Кириллицадан латын қарпіне қашан толық көшеміз?

  Рет қаралды 2,373

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Кириллицадан латын әліпбиіне көшу туралы ғалымдар мен биліктің ойы бір жерден шықпай жатқан сияқты. Өйткені бес жыл бұрын басталған латын графикасына ауысу жұмыстары әлі бітпей келеді. Осы күнге дейін нақты бір ұсыныстың бекітілмегенінен көшедегі көптеген жарнамалар қате жазылып жүр. Ал тіл саясаты комитеті латын әліпбиін дайындау жұмысы ғалымдар мен лингвист мамандардың қатысуымен жүргізіліп жатқанын жеткізді. Әйтсе де, нақты қай уақытқа дейін созылатынын дөп басып айта алған жоқ
Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы жарлыққа 2017 жылы қол қойылған болатын. Осыған байланысты Ұлттық комиссия мен түрлі жұмыс топтары құрылып, тіпті латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшудің жоспары дайындалған еді. Алайда арада бес жыл өтсе де бұл бағытта ілгері жылжу байқалмайды. Тіпті, әлі нақты бекітілген әліпби жоқ. Латын әрпіне негізделген қазақ тілі әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылып, аяғында ешбірі қабылданбай қалды. Соның салдарынан қазір көшеде кездесетін жарнама мен атаулардың жазылуында бірізділік жоқ, қателерден көз сүрінеді. Ал, халықаралық қазақ тілі академиясының президенті Ерден Қажыбек ғалымдар бір пікірге тоқтаған. Латын әліпбиіне көшуге билік араласып кеткен соң, бұл іс созылып кетті дейді.
Ерден Қажыбек, Халықаралық қазақ тілі академиясының президенті:
- Бұл мәселеге билік араласып кетті. 1-ші, 2-ші және 3-ші нұсқалары ол жоғарыдан түскен әліпбилер. Ғалымдардың оған ешқандай қатысы жоқ. Ал ғалымдардың пікірі өте қарапайым. Қазақ тілінде 28 дыбыс бар. Сол 28 дыбысқа 28 таңбаны қою керек. Дауысты дыбысты таңбасымен дауысты дыбысты таңбаны белгілеу керек болды. Осы мәселені біз жасай алмай жатырмыз. Өйткені, әлі де сол ғалымдардың пікірі толық ескерілмей жатыр.
Ал, ғылым және жоғары білім министрлігіне қарайтын тіл саясаты комитеті латын әліпбиін жасақтауда аса мұқият болу керек дейді. Себебі пилоттық жобаны ұсынамыз деп, көптеген сөздер қате жазылып, мағынасы өзгерген еді. Сондықтан, әліпбидің емле, ережесін бекіту бойынша қазір лингвист мамандар мен ғалымдардың пікірі ескеріліп жатыр деді. Бірақ бұл жұмыс қанша уақытқа созылатынын айта алмады министрлік өкілі. Ал, әліпбидің нұсқасы бекітілмей жатқанында саясаттың еш қатысы жоқ екен.
ҒАБИТ АБЗАЛБЕК, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары:
- Ұлытауда мемлекет басшысы жан-жақты қарастырып, зерттеп, зерделеу жұымстарын тапсырды. Бір әріп, бір дыбыс принципі негізінде әзірленген диакритикалары бар. Диакритика дегеніміз мынау үстіндегі таңбалары бар белгілер. Астынан белгіленетін секілді жалпы осындай юникодтар болып танылатын таңбалар алынған болатын. Енді бұны ғалымдармен де ары қара йжалғастырамыз.
Қазір ғалымдар арасында екі бағытта талқылау жүріп жатыр. Біріншісі, ғылыми бағытта. Яғни, қай дыбысты қалай таңбалаймыз деген мәселе болса, екіншісі, жазу емлесі туралы. Енді, латын әліпбиі сүзгіден толық өткеннен кейін ғана қоғам алдына ұсынылмақ.
Өмір Серікбекұлы, Нұркен Тоқмурзин
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#ЛатынҚарпі #Латын

Пікірлер: 45
@СаятАкжигитов-ы8ш
@СаятАкжигитов-ы8ш 2 жыл бұрын
Латын әліпбиі көшу керек ✊👍
@дшл-я8м
@дшл-я8м 2 жыл бұрын
Бұл жерде нақты Тоқаевтың бұйрығы тоқтатып қойған!
