Үйленетін жігіттерге өсиет. ұстаз Ризабек Батталұлы

  Рет қаралды 3,972

iman nur_kz

iman nur_kz

Жыл бұрын

ұстаз Ризабек Батталұлы
Ей, жар іздеген жан! Бақытты һәм берік қоғамның бір кірпіші болсам, ақ құсымды қолыма қондырсам деп ниетін бекіткен, алайда, тәуекелі жетпей жүрген қарагөз бауырым! Ақ некелі бақ таңын аңсаған бозбала! Өзің секілді жалындаған жастық шағында басынан өткергенін баяндаған бабаңның сырына назар салшы!
Сахаба Рабиа ибн Кааб (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Исламның ақиқаты жүрегімді жаулап, жаным иман нұрына бөленгенде әлі бұғанасы қатпаған бозбала едім. Алла Елшісінің ﷺ мүбәрак жүзін алғаш көргеннен-ақ кеудемде айтып жеткізе алмастай махаббат патшалық құрды да, тұла бойымды баурап алды. Оған деген аңсарымның асқақтығы соншалықты, Пайғамбардан ﷺ басқа ешнәрсе ойлай алмайтынмын. Бір күні өзіме: «Сорың құрсың, о Рабиа! Өзіңді неге Пайғамбар ﷺ қызметіне арнамайсың? Оған көмегіңді ұсынсаңшы... Ол саған разы болса, жанында болу бақыты бұйырады, оның сүйіспеншілігі мен екі дүние игілігіне қол жеткізесің» деп насихат айттым. Дереу оған барып, қызметке алуын сұрадым. Кеудемнен қақпады, көмекшіге алуға келісті. Сол сәттен бастап мейірбан Пайғамбардың ﷺ ажырамас көлеңкесіне айналдым: қайда барса да серіктес болып, соңынан қалмадым. Маған қарай бұрыла бастаса, лезде жанынан табылатынмын. Бірнәрсе қаласа, өтінішін орындауға асықтым. Күні бойы қызметінде болып, күн батып, Пайғамбар ﷺ кешкі намазын оқығаннан кейін ғана босайтынмын. Алайда, қайту уақыты таяғанда: «Қайда барасың, Рабиа? Алла Елшісіне ﷺ түнде бірнәрсе қажет болып қалар?» деп өзіме сұрақ қоюшы едім. Осылайша, босағасынан алыс кетпей отырып алатын болдым. Алла Елшісі ﷺ түндерін ояу және намазда өткізетін. Алланың кітабынан «Фатиха» сүресін шаршағанша оқитын. Тоқтаушы ма еді, әлде менің көзім ілініп кететін бе еді? «Алла Тағала Өзіне мақтау айтқанды естиді» деген сөздерді құлағым жиі шалатын. Ол бұл сөзді «Фатихадан» да ұзақ қайталайтындай көрінетін...
Алла Елшісінің ﷺ өзіне қандайда бір жақсылық жасаған адамға ерекше көңіл бөліп, одан да үлкен дәрежеге көтеретін әдеті болатын. Көрсеткен қызметімді марапаттамақ болып, жаныма келді де:

Пікірлер: 15
@user-nx3gb7tz2p
@user-nx3gb7tz2p 5 ай бұрын
Өтте керемет уағыз мағналы сапалы Алла разы болсын. Мен осы имамның уағыздарын қайта қайта тыңдағым келеді
@user-iq3rx7oh3j
@user-iq3rx7oh3j 2 ай бұрын
Керемет 👍👍🔥🔥🙌🔥🔥😍😍🤗СИЗГЕ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН 🙌🙌🔥🔥🔥👍👍👍
@sartaialtai5678
@sartaialtai5678 5 ай бұрын
@Zharas_Abylkhanov
@Zharas_Abylkhanov Жыл бұрын
Алла разы болсын
@kuralbektokhmetov-cz3xz
@kuralbektokhmetov-cz3xz Жыл бұрын
Алла разы болсын ұстаз
@artanddraw341
@artanddraw341 9 ай бұрын
Алла разы болсын!
@kazakhstan5809
@kazakhstan5809 Жыл бұрын
Ассалаумалейкум Ұстаздың қыздарын алу керек екен
@user-ip5bh9ff2j
@user-ip5bh9ff2j 7 ай бұрын
Ұстазға осындай сақал өте жарасады,ақ түскен екен, Алла разы болсын.
@user-qb6nb7lp6d
@user-qb6nb7lp6d Жыл бұрын
👍
@user-ip5bh9ff2j
@user-ip5bh9ff2j 7 ай бұрын
Үйлену оңай үй болу қиын дид. Үйлену де қиын мына бұзылған заманда. Тарс еткізіп миллион қалыңмал сұрайды оның үстіне сөз ұқпайды қазір көп қыздар. Оның үстіне ата анаң келіп пәленбай миллионға той жасамақшы болады Астағфируллаһ. Сплошной ысырап қана. Ол шаруасы жоқ екі жас тұра ала ма жоқ па кредитты тарс еткізеді той жасамаса кем боп қалады ай шешеңді сыйлайын ішің ашиды осыған
@kuralbektokhmetov-cz3xz
@kuralbektokhmetov-cz3xz Жыл бұрын
КОММЕНТ ЖАЗЫП 👍 БАСАЙЫҚ ӨТІНІШ. ПАЙДАЛЫ НАСИХАТТЫ БАРЫНША КӨП КӨРІНУІНЕ АТ САЛЫСАЙЫҚ АҒАЙЫН!
@user-mm4md5oe5c
@user-mm4md5oe5c Жыл бұрын
Залдағы жын шайтандар қашып кеткен шығар не боп кетті деп😅
@Baha802
@Baha802 Жыл бұрын
Сенің туыстарың ғой жын шайтандар 👹😈👿😂😂
@Jandost927
@Jandost927 Жыл бұрын
Димдрол аллға
@xqzme019
@xqzme019 6 ай бұрын
Ол не деген мағына?
How to bring sweets anywhere 😋🍰🍫
00:32
TooTool
Рет қаралды 50 МЛН
Super gymnastics 😍🫣
00:15
Lexa_Merin
Рет қаралды 99 МЛН
Homemade Professional Spy Trick To Unlock A Phone 🔍
00:55
Crafty Champions
Рет қаралды 43 МЛН
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
02:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 1,7 МЛН
Ұстаз Ризабек Батталұлы. Жүрек дерті. Мықты уағыз.
1:07:38
т-нұсқа-5 / ұстаз Абдулбахи Қожаханов
43:05
Өмірлік жарды қалай таңдаймыз?/ Қабылбек Әліпбайұлы
15:28
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 125 М.
How to bring sweets anywhere 😋🍰🍫
00:32
TooTool
Рет қаралды 50 МЛН