ДҰРЫС ҰЙҚЫ деген НЕ? Сенің өміріңді өзгертетін ӘДЕТТЕР | АЗАМАТ СКАКОВ | JUZTALKS

  Рет қаралды 52,304

JUZ40 ONLINE

JUZ40 ONLINE

Күн бұрын

Пікірлер: 237
@juz40online
@juz40online 3 ай бұрын
🔥 Азамат Скаковтың «Сен» және «Мен» бестселлер кітаптарын жеңіп алу үшін: 1. Арнамызға тіркел 2. Осы видеоға лайк бас 3. Интервьюдан түйген инсайттарыңмен төменде бөліс 👇🏻 Азамат мырза үздік пікір иегерлерін анықтап, жеңімпаздарға сыйлықтарын жіберетін болады.
@shynarkurakova235
@shynarkurakova235 3 ай бұрын
Подкаст жүргізушісі қандай грамотный жігіт👍, өзі жап-жас болса да ақылы, сөз саптауы керемет екен, сұрақтарыда актуальный, сұрақтарының өзі ой түйдіретін сұрақтар екен👏🏻
@miss_galima
@miss_galima Ай бұрын
Ең алдымен сіздерге мың алғыс айтамын.❤ Осындай керемет, топ инсайтармен бөліскендеріңізге көп көп рақмет. Мен мына подкастты ерекше зейін қойып тыңдадым. Себебі менің дәл қазіргі өміріме қажетті сұрақтардың жауабын таба алдым. Ең алдымен мен өзіме жауапкершілік алмайды екенмін. Басқалардың бәрі кінәлі, мен кінәлі емеспін деп санайтынмын. Дегенмен қазір өмірімді реттеуге жауапты тек қана мен, өзім екенін түсіндім Ата анамен қатынас жайлы. Ата анаға өскеніңізді, жоспарыңыз бар екенін іспен көрсетіңіз. Ата анадан ақыл кеңес сұраңыз. Папа мен былай істейін деп жатырмын, ол қалай болады екен. Болмаса ағылшын тілін үйрену жолында мына курсты алып оқығым келеді-деп сұраңыз, ақылдасыңыз. Кез келген нәрсені үйренуге болады. Шектеу жоқ. Ол үшін: 1.Асықпа Асығамын деп бүлдіріп алуың мүмкін, 3 жыл болса да табиғи жолмен үйренгенің дұрыс. Күнделікті кішкентай қадамдар нақты жетістікке алып келеді. 2.Қиындатпа. Аз аздан үздіксіз жаса. Жуан дінді бәйтерек бір ғана шыбықтан бастау алады. Мыңдаған шақырымды алыс сапар бір қана қадамнан басталады. 3.Жоспар жаса Жоспарсыз сен басқа адамның мақсатың, жоспарын жасап жүрсін. Сіздің жоспарыңыз болмаса, сіз жоспары бар адамның жоспарын орындап жүрсіз. Любой нәрсеге ат қой. Мысалыға ҰБТ ол қиын сынақ, ауыр емтихан, бір қорқынышты қара есік емес. Ол- МҮМКІНДІК. Сен оған жетсең, бір уровеньге көтерілесің, балалық өмірден- ересек өмірге барасын. Тек оған дайындықпен бару керек.
@АкнурБулекова
@АкнурБулекова 3 ай бұрын
Мен түйген ең күшті инсайттар: 1. Сен қанша жерден бір жерді жарып шыққан, әлемдік деңгейдегі мықты тұлға болсаңда, сен жай ғана ата- анаңның перзентісің. Сондықтан, рольді ешқашан шатастырма. 2. Ата- анаңа ақыл айтпа. Себебі, оларға психикалық түрде өте ауыр. Сенің мәпелеп өсірген перзенттің саған әңгіме айтып отыруы. 3. Махаббат- зат есім. Жақсы көру- етістік. Жақсы көру арқылы мәңгі махаббатқа жете аласың. 2 жақтада өзара жауапкершілік пен әрекет болу керек. 4. Ата- анаға мүлде претензия жоқ. Өйткені, ата- ана сол дәуірдегі ең идеальный модельмен бізді тәрбиелеп өсірді. Ал біз, жай ғага 2024 жылы өмір сүріп жатырмыз. 5. Кішкентай кезімізде сенімен болған оқиғалардың ешқайсысына сен кінәлі емессің. Бірақ, қазір оны реттеуге жауапты тек сен ғана! 6. Ата- анаңа есейгеніңді сөзбен емес, іспен дәлелде! 7. Біздің денеміз өзіміз ойлағаннан да көп істі жасай алады. Бірақ оған уақыт қажет. Демек, нәтиженің болуы- гарантия. Тек уақыт пен шыдамдылық потенциалына тәуелді. 8. Тіл үйрену үшін: “7 минут” қағидасы: күнде ең кем дегенде 7мин: сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу. Бірақ, күнде! 6 ай ішінде гарантия. 9. Құрбандық емес, қиындық. Сен қазіргі кішкентай қиындықтарыңды жеңсең, 40 жылдан кейінгі үлкеен қиындыққа тап болмайсың. Сол себепті, таңдау тек өзіңде! 10. Күнделікті кішкентай дүниелер өміріңді өзгертеді. Сүннет бойыншада, аз болса да, тұрақты. 11. Жетістікке жетудің 3 қағидасы: аз болсада асықпа, тұрақтылық, жоспар. 12. Сенің жоспарың болмаса, сен жоспары бар адамның жоспарын орындайсың! 13. Жоспар- бұл карта. Картаң жоқ болса адасасың. Өмірде де сондай. 14. Жоспарың бар болса, адамдар саған құрметпен қарайды. 15. Проблема емес, мүмкіндік. Өз өміріңді өзің қиындатпашы, айналайын! Мен шынында Азамат ағамыздың “Sen”, “Men” кітабын оқып, өзімнің өте білгім кеп жүрген инсайтқа толы кітабын алғым келеді. Бұл кітаптарды мен міндетті түрде оқуға тиістімін! Және лайықтымын!
@dairna-l1s
@dairna-l1s 3 ай бұрын
🎉
@musicfly8344
@musicfly8344 3 ай бұрын
12ны тусинбедим
@Aqmonshaq_a
@Aqmonshaq_a 3 ай бұрын
@@musicfly8344озіңнің жоспар,өзіңе арнаған уакыт болмаса өзге үшін уакытынды куртып,озгенің жоспарымен журесн
@БотаАбаева-с4й
@БотаАбаева-с4й 3 ай бұрын
😍👍🏻👍🏻
@tikonaiyt5241
@tikonaiyt5241 2 ай бұрын
​@@musicfly8344 Басқа бір адам ның қалауымен өмір сүресің дегені ғой
@YERKIN.SAGYINDIKOV0101
@YERKIN.SAGYINDIKOV0101 Ай бұрын
Болсаңда кең даланың кермиығы, Кішілік кісіліктің өр биігі, Қаншама мамандық бар жер бетінде, Ішінде адам болу ең қиыны
@ЖулдызСарсенбай-в3н
@ЖулдызСарсенбай-в3н 2 ай бұрын
Азамат ағай бірінші рет көріп отырмын. Бұндай кісіні білмепінде. Өзімді мазалаған сұрақтарыма нақты түрде жауап таба алдым. Блакнотымды қолыма алып керек жерлерін түртіп адым. Бұрын уақытпен жүре алмаймын деп ойлайтын едім бірақ ол тек мийымдағы шектеу екенін түсіндім. Адамзат бұл нәрсені негізі қарапайым түрде қараса жақс түсінеді және істей алады, тек миымыз көп уақытты артқа жылжытып толысқан, толысып жатырда. Сондықтан неше түрлі технологияларды шығарып болған соң енді рухани жағына көңіл бөліп жатырмыз. Менің алған гайдтарым: ата-анамен баланың қарым қатынасы, спорт, тайм менеджмент, ұйқыны дұрыстау, тіл үйрену және нақтылық, аз-аздан алу, дұрыс жоспарлау. Мен бұрын 10сыныпта осыны жасадым бірақ осындай пайдасы бар екеннін білмедім енді қайта қолға алып отырмын. Еңбастысы адамда ынтамен жауапкершілік болса болды екен алла тағалада оны қолдайды, біз процесті бастаймыз алла тағала оны аяқтайды. Қандай адам болсақта қанша жаста болсақ өздаму жолымызбен жеке тұлға болып қалыптасайық.
