Қандай керемет!.. Кәртайғандағы дауысы мынадай болғанда, кезінде нағыз ерекше дауыс болған шығар. Бұл кісіге айтарымыз: жасыңыз ұзақ болсын, қалған өміріңіз қиыншылықсыз болсын! Осы программа телевидениеден көрсетілсе... Тек алдын-ала жарнамаламаса, көре алмауымыз мүмкін. Осы естеріңізде болсыншы, ұйымдастырушылар!
@АлмагульШортабаеваАй бұрын
Гәкку әнін тыңдаған сайын жалықпаймын.Қазақтың ең керемет әндерінің бірі.Бибүгүл апамыз айтады екен деп ойлайтынмын.Мүнира апайдың орындағанын біліп,таң қалып қалдым.Мүнира апай кеш те болса сіздің орындағаныңызды біліп жатырмыз.Сізге зор денсаулық тілейміз. ❤❤❤❤
@НұрланАбдраман11 күн бұрын
Ассалаумағалейкум апай қандай керемет енді біліп жүремін қайран жақсылық ылғи кешігіп келеді бәрінде түсініп отырмын көп жасаңыз
@ГульнарДжубаткановаАй бұрын
ия көп халық Бибігүл апа шырқады деп ойлауда ғой, солай ойладым менде.Керемет қой 83-жаста әлі дауыс сақталған еш қосымша құралдарсыз,аман болыңыз
@ГулияЗакариевнаАй бұрын
Мәәәәә қандай керемет,алла тағала ұзақ ғұмыр берсін. Қандай қарапайымсыз апа.Өкінішті жарыққа шығармағаны сізді.
@КарлыгашДаулеткалиева-и5юАй бұрын
Тамаша адам екен. Дені сау боп 100 жасасын! Керемет, дауыс! Енесін сыйлап, жүрген жерін тастап, келуінің өзі үлкен үлгі аларлық жағдай. Сол жақта жүрсе, атақ, дәреже алар меді? Бәрін тастап келгені үшін, марапат беру керек. Әлі де Атырау мәдениетін басқарып отырғандар, Республика бар, марапат беруді қарастыру керек. Аман жүріңіз қазақтың көркем қызы!
@ОрнайНаурызова-щ5цАй бұрын
Ай алла неге айтылмады екен осы апайдың айтуында орындалған деп.Тамаша,бәрібір жарыққа шықтығо.Сіз үшін қуаныштымын.Жүз жасаңыз.
@feruzaturgunbaeva631921 күн бұрын
Тамаша! Апамыз да тамаша екен! Ұзақ өмір тілейміз! Гәккку әнімен қайта бір рет шықсыншы жастықты еске алып сосын сол айтқан әнімен бірге мықты марапат берілсе екен апамызға❤❤❤❤❤❤❤❤
@darkus583320 күн бұрын
Күләш апамызға қатты ұқсайды екен,аман жүріңіз🎉
@АжарАшимкулова29 күн бұрын
Керемет, кандай добуш, булбул сайрап жаткандай. Бул ырды Бибигуль Толегенова ырдайт деп журуппуз. Кудайым колдоп, Аман журунуз.
@Aliza3614Ай бұрын
Қандай әдемі апамыз, дауысыда керемет!!!! Үлгі алатын апа, өте қарапайым, өмірде қиындықты жеккен , уайымдамай, позитивте жүрген😊
@XiaomiRedmi-ch5zvАй бұрын
Осы азан радиосы шақырмағанда сол күйі ешкім білмейақ,есітпейақ кететін беді кеште болса білдік көрдік апамызды
@ДанегулИгиликова15 күн бұрын
Азан радиосына рахмет!«Құрсауда қалған» әншіні таппағанда біз білмейтін едік. Шындық жеңді. Әншіміз«құрсаудан» шықты. Алдағы уақытта да жарыққа шыға берсін. Құрметке лайықты екені көрініп тұр.
