Умраға бару бізге нәсіп етсін Әумин 🤲 Сізге Аллаһ Тағала разы болсын Әмин 🤲
@adai1991 Жыл бұрын
Пайғамбарымыз ﷺ айтады: "Кімде-кім Мадинаның қиыншылығына аштығына шыдайтын болса, қиамет күні оған шапағатшы боламын"-дейді. 8:08
@adai1991 Жыл бұрын
Әли ибн Абу Толибтан, Пайғамбарымыз ﷺ айтты: "Мадина қаласы, ғайырмен сәуір тауының ортасында харам болып есептеледі. Кімде-кім Мадина қаласында, бұзықтық жамандық шығаратын болса, әлде сондай кісіге пана беретін болса, ол кісіге Алланың лағынеті, періштелердің лағынеті, және барлық адамдардың лағнеті болады. Және қиамет күні Алла Тағала одан парыздарымен нәпілдерін қабыл етпейді "-деді. (Бухари Муслим) 9:40
@adai1991 Жыл бұрын
Пайғамбарымыз ﷺ айтты: "Алла Тағала айтты, кімде-кім Мадина қаласының адамдарына зиян қалайтын болса, темір оттың ішінде ерігендей ерітіп жіберемін, әлде тұз суда ерігендей ерітіп жіберемін"-дейді. (Муслим) 8:50
@dyifdhjootree Жыл бұрын
﴿سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ عَدَدَ خَلْقِهِ وَرِضَا نَفْسِهِ وَزِنَةَ عَرْشِهِ ومِدَادَ كَلِمَاتِه﴾ Пречист Аллах от всех недостатков, и хвала Ему столько раз, сколько существует Его творений, и столько раз, сколько будет Ему угодно, и таким весом, который равен весу Его Трона, и пусть для записи их потребуется столько же чернил, сколько нужно их для записи Его слов.
@adai1991 Жыл бұрын
Пайғамбарымыз ﷺ айтты: "Бұл мешітімде намаз оқу, басқа жерлерде оқығаннан мың есе абзал болып есептеледі, Харам мешітінен басқа. Ал Харам мешітінде намаз оқу, осы мешіттен жүз есе абзал болып болады". (Бухари Муслим) 16:30
@adai1991 Жыл бұрын
Абу Хурайрадан, Пайғамбарымыз ﷺ айтты: "Қалаларды жейтін, бір қалаға көшуге бұйырылдым. Адамдар оны Ясриб деп айтады, алайда ол Мадина. Мадина өзінен ластығын, от темірдің ластығын шығарғандай шығарады". Бухари Муслим Яғни басқа қалаларды жеңетін деген мағына. Пайғамбарымыз ﷺ, Мадинаға келгенде оның аты Ясриб болды. Ясрибті Мадина қылып атын ауыстырды. 2:04
@adai1991 Жыл бұрын
Сағд ибн Абу Уаққастан, Пайғамбарымыз ﷺ айтты: "Мен Мадинаның екі жағындағы қара тастың ортасын харам қыламын. Мен Мадинаданы екі қара тастың ортасындағы тікенектерін құртуға және аңын өлтіруге тиым саламын. Мадина оларға жақсырақ қой, егерде оны білетін болса. Ал егерде кім Мадина қаласын ұнатпаушылықпен тастап кететін болса, Алла Тағала міндетті түрде сол кісінің орнына, оданда абзал кісімен ауыстырып қояды. (Муслим ) 3:56
@adai1991 Жыл бұрын
Абу Хурайра жеткізеді: "Адамдар бірінші жемісті көретін болса, соны жемей бірден Пайғамбарымыз ﷺ алып келетін. Пайғамбарымыз ﷺ сол жемісті алып, "Иа Алла біздің жемістерімізге берекет берші, және Мадина қаласына берекет берші, біздің со'ғ және мутымызға берекет берші. Иа Алла Иброhим сенің сүйікті құлың ғой, және сенің пайғамбарың ғой, ал мен сенің құлың және пайғамбарыңмын ғой. Ибраһим ғ.с Мекке үшін дұға қылды ғой, ал мен Сенен Мадина үшін дұға сұраймын. Ибраһим ғ.с -ның дұғасындай дұға тілеймін және оның екі есесін"-деген. Со'ғ және Мут арабтардың өздерінің өлшейтін ыдыстары. Пайғамбарымыз ﷺ дұға тілеп болған соң жемісті кішкентай балаларға берген. 12:05
@adai1991 Жыл бұрын
Абу Хурайрадан, Пайғамбарымыз ﷺ: "Иман кері Мадинаға келеді, жылан өзінің ініне қайтқандай"-деді. Бухари Муслим
@ДанаНургалиева-х4ъ Жыл бұрын
Ассалямуаллейкум,сурак бар.Осы умра мен кажылыкка баратын аяккиим турлери бар ма.коп ханафи мазхабы бойынша андай аяк киим болмайды,мындай болмайды деп айтады.сол бойынша не дейсиз?
@ЕлдосАрманұлы Жыл бұрын
Айтылды ғой, қажылық сабақтарының алғы сабақтарында. Аяқкиім түрлері