@BalnurErakhanova
@BalnurErakhanova 2 ай бұрын
Керемет подкаст сөз жоқ😊Ойымды мазалап жүрген барлық тақырыпты қозғады😍Нағыз ұбтға дайындалатын оқушыларға керемет ақпараттар аларлық болды❤140 ұжымына Азамат ағаға үлкен алғыс айтамын😍Керемет құнды дүнелер айтылды🌝Ұйқыдан ерте тұруыма себепші болды Азамат ағаны бұрынан осы тұсынан білетінмін🤭Подкаст жүргізуші ағайға үлкен алғыс күшті жоғары деңгейде жүргізді🥹Азамат ағаның "сен" деген кітабын алғым келіп жүр🥹Азамат аға мына подкаст менің өсуіме дамуыма үлкен көмек болды👌🏻Осы падкастың шығуына ат салысқан барлық адамдарға Алла разы болсын❤️Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін🥹Ұбтға немқұрайлы қарамай жақсы дайындалуыма азанда ерте тұруым қажет екенін түсіндім😊2 үздік❤❤❤❤
@ErkebaiAglen
@ErkebaiAglen 3 ай бұрын
Жалпы әлемде неше түрлі мүмкіндер бар) Даже бізге берілген Өмірдің өзі ол Мүмкіндік! Тек бізге берілген миссия сол мүмкіндікті дұрыс пайдалану! Жужай апайда жалпы жоспар туралы өтееее көөөп айтқан! Менің ойымша жоспар ол уақытыңды бағалауға үйретеді) Қазір любой жетістікке жеткен адамға барып сұрасаң, -мынандай дәрежеге қалай жеттіңіз? деп жоспар+ еңбек=нәтежие деп айтады) Каждый берілген секунд ол Алланың берген мүмкіндіғой) Тек соны дұрыс, нақты жоспармен пайдалана білсең ол өтееее күшті нәрсе🫶🏻 Қандайда бір жетістікке жетем десең жоспар ғой керегі) Азамат ағайдың айтқаны пряяяяям каждый сөзі инсайд, мотивейшн👍🏻 Айта берсең көп) тыңдай бергің келеді) Тек осы нәрселерді түсініп, даму керек) Асықпай, аз-аздан үздіксіз мақсатқа жету керек❤
@aidana09544
@aidana09544 3 ай бұрын
Алланын мумкындыгы, барин дурыс айтасыз ❤
@Ulzhan7
@Ulzhan7 3 ай бұрын
Азамат ағаның арқасында өз денсаулығыма қарай бастадым.Дұрыс ұйқыны қолға алдым және ол маған үлкен мүмкіндіктер есігін ашады деп ойлаймын.Бұйырса сіздің кітабыңыз қолыма тисе екен.Сол кітаптың ішінде маған және басқаларға тигізетін өте үлкен пайда бар😊🫶🏻🫶🏻менде сіз сияқты өзімді дамытқым келеді.Бірақ қалай деп жүр едім.Сіздің және осы подкасттың арқасында өзімді сәлде болсын қолға алдым🔥🔥
@kaisarduisenbi814
@kaisarduisenbi814 2 ай бұрын
Керемет я мағанда біраз өзгеріс акеліуде.
@ArailymBaltabaeva-t9j
@ArailymBaltabaeva-t9j 3 ай бұрын
Ооо Азамат мырзамен жаңа подкаст!!🎉 Аллахқа шүкір осы подкастты алдымнан шығарған. Негізі Азамат мырзаның барлық сұхбаттарын қалдырмай қарауға тырысамын, бірақ бірінші рет өз ойымды білдіріп тұрмын. Мына каналға енді тіркелдім және өзіме үлкееен жаңалық пен инсайттарға толы болды. Жүргізуші де өте ашық, сұрақтары нық, көп ізденгені көрініп тұр, Азамат мырзаны аша білді. Ал енді алған инсайттарыма тоқталатын болсам, көптеген жаңа ақпараттар болды. Қазіргі таңда өзім декреттегі анамын және үздіксіз даму, үй жағдайында да өз-өзіңе көңіл-бөлуді ұмытпау керек екенін түсіндім. Бірінші, ол ӘДЕТ. Жаңа әдеттерді қалыптастыру. Расымен, көп жағдайда әр нәрсені сылтауратып, еріншектігімізді ақтап аламыз, алайда ерте тұру, ерте жату, таңғы жаттығу, кітап оқу деген сияқты жаңа әрекеттерді өмірімізге еңгізе отырып, бір қадам болашақтағы өзіміздің кемел адам нұсқасына аяқ басар едік. Екіншіден, “сынық адам”. Яғни, өз-өмірімізге жауапкершілік ала білу. Отбасыға, бала тәрбиесі, ең бастысы өзіңе деген жауапкершілікті алу. Біздің басымыздағы мәселеге тек біз ғана жауаптымыз деген қатты әсер етті. Барлығы кінәлі, тек мен емес, былайша айтқанда “жертва” состояниесі ғой. Сол қалыптан шығып, өзіміз ТАҢДАУ жасау арқылы өз өмірімізге жауапкершілік алу. Үшінші, ол АСЫҚПАУ. Алынбайтын қамал жоқ, біздің тәніміз бен денеміздің істей алмайтын, әлі ашылмаған қырлары 80% астам дегенде таң қалдым. Яғни біз өзімізді толық зерттей келе, өз қалауымызбен, нақты мақсат, жоспар, өзімізге Азамат мырза айтпақшы КАРТА жасағанда ғана, қалауымызға жетеміз. Басқа біреулердің жоспарына ілінбей, өз жоспарымызға сай жүрсек ешкім біздің ойлағанымызды бұза алмайды. Тек нақты жоспар, әрекет керек. Және ең бастысы АСЫҚПАУ қажет. Әрекет бізден, берекеті Алладан. “Маленькими шагами, уверенно к мечте” деп арманымызға жетеміз😊 Және кез-келген өміріміздегі параққа жаңа ат қою, ол нәрсені сынақ емес мүмкіндік ретінде қарау. “Бізді өлтірмейтін зат, бізді мықты етеді” деген мысалды негіз қылып алуға болады. Тағы да көп нәрсе жазуға болады және бұл подкастты қайталап көрерім анық, әзірге осы 🔥 Азамат мырзаның кітабын алу БҰЙЫРСЫН🤲🏻❤️
@kerek.emessin0111
@kerek.emessin0111 3 ай бұрын
Мен корген жалпы подкасттардын арасындагы жаксы акпараттарга толы подкаст болды.Ар болымнен озыме керекты дуниены туртып алдым.Ерте туру ушын,жаттыгу жасау ушын,су ышу режимдеры ушын быр даптер арнап трекерлер жасадым.Ата анамнын айткандарына окпелеп,кей кате корынген жерлерын ыштей тузегым келетын.Дегенмен менын ролым«бала» екенын тусындым.Алга койган максаттарымнын кайсысы максат,ал кайсысы жай арман екенын ажыраттым.УБТ угымына баскаша коз караспен карап уйрендым,онын акелетын мумкындыктерын уктым.Оте керемет шыгарылым болды.Буны мен шын эмоцияммен болысып отырмын.Казакша клавиатура жок болгасын тусыныксыз болса кешырым сураймын❤️🥰🥰🥰
@saidasarsembayeva137
@saidasarsembayeva137 3 ай бұрын
Өте керемет подкаст❤біраз уақыт болды Азамат мырзаны тыңдап жүргеніме,сен және мен кітаптарына тапсырыс бердім,поштамен,бүгін келу керек,күтудемін) ұлым 140оқу орталығында оқиды,2ші айды жалғастыруда.Подкастты бірге тыңдадық,өзім жасым 40тан асса да білімге ісэзденуден тоймаймын,сондай керемет инсайттар айтылды,алғысым шексіз.Өте сүйсініп тыңдаймын,себебі өз бойымдағы әдеттерді дұрыс қалыптастыру үшін өте үлкен мүмкіндіктерді айтып жатырсыздар.Кітаппен қоса курстары бар,өте керемет,кітапты тапсырыс бергеніме 1аптадай болды,сіңлім екеуіміз бірігіп ай сайын кітап алатын едік,содан 2кітапқа тапсырыс беріп,оның үстіне кітап келгенше курстарды қарап,жазып,біраз әдеттермен жұмыс жасауды жоспарлап бастадым,өте керемет сезімдемін,4 баланың анасымын,үлкенім ҰБТ-ға дайындалуда,өзіме сондай уайымдамап едім)үздік болған соң ба өзіме сенімдірек болғам,ұлымның оқуына дер кезінде кіріспей,карантин қосылып,оқуы жоғары дәрежеде еместігіне өкініш бар шамалы)бірақ дегенмен грантқа түсуге дайындық жасап,үміттенеміз! 140платформасы өте ұнады өз басыма,нәтиже беретініне сенімдімін,бәрі шайнап-шайнап берілген,тек жұту ғана дейміз ғой,сол сияқты зейін ғана керек деп ойлаймын! Алла зейіндерінді ашсын 🤲ҰБТ тапсырушы түлектер🫶уақыттарынды үнемді,пайдалы қолданыңдар!Ұлыма үнемі айтамын таңдау бар кезде,мүмкіндікті,уақытты дұрыс пайдаланыңдар деп!ҰБТ өмірдің жоғары көтерілуіне бір баспалдақ қана,бірақ сол біраз жерге септігін тигізетін орта.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады демекші,білім мен тәрбие бар жерде жетістіктер жоғары болады деп сенемін.Барлығымызға Алла разы болсын 🤲 ұрпақтарымыз білімді,салихалы болсын🤲барлығыңызға үлкен Рахмет 🫶