@БибигульИскакова-к5е12 күн бұрын
Негізі, мен кинода Бибігүл апамыздың айтпағанын білуші едім. Бірақ кім айтқанын білмеген екенмін
@АлмагулКуспанова-ы9ъАй бұрын
Атырауда тұрсамда бұл кісіні бірінші естіп біліп отырмын. Осы уақыт ішінде елге бір рет болсада таныстырмағаны өкінішті, Атырау мәдениет басқармасы қайда қараған?! Үлкен концерттерге неге шақырылмаған? Еөзі тірісінде ел алдына шыүарса ғой, кейінгі ұрпақ біліп жүрер еді, Азан бағдарламасына көп рахмет, осындай ел ішінде көрінбей жүрген тума таланттар жетерлік соларды тауып, көпшілікке танытсаңыздар жақсы болар еді.
@БагизаКалымжановаАй бұрын
Мынандай тума таланттың жолын кесіп , бағын байлаған кімдер екен?! Қандай керемет!!! Өзі қандай жеңіл адам болса , солай жеп -жеңіл халқымен қайта табысты!!! Ақ жол Сізге алар асуыңыз жоғары болсын , нағыз өнер иесі екенсіз ұзақ жасаңыз!
@darkus583320 күн бұрын
Баяғы Күләш апамыздың үстінен арыз жазған 6 татардың бірі- Бибігүл шығар бұл апайдың да жолын жапқан адам. @@БагизаКалымжанова
@ТойжанКожабаева28 күн бұрын
Қандай жаны да,түрі де сұлу жан👍😍 тектілігі бір бөлек екен⚘️🥰
@Камила-щ9л22 күн бұрын
Керемет,ия менде Бибигул Толегенова айткан деп жургенбыз. Акикат кашанда болса шыгады Сизге ден саулык, узак омыр тилеймын. Даусынызга соз жок керемет, жабык казан ашылды. Азан га улкен Рахмет. Кеш болсадв Казак елынын Сизды таныганы дурыс болды.🎉🎉🎉🎉❤❤❤❤. Молодцы Ребята🎉🎉🎉🎉
@alehandro2023Ай бұрын
Мыне текты урпагымыздын сыныгы, керемет сухбат болды. Апамыз 100 келсын.
@КамашКожабаева-ы6сАй бұрын
Кандай керемет ,сол уакыттагы даусы типти галамат болган гой !Ой ,Алла ,тан калып отырмын !
@БахыткульИльясова-в8пАй бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉Кереметсіз, Мүнира апа! Сіз ештеңеден мойымаған екенсіз ,шындық ашылды ,өкініштісі тым кеш ашылды , бұл тағдырдың сізге деген сыйы екен, енді барлығымыз "Қыз Жібек " фильіміндегі "Гәкку" әнімен қоса фильмдегі барлық әндерді Мүнира апамыздың орындағанын білетін болдық , қысқаша айтқанда әділдік орнады ,оған ат салысқан осы хабардың /"Азан" жүргізушісіне алғысым шексіз, есіміңді есіме түсіре алмадым ,кешір мені ,жақсылықтың жаршысы болған ,балам , Жандос Темірғали🎉😊🎉🎉🎉
@РозаИсмаилова-л8тАй бұрын
Керемет сұхбат болды.Осындай ғажап өнер тарландарын алдағы уақытта да көріп тыңдасақ нұр үстіне нұр болар еді.
@БагизаКалымжановаАй бұрын
Азан бағдарламасының жүргізушісі Жандос ұлымызға алғысымыз шексіз! Әлі де еншісін ала алмаған тума таланттар болса , іздеп, халыққа жеткізе беріңіз !
@ДинараДжунисова-ы1жАй бұрын
Керемет сухбат Мунира апай жуз жасаныз оте тамаша осы кисинин атына мектеп ашу керек шыгар оте грамотная❤❤❤❤❤❤❤ болашак балапандарга уйретери коп екен❤❤
@Биби-ААй бұрын
Керемет адам екен,ерке сылқым болғаны көрініп тұр. Жасыңыз ұзақ болсын! Сіз үшін бүгін Қыз Жібек фильмін қайталап қарап шығамын. Атыраудамын дегенде жүрегім жылып кетті,бір қалада тұрсақ та бұл кісі туралы естімеппін…жаныңда жүр жақсы адам деген осы екен. Жасыңыз ұзақ болсын Мүнира апай! Семьялық жағы ашылмады бір өкініштісі,бәрін білгім кеп еді) Тым қысқа сұхбат болды. Сонда да үлкен рахмет!
