Әйелдің күйеуін жамандауы.Бала тәрбиесіне әсері

  Рет қаралды 9,055

Білгенге маржан сақтап ал

Білгенге маржан сақтап ал

Күн бұрын

Он-он бір жастағы баласын ертіп бір келіншек қабылдауыма келді. Малынбағанмен, ұқыпты киінген. Баласы да балпанақтай. Бірақ, өмірге өкпесі көп, он төрт жыл тұрмыста екен, осы жылдарда жұмыс жасамай, бала тәрбиесімен үйде отырыпты. Көрші ауданнан мектепті аяқтап, сол жылы Шұбарқұдықтың жігітінің етегін ұстаған. Мамандық жоқ.
Әңгіме барысында үш мәселеге назарым ауды, көңілім қалды.
Алғашқысы, келіншектің ерін жамандауы, бұл әңгімеге бүлдіршін баласының да араласып, әкесін жерге тыққаны жанға батты. Көлік айдап, қолы босаса тапсырыспен үй жөндеп, отбасым деп шапқылап жүрген мен танитын жуас жігітті сыртынан аяп кеттім. Бақыр басты бір жанға зар боп жүрген талай жанның қасында бұл қарындас бақытты емес пе? Ерін қадірлемегеннің-елге қадірі қашан болып еді?
Екінші байқағаным, Азамат боп өсетін жас баланың анасының көшірмесіне айналуы. Тілі ұзын, үйдегі билік иесінің шешесі екендігін байқатып отырды.
Ішер асының, киген киімінің әкесінің ала жаздай қабырғасы қайысып, әркімнің үйін салып тапқан қаржысына келгенін сезінбейді, тіпті момын жанды түтіп жегісі бар.
Үшіншіден, көп қазақ қыздарының мектептің бергенімен ғана шектеліп, әрі қарай білім алмауы өзекті мәселеге айналып келе жатырған секілді. Баланы туу үшін көп ақылдың қажеті шамалы, ал оған берер тәрбие мен білімің болмаса, ұрпақ азбағанда кім азады? Дүниеден орнын табатын ұл-қыз өсіргің келсе алдымен Ана сауатты болуы шарт.
Көп айт, аз айт отбасында ердің қадірін асыратын да, түсіретін де әйел екендігіне тағы бір мәрте көзім жетті. Сіздің үйдегі орныңыз төр ме әлде босаға ма байқап көріңізші....

Пікірлер: 6
@Ертас-п5в
@Ертас-п5в Жыл бұрын
Енбектериниз жемисти де озтнатиежесин беруге ар ата ана атсалысса екен. Сизге денсаулык, отбасынызга жылулык тилеимин
@ЗибаАпа-ь2ф
@ЗибаАпа-ь2ф Жыл бұрын
Тәрбиелі әңгіме жастардың тәрбиесі төмен бәрі өзім білем мен өсіп жатыр жетесізге жететіндей әңгіме екен еңбектің рахатын көріңіз Әумин
@БотаНизамутдинова
@БотаНизамутдинова Жыл бұрын
Өте түсінікті
@ТурарАктайбеков
@ТурарАктайбеков 10 ай бұрын
Жесир айел улы бар баска ер адамга турмыска шыгып жамандап отырганба 😮
@Ертас-п5в
@Ертас-п5в Жыл бұрын
Ердин орны тор Арине, аиелге есик алды озинин орны. Ен окиништиси кыз келиншектер ерлин орнын билип ол кандаи болмасын., курметтеуи парыз. Ер азаматымыздын орны калаи аита да, билинип турады.
@koyshibai4627
@koyshibai4627 5 ай бұрын
🙂👍
Қарттар үйіндегі қарттың әңгімесі
8:22
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 41 М.
2'Б " сыныбы Тақырыбы : БАТА беру  халқымыздың  салты"
3:00
Көкөзек орта мектебі
Рет қаралды 8 М.
ДЕНЬ УЧИТЕЛЯ В ШКОЛЕ
01:00
SIDELNIKOVVV
Рет қаралды 3,2 МЛН
The selfish The Joker was taught a lesson by Officer Rabbit. #funny #supersiblings
00:12
"Сапар батасы"
1:01
Арайлым Казиева Талдыбаевна
Рет қаралды 7 М.
Жаман ерді жақсы әйел адам қылады
5:45
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 1 М.
Аксенов саудагер
7:52
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 230
Хор қызына айналған әйел
5:06
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 2,4 М.
Павлодар Кымбат,,Білерміз,,...29.09.24ж
4:13
Кымбат Кымбат
Рет қаралды 170
Өмір ай
2:59
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 838
Бір кем дүние-ай...
2:23
Zhibek
Рет қаралды 962
Баяғы жартас сол жартас па?
25:58
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 6 М.
Жүдеген адам
2:16
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 972
Bir ömür yaşadım... |Nüsrət Musa|
2:02
Nüsrət Musa
Рет қаралды 404
ДЕНЬ УЧИТЕЛЯ В ШКОЛЕ
01:00
SIDELNIKOVVV
Рет қаралды 3,2 МЛН