@Gauhar_bekmuratkyzy
@Gauhar_bekmuratkyzy 3 ай бұрын
✨Juz40 қа рахмет осындай кісілермен подкаст түсіріп, оқушыларға пайдалы болып жатқан💙💙
@mariamml
@mariamml Ай бұрын
1.Ең маңызды өмірімізді қиындатпауымыз қажет.Әр нәрсеге жеңіл қарай білуіміз қажет. 2.Жоспар.Жоспарсыз адам қайда бара жатқанын білмей адасады.Жоспарың болмаса сен басқа адамның жоспарын орындайсың. 3.Жауапкершіліктің бәрін өзіңе алу,айналаның бәрін кінәлі қылып,өзіңдікі ғана дұрыс болу үлкен қателік. 4.Өткен өмірімізде қандай да бір жара,қателік(травма) болса,оны да өзгерте алу жауапкершілігі де өз қолымызда. 5.Шектеу ол тек миымызда ғана.Біздің денеміз біз ойлағаннан да көп жұмысты жасай алады.Қандай істі бастасақ та нәтиже міндетті түрде болады,сұрағы тек уақытта ғана. 6.Ерте тұру ол міндетті түрде таңғы 5-6 да тұру емес.Әр адамның өз “ертесі” болады.Өзің тұрып жүрген уақыттан 30 минут ерте тұрып,сол уақытты өзіңе(кітап оқуға,спортқа,жазуға) арнай алсаң,ол сенің ерте тұрғаның 7.Тіл үйренуде нақты мақсат,қалау болу қажет.Жалпылама түрде армандау ол қате.Және күніне 7 минуттан:сөйлеу,жазу,тыңдау және де оқу керек Бұл нақты дәлелденген қағида.(Өзім осы қағиданы қолданамын деп мақсат қойдым.) 8.Жетістікке жету үшін бір нәрсені(ұйқыны,жастық шақты,т.б) құрбандық ету міндетті емес.Тек дұрыс таңдау жасай білу қажет. 9.Өз эмоциямызды басқара білуіміз қажет.Қауіп төніп тұрмаған жерлерде(үлкен сахнаға шыққанда,қарапайым тақтаға шығып сабақ айтқанда,өз ойымызды жеткізуде)қорқып еш қажет емес.Тек сол эмоциямызды түсіне білуіміз керек. 10.Ата-анамен қарым-қатынас.Ата-анаға ешқашан да қарсы шықпау қажет.Олар саған ең керемет тәрбие берді.Қаншалықты әлемдік деңгейде мықты ғалым,психолог болсаң да,сен ата-анаңның ПЕРЗЕНТІСІҢ.Оларға ата-ана болып қажет емес.Ата-анаңмен пікірің келіспесе,өзіңдікін құр сөзбен емес,іспен дәлелдеп,ата-анаңның сенімін,батасын алу. 11.Таңғы жаттығу.5-6 минут болса да,таңдағы денемізді шынықтыру алдағы біздің өмірімізде біраз жетістіктерге жетелейді. 12.Асықпау.Аз-аздан үздіксіз нақты нәтижеге жету.Біз жастық шағымызда өте қызуқанды болып,қате шешім қабылдап қоюымыз мүмкін.Сондықтан,асықпай жүріп анық бас,еңбегің кетпес далаға. 13.ҰБТ-ОЛ МҮМКІНДІК.Мен қазір 11 сынып оқушысымын.Және дәл қазір мен ҰБТ-ға дайындалудамын.Осы Азамат ағаның подкастын тыңдап,мен өзіме біраз пайдалы ақпарат алдым.Сізге қарап мен салауатты өмір салты деген сөзді түсіндім.Осы подкастыңыз үшін көптен көп рахмет.2 сағат уақытымды осы подкастты көргеніме арнағаныма еш өкінбеспін.Жүргізуші ағай ға да алғысым шексіз!Қазіргі жастардың көптеген мәселелеріне қатысты мағыналы да мәнді,пайдалы көптеген сұрақтарды қоя алды.Осындай жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін подкасттардың болғаны өте қуантады. Және айтқым келгені,Азамат ағамыздың “МЕН” және “СЕН” кітабына қатты қызықтым😍.Көріп отырған әр адамның ойында “оқысам ғойй” деген ойдың болғанына сенімдімін.Сізге шығармашылық табыс тілеймін.Кітаптарыңыздың шығуына сәттілік.Және “ОЛ” кітабыңыздың сәтті шығып,оны бізге оқу бұйырсын деп айтқым келеді.Рахмет!!!
@ermkhmtvaaaaa
@ermkhmtvaaaaa 3 ай бұрын
Мына бір подкаст демалысты жақсы өткізуге , не болмаса жоспар құруға тырысуға үлкен себепші болды . Өзім биыл 11сыныппын ,genius оқушысы . Қарап тұрсам Нари ағай айта кеткендей біреудің жоспары болып жүр екенмін . ҰБТға дайындалып жүрмін алайда жоспар жоқ . Біреудің жоспары болмай , өз өмірімде бірнәрсеге өзімнің жоспарымды қойып не істеп жүрмін деген сұраққа жауап беру арқылы бірнәрсеге қол жеткізуге болатынын ұғып жатырмын . Әйгерімге бір демалысымда жоспарсыз көйлек таңдап емес , біраз болсын ойымды жинақтап ұбтға дайындалу ғана жетістік әкеледі . Мына подкастта өзі әсер қалдыра білген , ойландыра білген екі момент болды . Бірі жоғарыда айта кеткендей жоспарланған өмір . Екіншісі барлық сұрақтың жауабы , тоқетер түйіні өзім болуы . Қарап тұрсам қай жерде минус іздеп өзімнің қарабасымды алақашсамда бір жауап шығады - өзім деген, мен деген . ҰБТға дайындық бастап жатқан әрбір оқушы мына подкастты көру керек . Жалпы ұбтны өзімде бір нәрсенің аяғы жаңа нәрсеге бастау болады деп қарастыырып жүр едім , сол ойымды айқындап жатырмын . Нариман мырзаның қоя білген сұрақтары - өнер туындысы секілді . Өзіме қатты ұнаған сұрақ мынау - Сіз кімсіз емес ? Cіз өзіңізді кім деп таныстырасыз немесе осы жерде өзіңізді кім деп көресіз ? Азамат мырзa ғана емес өзімде ойланып кеттім , мен кіммін емес , мен кім деп көру үшін тырысып жатырмын . Жалпы пайдалы кеңестерге , толғандырарлық ойларға толы ойтүйін болды . Нариман мыырзаға ,Азамат мырзаға пайдалы ақпарат үшін және juz40-қа үлкен алғыс !!!!!!!!!!
@Ulzhanagoii
@Ulzhanagoii 3 ай бұрын
Шынцменде сіздін кешкен күйінізді менде кештім осы подкастқа мың алғыс❤💕
@ДинараЕрлан-я4у
@ДинараЕрлан-я4у 3 ай бұрын
Мәә күшті подкаст болды.Жүргізушінің сұрақтарына риза болдым.Азамат ағада сол сұрақтарға толыққанды жауап берді.Өз ісінің маманы.Маған дәл қазір керек сөздерді Азамат аға арқылы айтқандай❤Рахмет сізге.Шығармашылық табыс тілеймін👍🏻
@aigerimgaissina1594
@aigerimgaissina1594 Ай бұрын
Иә Азамат мырзаның осылай бөлісуі, ашық айтуы әсер етті, ерте тұру көп нәрсеге пайдалы екен, Алла разы болсын🤲✊
@almagulmashenova8482
@almagulmashenova8482 2 ай бұрын
Мен үшін подкаст өте мағыналы әрі ойландыратындықтай болды. Соның ішінде түсінген ойларым мынадай: Өз өмірімізде болып жатқан өмірлік шындықтарды виртуальды шындықпен алмастырмау қажет. Нағыз болып жатқан сәттермен өмір сүріп, одан ләззат ала білу керек. Өте орынды сұрақ Қажеттілік бар бірақ неге қалау жоқ? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін ағай бірнеше шешімдер мен кеңестерін айтты. Соның ішінде қиындатпау. Расымен де өзімізге және миымызға тым күрделі талаптар қойып керек емес. Барлығы өз орнымен болады. Не үшін керектігін білгенде қалай деген сұрақ маңызды емес. Бұны түсіндірудің де қажеті жоқ , дәл айтылған сөз . Нақтылау. Нақты нені қалайсың , нақты не үшін деген сұраққа қанағаттандырарлық жауап бере алу , әр нәрсенің нақты дедлайны болуа білу керек. Өз өмірімізге тек өзіміз ғана жауаптымыз. Түйін: мен бұл подкасттан өзіме үстіде атап өткенімдей сұрақтар қойып, қандай қателіктерім бар екеніне көз жеткіздім. Соның ішінде ең маңыздысы өзіме Ұбтны сәтті тапсыру маған не үшін керек? Нақты осыны қаласам маған не кедергі? Әрі қарай қалай әрекет етемін деген сұрақтарға жауап алдым. Әрекетке берекет демекші өзімнің нақты қалауымды анықтадым алып, соған әрекет етемін. Подкасттан түйген қорытынды ойларым Азамат ағай мен 140 ұжымының үлкен еңбегі деп білемін.