@ДарханБоранбай-з4вАй бұрын
Осындай бұлбұлдың осы кезге дейін жарыққа шығарылмай, торда ұсталғаны өкінішті😢😢😢
@korkemmolgalieva6679Ай бұрын
Мүнира апайды алғашқы көріп,естуім,тарихи тамаша тұлға,фильмнен Гәкку әнін естіп бала кезімде Гәкку,Гәкку деп айтып жүретінмін😊 дауысы ерекше ұнағаннан екенін түсініп отырмын,содан өнер адамы болдым,себепші болған апайды көрдім👍👍😍🇰🇿шындық әрқашан орнайды!!!
@БибайшаБаубековаАй бұрын
Мүнира апай,деніңіз сау, күліп ойнап,жадырап жүре беріңіз,даусыңыз әлі де сыңғырлап тұр,сіздің жасыңызды ,күлкіңізді,көңіл күйіңізді бізге де нәсіп етсін Алла!!!
@SaraBeiseyeva22 күн бұрын
Зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін🌹🌹🌹
@КалбибиАнуарова-ъ7нАй бұрын
Керемет . Қазір білдім мына жаңалықты. Алла ұзақ ғұмыр берсін.
@Маржан-ь4ъАй бұрын
83 жаста ән айтып тұрған апаға мың алғыс, дауысы керемет екен, осы кісілерді кезінде сахнаға шығармаған ау❤
@ГульнарДжубаткановаАй бұрын
Шіркін әлі сыңғырлап тұр екен дауыс Апа аман болыңыз жүз жасаңыз.Сол кездегі іштарлық кертартпалық қалай жаман болған.Тым болса орындаған Мунира екенін айтса да болар еді ғой.қазақ десе бәріне тиеді ау
@КунсулуНасыроваАй бұрын
Әлі де болса кеш емес, Атыраудың өнер сүйер халқы қолға алып өнерін бағалауға, марапатқа ұсынулары керек.Іштарлық пен осы кезге дейін айтылмай келген,әлі де болса кеш емес аяқ асты қалдырмау керек деп есептеймін.
@АйгульСарсенгалиева-ц4щ26 күн бұрын
Өте жақсы апа,керемет әнші,бірақ көп ескерілмеді.Қарапайым адам,ақкөңіл,сенгіш болып тұр.
"Гәкку" әнін Мүнира апай орындағанын алғаш рет естіп отырмыз.Даусыңыз әлі де сыңғырлап тұр екен.Өзіне күтім жасап, жүзі күлімдеп,айналасына нұр шашқан жүрегі таза апамызға мың алғыс!❤ Қазағымның текті асылдарының бірі екенсіз.Аман жүріңіз.Даусыңыз әлі де таза,сыңғырлап тұр.❤
@СветланаТлеубаева-й5нАй бұрын
Жарқын мінезді, әдемі әйел екен😍 Дауысы да керемет👍 Жүз жасасын🙌❤️
@БибайшаБаубековаАй бұрын
Қандай әдемі,ашық,сыңғырлап тұр,жарайсыз ,рахмет сізге Мүнира ханым!!!🎉🎉🎉
@КульжиханШакеноваАй бұрын
Атырауга бврмаганда Алматы да турса,танымал болар еди. Нургиса атамыз аиткасын бари билген гои. Даусы керемет . Балмуздак жеуге барган кыз адеи жегизген гои даусыныз керемет болгамын, сиз апа анкаусыз ак конил жан екенсиз. Алла куш куат берсин Бибигул апамыз аиткан деп журмиз.
