Исламға қатысты маңызды Сұрақ - Жауап 16. Ұстаз: Омар Теміртас

  Рет қаралды 695

al-Istiqoma

al-Istiqoma

18 күн бұрын

18-Сұрақ: Намаз есептелу үшін қандай шарттар болу керек?
Жауабы: Намаз қабыл болу үшін тоғыз шарт бірге жиналу керек, олар:
1 - Ислам болу керек. Алла Тағала сөзінде: {Олардың сарып қылғандарын олардан қабыл болуына кедергі болған жағдай: тек Аллаға, Елшісіне кәпір болғандары . . .} (Тәубә, 54).
2 - Ақыл-есі бүтін болу керек. Пайғамбар ﷺ хадисінде: "Үш кісіден қалам көтерілген: Оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, айыққанға дейін жынды адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан", - деген.
3 - Тамиз жасқа толған болу керек. Пайғамбар хадисінде айтады: "Балаларың жеті жасқа келгенде оларға намаз оқуды бұйырыңдар, ал он жасқа келгенде намазды орындамаса ұрыңдар. Әрі төсектерін бөлек салыңдар", - деген.
4 - Намаз уақыты кіру. Алла Тағала сөзінде: {Расында, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды} (Ниса, 103).
5 - Әурет жерін жабу. Алла Тағала сөзінде: {Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер)} (Ағраф, 31). Онға толмаған ер балалар екі жыныс мүшесін жабу тиіс. Онға толған ер адамдар мен балиғатқа толмаған қыздар тізе мен кіндік арасы жабу керек. Ал балиғат жасқа жеткен әйел адамдар беті мен екі білезіктен төмен қолдарынан басқа жерін түгелдей жабу керек болады.
6 - Құбылаға бет бұру. Алла Тағала сөзінде: {Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар} (Бақара, 150).
7 - Хадастан тазару (дәрет пен ғұсыл болу). Алла Тағала сөзінде: {Әй мүміндер! Намазға тұрарда, жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, толық тазалаңындар (шомылыңдар)} (Мәидә, 6). Хадисте: "Алла Тағала дәреті жоқ кісінің намазын дәрет алмайынша қабыл етпейді".
8 - Нәжістен тазару. Денесінде нәжіс болмау керек. Өйткені пайғамбарымыз ﷺ Фатима Әбу Хубейш қызына: "Өзіңнен қанды кетір", - деген болатын. Киімінде нәжіс болмау керек. Алла Тағала сөзінде: {Киіміңді тазала} деген. Сондай-ақ, намаз оқитын жерде нәжіс болмау керек. Пайғамбарымыз ﷺ мешіт ішіндегі зәрдің үстіне: "Бәдеуидің зәріне су құйыңдар", - деген болатын.
9 - Ниет ету. Пайғамбарымыз ﷺ: "Шын мәнінде амалдар тек қана ниетке байланысты және расында, әрбір кісіге ниет еткені ғана тиесілі", - деген.

Пікірлер: 8
@user-lr1yk6gv3q
@user-lr1yk6gv3q 3 күн бұрын
Барак Аллаһу фикум бауырым
@user-nu2ww2if2j
@user-nu2ww2if2j 16 күн бұрын
Аллахумма барик Аллахумма амин бауырым
@user-re6of4cn8u
@user-re6of4cn8u 17 күн бұрын
СубханалЛах АльхамдулилЛях Аллаху Акбар
@user-wd3ef5lt7u
@user-wd3ef5lt7u 17 күн бұрын
Аллах Тағала исламмен және дұрыс ақидамен жүріп және солай өлуді нәсіп етсін
@Amangeldiuly.s
@Amangeldiuly.s 16 күн бұрын
Әмин
@Atyrau84
@Atyrau84 16 күн бұрын
Ма ша Аллах
@user-ft6so9gd3n
@user-ft6so9gd3n 7 күн бұрын
🎉🎉🎉
@iphone12mini29
@iphone12mini29 17 күн бұрын
🎉
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 33 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 555 М.
төрт сұрақ
1:01
Султан КЗ
Рет қаралды 7 М.
Ханафиттер саляфиттерді неге ұрды.
9:35
Қас Сақ Құндылығы
Рет қаралды 23 М.
Таухид 1-бап.
52:32
huda-kz
Рет қаралды 1,4 М.
Сира 8-ші дәріс | Ұстаз Ерлан Ақатаев ᴴᴰ
2:04:59
Ұстаз Ерлан Ақатаев
Рет қаралды 15 М.
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 33 МЛН