@коркем787
@коркем787 3 ай бұрын
Подкастты соңына дейін көріп, тамашалап шықтым. Шынымды айтсам, қазірге дейін осылай жүрекке жетер сөздер естіген емеспін. Мотивация деген тек уақытша, ал дисциплина өміріңнің соңына дейін дейді ғой, Нари ағаймен Азамат Скаковтың әңгімесі маған сол дисциплинаны қалыптастыруға деген құлшынысымды ашты.Маған подкастта қозғалған барлық тақырып ұнады, соның ішінде ең тиімді болғаны - жоспар құрып үйрену. Мен 11 сынып оқушысымын, болашақта не істерімді, тіпті таңдау пәндерімді қандай мақсатпен таңдағанымды да білмейтінмін, ал қазір маған бір үлкен есіктер ашылғандай болды. Тағы айтарым Азамат ағайдың хадистермен дәлелдеп айтқандары ұнады. "Біздің денеміз, миымызда шектеу жоқ.Олар бәрін жасай алады"-деген сөздері ұнады.Мен қазір жанымда жүрген достарыма қарап, олардың сабақ оқығандарына қарап, қызығатынмын.Мен неге солай жасай алмаймын, менде жоғарғы балл аламын ғой деп өзімді жейтінмін.Ал осы подкаст көңілімді тыныштандырғандай болды, алдыма үлкен мақсат және сол мақсатқа жететін жоспарлар құрдым. Тіл үйренгім келеді, үлкен белестерге жететінімді басқалардың алдында емес, ӨЗІМЕ дәлелдегім келеді. Ертенгісін ерте тұрып өзіме уақыт бөліп, спортпен айналысатын боламын."Өзіңе үңілетін сәт келді".Сіздерге айтар алғысым шексіз
@akanaitazhihanova
@akanaitazhihanova 2 ай бұрын
Азамат Скаковтың подкасты - шынымен де керемет! Бұл подкаста айтылған ойлар мен кеңестер өміріміздің түрлі аспектілеріне, әсіресе ұйқы, жоспар құру, мақсат қою, еріншектік пен ҰБТ-ға дайындық тұрғысынан өте пайдалы. Жоспар құру мен мақсат қоюдағы нақты тәсілдері тыңдаушыларға өздерінің жетістіктерін қалай жүйелі түрде арттыруға болатындығын көрсетеді. Еріншектік мәселесімен күресудің жолдарын ұсыну, әсіресе жастар үшін өте маңызды. Ол өз тыңдармандарына тәртіп пен мотивация арқылы жеңіс пен табысқа жетудің жолын көрсетеді. ҰБТ-ға дайындыққа қатысты кеңестері тыңдаушыларды дұрыс стратегиямен қаруландырады, сондықтан бұл подкаст білім алушылар үшін нағыз шабыт көзі. Азаматтың ойлары терең әрі практикалық, бұл подкасты мен үшін үлкен шабыт берді. Есте қалған инсайттар бұл:Құрбандық емес,қиындық.Сен қазіргі кішкентай қиындықтарды жеңсең,40жылдан кейінгі үлкен қиындыққа тап болмайсың.Сол себепті таңдау тек өзіңде. "Sen" және "Men" кітапбы өте адамды ойландыратын мақсатқа жетелейтін кітап секілді алғым келеді🙌🏻🙌🏻🙌🏻
@slyubovyu_aii
@slyubovyu_aii 3 ай бұрын
Керемет подкаст болды👏🏻Бұл подкасттан алатын инсайттар айтарлықтай көп.Соның бірі әрбір күн, әрбір апта нақты мақсатпен өтсе, сен өзіңнің жолыңнан таймайсың. Жоспар құрып, сол жоспарды орындауға күш салсаң, уақыт өте келе өзіңнің қаншалықты нәтижеге жеткеніңді байқайсың. Әр әдет - кішкентай қадам, бірақ тұрақты қадамдар үлкен нәтижелерге алып келеді. Әрекетсіздіктен арылып, сен үшін маңызды әдеттерді таңдап, өміріңді өзгертуге қадам жасау✊🏻🤍Азамат мырзаның “МЕН” кітабын алу бұйырсын❤️
@honey_girl_08
@honey_girl_08 3 ай бұрын
Керемет! Азамат аға және жүз қырық ұйымы сіздерге алғыс осындай кеңес ,пайдалы ақпараттар үшін ,барлығы үшін алғыс. Thanks Azamat and Juz 40 company.Инсайт ҰБТ ға байланысты ұйқы кеңестеріңізге рақмет.❤
@Нурайка02
@Нурайка02 3 ай бұрын
Қайырлы күн барша көрермен! Түнімен күнімен осы подкастты тыңдап өмірімдегі біраз күйініп жүрген нәрсеге өзімнің кінәлі екенімді ұқтым. осы уақытқа дейін өзгеден іздеп, өзімнен байқамай жүрген нәрселерге көзім ашылды. Ойлап тұрсам денсаулықта, ұйқыда, күннің сәтті өтуіде, ата-анамен жақсы қарым қатынаста, алдыға қойған мақсатқа жетуде, тіпті кішкентай подкасттағы мардымды нәрселерді санаға түйіп, қорыту өзіміздің қолымызда екен. Көп сандалып, сан саққа жүгірмей, неге бұлай болды деп күйінбей алдымызға дұрыс мақсат қоя білу, осы мақсат жолында талмай еңбек ету бізді шыңға жетелейді. Өз өмір тәртібіңді құру, өзге емес өзің үшін жұмыс атқару сенің болашағыңның бастамасы. Жас достар, сіздерге айтарым осы подкастты санаға түйіп, ары қарай естілген нәрсені шындыққа айналдырсақ, терең біліммен еңбек етсек шығар белесіміз жақында. Азамат ағаға үлкен рахмет, қалай мақсат қоюды, қалай тәртіппен өмір сүруді, ата-анамен қарым қатынасты, денсаулықты барлығын жеңіл тілде жеткізіп берді, оны қағып алу біздікі. Осындай керемет адаммен тамаша подкаст үшін juz40-қа үлкен алғыс білдіремін. Талмаңыздар, самғаңыздар, алар асуларыңыз биіктеп, мақсат жолындағы еңбектеріңіз жемісін сала берсін, ақылды да жағымды адамдармен подкасттар көп болсын! Ал көріп отырған жас түлек, армандарыңыз асқар таудай болып, алар асуларыңыз шыңдардан биік болсын. 140/140 тіледім баршаңызға!❤️
@uldanayy
@uldanayy 17 күн бұрын
Билимдимин деп журсем тукте окымаган екенмин . Керемет рахмет Азамат ага
@ІңкарБекжан
@ІңкарБекжан 9 күн бұрын
Ең маңыздысы ол, өз өміріннін айнасын өзін құрасын жәй ғана мақсатын айқын және жоспарын болу керек.10 жылға дейін қандай адам болатынын емес 10 жылдан кейін қандай тұлға болатынын маңызды!
@nuratop4118
@nuratop4118 3 ай бұрын
Бұл подкастты бастан аяқ бір деммен қарап шықтым өте керемет.Осыған дейін неше түрлі подкасттың қорытынды түйінің осы подкаст арқылы өз ойыма сіндіре білдім.Азамат аға өте тиянақты, байсалды түрде өз ойың жеткізе білді.”Сен” және “Мен” кітаптарың оқып даму алдағы бірінші мақсатым.Тек 1 подкасттың өзінен осыншама білім алдым,ал бұл кітаптардың ішінде құнды зат жазылғанына жүз пайыз сенімдімін.Ал осы подкаст арқылы түйген ойым “Жоспар” бұл өте қажетті де құнды дүние екенің ұқтым.Азамат ағаның “Өзініздің жеке жоспарыныз болмаса,жоспары бар адамға жұмыс жасап жүресіз” деген осы бір сөзі қатты ойландырды.Жоспарлау қаншалықты маңызды екенің түсіндім.Және тағы бір айта кететіні “Дағды”,Азамат аға айтқандай -мен домбыра тарталмайтын едім тіпті одан хабарымда жоқ еді деді, бірақ адам қаласа,нақты жоспарды көріп әрекет жасаса адам оны міндетті түрде менгере алады.Осы ойға байланысты өзімді шығармашыл адам сезінбейтінмін😅,бірақ та осы подкасттан соң бәріне жетуге болатынын ұқтым.Қысқасын айтқанда Азамат ағаға да, осы подкастты ұйымдастырған барша жандарға,JUZ40 ұжымына алғысым шексіз.Алдағы жобаларынызға сәттілік!