@danayaabzhali6425Ай бұрын
Алмас қылыш қын ішінде жатпайды деген осы Қазақтың ен даласында еркін сайрамаған бір Бұлбұл Мен өкіндім!!!
@aluasaraliyeva644Ай бұрын
Бул ,Апайдын,жас кезиндеги даусын есту ушин,,Кыз Жибекти"кайта карау керек ,ия,Ол кездеги,аты шыкпауына,сол кездеги советтик система кнали,узак гумыр кешениз,Зор Денсаулык,аман журениз.❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉
@ГулданаШилдебаеваАй бұрын
Биз билмейди екенбиз. Гаккуди айтатын айткан киси осы апайма Керемет Енди жарыкка шығарып отырсыздар ма Көптеген халык билмейди ғой 🎉❤❤❤❤
@МаржанУразгалиеваАй бұрын
Керемет. Аман болыңыз. Осы уақытқа дейін айтылмай келгені өте өкінішті. Өзіміздің жерлесіміз екен.
@РакимашКасеноваАй бұрын
Керемет дауыс, Бибугульден артык айтады апай керемет дауыс.❤❤❤
@Олкімбұлне-щ2кАй бұрын
Тамашаааа керемееет неткен ғажап дауыс әйтседе осыншама уақыт елеусіз ескерусіз қалғаны қалай ??????
@БибайшаБаубековаАй бұрын
@@РакимашКасенова Ия,Алла ешкімді елеусіз қалдырмайды,кеш болсада ,міне жарқ етіп жарыққа шықты Мүнира апамыз,керемет дауысы.Өзгені білмеймін,бұл дауыс Бибігүл апамыздың даусы,шырқаған сол кісі деп келдік қой.
@РакимашКасеноваАй бұрын
@БибайшаБаубекова керемет.
@NKSHGAK20 күн бұрын
Мунира апай институтта вокалдан біздің ұстазымыз болды.Керемет талант иесі, тамаша ұстаз аман жүріңіз.Қазақ киносының тарихында қалған фильмде аты қалған жан.
@МухамедханНурмаганбетАй бұрын
Ой, қандай керемет апай. Бұрын неге көрсетпедіңдер. Такая грамотная женщина
@ЗилихаКалиеваАй бұрын
Керемет, елімізде табиғи талант иелері баршылық екен ғой. Жасы келіп тұрса да дауысы сыңғырлап тұр. Тағы осы кісі сияқты адамдар бар шығар біз білмейтін.
@sngroup80719 күн бұрын
Осы жаста айту арине киын гой.Бырак керемет !
@Айгуль-г6с27 күн бұрын
Ой қандай керемет,тәрбиелі,жаны жайсаң өнер адамы екен❤❤❤❤
@ganbeegaАй бұрын
Керемет100. ЖасаңызДауыс қандайСыңғырлаған
@АйгулСатимова-б6вАй бұрын
Жаныыым Апатай♥️🥰💐 Қандай сұлыу едіңіз.83-ке келсе де , сондай керемет дауыс тфа тфа диін. 100жасаңыз 🥰🥰🥰
@РыскулБолтриковаАй бұрын
КЕРЕМЕТ ❤ӨЗІ СҰЛУ ,ӨЗІ ЕРЕКШЕ БҰЛБҰЛ ӘНШІ ЕКЕН АПАМЫЗ. ДАУЫСЫ КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВАҒА ҰҚСАЙДЫ. ӘНШІЛІГІНЕ ЕШКІМНІҢ ТАЛАСЫ ЖОҚТАЙ ЕКЕН. НАҒЫЗ БҰЛБҰЛ ДАУЫСТЫ ,ЕРЕКШЕ ҚАЙТАЛАНБАЙТЫН СҰЛУ ДАУЫСТЫ ӘНШІМІЗ ЕКЕН... НЕГЕ ХАЛЫҚ БҰЛ КІСІНІ КЕШ КӨРІП ОТЫР ? КИЕЛІ САХАНАҒА ШЫҚПАҒАН БА? БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАДАН АРТЫҚ АЙТАДЫ.
