«JOB FAIR -2024» Бос орындар жәрмеңкесі өтті

  Рет қаралды 32

QYZPU University

QYZPU University

Күн бұрын

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Кәсіби практика және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен «JOB FAIR -2024» атты дәстүрлі Бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс шара мақсаты - университет түлектері мен жұмыс беруші арасында тікелей байланыс орнатып, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Жәрмеңкеде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор Қымбат Балажанова сөз сөйлеп, жәрмеңке қатысушыларына алғысын білдірді. Университеттің еңбек нарығында сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша ұлттық университеттер арасында топ жарып жүргенін, жұмысқа орналасу көрсеткіші 95% көрсететіндігін атап өтті. «Кәсіби практика және мансап» бөлімінің басшысы Асел Алшынова жұмыс берушілерге университет жайында және түлектерге қатысты бірқатар маңызды деректермен бөлісті. Аталған шараға түлектер білім беру бағдарламалары бойынша дәріс залдарына бөлініп, бітіруші түлектер мен жұмыс берушілер арасында ортақ алаң жұмыс жасады. Жұмыс берушілерге түлектердің түйіндемелері, портфолиосы ұсынылды. Түлектерді қызықтырған бос орындар туралы толық ақпарат берілді. «Заманауи мектеп-бұл жаңа идеялар мен инновациялық технологиялар мектебі» тақырыбында заманауи мектептер үлгісінің таныстырылымы өтті. Атап айтсақ Іле ауданының «Менің мектебім» орта мектебі (Алматы облысы) , Quantum tech жеке меншік мектебі(Астана қаласы) , NGS жаңа ұрпақ мектебі (Алматы қаласы), GRANT жеке меншік мектебі (Түркістан облысы), «Заман» элиталық қазақ мектебі, Ұлытау облысының мектептері өз мектептерінің әлеуетімен таныстырды.
Аталған шараға Республика бойынша 130 дан астам білім беру ұйымдары, облыстық білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері, орта білім беру ұйымдары (Алматы қаласы, Астана қаласы, Ұлытау облысы, Түркістан облысы) сонымен қатар Алматы облысының аудандары, заманауи жеке меншік мектептер, академиялар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қатысты. Бітіруші түлектерге Республика бойынша 2000 нан аса бос жұмыс орындары ұсынылды.
Прошла ярмарка вакансий "JOB FAIR -2024»
В Казахском национальном женском педагогическом университете прошла традиционная ярмарка вакансий «JOB FAIR-2024», организованная отделом Практики и карьеры. Цель мероприятия- содействие в трудоустройстве выпускников университета через прямую связь между работодателем и соискателем. На ярмарке выступила Член Правления-проректор по академическим вопросам Казахского национального женского педагогического университета Балажанова Кымбат Магитаевна. Она отметила что по востребованным на рынке труда образовательным программам университет лидирует среди национальных университетов, показатель трудоустройства составляет 95%. Руководитель отдела практики и карьеры Алшынова Асель Сакеновна поделилась с работодателями рядом важных данных об университете и о выпускниках. На данном мероприятии выпускники распределились по образовательным программам в лекционные залы, где работала общая площадка между выпускниками и работодателями. Для работодателей были представлены резюме, портфолио выпускников. Выпускникам была предоставлена подробная информация об интересующих вакансиях. Состоялась презентация модели современных школ на тему: «Современная школа-это Школа новых идей и инновационных технологий". В частности , о потенциале своих школ рассказали средняя школа «Менің Мектебім» Илийского района (Алматинская область), частная школа Quantum tech (г. Астана), Школа нового поколения NGS (г. Алматы), частная школа GRANT (Туркестанская область), элитная казахская школа «Заман», школы Улытауской области.
В рамках программы в мероприятии приняли участие более 130 организаций образования по Республике, областные управления образования, районные отделы образования, организации среднего образования (г. Алматы, г. Астана, Улытауская область, Туркестанская область), а также районы Алматинской области, современные частные школы, академии, дошкольные организации образования. Выпускникам было предложено более 2000 вакансий по всей Республике.

Пікірлер: 1
@lazzatm.adilbekova2081
@lazzatm.adilbekova2081 4 ай бұрын
👍👍👍
Шоу Уральские пельмени  Арам в ресторане
8:08
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 317 М.
когда не обедаешь в школе // EVA mash
00:51
РОДИТЕЛИ НА ШКОЛЬНОМ ПРАЗДНИКЕ
01:00
SIDELNIKOVVV
Рет қаралды 3,4 МЛН
Как Начать Онлайн-Бизнес БЕЗ ДЕНЕГ
12:37
ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ
3:39
QYZPU University
Рет қаралды 106
Веди Свой YouTube Канал в 2024 Вот Так...
11:39
Saule Aitkul
Рет қаралды 646 М.
когда не обедаешь в школе // EVA mash
00:51