Рет қаралды 2,300
7-Сұрақ: Алланың ең ұлы әрі ең маңызды бұйрығы және ең ұлы тыйым салған нәрсесі не?
Жауабы: Ең ұлы бұйрығы - Таухид. Ол - Алланы істерінде, есім-сипаттарында және құлшылықта жалғыздау. Ал ең ұлы тыйым салған нәрсесі - ширк. Ол - Алланың Өзіне арналған нәрселерде серіктес жасау. Алла Тағала сөзінде: {Аллаға құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар} (Ниса, 36).
Басқа аятта: {Айт: Келіңдер! Сендерге сендердің Раббыларың харам еткенін оқиын: Оған еш нәрсені серік қоспаңдар...} (Анғам,151).
Басқа аятта: {Раббың Өзіне ғана ғибадат етуге және ата-анаға жақсылық жасауға бұйырды...} (Исра, 23).