@БибайшаБаубековаАй бұрын
@@РыскулБолтрикова Е,ол кезде де бұрмалаушылық болған ғой.Бұл апамыздың дауысын неге ескермеді?неге жарыққа шығармады?ел бұл әнді Бибігүл апамыз айтты деп келді ,ғасырға жуық білмедік десек е болады,Алланың құдіретіне қалай бас имейміз!!!.
Ұзақ ғұмыр тілейік ,влдымен осы жасқа келіп алыңдаршы,неге солай вйтасыздар,өте тамаша адам,82 жаста мынадай өлең айтқан,елеусіз қалған еңбек деп,неге айтпайсыздар,жүз жаса апатай❤❤❤
@fakiyaduisenova9366Ай бұрын
Қызық екен титрға жазбайма екен, әлде ол кездеде қызғаныш блдыма екен.Бәріміз Бибігүл деп жүрдік.Қандай әдемі сыртынан қарасаң Күляш Байсеитоваға келеді.Жасына қарамай әлі даусы бар аздап дамақта өзгеріс бар әрине.Балам саған рахмет біз білмейтін бұлбұл Мүнирамен таныстырғаның үшін.👏👏👏👍👍👍🙋💯💯💯
@hlynoob5174Ай бұрын
Титрда бар жазылған
@ЖанарСалыкбаева-и4ъАй бұрын
Өз жағынан тың көрінеді. Қазақтың бұлбұл әншісі. Осы Апай қайда екен деп ойлайтын едім
@ГульнарДжубаткановаАй бұрын
Осындай ерекше дауысты өнер иелері көп болған екен.Мәншүк Сәрсенғалиева деген марқұм жаны жаннатта болсын, домбыра тартып билеп тұрып ән салатын өнер иесінің Москваға онкүндікке барғанда қонақүйде өлтіргенін оқыған едім Бір баспада жарық көрген он жылдай болды. Жарқырап өзінің бөлек стилімен енді шығып келе жатқан ұзын шашты сұлу қыз суретімен шыққан.Шымкент жақтан екен соны тауып салсаңдар шіркін.
@ГулмираЕсенбаева-е7щ23 күн бұрын
Керемет әңгіме , қызықты , өмірбаян , ұзақ жасаңыз
@БакытСыздыкова-х1вАй бұрын
Очень добрая женщина и видно что всегда была позитивной по жизни молодец ,ақ жарқын адам екен , көреалмайтын адамдар көп болады у такого человека .
@МУХАТАЕВАГуаларагайАй бұрын
ҚНеткен керемет дауыс көп жасаныз
@МаратМейманбаев-с3кАй бұрын
🇰🇿🤔🇰🇿🤔🇰🇿 Мунира апа аман болыңыз «Есіміңіз тамаша 👍👍👍 Нұрландырушы /шырақ қыз Дегісі келген ғой апа атаңыз Негізі Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммед {с. Ғ. С} есімдерінен Мунир деген есім 🤔Расында Алла Тағала Пайғамбарды «с ғ с» ды әлемдерге нұрландырушы/шырақ түрінде жіберген Ол туралы Қасиетті Құранда баяндалған «бұл есім Құранда бар» .... Уаһһажәм Сыроожәм Мунироо....
@Анджела-р7мАй бұрын
Керемет адам екен. Жүз жасаңыз, апа!
@sngroup80719 күн бұрын
Дауысы алы де сакталыпты.Керемет!
@БакытХамитова-и4вАй бұрын
Көп рахмет сізге,жүз жасаныз
@ذاكونАй бұрын
Әмин! 100 жасаңыз!
@ЖумагульУтепова-и7о26 күн бұрын
Тамаша! Кандай Керемет дауыс, Кандай Жаксы Адам! Апа, 100 жасаныз! Неге бул кici марапатсыз калды?! Неге ескерiлмеды?!
@x-block3262Ай бұрын
Неге сонша жыл ғасырға жуық уақыт айтылмады екен,Гәкку әнін орындағаны,біз Бибігул Төлегенова орындады деп жүрміз.
Ия профессионал әнші емес сәл төмендеу дауыс керек болды деп оқығаным бар еді кино үшін
@ЖанараАбдрахманова-у4рАй бұрын
Қаншама қошемет!Мың жасаңыз,.
@АлимаМатжановаАй бұрын
Азир Кози тирисинде енбегин багалау керек,ештен ,кеш жаксы деген,жаксылыктын жок Еркем ерте кеши дегендей,Жадырасын,наздансын Еркелесин Апамыз🌟🌟🌟👏👏👏🌹🌹🌹🌹🌹Денсаулык тилеймин 🙏
@БабакиеваМакузаАй бұрын
Апайға ұзақ ғұмыр тілеймін ғажап тот баспас алтындай керемет дауыс аман жүріңіз апай❤❤❤
@Айгуль-г6с27 күн бұрын
Аман болыңыз,қандай жайсаң жандар ❤❤❤❤
@МаратМейманбаев-с3кАй бұрын
Апатай 100 жасаңыз🇰🇿🎉🇰🇿🎉🇰🇿🎉🇰🇿🎉Алла разы болсын
@ninaofficial2754Ай бұрын
Керемет дарын
@Гултанат-т3йАй бұрын
Керемет дауыс, Мунира ханым!
@ЗинегульБаймахановаАй бұрын
Сулусыз апай адемi жасай берiнiз аман сау журiнiз!❤❤❤
@АйгульКуспанова-ш6йАй бұрын
82 мынадай өлең айту деген керемет❤❤❤дені сау болсын ❤❤
@МагазинИмран-ц4к19 күн бұрын
Белден басу Кеңес дәуірінде де болған. Сенің атың тұра тұрсын, менің атым жүре тұрсын дегендей, Мүнира апамыздың "Гәккуді" айтқанын жасырып, басқалар атақ-даңқ алып кетті. Осы күнге дейін Бибігүл Төлегенова шырқады деп жүрдік. Бір нұсқада Бақыт Әшімова орындаған деп те естідік. Міне, шындық түптің-түбінде айтылды. Мүнира апа, аман болыңыз! Даусыңыз әлі де сыңғырлап тұр.🌹🌹🌹🌹🌹❤️❤️❤️
@РозаСалкинбаеваАй бұрын
Не деген дауыс, жылдар өтсе де сол қалпы, аңыз адам ғой
@УштапАбугалиеваАй бұрын
Керемет тамаша ұзақ қызықты өмір тілеймін.
@jurnalist_kzАй бұрын
Дауысы қандай керемет!
@gaukharabubakirova4291Ай бұрын
Керемет! Алланың берген жасын жасай беріңіз апажан❤
@АйгульРахматулина-я5пАй бұрын
Мунира апай, мықты денсаулы,,ұзақ өмір тілеймін. Даусыңыз керемет, әлі де шырқай беріңіз
@ОрунбуАбжалбаева26 күн бұрын
Аман болунуз.Буйруса ан салып журо берин.Сиздин 82 жашынызда ушундай ун менен ырдоо озунчо ырахат.Сиздей кучтуу адам болуу жетишкендик мага да буйруса экен.
@zekenkaribaikyzy2533Ай бұрын
Мунира аман есен жүре бер көріп қуанып жатырмын. 2 курс төмен оқыдым Капеллада бірге ән айттық.
@КунсулуНасыроваАй бұрын
От басы туралы да білгіміз келеді,Енді таңшолпан бағдарламасына шақырса,болмаса Атыраудың өзінің жергілікті жерінеде сұқбаттасуға шақырсада халықтың білгені дұрыс ,мұндай дарын иесін,қол аяғыңызға дерт бермей жүз жасаңыз.
@НуржамалЕрмуханова-й1зАй бұрын
Қайран қазақ!! Көре алмушылық, елге сын тағудан жалықпайсыздар! Апай өмір жолын есіне алып, күлетін жерде күледі..мұңайады керек болса! Ауыр сөз айтудың өзі КҮНӘ!!! Ғұмыры ұзақ болсын!!