@ӘлібекКөркембаев
@ӘлібекКөркембаев 2 жыл бұрын
Кәзргі кезде бізде өтірікші өкметке қаржы жеуге ыңғаилы жоба ұсынат қаржы бөлет жеп қояат билік сауатсыздар отыр ана тілін тегін білмейді
@soulsteel298
@soulsteel298 2 жыл бұрын
Toqayev myrzanyń bir buiryģy kerek. al ol kisi Putin aqqulaqtan seskenip otyrģan siyaqty. basqa variant joq.
@user-it4zz2zl3b
@user-it4zz2zl3b 2 жыл бұрын
Бізге осы латын әліппейінің не керегі бар онсызда бұрмаланып жұрген тілімізді тұзеп алайықшы
@beikerat2245
@beikerat2245 2 жыл бұрын
Сол кириллица барлық тілімізді құртып отыр ғой . Сіз алдымен латын әліпбиін не үшін көшіп отырғанымызды оқыңызшы. Білмей неге сөйлесіз? Алла Алла.
@БазаргулТемирбаева-д2ф
@БазаргулТемирбаева-д2ф 2 жыл бұрын
енді жетпегені латын әріп еді өзі мейі ашып жүргенде халықты ойлайтын адамның өзі жоқ
@ALMATY-w8q
@ALMATY-w8q Жыл бұрын
Латын әліппеине міндетті түрде өтіу керек ... !!
@ДәрігерДастан
@ДәрігерДастан 2 жыл бұрын
Kelisem Latin qaripyne qoshu qereq
@aibek346
@aibek346 2 жыл бұрын
Не өзгереді керек емес
@gulyaorynbaeva6569
@gulyaorynbaeva6569 Жыл бұрын
Қазағымды қырған, тарихымызды жойған орыстардың алфавитінен құтыламыз. Мен үшін бул өте маңызды.
@kz-fg2ok
@kz-fg2ok 2 жыл бұрын
Өмір красавчик отличное выступление, молодец. Ждём с хорошими новостями.
@emmanuelmax7763
@emmanuelmax7763 2 жыл бұрын
Орыссыңзба?
@АккошкарАлпанов
@АккошкарАлпанов 4 ай бұрын
Латын әліппесін тездетіп кіргізу керек
@Bauken121
@Bauken121 Жыл бұрын
Tokaev nemene özıñ paiğambar sezıne me? Onyñ qandai hūqy bar, qazaqtyñ latyn älıpbiın toqtatatyñ! Ol özıñ qazaqtan biık sanaityn syqyldy.
@3olaman
@3olaman 2 жыл бұрын
Menin ojьmca apostrof, digraftar, taŋba ystinen nykte, ytir, sьzьqсa men tьrnaqсa sьjaqtь qoldanuw tәsili qatelik, өjtkeni ertede bundaj tәsil qoldanuha mәʒbyr bolatьn. Osьdan kөp ʒьl burьn alhaсqь perneli ʒazba maсьna ojlap tapqanda quramьna tek latьnnaŋ 25 taŋbasь engen bolatьn. Kejin bundaj maсьna әlemnin ʒan-ʒahьna taraj bastaldь. Biraq basqa elge ʒetkende, ʒergilikti ʒazuсьlar bir tьhьrьqqa tap boldь, olradьn tilderindegi dьbьstar sol maсьnanьn pernelerinde tabьlmaj qaldь. Sol tьhьrьqtan сьhu ʒolь tap osь apostrof, digraftar, taŋba ystinen nemese astьna nykte, ytir, sьzьqсa men tьrnaсa sьjaqtь qoldanuw tәsili boldь. Sөjtip olar өzderine lajьq taŋbalardь alьp, sonь maсьnamen basьp bolhannan kejin, erekсe dьbьsь bar taŋbanьŋ ystine, astьna belgi qojьp өzderinin erkeсe dьbьstarьn kөrsetken. Kejin bul yrdis qalьptasьp qazirgi zamanga ʒetti. Al qazir bizde mymkidigimiz zor ylken, өjtkeni kompijyterde mьŋnan asa