🔸ҰЯТСЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН УАҒЫЗ🔸

  Рет қаралды 13,393

УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ

УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ

Күн бұрын

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Ар - ұят дегенде адамның адам болып қалыптасуындағы жақсы қасиеттер ойға келеді. Сол жақсы қасиеттердің адам бойына сіңуіне негіз болатын мықты тәрбие мен берік иман. Адамның ұяты абыройынан, әдептілігінен байқалады. Ұят - Алла Тағаланың адамзатқа берген нығметі.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ұят игіліктен басқа ешнәрсе алып келмейді» деген хадисінде жақсылықтың, игіліктің бастауы ұят екенін көрсетеді.
Пендеде ұяттың болуы иманмен тікелей байланысты. Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді» деп, ұят пен иманнның тығыз байланысты екенін байқатады. Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы - Хазіреті Пайғамбарға (с.ғ.с) Алла Тағаладан жеткен нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету және шын көңілмен сену болып табылады. Адам баласы Алла Тағалаға деген қорқынышынан және сенімінен Алла Тағаланың үкімдерін орындамауға ұялады. Сөйтіп, Алла Тағаланың үкімдерін орындау арқылы ұятты және иманды адам дәрежесіне жетеді. Яғни, адамда сенім немесе иман болмаған кезде ұят та жоғалады.
Пенде ұятын жоғалтқан кезде күнәлі істерді ешетеңеге қарамастан істей беретін болады. Ол адамда кез - келген нәрседе шекара жоқ сияқты көрінеді яғни, барлық жақсылықтан мақрұм болады. Сондықтан иман мен ұятты жоғалтып алмау туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы хадисінде қатты ескерткен. Сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистердің бірінде Жаратушы Иеміз Алла Тағаланың ұлы ұяты туралы былай деген: «Сендердің Раббылырың ұлы ұят иесі әрі жомарт. Сондықтан, қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады». (Сунану Әби Дәәуід, Сунанут-Тирмизи, Сунанул-Кубра лил-Бәйһақи, Сахих Ибн Хиббан. Хадисті Хаким сахих деп бағалаған) Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жер бетіндегі адамдар ішінде ең кәміл ұяттың иесі еді. Әбу Сайыд (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) оң жақта отырған беті ашылмаған жас қыздан да ұялшақ, арлы еді. Біз оның өзіне ұнамайтын қандай да бір жағымсыз қылыққа куә болғанын жүзінен байқайтын едік», - деп айтты (Бұхари, әдәб 72; Муслим, фадайл 67). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық нәрсенің мінезі болады. Ал мынау діннің мінезі - ұят» ( Ибн Мәжа) деген хадисі ұяттың діндегі үлкен орын алатынын ойып көрсеткен. Ислам дінін берік ұстана отырып, салт - дәстүрмен ұштастыра білген Қазақ халқы да ұятты болуды жоғары қойған. Ол қасиеттерді қазақтың мақал - мәтелдерінен, қанатты сөздерінен байқауға болады. Соларға тоқталып өтсек: Сырым Датұлы: «Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі». Қазақ халқы: «Ұят - өлімнен күшті», «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп, ар-ұятты жоғары бағалаған. Ғабит Мүсірепов: «Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады» деп, ұлағатты сөз қалдырған. Мұхтар Әуезов: «Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет», «Өзгелердің бақытсыздығын көргенде өз бақытым үшін ұяламын…»- деген сөзінен ол кісінің ұят сезімін байқауға болады. Абай Құнанбаев отыз алтыншы қара сөзінде ұятқа толық сипаттама бере отырып былай дейді: « Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рахым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді.
Толық нұсқасы:
www.ihsan.kz/kk...