@АлияМуталиАй бұрын
Даусыңыз әлі керемет! Сізге денсаулық тілеймін! ❤
@ОспановаНазимкульАй бұрын
Бұл кісіні ешкім танымайды бұрын айтпағанқандай керемет апамыз
@bibiserikbaeva182118 күн бұрын
83 жаста осылай болса Қыз жібек кезінде Қалай болды екен ❤❤❤айталмаймын Керемет екен 👍👍 Жүздеген жылдар тілейміз Япония Корея да 120 да қуатты болып жүрғо😊🎉
@AkzineAnarovaАй бұрын
Апай узак гумыр тилеймин сизге 100 жасаныз
@СейдуллаЖагипаров-г1ъАй бұрын
0:59
@СейдуллаЖагипаров-г1ъАй бұрын
1:11 Бчиб
@СейдуллаЖагипаров-г1ъАй бұрын
1:33 1:33
@КуланИбрашеаваАй бұрын
Апа кушти миримди дауыс Али кушти Аман журиниз
@НазарбаевИнтеллектуальнаяш-ь9йАй бұрын
Қандай керемет апай, Атырауымнан осындай адамдардың шыққаны мақтаныш сезімін кернейді.
@IphoneService-p5jАй бұрын
Қазақстанда әділдік жоқой керемет дауыс жуз жасанызззз🎉🎉🎉😂❤
@Совет1947ЕжетайтегыАй бұрын
Вся собранная, позитивная!
@Урбиби-с3нАй бұрын
Аман болыңыз
@feruzamatmuratova7795Ай бұрын
өкінішті осы кезге дейін еленбегені қандай керемет дауыс
@АнарСахова-щ5жАй бұрын
Хотя бы кинода актерлардын баринин фамилия,есимдерин айтады неге бул кисинин есими жок блииин 83ке келгенше еленбегени неси
@GULSHAT______1978Ай бұрын
Керемет Мунира апай аман жүріңіз...
@ДанегулИгиликова15 күн бұрын
20:15 Мунира апай! Не деген керемет дауыс!«Құрсаудағы әнші» дер едім. Жүз жасаңыз!
@МаншукКалиева-п3йАй бұрын
Тамаша дауыс аман журиниз
@СапаргульУтебаева24 күн бұрын
Құдайдың құдыреті, МашАллаһ, адамның даусы сақталғанына қайран қалдым. Әлдеде әңгімесін тыңдағым келді. Суреттері н көрсетіп, жас кезін еске алғанда, керемет болар еді
@ФерузаЖубаниязова-т6уАй бұрын
Керемет сөз жоқ аман болыңыз
@КамилаЖибековаАй бұрын
Керемет🙏👍🥰🔥♥️
@ЗубайраКарабасоваАй бұрын
Керемет,83 жаста ән айтып тұр
@СаулеСахариева-ы9м11 күн бұрын
❤❤❤❤❤❤❤ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН БІЛМЕППІН БИБІГҮЛ АПАМЫЗ АЙТАДЫ ДЕП ЖҮРГЕНМІН КЕРЕМЕТ СУПЕР ❤❤❤❤❤
@ЖанБай-э3с29 күн бұрын
Ғажайып дауыс❤!
@XiaomiRedmi-ch5zvАй бұрын
Неге тв ге шақырмайды апамызды,керемет дауыс
@bagilabagi5008Ай бұрын
Қандай тамаша дауыс, қазақтың күншілдігі көре алмаушылдығы құртады
@НұрланАбдраман11 күн бұрын
Саған інім осындай көлеңкеде қалып қойған асылдарды жарыққа шығару керек рахмет
@ГульнараШаяхметова-р8оАй бұрын
Тамаша жүз жасаңыз,өнеріңіз өрлей берсін мықтыөнер мектебін көргені көп нағыз талант
@Урбиби-с3нАй бұрын
Даусы керемет екен
@РайымбекОрынбасаров-к5тАй бұрын
Аты шықпай қалғаны өкінішті, бұл кісі де абсолютный слух екен, Димашты алғаш тыңдағанда осылай болатын еді