша барлық проблемаларды шешу керек.
@user-bh8zq6ww1p
@user-bh8zq6ww1p 2 жыл бұрын
Жемкор куыршак аким ол оз парасын алып жумысшыларды фирма басшыларына жыгып берип отыр бизде барлык жерде осылаи бок карындарды куртпаи жарык жок
@user-ys9un4tv1e
@user-ys9un4tv1e 2 жыл бұрын
казир заң барма не деп ертек айтип тұр минау не дейт каскалар тоймай олесындеро
@user-kb4lu4fp5y
@user-kb4lu4fp5y 2 жыл бұрын
Жанаозенде бары колынан келетындеры мунайда жумыс жасау керек
@user-mf6wf6lx5d
@user-mf6wf6lx5d 2 жыл бұрын
Дұрыс дұрыс берілмеңдер
@cij7877
@cij7877 2 жыл бұрын
Талаптар орындалсын
@user-pf5mk1wy8k
@user-pf5mk1wy8k 2 жыл бұрын
Алга казактар кайтпандар
@berikibazhanov5252
@berikibazhanov5252 2 жыл бұрын
Аштык жариялап ден-саулыкка зиян келтирип кереги жок. Басшылар ден-саулык сатып бермейд. Жумысты токтатындар болды.
@gshsjhajsjkd6396
@gshsjhajsjkd6396 2 жыл бұрын
Барлык жергілікті тұрғындар өз жерлеріңе өздерің қожайын болындар жаман ұйдің қонағы билед дегендей халық өз жеріне еге болсын
@asaasa2487
@asaasa2487 2 жыл бұрын
Халықтан бөлінбей бірігіп шықпайсыңдарма, ел, жер керекпе, жоқ ақша біріншіме, көп болсақ жеңеміз
@user-hi6vp1vy1p
@user-hi6vp1vy1p 2 жыл бұрын
Тынштыкты бузды кынбатшылдык ,жерди кытаига бермек ,не сумдык корлык осынша баилык бар елмиз 30 жылда гулд, еи ел болмадык кешке деин куып жетпеитин кымбат умир ,енди жерди кытаига беру кашан ел халык тынш кол жетимди баспана азык тулик умир суреди биликтегилерди ауыстыру керек
@user-gj6hh4fj3h
@user-gj6hh4fj3h 2 жыл бұрын
Жорналыс Кыз сексульныи екен ,елыктын Лагындаи, быр какбас Акым саунага шакырып аркасына массаж жасатып жур гои .
@user-cd4gx5jg7w
@user-cd4gx5jg7w 2 жыл бұрын
Кытай кампаниясыгой
@user-nt2lz8ih4x
@user-nt2lz8ih4x 2 жыл бұрын
Дурыс солай болу керек сонша жумыс жасатып акы толемеу деген уш жуз мын толеу керек жок дегенде молодец Жана озен алга енбек терын жансын бауырлар
@user-dq6os7tj8w
@user-dq6os7tj8w 2 жыл бұрын
200мың манғыстауға дым болмайды,оның жатакханасы,таксиге барып келу,проезі,продутыге,одан калганы семьясына не болсын,қазір кымбатшылык,котеру кереккой айлыкты
@yldahannyrgaipova5980
@yldahannyrgaipova5980 2 жыл бұрын
Ээээээээээээээ
@user-gk9ki3pl3k
@user-gk9ki3pl3k 2 жыл бұрын
Біз араласа алмаймыз дид ...😠😡 онда не үшін әкім болып жүр ? Босатсын орынын ! Араласып , халықтын қамын ойлайтын адамды қойсын !
@user-td5qk5ig3t
@user-td5qk5ig3t 2 жыл бұрын
Не деп.от апотыр
@sundet.6050
@sundet.6050 2 жыл бұрын
Ли кырысын барин жумыстан шыгып кету керек жасасын оздери жасаймалса оздери шакыртады сонда келисим шартты дырыстап жасап береди гой .
@user-vu3tn6yo4f
@user-vu3tn6yo4f 2 жыл бұрын
ƏКІМ! ҚАЛАЙ ЖЕР БЕРДІҢ СОЛАЙ ЖАУАП БЕР, ƏКІМДІКТІ ТЕКСЕРУ КЕРЕК ОЛ ДА ДОЛЯ ДА ҒОЙ
@user-uk2pv1yj9f
@user-uk2pv1yj9f 2 жыл бұрын
Халыктыда ойландар канша ма адамдар уйсиз жетим жагдайлары жок канша ма , соны ойлагандарын дурыс
@user-ts2kr6cr7b
@user-ts2kr6cr7b 2 жыл бұрын
рас ғои 200 мыңды теңгені жеткізе алмаи жатсаң Аналар 51 теңгені қалаи жеткізеді қорлады ғои анларды да балалардыда
Әкім деген халықты қанау үшін отырама.
2:19
Бахтияр Жанабаиев
Рет қаралды 441
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 2,7 МЛН
Indian sharing by Secret Vlog #shorts
00:13
Secret Vlog
Рет қаралды 58 МЛН
Сыйлаған гүлдің сыры қандай?
26:23
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 61 М.
Қалағаны болмай қалған қай бала?
17:51
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 26 М.
Из истории  Церкви "Новая жизнь" г.Барановичи
3:10
Церковь Новая Жизнь
Рет қаралды 7 М.
Анна із-түссіз қайда қашты? 😱 Бір Болайық! 05.06.24
1:09:51
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 30 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
Кырган-авайлар (Кларанын Камчаткадан эжи)
15:13
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН