Кене шаққан азамат не істеу керек? Біліп жүріңіз

  Рет қаралды 1,191

Информбюро 31

Информбюро 31

12 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Ауру қоздырғыш кене адамдарды шаққанда дерттің белгісі бірден байқалмайды. Сондықтан науқастар көбіне дәрігерге дер кезінде жүгінбей, көп уақытын жоғалтып алады. Соның кесірінен кенеден тараған кеселге шалдыққан азаматтар ауыр жағдайда ауруханаға келеді дейді ақ халаттылар. Жалпы зиянкес арқылы тарайтын дерттің түрі өте көп. Ал осы улы кенелердің көбейтін мезгілінде олардан сақтанудың жолы қандай? Кене шаққан азамат не істеу керек? Әріптесім Абай Нұржанұлы мамандардан кеңес сұрап көрді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Жеңі мен балағы ұзын киім кию кенеден қорғанудың қарапайым тәсілі. Сондай-ақ, жейденің жеңін қымтап, балақты шұлықтың ішіне салып жүру де қиын жағдайдан құтқарады. Ал табиғат аясында демалуға шыққан адамдар мен қорасында мал ұстайтын жандар бұл мезгілде барынша ашық түсті киімдер кигені дұрыс. Сол кезде кенелердің жабысқаны анық көрінеді. Ал үйіне кірген соң міндетті түрде денені тексеру керек дейді мамандар. Теріде қызара бөрткен жер байқалса оны этил спиртімен қайта-қайта сүрту керек. Ал кене жабысқан болса оны қолмен емес, қатты затпен алған дұрыс.
ГҮЛНАР БИЖАНОВА, Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бас маманы:
- Басқа косынка тағу керек. Және де бізде дәріханаларда арнайы кенелерге қарсы үркіткіш заттар бар. Жақпа майлар бар. Соны пайдалану керек. Конго-қырым қанды қызбасы қандай жағдайда жұғуы мүмкін? Бұл негізінде мал қырқымы кезінде жұғуы мүмкін. Сойғанда жұғуы мүмкін. Егіндікте болуы мүмкін.
Жалпы кененің 48 мыңдай түрі бар. Бірақ солардың ішіндегі иксодид, аргас, гамаздық кенелері түрлі ауруларды қоздырады. Елімізде кене арқылы жұғатын ең көп тараған дерт конго-қырым қанды безгегі мен кене энцефалиті. Мұндай індеттердің бастапқы белгілері тамақтан улану, тұмау секілді ауруларға өте ұқсас. Ал дер кезінде дәрігер көмегін алмаудың соңы өлімге әкелуі мүмкін дейді ақ халаттылар.
ЛАУРА МҮСІРЕПОВА, дәрігер:
- Бірден көрініс бермейді. Шаққаннан кейін 3-4 күннен кейін білінеді аурудың белгісі. Егер қаралмай үй жағдайында қалатын болса, оның әрі қарай өзінің сатылары бар. Жасырын кезең, гемморагиялық кезең деп ауыр жағдайға әкеледі. Сал болып қалуы да мүмкін. Бірақ ең қауіпті летальный исход дейді. Өлім жағдайына алып келеді.
Кене энцефалитінен вакцина алып қорғануға болады. Бірақ елдің оңтүстігінде көп тараған конго-қырым қанды безгегіне қарсы әзірге екпе түрі жоқ. Сондықтан осы жұқпалы аурумен ауырған науқастардың дәрігерге қаралмай жүруі көбіне қайғылы жағдаймен аяқталады дейді инфекционистер.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 4
@user-ib6zj4fp5p
@user-ib6zj4fp5p 10 күн бұрын
Кененің шықаны бүгин емес шығар жас бала күнімізде сол кененің арасында өстік тек қауыптісі құлақтарыңа кіріп кетпесін деитін ал сол кенені нап нән болып канға тоиған кенені талаи жұлып алып тастап жүре бердік .
@user-pq8nx2qk8w
@user-pq8nx2qk8w 8 күн бұрын
Ол кезде кенелер де адам гершілік бар еді ғой
@user-lc6yx9nn9p
@user-lc6yx9nn9p 8 күн бұрын
Ия, кене талай шаққан, әкеміз спирт тамызып, 10 минуттай әуре болып алатын, одан кейін алынған кенені өртеп жібергенін қызықтайтынбыз. Шаққан орнын ручкамен қоршап қайта, қайта спирт жаққызатын
@user-lr7kc1dd2f
@user-lr7kc1dd2f 9 күн бұрын
Керасин жагасал,!!???
Аутизм қандай диагноз?
4:38
Khabar TANYM
Рет қаралды 24 М.
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 166 М.
Cute ❤️🤣🍒 #shorts
00:15
Koray Zeynep
Рет қаралды 8 МЛН
Nonomen funny video😂😂😂 #magic
00:27
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 16 МЛН
Ауа райы. Ел бойынша ескерту жарияланды
8:45
Телеканал 24kz
Рет қаралды 64 М.
Бразилия су астында жатыр
0:53
Информбюро 31
Рет қаралды 3,6 М.
Зоб ауруы туралы
9:13
Доктор Қуаныш
Рет қаралды 58 М.
One secret and dough will be like a cloud❗ Old cooking trick
11:11
Brotrezepte von mia
Рет қаралды 5 М.
Информбюро 06.05.2024 Толық шығарылым!
24:27
Информбюро 31
Рет қаралды 47 М.
Cute ❤️🤣🍒 #shorts
00:15
Koray Zeynep
Рет қаралды 8 МЛН