Әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тыңдалым басталды

  Рет қаралды 4,667

Информбюро 31

Информбюро 31

2 ай бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: www.youtube.com/@informburo31...
---------------------------------------------
Астанада әйелін азаптап, айуандықпен өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соталды тыңдалым басталды. Прокурор экс-министрді марқұм келіншегін үнемі қорлап, намысына тиіп, зорлық жасап отырған деп айыптады. Тіпті, Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға қоқаң-лоқы көрсетіп, интимдік сипаттағы фотосуреттер түсіруге итермелеген. Сорақысы, әйелін өз қолымен сабап өлтірген соң қылмысын жасыруға тырысқан.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Толығырақ: • Информбюро 11.03.2024 ...
Бүгінгі шығарылымда:
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Иә, бүгін қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын өзекті ете түскен істің соталды тыңдалымы болды. Бүгін мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаев пен жары Салтанат Нүкенованың танысуынан бастап, азаматтық некедегі ақырғы күніне дейін айтып берді. Деректеріне сәйкес, Бишімбаев кейінгі келіншегінің артынан қалмай жүріп танысып, аз уақыт ішінде көңілін тауып, үйленген. Той жасаған. Алайда, заңды некеге тұрмаған. Сондай-ақ тыңдалымда күдіктінің әйелін себепті, себепсіз қызғана бергені туралы да айтылды. Айыпталушы әйелінің барлық қоңыраулар тарихын, өмірін, смс-хабарламаларын бақылап отырған. Тіпті, туыс- жақындарымен сөйлесуге тыйым салып, табысынан айырған. Соның салдарынан жанжал жиілеп, сезікті қол жұмсауға көшкен деді прокурор. Һәм онысы әдетке айналған.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, мемлекеттік айыптаушы:
- Өткен жылы Нүкенова дене жарақатының суретін түсіріп, ағасына жолдаған. Бірақ ешқандай әрекет жасамауды өтініпті. Себебі, бәрі дұрыс болады деп сенген. Ал, ағасы ажырасуын сұраған. Бишімбаев болса ұрып-соққанын айғақтайтын фотоның барын біліп, өзін қауіптен қорғау мақсатында Нүкенованы жалаңаш фотоға түсуге итермелеген.
Прокурордың айтуынша, марқұм Нүкенова күйеуі түзеліп, бәрі реттеліп кетеді деп сенген. Сондықтан, ажырасуды ойласа да бірге тұрып, қоныс аударуға да көніпті. Ал, дәл осы қайғылы оқиға болған күні концертке барған. Бірақ кеште де кикілжің туындап, екеуі Bau мейрамханасына барған. Мұнда бірнеше шөлмек шарап ішілген соң, Салтанат Нүкенова арадағы қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Осыдан кейін жанжал ушығып, Бишімбаев әйелін соққының астына алған екен. Яғни, маңызды ағзаларын зақымдап, басына, кеудесіне, денесіне ауыр жарақаттар жасаған.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, мемлекеттік айыптаушы:
- Нүкенова дәретханаға тығылып, есікті ішінен іліп алған. Бірақ бұл Бишімбаевты одан әрі ашуландыра түскен. Ол есікті әуелі қолымен, сосын штативпен сындыра бастаған. Ал, ішке кіргеннен кейін Нүкенованы қайта соққыға жығып, есін жоғалтқанына көз жеткізген соң ғана әрекетін тоқтатқан.
Нұрболат, сот істің осыншалық резонанс тудырғанын біледі, сол үшін процесс қатысушылары мен тілшілерге жағдай жасаған шығар?