taŋbalar bar, qandaj taŋba alsaqta өz erkimiz. Sondьqta osь keril men latьn taŋbalardь aralastьrьp Qazaq tilinin ʒaŋa әlippeni usьnuha boladь. Eger apostrof, digraf, nykteler tahьda sondaj tәsilder qoldanьlsa qazaq tiliniŋ dьbьstarь keler urpaqqa ӡetpej qaluwь mymkin, sondьqtan әr dьbьstьŋ өz taŋbasь boluwь kerek. Sebebi men Qazaq tilinin ʒazba tәsili eŋ әdemi boluwьn qalajmьn. Sol sebepti latьnnьŋ negizgi 26 taŋbalardь alьp, olarha qosьmca 5 taŋba qostьm, onca kөp emes, bar ӡohь 31 taŋbanь qurajdь. Tөmende keltirilgen nusqamda өz ojьmdь usьnьp otьrmьn: а - Aa, ә - Әә, б - Bb, в - Vv (Bul әrip tek mьsal retinde, qazaq tilinde osь әripti qoldanbawhada boladь, perne taqtada orьn izdegen kezde hana bolmasa, al endi Велосипед degen sөzdi biz - Beleseped dep, вагонды - wagon, tipti myldem atawьn өzgerte saluha da boladь, mьsalь, ahьlcьndar әli kynge dejin wagondь - coach dep atap ӡyr, jahnьj kөс (көш). Sondьqtan вагонды - kөc, поезді - kerywen desek qatelespejmiz dep ojlajmьn), г - Gg, ғ - Hh, д - Dd, е - Ee, ж - Ӡӡ, (nelikten osьndaj taŋba tandadьm, sebebi barlьq sөzdikterde [Дж] dьbьsьn [dʒ] dep kөrsetiledi, sondьqtan men osь taŋbanь taŋdadьm) з - Zz, и (ӡiŋicke sөzdiŋ ortasьnda ӡazhanda bьlaj) - ij, (ӡuwan sөzde osьlaj) - ьj, al sөz basьnda osьndaj nusqada Ji - Jь ӡiŋicke ӡuwan sөzderge sәjkestendirip ӡazhan kezde, й - Jj, к - Kk, қ - Qq, л - Ll, м - Mm, н - Nn, ң - Ͷŋ, (nelikten men ʒoharhь regijstirdegi ң-di N taŋbaсьn keri burup qojdьm, sebebi N - ны* dep oqьladь, al И (ң) kirisinсe -ынн* dep oqьladь.) о - Oo, ө - Өө, п - Pp, р - Rr, с - Ss, т -Tt, у - Ww, ұ - Uu, ү - Yy, ф - Ff, х - Xx nemese Hh (sebebi Ғ men X ӡәne Һ dьbьstarь uqsajdь), һ - Xx n/e Hh, (qaxarman? qahxarman? ajdaxar? ajdahxar?) ц - Ts ts (Bul әrip tek mьsal retinde, qazaq tilinde osь әriptiŋ qaӡeti ӡoq, циркуль degen sөzdi - sirkyl nemese sьrkөl dep, al цирк degen sөzdi - Tsirk dep ӡazuwha boladь), ч - Tc tc (Bul әrip tek mьsal retinde, qazaq tilinde osь әriptiŋ qaӡeti ӡoq, чемпион degen sөzdi - cenpejon dep, al чемодан degen sөzdi - cabadan dep ӡazuwha boladь), ш - Сc, ы - Ьь, і - Іі, э - Ee (Bul әrip tek mьsal retinde, qazaq tilinde osь әriptiŋ qaӡeti ӡoq, элеватор degen sөzdi - elepbatьr dep ӡazuwha boladь), ю -Ju ju (Bul әrip tek mьsal retinde, ӡiŋicke ӡuwan sөzge bajlanastь J men U nemese J men Y qosьlьp қию - qьju, сүю - syjy dep ӡazuha boladь), я - Ja ja (Bul әrip tek mьsal retinde, ӡiŋicke ӡuwan sөzge bajlanastь J men A nemese J men Ә qosьlьp япурай - japuwraj, яғни - jәhnij dep ӡazuha boladь). Nazarьŋьzha kөp raxmet!