@TogzhanBaizeke
@TogzhanBaizeke 2 ай бұрын
Бұл сұхбат менің өмірімдегі маңызды өзгерістерге бастама болды деп айтсам артық айтқаным емес. Ұйқы, дисциплина және мақсат тақырыптары менің күнделікті өмірімде жиі ескерусіз қалатын аспектілер еді. Әсіресе, ұйқының біздің жетістіктерімізге әсерін соншалықты терең түсіндіріп, мақсаттарымызға жету үшін тәртіп пен өзімізді басқарудың қаншалықты маңызды екенін ұғындырдыңыз.👏🏻👏🏻👏🏻Бұл тек мотивация емес, өмір салтын өзгертуге арналған нақты қадамдар! Меніңше,бұл сұхбат әрбір адамның өз өміріне шынайы көзқарас қалыптастыруға және алға қойған мақсаттарына жетуге көмектеседі. Ұйқыға дұрыс мән бермесек, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайтынымызды дәлелдегеніңіз мен үшін өте маңызды болды.Сіздің арқаңызда күнде ерте ұйықтап,ерте тұруға,ұялы телефон қарауды бірнеше сағатқа азайтуға ұмытылыс жасап жүрмін! Алдағы уақытта бұл кеңестер менің мақсаттарыма жету жолында бағдаршам болары анық!🌟🌟🌟🌟
@otteegi
@otteegi 3 ай бұрын
Азамат ағаймен подкасттың бәрі уаууу ғой шіркін 💓
@ualikhan.zhorabaev
@ualikhan.zhorabaev 3 ай бұрын
сол әдеттегі тақырыптар қозғалғанба, әлде жаңа бір нәрсе барма? Сізде мен сияқты Азекеңнің барлық подкастын көріп шыққан сияқтысызғой))
@ilyaserikbay
@ilyaserikbay 3 ай бұрын
@@ualikhan.zhorabaevбұл сьемканы жасамас бұрын алдын-ала подкасттарын көріп, барынша бұған дейін қозғалмаған тақырыптарды талдауға тырыстық. Бір көріп шыққаныңыз дұрыс болар 🙌🏻
@КайратРаев-и9ч
@КайратРаев-и9ч 2 ай бұрын
Ассалаумағалейкум кітапты қайдан алса болады
@КайратРаев-и9ч
@КайратРаев-и9ч 2 ай бұрын
Сен мен
@kadirlaura
@kadirlaura 3 ай бұрын
жалпы мына подкаст маған оте қатты ұнады қаншама керекті инсайдттарды озыме алдым миымды жарып жіберді мына подкаст мына идеяны уақыттарыңызды бөліп шығарғандарығызға сіздерге Алла разы болсын жалпы Азамат ағанын тәжірибесі мықтыго көпті біледі фундаменті мықты juz40 қа келгенізге мың алғыс нағыз жастарға керек мәлімет болды мына подкаст менын өмірімді менын шабытымды казірден ашып мені жақсы жаққа озгертті Алла разы болсын сіздерге!!!
@АружанЖанықұлова-ч2я
@АружанЖанықұлова-ч2я 3 ай бұрын
Азамат аға оо тіл әдебиет мұғалімі 😍😍✨менде таңдап жатырмын
@Symbatsmenik
@Symbatsmenik 2 ай бұрын
Аллаға шүкір осы подкастты көріп, көп нәрсе алдым juz40ұжымына алғысым шексіз. Өзім ҰБТ тапсыратын оқушымын, осы подкаст арқылы пайдалы дүние алдым, көп көп рахмет. Енді ары қарй дамуыма, білім алуыма Азамат Скаовтың Мен кітабы нужнооо, хочууу❤
@АйшаДосбай
@АйшаДосбай 3 ай бұрын
Ұбт ны мүмкіндік деп қабылдау өте керемет игсайт болды Жалпы ұбт емес барлық нәрсені жақсы жағынан қабылдау керек екен .Өте тамаша, пайдалы подкаст болды ❤
@КуанышТогуспаев
@КуанышТогуспаев 2 ай бұрын
Ассалаумағалайкум Азамат бауырым өте құнды подкаст болды!!екі жас үлкен болсамда білгенім бір 9 білмейтінім 99 екен!!!Тоқтама қазақ үшін Қазақстанның болашағы үшін, жастар үшін құнды біліміңді әрі қарай дамыта бер!!!
@MahabbatKaneeva
@MahabbatKaneeva Ай бұрын
Прямо очень интересно вас слушать, Рахмет коп ❤❤❤
@aidana09544
@aidana09544 3 ай бұрын
УРААА Азамат Скаковпен подкаст ен кушты ❤❤❤❤❤
@ansar_csr
@ansar_csr 3 ай бұрын
Подкаст тұлғалық даму, жеке дамуыма, бір жерде тұрып қалмай өсуіме көп әсерін тигізді. Қойылған сұрақтарға әдемі ойланарлықтай жауап беріп отыр әсерлі ой тастады рахмет 🤍. "Сен" және "Мен" кітабын алып әрі қарай өзімді терең зерттеп қазбалай бергім келеді кітапты алуға қатты үміттемін бұйырса екен!
@JM-pi9vg
@JM-pi9vg 3 ай бұрын
Мен мына бейне арқылы өте тиімді , пайдалы өзімді мазалап жүрген сұрақтарға толықтай жауап ала алдым😄Және өзіме осы Азамат Скаковтың айтып кеткен лайфхактарын қолданып өте жақсы әсер алып жатырмын 🥰 Өте қызықтыда пайдалы бейне үшін көптен көп алғыс айтамын😍Және осы Juz40 курсынада осындай қызықты тиімді бейнелер салып жатқанына алғыс айтамын😚Juz40 курсы Азамат Скаковтың "Сен" кітабын сыйға тартады дейдіғойй🥹"Мен" кітабының шығуын асыға күтеміз биіктерден көріне беріңіз Азамат Скаков 🤗
@АидаАлпысбаева-к8х
@АидаАлпысбаева-к8х 3 ай бұрын
Мүмкін емес ешнәрсе жоқ адам талпынса ,расыменде қажет болып жатса барлық арман, мақсатына жете алады тек өзіңе сену керек, әрекет ету керек 😍 Керемет пайдалы подкаст болды!🥰
@nurai9064
@nurai9064 3 ай бұрын
Өте керемет нәрселер айтылыпты.Оқығанның аты оқыған екені қанша дегенмен көрініп тұрады екен.Ұйқының, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас , мақсат қою жайлы құнды нәрселер айтылғаны керемет болды.🎉
@ДанаСерікқызы-ф5к
@ДанаСерікқызы-ф5к 3 ай бұрын
Ваау қаншама құнды ақпараттты 1 сағатта естідім 😍. Азамат мырза нағыз маман екен, рахмет. Жауапкершілік алу дегенді бұрыннан еститінмін, мынадан кейін тереңірек түсіндім 😮. Сынаққа мүмкіндік деп қарау дегеніңіз өте жақсы инсайт болды мен үшін. Біз деген бәәрін проблема деп шеше алмвй қиналамыз, негізі әр проблемаға жеңіл қараса сәл ойланса шешілмейтін түйін жоққой. 😊Ата-анаға бала болуды қазір үйреніп жүрм олардың шаруасына, проблемасына бұрында ұрсып араласатын едім, казір олай емес. Бұйыртса “Мен” деген кітабыңызды алып оқығым келіп тұр 🥰 ұтпасамда
@NoNi0101
@NoNi0101 3 ай бұрын
Азамат мырзаның подкастарын көп тыңдаймын. Бірақ осы подкаста аларым көп болды. Тіл үйренуге 7 мин 4 ке көбейтіп 6 ай уақыт арна дегени жақсы екен. Таңдау әр адамның өзінде дегені рас. 👏👏👏
@AnelTorebek-z3f
@AnelTorebek-z3f 3 ай бұрын
Саламатсызба Азамат ағай Бүгін 1жарым сағыттың ішінде өзіме ,дәл осы сәтке үлкен мән беретін инсайттар алдым ,сізге көп рахмет 1өзім дәл қазір ұбт тестке дайындалып жатқан сапалы ұйқы білім дисциплинаның маңыздылығын ұқтым,выгорение болғанда да ұбт бұл біздің алдағы болашақтың ,бәріміздің өту керек кезең мүмкіндік екенін және де университетет тек біліммен шпктелмей адамға ортамен ,қоғаммен дұрыс қарым қатынасты тәрбие тәртіпті үйрететінің ұғындым 2Денсаулық ол бізге Алла тағаланың берген үлкен аманаты ,жаста болса ерте тұрып спортпен білімді қатар алып жүру ,күнінің бірнеше минутын бөлу аршылы күні бойлы энергия алу сергек болу 3ерте тұру қазір өзімде осы әдетті қалыптастырып жүрмін себебі таңда береке бар мейлі 4жарым мейлі 7 ,бірақ тек айқын мақсат арманмен ояну 4Жоспар-жоспарлау арқылы күнінді может ай жыл.Бірақ адам тек срол кезде ғана өзінің қайда кетіп бара жатқанын түсінеді біледі және өзімді бұл техниканы қолданып жүрмін нәтижесін беріп жатыр❤ 3Ата анамен қарым қатынас ,сыйлау жақсы көру бгл жалғанда біз үшін жанашыр жандар олар аке шешеміз былай қарап тұрсақ біз сол адамдардың дұғаларының арқасында шалқып жүрміз ұрыс түсінпеушіліктер болады және ол норма тек әркім өз шекарасын білу абзал 5 140/140 олда біз сиякты етпен сүйектен сол мимен жаратылған адам істеп отыр тек оның баскалардан басты айырмашылы оның еңбектнгені талпынғаны оқып үйренгеніңде адам бағындырған үлкен белесті басқа адамда жасай алады тек оның қалауы накты максаты сол болса 6ең соңғысы асықпау ,қорықпай аз аздан үздіксіз әрекет ету тек осыларды дұрыс жасайсың уақыт саған өз еңшіңді береді қалағаныңа жетесің😊 Азамат ағай сізге көп рахмет бұданда көп подкасттарың көбейе берсін енді алла қаласа “сен” “мен” кітапбының оқып барлығын бекітсем жақсы болар еді😂❤ Үлкен биік белестеріңіз көп болсын❤
