Рет қаралды 162,304
#4 Ешкім, ешқашан жыламасыншы!
ЕРІ ТАСТАСАДА ЕЛІ ТАСТАМАҒАН АЙСҰЛУ!
Жәутеңдеген жанарларды жарқын болашаққа жетелейтін жылы ұя болсын!
Әуелі Аллаға шүкір,
Соңғы теңгесін қиған Мейірімді жан сіздерге мың алғыс,күн демей түн демей менің қасымда жүрген жанашырларым сіздерге рахмет!
Біз біріксек алынбайтын қамал жоқтығын дәлелдедік,арқа сүйер әкемен ана болмаған соң пейілі кең қазаққа Айсұлу төрт балапаны үшін арқа сүйеуден басқа амалы қалмады!
Жақсы сөз жарым ырыс,
ырысы мен ынтымағы жарасқан отбасы боларына нық сенемін,Айсұлуда халық үмітін ақтауға сөз берді! Келген қонақтар ақылын айтып жігерлендірді, алайда көз жасымызды тиып тұра алмадық,бәріміз бір жылап ішті босатып та алдық!
Үлкен ұл мен қыз өте тіл алғыш,мейірімді екен , келген қонақтардың барлығының бетінен сүйіп,кетпеңдер деп қимай жүр ботақандарым!
Көпке үлгі болар іс тындырдыңыздар халқым,жанашырларым алғашқысы еді соңғысы болмасын!
Қарызсыз,баспаналы балапандар енді жыламасын, енді мұңаймасын!
#Рысбала #Кайырымдылык #Rysbala