Қазақстан картасынан жойылған ауылдар

  Рет қаралды 10,845

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Солтүстік Қазақстан облысында 14 ауыл Қазақстан картасынан жойылды. Яғни, тұрғындары жаппай жан-жаққа көшіп кеткен соң, бұл ауылдар қаңырап бос қалған. Ал, өңір тұрғындары соңғы жылдары елдімекендерден елдің үдере көшуіне етіміз үйренді дейді. Айтуларынша, жұмыссыздық пен мектеп, дәріхана сияқты әлеуметтік ныандардың жоқтығынан халықтың көштен қалған ауылдарда тұрғысы жоқ. Бірақ жергілікті билік өкілдері шағын ауылдарды дамыту бюджетке тиімсіз деп отыр.
Осының бәрі Ирина Кочеткованың жалғыз табыс көзі. Ол өз отбасын асырау үшін ауылда мал асырап, құс өсіріп күн көретінін айтады. Өйткені халық үдере көшіп жатқан ауылда бұдан басқа жұмыс жоқ дейді.
ИРИНА КОЧЕТКОВА, Коваль ауылының тұрғыны:
- Жұмыс болмаған соң халық немен күн көреді? Оның үстіне таза ауыз су жоқ, мектеп те жабылып қалды. Осының бәрі тұрғындардың ауылдан кетуіне әсер етті. Мал ұстау қиын. Сол себепті біз де бәрін сатып кетуді ойлап жүрміз.
Бір кездері ілгері дамыған елді мекеннің бүгінгі көрінісі осы. Жол бойында терезесі бұзылып қаңыраған үйлер, тек қабырғасы қалған әлеуметтік нысандар көп. Қазір он үйге де жетпейтін ауылда дүкен, дәріхана атымен жоқ. Сол себепті тұрғындар азық-түлік пен керек-жарақ алу үшін осыдан 35 шақырым жердегі аудан орталығына қатынауға мәжбүрміз дейді. Ал Ресей шекарасынан небәрі екі шақырым жердегі ауылда тұрған бірнеше ұлттың өкілдері тарихи отандарына оралып кеткенін айтады.
ВЛАДИМИР ДЕНИСОВ, Коваль ауылының тұрғыны:
- Кезінде бұл ауылда немістер де, поляктар да, орыстар да, қазақтар да тұрған. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бәрі жан-жаққа кетті. Ауылда өмір сүру қиындап кетті. Мал ұстаймыз, бірақ оны бағатын жер жетпейді. Шабындық жоқ.
Мамлют ауданында осы сияқты тағы он ауыл бар екен. Жергілікті билік өкілдері оларды болашағы жоқ елді мекендерінің қатарына қосқан. Яғни, тараудың аз-ақ алдында тұрған ауылдарды дамытуға бұдан былай бюджеттен бір тиын да бөлінбейді дейді. Бірақ бұл елдімекендерді Қазақстанның картасынан алып тастау туралы шешім қабылданса да, халық сол жақта қалағанынша тұра бермек.
СЕРІК БАКЕЕВ, Мамлют ауданы әкімінің кеңесшісі:
- Заң бойынша халық саны елуден аз болса, ауылды округ орталығына қосамыз. Мына ауылдың нақты аты болмайды. Бірақ халық сол ауылда тұрады. 1-ақ отбасы қалды или 2 отбасы қалды сендердің светтеріңді сөндіреміз сендер кетіңдер деген жоқ. Соңғы адам кеткенше дейін жол да тазаланады. Нан да, су да жеткіземіз.
Солтүстіктегі 600-ден артық елдімекеннің тең жартысы ғана болашағы бар деп танылған. Тіпті, 100-ден артық ауылда халық саны 50 адамға да жетпейді екен. Ал тұрғын саны он адамға толмайтын отыз ауыл картадан жойылып қалудың алдында тұр. Үш жылда еліміздің солтүстігінде 14 ауыл таратылып кеткен.
Руслан Жасұланұлы, Жұлдызбек Ермұқанов
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Пікірлер: 25
@user-hi6kl9dn3g
@user-hi6kl9dn3g Жыл бұрын
Ай, Үкіметім-ай ауылды құртқаның Қазақстанды құртқаның.