Пікірлер: 29
@ГульнарКакимжанова-щ9в
@ГульнарКакимжанова-щ9в 2 жыл бұрын
ӘлхамдүлиЛЛаһ! Осындай жақсы дүниемен бізді көркемдеп жатқан Аллаһ тағалаға сансыз мадақ - мақтаулар болсын!
@АсхатШыныбек-э6р
@АсхатШыныбек-э6р 3 жыл бұрын
Алла разы болсын
@ЗумратЕшмуратова-о3ж
@ЗумратЕшмуратова-о3ж 2 жыл бұрын
Алла жар болсын бары рас алланын кудвреты кушты
@ГаухарНесипбаева-о8х
@ГаухарНесипбаева-о8х 3 жыл бұрын
Аумин
@Uldar.Alimbetova
@Uldar.Alimbetova 3 жыл бұрын
Балам саған Алла разы болсын!
@Қазақстан-ь6и
@Қазақстан-ь6и 3 жыл бұрын
Әумин!!!!!!!!!!
@Қазақстан-ь6и
@Қазақстан-ь6и 3 жыл бұрын
Алла разы болсын сізге, шіркін осындай уағыздарды көбірек айтыңызшы
@ЖумагульМуратказиева
@ЖумагульМуратказиева 3 жыл бұрын
Әмин
@ПеризатМамбеткулова-г9р
@ПеризатМамбеткулова-г9р 3 жыл бұрын
Оте керемет Рахмет жеткызе быледы кобырек уагыз айтынышы отыныш
@lhamdulillah3234
@lhamdulillah3234 3 жыл бұрын
Аллагка шукир ,уятты кыздарымыз, аналарымыз коп болсын, иманымыз берик болсын .
@pilot337
@pilot337 3 жыл бұрын
Тез арада Ауған еліндегі және Қытай еліндегі барлық Қазақтарды елімізге көшіріп әкетүіміз керек.
@НұртасОжантай
@НұртасОжантай 3 жыл бұрын
Дұрыс айттыңыз 👍🏻👍🏻👍🏻қазір ұятсыз қыздар ,әйелдер,жігіттер толып жүр .жетесіне жетсе ғой солардың.Абдуғаппар ағамды тыңдағандай болдым.Көбірек жіберіңз уағыздарыңызды .Алла разы болсын сіізге ,екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін🙏🙏🙏
@УтеловаГулбану
@УтеловаГулбану 3 жыл бұрын
Оте дурыс аитасын .
@КульзипаРакишевна
@КульзипаРакишевна 3 жыл бұрын
"Ұят болады" сөзінің дұрыс қолданылуын айтты
@Қазақстан-ь6и
@Қазақстан-ь6и 3 жыл бұрын
Керемет, өте дұрыс, жақсы жеткіздіңіз
@ЖумагалиБазиев
@ЖумагалиБазиев 3 жыл бұрын
Керемет уагыз 👍
@goldmane.1.844
@goldmane.1.844 3 жыл бұрын
👍👍👍
@НұртасОжантай
@НұртасОжантай 3 жыл бұрын
Дұрыс айттыңыз 👍🏻👍🏻👍🏻қазір ұятсыз қыздар ,әйелдер,жігіттер толып жүр .жетесіне жетсе ғой солардың.Абдуғаппар ағамды тыңдағандай болдым
@pilot337
@pilot337 3 жыл бұрын
Тез арада Қазақ еліне әділ шыншыл намысшыл ұлтжанды бауырмашыл басшы керек.
@НурланУмбетов-ю8у
@НурланУмбетов-ю8у 3 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум! Мен озим бойдакпын коликпен Адам тасмалдаймын таксимин. Тасып журген кыз келиншектердин коби женил журистилер. Олардын тускен арам акшага нан сатып алып жеп журген жагдайын бар. 🤔
@IslamUagyz
@IslamUagyz 3 жыл бұрын
Уағалейкум әссәләм! Діни сұрақтарды Fatua.kz Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
@nurseytnuraliev6079
@nurseytnuraliev6079 3 жыл бұрын
Сіздің тапқан ақшаңыз адал. Олар ақшасын қалай тапты. Өздері жауап береді. Оны уайымдамаңыз
@ЖансултанАхметов-у3ю
@ЖансултанАхметов-у3ю 3 жыл бұрын
@@nurseytnuraliev6079 Жеңіл жүрісті жәлеп тасыймын дид, оның несі адал, жәлеп тасып тапқан ақша адалма?
@НурланУмбетов-ю8у
@НурланУмбетов-ю8у 3 жыл бұрын
@@ЖансултанАхметов-у3ю таксиге минетиндердин коби женилтектер дегеним го🤔 бала - шагасы семьясы бар.
@ЖансултанАхметов-у3ю
@ЖансултанАхметов-у3ю 3 жыл бұрын
@@НурланУмбетов-ю8у Тағыда шәйдің кароче
@КалкенАуганбаев-е8р
@КалкенАуганбаев-е8р 3 жыл бұрын
Ұят жоқ жерде иман болуы мүмкін емес! Жалаңбас жүретіндерде ұяты да жоқ, сондықтан арсыздарға жатады. Пайғамбарымыздан дінші үмметеріне аманат; (Ибин Масғұттан); Алладан шын мәнінде ұялыңдар! -деді. Біз; Уа Алланың елшісі Құдайға шүкір біз ұялудамыз,-дедік. Пайғамарымыз; Менің айтайын дегенмі сіздер білетін ұят емес. Алладан шын мәнінде ұялу; БАС ПЕН ОНДАҒЫ АҒЗАЛАРДЫ, дене мен онағы мүшелерді қорғауыңыз, өлімді және топырақта шіруіңізді еске түсіруіңіз болып табылады..( (Термизи Қиямет 24\ 2458)
@АйдосЖуман-э9ю
@АйдосЖуман-э9ю 3 жыл бұрын
Маман
@ГаухарНесипбаева-о8х
@ГаухарНесипбаева-о8х 3 жыл бұрын
Алла разы болсын
ТЫҢДАП ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТ 🔷 ПАЙДАЛЫ УАҒЫЗ
31:48
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 32 М.
小丑妹妹插队被妈妈教训!#小丑#路飞#家庭#搞笑
00:12
家庭搞笑日记
Рет қаралды 36 МЛН
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 80 МЛН
Worst flight ever
00:55
Adam W
Рет қаралды 19 МЛН
🔹НЕГЕ КЕЙБІР АДАМДАР НАМАЗДЫ ТАСТАЙДЫ🔹
20:23
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 52 М.
Мәсих Дәджәлді көрген Сахаба.(үңгірде торда)😱
21:43
Қазақ діні - Ислам
Рет қаралды 113 М.
ТЫҢДАП МОТИВАЦИЯ АЛАСЫҢ 🔷 КЕРЕМЕТ УАҒЫЗ!!!
30:31
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 37 М.
🔷 ҚАТТЫ ҚИНАЛҒАН АДАМ ОСЫ УАҒЫЗДЫ ТЫҢДАСЫН 🔷
26:40
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 222 М.
🔸ОСЫ УАҒЫЗБЕН ЖАҢА ӨМІР БАСТА🔸
24:07
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 10 М.
БАРЛЫҚ ПРОБЛЕМА ШЕШІЛЕДІ ЕГЕР...
29:18
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 126 М.
小丑妹妹插队被妈妈教训!#小丑#路飞#家庭#搞笑
00:12
家庭搞笑日记
Рет қаралды 36 МЛН