@kazakhlyrics4684
@kazakhlyrics4684 Күн бұрын
Жүргізуші ұнады 👍👍👍 сұрақтарды жақсы қоя біледі екен
@СансызбайАяулым
@СансызбайАяулым 3 ай бұрын
Шынымды айтсам мына подкаст өте керемет болды. Ең аллымен осы подкасты тыңдауға мүмкіндік берген 140 talks айдарына және Азамат ағаға айтар алғысым шексіз. Бұл подкаст менің ойымды түбегейлі өзгертті. Мен осы подкасты тыңдауға жұмсаған 2 сағатымның босқа кетпегеніне көзім жетті. Барлығына тыңдауға кеңес беремін. Бұл подкастта қазіргі уақыттағы өзекті проблемалар айтылған. Менің осы уақытқа дейін бірнәрсені жасамауым менің қолымнан келмегендіктен емес, тек менің миымдағы шектеулерге қатты мән беретінімді түсіндім 😔😔😔 Осы подкастың өзінде көптеген пайдалы кеңестер алдым. Бұйырса болашақта да сіздің подкастарыңызды әрқашанда тыңдаймын ❤❤❤
@АлиАлибек-п3х
@АлиАлибек-п3х 2 ай бұрын
Өте керемет паткаст болды алдағы уақытқа жоспар құру мен сол жолда өзімді табуға үлкен құштарлық пайда болды жұмыстарынызға үлкен рахмет
@МаншукАлдонгарова
@МаншукАлдонгарова 3 ай бұрын
Ең маңызды алған инсаитым аз-аздан үздіксіз үздіксіз жасалған әдет қана нәтидеге жетуге болатынын жақсы сапалы әрі түсінікті тілде жеткізді. 7 минут техникасы өте керемет техника екен осы поткасты корип болып жоспар куруга кірісемін Алдағы 1 жылға толыққанды жоспар құрып сіздің әдіс тәсілеріңізді өмірге қолдануға тырысамын. Өз өміріме өзім ғана жауаптымын осы ұранмен АЛҒА🎉🎉
@АйнурАбитова-и5х
@АйнурАбитова-и5х 3 ай бұрын
Керемет подкаст екен. Толық мүдірмей тыңдап шықтым. Жасым біразға келген болсада, соңғы бір жылда Азамат мырзадан жақсы инсайттар алып, көп үлгі алып жүрген жайым бар. Офлайнда, онлайнда тренингтеріне қатысып көрдім. Қазір өзімніңде ұйқым реттеліп, сағат 4.30-да тұруды әдетке айналдырдым. Бүгінгі падкасттан *қыйындатпау* деген инсайт алдым. Алла разы болсын Азамат мырза. Сіздің қарапайым халыққа береріңіз көп. Мақсатыңызға жетіңіз.
@Gulsim-yi6bt
@Gulsim-yi6bt 3 ай бұрын
Подкаст керемет❤Алған инсайттарым: 1.Ата-анаға еш претензиямыз болмау керек.Оларды қалай бар солай қабылдап,өз рөліңде болу. 2.Кез-келген адам қалағанына жете алады,шектеу болмау қажет.Тек біреуге қысқа уақыт,басқа біреуге ұзақ уақыт қажет. 3.Аз-аздан үздіксіз болу керек.Өмірімізде жасаған кішкентай ғана заттардың өзі,үлкен өзгеріс әкеле алады. 4.Жоспармен жүру.Жоспарсыз жүрсек өзімізге не керек екенін анықтау қиын және жетістікке жетуге де қиын болады. Негізі ақпарат көп,мотивациям ашылып,жаңа істермен айналысқым келіп кетті💕Рахмет🫶
@АсылханОразбай-ю9н
@АсылханОразбай-ю9н 2 ай бұрын
140 курсы керемет , оқыту жүйесі жақсы , дисциплинаға үйретеді жәнеде мынадай жақсы адамдармен подкаст түсірген күшті болды енді 😍 Ал кітапқа келер болсақ қатты оқығысы келіп бара жатқан адамға бұйырсын Барлығына бұйыра қоймас сол себепті кім қатты оқығысы келеді кітапты сатып алуға стоит
@aiymaripbaeva
@aiymaripbaeva 3 ай бұрын
Сұхбат өте қатты ұнады! Мен 11 сынып оқушысымын, қазіргі таңда ҰБТ-ға дайындалып жүрмін. Соңғы 2 айда жауабын таба алмай жүрген сұрақтарым бар еді. Осы сұхбат өз уақытысында шыққандай. Шамамен барлық сұрағыма нақты жауап таба алдым. Бітіруші түлек ретінде ҰБТ-ны мүмкіндік деп қарастыруды түсіндім, расында да бұл бізге берілген ғажап мүмкіндік! Үлкен өмірге қадам басуымызға көмегін тигізетін уақыт аралығы(дайындық барысы). Сонымен қатар, мен нақты жоспарсыз, уақытымды тиімді пайдалана алмай жүр едім. Ия, мойындаймын ол үшін басқаларды кінәләдім. Енді өз қателіктерімдк тауып, алдағы уақытымда нақты жоспар құратын боламын, өз өзіме жауапкершілікті аламын. Және мен үшін әсер еткен бір сөзді жаза кетсем, "қазір болашақты емес, болашақ қазірді өзгертеді" мүмкін қарапайым нәрсе де шығар, дегенмен мен үшін жаңа ақпарат болды. Ұйқы тақырыбы жайында да көптеген ақпараттар біле алдым. Бұл мәселе де менің өмірімде бар еді. Азамат мырза айтып өткен кеңестерді алдағы уақытта қолданатын боламын. Сұхбат үшін Азамат Скаковқа және мен білім алып жатқан JUZ40 компаниясына үлкен алғысымды білдіремін! Алдағы уақытта осындай пайдалы, әрі қызықты подкасттар шығып тұрады деген үміттемін. Пайдалы контент үшін рахмет! 🥰❤️
@АружанЖолымова
@АружанЖолымова 3 ай бұрын
Міне Азамат,міне тұлға
@СалтанатЖылкыбаева-ф1к
@СалтанатЖылкыбаева-ф1к 2 ай бұрын
Мен үші өөөөөте пайдалы подкаст болды❤️👍
@meruertquanysh2758
@meruertquanysh2758 2 ай бұрын
Өмірімді өзгертуге алғашқы қадамдардың біріне айналған подкаст үшін үлкен рахмет! Подкаст өте қатты ұнады. Азамат ағаның басқа да подкасттарын қарай келе түйгендерім: Ең басты алған инсайтым - өмірім және оған алатын жауапкершілігім өз қолымда. Анаған үлгермей жатырмын, мынаған үлгермей жатырмын деген қиналыс жақсы ма, әлде дисциплинамен жүріп әр уақытыңды пайдалы нәрсеге жұмсаған қиналыс жақсы ма? Таңдау өзімізде екен. Ерте ұйықтап, ерте ояну арқылы уақытыңа контроль жасай аласың, ал уақытыңды билей алсаң өміріңді де қалыптастыра аласың. Сапалы ұйқы = сапалы өмір. Күнділікті эффективность ұйқымен тікелей байланысты. Күнде таңертең 5 мин жаттығу жасау өміріңді өзгерте алады. Дәл солай кішкентай әдеттер де. Ең бастысы - тұрақтылық. Аз-аздан, бірақ тұрақты жасалған іс үлкен нәтижеге алып келеді. Нақты жоспарың болмаса жоспармен жүретіндерге жұмыс жасайсың. Жоспарды қолдану сенімділік және нақтылық береді. Болашақты елестетіп, қадамдар жасау қазіргі күніңе әсер етеді. Болашақтағы өзіңнің болмысыңа және өміріңе ғашық болу ең мықты және тәтті мотивация. Ата-ана қандай жағдайда болмасын сенің ата-анаң. Ешқандай претензия айта алмайсың. Махаббат пен құрметіңді берсең болды. Саған сенгендерін қаласаң нақты жоспарыңды ісіңмен көрсете біл. Университет - өмір, білім, жаңа қабілеттер институты. Ересек адам өмірінің бастамасы деуге болады. Сабақпен қатар жеке қабілеттерді дамыта беру өте маңызды. Осы тұста Juz40- қа алғыс айтқым келеді. Сапалы дайындық арқасында қазір Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да грантта оқып жатырмын. Адамның потенциалы өте жоғары. Тіпті 10% да қолданым жатпауымыз мүмкін. Қандай навык қаламасақ та үйреніп кете аламыз. Оған жетуге тұрақтысылқ және кететін уақытты ескерсең болғаны. Өміріңді реттеуге жауапты тек өзің. “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Ақылың мен қайратвң екі жақтап”.