@user-yd8qc5tm9t
@user-yd8qc5tm9t Жыл бұрын
Жемқор арамтамақтар жаулаған елде осындай болады бәрі тек пайдалары үшүн бійлікте адам халық жағдайы деген затты ойынада алмайды
@user-vd8lr4ex9q
@user-vd8lr4ex9q Жыл бұрын
Адам жоқ болсада картада тұра берсін Қазақтың жеріғой
@user-ly8fp4sp1c
@user-ly8fp4sp1c Ай бұрын
Павлодар облысы, Ақсу ауданы, совхоз Целинный ( бывшее отделение совхоза Кургуль, ныне Кұркөл )
@aikynkozhabekov5039
@aikynkozhabekov5039 11 ай бұрын
Қаланы емес ауылдарды көтеру керек қазір ауылдын арқасында тұр ғой қалалардын бәрі
@user-uu2tu4dk9d
@user-uu2tu4dk9d 3 ай бұрын
Жер жоқ дейді анау бос жатқан жерлер кімдікі
@user-sp5xm2fz7i
@user-sp5xm2fz7i 10 ай бұрын
Ауылды құрту, Қазақты құрту. Миы жоқ жалмауыз басшылар кінәлі.
@user-pf7rw8gz7p
@user-pf7rw8gz7p 4 ай бұрын
Кайран елiм казагымнын кезiнде гул болган ауылдарай
@user-yp7kx7pg4n
@user-yp7kx7pg4n Жыл бұрын
Бұл қайжерде солтүстіктің
@diazbisenov6950
@diazbisenov6950 Жыл бұрын
Картадан калай жойылады ол жер Казахстан жери емеспе я бул укиметте бир гап болып турма
@user-bl3ij2se5d
@user-bl3ij2se5d Жыл бұрын
Тиінін жеп қойса чиновниктер ,конечно тиімсіз болады!
@user-jp5mp1dx9h
@user-jp5mp1dx9h 6 ай бұрын
Отличны жер екен озим барар едим каракалпак болып турманда егин егип жылкы багып казы карта жеп жасай беритин едим итд...зын жер
@Sunshine-ne8qg
@Sunshine-ne8qg Жыл бұрын
Ауыл атауы жойылса да жер қалады ғой, бастысы жер бар болсын
@user-lt2kk7gx3c
@user-lt2kk7gx3c Жыл бұрын
Ертен Сол жергеде зар боп каламызау.
@user-dc6sl7dn1t
@user-dc6sl7dn1t Жыл бұрын
Біздің ауылда жоқ
@user-tb7ht6gt2w
@user-tb7ht6gt2w Жыл бұрын
Жетістіңдер
@user-yi1tm2ux2y
@user-yi1tm2ux2y Жыл бұрын
Дұрыс, келісемін. Бірақ неге тек, Петропавлды ғана айтып, көрсетесіңдер? Қостанай облысы, Павлодар облысы. Ақмола облысы, Көкшетау облысын тегіс көрсетіңіз. Содан соң сол, бос жатқан жерге Ресей көз алартып отыр. Сөз қылып. Сол жерге қызғанышпен қарап. Ал біздің сенім артқан, Үкімет қайда. Депутат қауымы қайда?
@maksatzaksyban9940
@maksatzaksyban9940 Жыл бұрын
Укумет кайда карап отыр екен, маскара
@user-ub2fl2cb9p
@user-ub2fl2cb9p Жыл бұрын
Бідің ауылды да құртып жіберді
@amantaioshakbaev1767
@amantaioshakbaev1767 Жыл бұрын
Уигырларды озбектерди Сол аулга жиберсин приздент мурза
@user-hf7wy3br8x
@user-hf7wy3br8x Жыл бұрын
Сен не бормейсанба быринше озынг борсей сонг бызде барамыз
@user-wf7zn6df2w
@user-wf7zn6df2w Жыл бұрын
Не саган малма не айдап салатын
@maikljordon6275
@maikljordon6275 Жыл бұрын
@@user-hf7wy3br8x вай сен иогуртсанси или сартсынба
Информбюро 20.06.2024 Толық шығарылым!
24:31
Информбюро 31
Рет қаралды 5 М.
Как живут казахи в алтайском горном селе Кош-Агач
26:32
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 1,7 МЛН
Универ. 10 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:04:59
Комедии 2023
Рет қаралды 2 МЛН
Watermelon Cat?! 🙀 #cat #cute #kitten
00:56
Stocat
Рет қаралды 38 МЛН
⬅️🤔➡️
00:31
Celine Dept
Рет қаралды 37 МЛН
小女孩把路人当成离世的妈妈,太感人了.#short #angel #clown
00:53
«АУЫЛДАСТАР». Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қаражар ауылы
24:28
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 66 М.
Қостанай облысында бір ауылда жалғыз отбасы тұрып жатыр
2:40
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1 МЛН
«AQSAÝYT». Шығыстағы шекара
22:24
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 28 М.
БҚО, Көктерек ауылы І Ауылдастар
30:47
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 17 М.
Украина соғысы не боп жатыр?
10:59
Ойтүрткі
Рет қаралды 30 М.
Универ. 10 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:04:59
Комедии 2023
Рет қаралды 2 МЛН