@ҚазақстанҚазақелі-г4к
@ҚазақстанҚазақелі-г4к 2 жыл бұрын
Керегі жок осы латын.
@ҚазақстанҚазақелі-г4к
@ҚазақстанҚазақелі-г4к 2 жыл бұрын
@@sakuraikama кума, орыстын арипи деп.
@ҚазақстанҚазақелі-г4к
@ҚазақстанҚазақелі-г4к 2 жыл бұрын
@@sakuraikama латынмен журген мактанышпа саган.
@ҚазақстанҚазақелі-г4к
@ҚазақстанҚазақелі-г4к 2 жыл бұрын
@@sakuraikama латынмен журген мактанышпа саган
@ileke
@ileke Жыл бұрын
Латын кириллге қарағанда мықты дамып,таралған.Латынға көшсек,көбірек адамға қазақ тілін үйрену жеңілдейді.Кирилл әліпбиінің маңыздылығы азайып барады.
@ileke
@ileke Жыл бұрын
Сонымен қатар, латын бізге Ресей дің ықпалын азайтуға көмектеседі.
@swatextreme4670
@swatextreme4670 2 жыл бұрын
Қазақшаны оңдырып алсаңдаршы
@Матай-т7ь
@Матай-т7ь 2 жыл бұрын
Қадағалау болмаса Өзбекстанға ұқсап қаласыңдар. 30 жыл болды өзекеңдерге әле қате жаулар көп
@aidarmyrzaliev8331
@aidarmyrzaliev8331 2 жыл бұрын
Ажратылған ақшаны қалай ұрласам деп чинуштардын бастары қатіп жатқан шіғар бізде тек жеп қашу керек қо ол тек менің ойым емес кез келген адамдар ойлайды іріген чинуштарғой отірғанын бәрі
@МаксетМынгжасаров
@МаксетМынгжасаров 2 жыл бұрын
Онкей биликтиги малгундар
@МахатМахат-ь3и
@МахатМахат-ь3и 2 жыл бұрын
ой койш, не тенең унирейген 1жерин дима
@АрманДжаримбетов
@АрманДжаримбетов 2 жыл бұрын
Қазақтың әліпбесі қаида соның өзі жетеді топастар тағыда қарғы бөліп жымқыру керек болып турғои бұлар тоимаиды екен көздеріне қара топырақ түскенде ғана тоиятын шығар онбағандар жемқорлар
@ЕрланМуканов-к1и
@ЕрланМуканов-к1и 2 жыл бұрын
Ақша жоқ, қойыңыз, бар тілді оқсатындар
@doscsru
@doscsru 2 жыл бұрын
Қудығо 28 дыбыс деп
@РусланОспанов-в2г
@РусланОспанов-в2г 2 жыл бұрын
Битпеитин шыгар ешким ештене билмеиды укимет каида басы аягы жок
@DenGresh
@DenGresh 2 жыл бұрын
Скоро бабки попилят с бюджета за латиницу казахского языка
@emmanuelmax7763
@emmanuelmax7763 2 жыл бұрын
Орыс
@doscsru
@doscsru 2 жыл бұрын
Qanağatandyralmağandıqtaryñyzdan mıne sızderge latyn älıppesı
ИНФОРМБЮРО 20.09.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:41
Информбюро 31
Рет қаралды 63 М.
Touching Act of Kindness Brings Hope to the Homeless #shorts
00:18
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 20 МЛН
Cute
00:16
Oyuncak Avı
Рет қаралды 11 МЛН
escape in roblox in real life
00:13
Kan Andrey
Рет қаралды 77 МЛН
Латын әліпбиінің артықшылығы мен кемшілігі
4:29
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 3 М.
ПОЛНЫЙ ВЫПУСК ИНФОРМБЮРО ОТ 20.09.2024
24:27
Информбюро 31
Рет қаралды 3,9 М.
АҚШ-Қытай арасындағы шиеленіс арта түсті
1:33
Информбюро 31
Рет қаралды 139 М.
Touching Act of Kindness Brings Hope to the Homeless #shorts
00:18
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 20 МЛН