@Әсел-ж2к
@Әсел-ж2к Ай бұрын
Өте жақсы сұқбат болды. Әр күнге жоспар қою керек екен сонда ісің берекелі болады екен
@НұрсұлтанНакжанов
@НұрсұлтанНакжанов 3 ай бұрын
Керемет, ұйқымен таңмен коп нарсе жасап көп жетістікке жетуге болатын дәлелдеген кісіго Азамат
@seriksandugash5198
@seriksandugash5198 3 ай бұрын
Уаууу подкаст 🌟🌟🌟🌟
@АйгеримЕсымжан
@АйгеримЕсымжан 3 ай бұрын
Бастысы артқа шегінбеу қандай қиындық болса маған берілген сынақ деп қарау керек яғни ұбт ны да біз сынақ ретінде және бізге берілген мүмкіндік ретінде қарауымыз керек . Сіздер ге көп рақмет кеңестеріңіз үшін өзлеріңіздің ойларыңыз үшін өте керемет айттыздар рақмет❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@Улданаахмед
@Улданаахмед 3 ай бұрын
Азамааатт ағаай күттім ғой осы подкастты😍🫶🏻✨
@ЖаннурБаткашева
@ЖаннурБаткашева 3 ай бұрын
Азамат ағайды мен 9,10сынып оқып жүргеннен бері қараймын. Қазір 11сынып оқушысымын, осы подкастты қарап біршама инсайттар алдым 😍❤. Өмірді ұйқымен өткізгенше, саяхаттап, білім алып өткізу керек. Осы подкастты жастар көп көру керек. Шыныменде Осы подкастты қарап болғаннан кейін, ұбтға деген көзқарасым өзгерді. Әр нәрсенің жақсы жағын қабылдай білу керек сол кезде бәрі жақсы болады. Жоспарлауды үйрендім. Негізі жоспар өте жақсы нәрсе😍😍❤. Осы подкастты көргеніме шүкір. 1жарым сағатымды осындай пайдалы подкаст қарап өткіздім❤😍😍😍
@baglandautbaev204
@baglandautbaev204 3 ай бұрын
Ең жақсы түсінген инсайдым-ата-анаңның рөлін тартып алмау,уақытыңды дұрыс пайдалана білу.Азамат Скаков жайлы мен бұрын соңды естімеп едім.Бірақ бұл кісінің ойлау деңгейі тіпті керемет екен.
@gulrnv
@gulrnv 3 ай бұрын
керемеееет рахмеетт көп 🤍🤍✨️✨️😍😍😍😍✨️✨️✨️✨️
@БекарысДюсенгалиев
@БекарысДюсенгалиев 3 ай бұрын
Ерте тұруды енді түсіндім өзім 9 кете тұрамын ерте тұрамын деп 6 да оянам бірақ энергия жетпей қалады рахмет үлкен және кітап ұтып алуды нәсіп етсің 🎉
@serikzhankuntugan7132
@serikzhankuntugan7132 3 ай бұрын
Ассалаумағалайкум, өтте керемет әңгіме өрбіді, сұрақ қою мен жауап беру өз орнында , әдетте бір сұрақ жауабын толық ашпай жатып басқа сұраққа кіріп жағаласып кетіп жатады жүргізуші , мұнда өтте мәдениетті болды , сәттілік , тағы осындай подкаст күтеміз Азамат бауырымыз 34 жаста дегенде 40 тан асқан мен ұялып кеттім , үйренерім көп екен, жоспар құру деген мүлде болмаған сияқты осы уақытқа дейін, таң ату мен күн батумен өткен өмір сияқты
@БалжанСарсенбай-с9к
@БалжанСарсенбай-с9к 3 ай бұрын
Оте керемет Сурактарда керемет койылды Жауапта нақты
@НургулАсылбаева-о1з
@НургулАсылбаева-о1з 2 ай бұрын
Керемет Азамат балам, атыңа затың сай азамат екенсің. ❤
@ТілеужанНазымбек
@ТілеужанНазымбек 3 ай бұрын
Азамат ағаға үлкен рақметт❤❤❤
@guldanaungarbaeva6292
@guldanaungarbaeva6292 3 ай бұрын
Бұл подкасттан көп нәрсе түидім әсіресе өз өміріме жауапкершілік алуды өте жақсы түсіндірді егер біз өмірімізге жауапкершілік алмасак аиналамыздағылар біздің өмірімзге өздері кіріп керек болса мусорларын тастап кетді сол үшін адам өмірінің қандаи келеңсіз жағдаиларына өзі ғана жауапты мен Азамат ағаның СЕН кітабын алғанмын өте керемет кітаб енді МЕН кітабын алғым келіп жүр🫣
@QanagatAkhmetqul
@QanagatAkhmetqul 3 ай бұрын
Мақсат және өзгеріс адам өмірін өзгертудегі көп тармақтан тұратын негізгі дүниелер . Оларды әртүрлі салада , өмірлік тәжірибелерде қарастыру сол нәрселерге тереңінен үңіліп маңызын түсініп , таңдау жасап нәтижесінде мақсаты6а қарай әрекет етуге итермелейді. Бұл жердегі әрекет деген нәрсенің белгілі бір уақытта яғни мына күні мына жылы жасалуы қажет деген қағида жоқ , маңыздысы қалыпты түрде белгілі бір көлемде күнделікті сипатта орындалып отыруы . Ал осы әрекеттерді орындауда ең үлкен көмек көрсететін жоспар болып табылады . Яғни айқын мақсат + жоспар + әрекет адамды жетістікке жетелейтін бірден бір дүние . Бұл жазғаным бүгінгі алған білімімнің кішкентай бөлігі ғана , ал бүгінгі үйренген әрбір ақпаратымды сен және мен кітаптары арқылы толықтыру мүмкін болса мен бұл мүмкіндіктен құр қалғым келмейді .
@NurayDuysebek
@NurayDuysebek 3 ай бұрын
Өте керемет кісі екен, өз өзмірімді өз қолыма алатын болдым. Басқса айтарым жоқ😍
@juldizakilbekova7169
@juldizakilbekova7169 3 ай бұрын
Азамат ағаның сұхбатынан түйгенім мен бәрін жасай аламын егер менде жоспар болса, мен уақытымды дұрыс пайдалана алсам, мен асықпаи күнделікті бір қарқынды әрекет жасасам. Мен бәріне жете аламын егер мен өзіме сенсем.
@СапарАружан
@СапарАружан 2 ай бұрын
Керемет подкатс 👏👏🔥
@akbaianbokey8685
@akbaianbokey8685 3 ай бұрын
көптеген қажетті пікірлер болды, ойсалатын создер болды👍🏼
@IndiraMuratova-c8z
@IndiraMuratova-c8z 3 ай бұрын
Wow, just a perfect 💥❤️‍🔥. Thank you so much
@QanagatAkhmetqul
@QanagatAkhmetqul 3 ай бұрын
Керемет, сөзсіз пайдалы дүниелер айтылды ✨
@_adinaperdesh
@_adinaperdesh 2 ай бұрын
Азамат мырзаның подкасттарын ҰБТға дайындалар кезден бері көремін. Және ертең тұрып, ерте жатуға осы кісі себепші болды🥰Шыныменде бір сұхбаттарынан құнды дүние түюге болады. Ал кітабын алу деген енді. Азамат мырзаның бүкіл алған білімін ілімін бір кітапты оқып меңгеру ғой.