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Бұл іс еліміздегі ең өзекті, ең танымал іс десек қателеспейміз. Бірақ, біз сотты тек онлайн бақылауға мәжбүр болдық. Себебі, сот процеске қатысуға ниетті кісі көп болады деп күтпеді ме, әлде кеңірек зал табылмады ма, әйтеуір, тақиядай тар бөлмеге тоқсан тілшіні кіргізді. Әрі, судья айыптау актісін оқып тұрған прокурорды да бір тоқтатқан. Оған жәбірленуші мен айыпталушының туыстары яғни, экс-құдалардың арасындағы дау сеп болып отыр. Айта кетейік, Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтты. Сондай-ақ, істің ашық өткізілуін сұрады.
Оның адвокаттары қылмыстық істің қосымша тергеуге қайтарылғанын қалайды. Тіпті, қылмыстық істі қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығы үшін тоқтату қажет деп санайды. Экс-министрмен қоса, туысы Бақытжан Байжанов та сотқа тартылып отыр. Оған «қылмысты жасыру» және «қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша айып тағылған.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 13
@user-mr7gk2yx4g
@user-mr7gk2yx4g 2 ай бұрын
Өкінішті жағдай. Сот әділдігін берсін. Обалай.
@user-fp5wn1px7l
@user-fp5wn1px7l 2 ай бұрын
Сотталсын өлім жазасын берсін
@user-oy8og2kp6e
@user-oy8og2kp6e 2 ай бұрын
Шынындада неге сот ашык емес , соттын адил откенин отпегенин калай билемиз. Неге присяжныйлармен отпейди , сурактар кудик тугызып жатыр. Некеге турмаган дейди, сонда токал ма ? Канша айели бар Бишимбаевтын ? Соттын ашык болганын калаймыз , ойткени резонанс тудырды гой.
@user-gk5vk6rk4k
@user-gk5vk6rk4k 2 ай бұрын
Барын айдан анык айтып тур гой енды артына каратпай сотамайды
@user-pz8yo4ri5g
@user-pz8yo4ri5g 2 ай бұрын
Окиништи окига 😢сот адил шешим тапсын 😊жазасын тартсын аиыпты болса
@user-zu4xg3pb4u
@user-zu4xg3pb4u 2 ай бұрын
ОСЫ СОТ ӘДІЛ ШЕШІЛМЕСЕ ОНДА ҮКІМЕТТІҢ ЕШ ҚАДІР ҚАСИЕТІ ҚАЛМАЙДЫ.БҰЛ БИШЕНБАЕВТЫҢ ҒАНА ХАЛЫҚ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ АРАСЫНДА ҒЫ АЛШАҚТЫҚТЫ КӨРСЕТЕДІ
@gauxar3351
@gauxar3351 2 ай бұрын
Мейрамханада ешкім болмағанба сонда көмек беретін
@user-hs6ex3md3o
@user-hs6ex3md3o Ай бұрын
Уияаты жоқ екен
@user-lo7tc1in2j
@user-lo7tc1in2j Ай бұрын
Неге АЕЛИ КУНЕЕ БУЛ ЖЕРДЕ КАТЫНЫ ОЙНАСЫ БОЛСО КУЙСИ .УРГАНГА АКЫСЫ .БАР АЕЛИ ИЧАДИ СИГАРЕТ ЧЕГАДИ БУЛ ДУНЕ СОНКЫ ДЕЙНЕГЕ ОНДЫРМАЙДЫ Я КИРГИЗКА ЗАТО МУЖ ХАРОШИЙ ЧЕСТНО ГОВАРИЛИ
@user-lo7tc1in2j
@user-lo7tc1in2j Ай бұрын
Муж.не виноват жена алкаш
Информбюро 06.06.2024 Толық шығарылым!
21:32
Информбюро 31
Рет қаралды 29 М.
Қадірі қалмаған сыйлық!
20:52
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 10 М.
100😭🎉 #thankyou
00:28
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 56 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 603 М.
Black Magic 🪄 by Petkit Pura Max #cat #cats
00:38
Sonyakisa8 TT
Рет қаралды 36 МЛН
Тыңдамаса таяқ жей ме?
17:51
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 8 М.
TAQDIRLAR - CHET ELGA KETIB. NOMUSSIZ QAYTGAN QIZ
47:38
Sevimli TV
Рет қаралды 866 М.
Оның жүрегі жоқ
4:37
Информбюро 31
Рет қаралды 59 М.
100 миллион теңге қарызым бір сәтте жабылды
1:25:22
Жахан Утаргалиев
Рет қаралды 364 М.
100😭🎉 #thankyou
00:28
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 56 МЛН