@KymbatAbsattar
@KymbatAbsattar 3 ай бұрын
Қайырлы күн! Азамат мырзаның әрбір сұхбатын жібермей бақылайтын жандардың қатарынанмын, осы жыл мен үшін үлкен транформация жылы болды, Мен алғаш өзіме 26 жыл ғұмырымда: Мен не үшін өмір сүріп жатырмын? Менің миссиям қандай және мен өміріме жауапкершілік алып жүрмін бе? деген сұрақты қойдым. Біреуге кеш, біреуге ерте, ал маған дәл осы осознанность осы жасымда келді шукір деймін. Мен өз миссиямды таптым, бырақ соған жету жолындағы жоспарға жете алмай жүргем, дәл осы подкаст менің жоспар құруыма деген талпынысыма дөп түсті. Өмірлік көзқарастар өзгерді, әрине құндылықтар өзгерді, шүкіршілік артты. Өз ішіме үңіле алдым, қысқасы мен өзімді таңдадым. Өзімнің өміріме, денсаулығыма кепілдік алдым. Даму үшін аз аздан үздіксіз қимыл жасауды түсіндім. Бірінші Аллаға, себепкер болған сіздерге алғыс шексіз👏
@ЖанболатЖаксылык-ш9ц
@ЖанболатЖаксылык-ш9ц 3 ай бұрын
"Ұйқы ғылымдарының докторы" Азамат мырзаның "Sen"кітабын қолыма алып, бір деммен оқып шықтым. Өзін-өзі дамытуға арналған керемет, таптырмас құрал дер едім. Баршамызға пайдалы білім болсын. Енді өз кезегінде" Men"кітабын қолға түсірсем нұр үстіне нұр болар еді, шіркін!
@janabdimutalip7560
@janabdimutalip7560 2 ай бұрын
Тыңдап отырып өзімнің көп кемшіліктерімді түсіндім! Алла разы болсын Азамат мырза!
@wkkkaoaoalqoalalsejjd
@wkkkaoaoalqoalalsejjd 18 күн бұрын
Мен ұғынған инсайттар көп болды: 1. Ата-анаң сен үшін қолынан келгеннің барлығын жасады. Оларды түсіну - өзіңнің адамгершілігіңнің белгісі. 2. Өмірде бәрін бақылауда ұстау мүмкін емес. Кейде жағдайды қабылдауды үйренген жөн. 3. Махаббат - сенім мен құрметке негізделген ұзақ мерзімді жұмыс. 4. Өзгенің пікіріне тәуелді болу - өз еркіндігіңнен бас тартумен тең. 5. Табыс - тек нәтижеге жету ғана емес, сол жолда алған тәжірибе мен сабақтар. 6. Әрбір сәтсіздік - болашақ жеңістің негізі. Тек одан сабақ алу керек. 7. Кішіпейілділік - нағыз күштің көрінісі. Өз деңгейіңді дәлелдеу үшін айғайлаудың қажеті жоқ. 8. Өзгелерден жақсыны үйрен, бірақ жеке жолыңды тап. 9. Адамның құндылығы оның іс-әрекетінде. Сөзден гөрі ісің маңызды. 10. Қателік жасау - табиғи нәрсе, бірақ оны мойындамау - үлкен қателік. 11. Бүгінгі әрекеттерің - ертеңгі болашағыңның айнасы. 12. Уақытты дұрыс басқару - өміріңді басқарудың кілті. 13. Армандар мақсатқа айналғанда, өмірдің мәні өзгереді. 14. Өмірде өзіңе ғана сенім арт. Өзгелердің көмегі уақытша болуы мүмкін. 15. Әр қиындықтың артында мүмкіндіктер жасырылған. Оларды көре білу керек. 16. Өзіңнің ішкі даусыңды тыңда. Ол көбіне дұрыс бағыт көрсетеді. 17. Үнемі өсіп-дамуда бол. Тоқырау - артта қалудың бастамасы. 18. Кішігірім жетістіктерді де бағала. Олар үлкен мақсаттарға жетелейді. 19. Өзіңе сенген кезде ғана басқалардың да сеніміне ие боласың. 20. Әрбір күн - жаңа мүмкіндік. Оны жіберіп алмауға тырыс. Азамат мырзаға және JUZ40 командасына алғысымды білдіремін!Сіздерге көп көп рахмет!
@БалнурАрманкызы-н8ф
@БалнурАрманкызы-н8ф 15 күн бұрын
Менің дәл осы подкастта түйген ойлары өте көп.тіпті басқа да кітаптар оқысам да.Мен осы подкастта нені білдім: Бірінші ұйқы реттеу.Сапалы ұйқы өміріңді өзгертеді энергия береді Екінші ата анамен қарым қатынасты түзеу.Ата анаға ата ана болмай олармен ақылдасып ойларын білу. Үшінші өзіңе жауапкершілікті алу.Өзіңе жауапкершілік алып сезінбесең ешқандай істі жасамайсың елдің бәрін кінәлі санап жүру.Өз өміріңе жауапкершілікті қателікті мойындау.түзету Төртінші мидағы установкалармен жұмыс жасау.Мидағы шектеулі бұзу.Таңдау еркіндігі өзіңде. Бесінші уақытты жоспарлау.Сен өз уақытыңды жоспарлап жүрсең сен біреудің жоспарын орындайтын боласың Алтыншы ҰБТ-ға дайындық туралы.ҰБТ-ны мүмкіндік ретінде қабылдау.Қорқынышты болып көрінген сынық тест емес өмірге бастама мүмкіндік.Және 1 жылға аз аздан үздіксіз жасайтын жоспар құру қаттілігі туралы ақпараттар.Подкастмен үшін өте түсінікті әрі нақты болды.Себебі өзім іздеген сұрақтар жауабын нақты алдым деп айта аламын.Осындай подкастарыңыз көп бола берсін.Рақмет
@МаншукАлдонгарова
@МаншукАлдонгарова 3 ай бұрын
Осы подкас толығымен ұнады сұрақ қоюшы кісіде жауап берушіде саутты толық жауап беріп отыр. Сұрақ қойғанда осы сұрақты қою керек деп оиласан оиындағы дөп басып қойған жүргізуші мұрзаға рахмет
@aidana09544
@aidana09544 3 ай бұрын
Азамат Скаков ❤❤❤
@Lets_go_dream16
@Lets_go_dream16 2 ай бұрын
Өте пайдалы подкаст болды🔥🔥🔥Өзіме пайдалы ақпараттарды ойыма түртіп алдым⚡⚡⚡
@nurgul_08_
@nurgul_08_ 3 ай бұрын
Мәәә мен ерте тұрудың қыр сыры жоқ,тұрам деген адам еркін тұрады десем. Даже жолдарына дейін оңай түсіндірді ғой.Мен кофеин көп тұтынам.Зиян деп еш ойламаппын.Ұйқымның қанбауының себебі де сол екен ау😮😮❤❤❤
@bibirabatoyshykozha8626
@bibirabatoyshykozha8626 3 ай бұрын
Мына сұхбат мен үшін кәдімгідей инсайттардың қазынасы болды ғой. Пайдалы, өмірінді 100% өзгертетін ақпараттар көп болды, оларды түртіп алу керек. Ал енді түйген инсайттарыма келетін болсам:1) сапалы ұйқы деген не және оның маңызы; 2) адамдар өмірін қалай қиындататынын, мінсіз өмірдің артынан қуып, түбінде тығырыққа тірелетінінің себебін түсіндім. Маған қатты ұнаған нәрсе ол адамның тыныштықта қалғандағы немесе ерте оянған уақытында адамның басына келетін ойлар! Осы үшін менде бұл челленджді сынап көргім келып тұр. Қазір 11 сынып оқушысымын, ҰБТ ға дайындық жолында айтқан кеңестердін маңыздылығы шынымен зор. Маған Азамат ағаның айтқан сөздерінен, ойларынан оның қарапайым түсіндіруі, мысалмен нақты көрсеткені оған қоса дінмен байланыстырып сөйлегені күшті екен! Бұл кісімен көріп тұрған бірінші подкастым сол үшін juz40 қа алғыс білдіремін. Оған қоса Нариман ағайға жеке тоқталғым келіп тұр, сұрақтары да ойлары да орынды ғой шіркін 😍Жалпы, сұхбаттан өмірімді жақсартудағы көп кеңестер алдым енді алда Азамат ағаның кітаптарын оқу бұйырсын 🥰
@TilekAkbala
@TilekAkbala 3 ай бұрын
Өте пайдалы болды👍👍👍😍
@Mabi07111
@Mabi07111 2 ай бұрын
Менің түсінгендерім 1. Ұйқының сапасын дұрыстау (терең ұйқы фазасына кіру). 2.Нақты жоспар құру және сол жоспар мен жүру. 3. Болған қателіктерге немесе қиындықтарға біреуді кінәлап уақыт жоғалқаншы өз жауап кершілігіңе алу және өзгеру. 4. Өзіңмен уақыт өткізу. 5. "Не үшін екенін нақты білсең қалай деген сұрақ қиын емес" нақты өз қалауыңды білу. 6."Өзгеріс болашақтан қазірге болады" болашақтағы өзіңді және өз қалауыңды елестету арқылы қазіргі жағдаыңды өзгеру 7.таңғы жаттығу \аптасына 3рет спортқа арнау арқылы рухани және ментальды энергияны арттыру. 8. Ата-анаңмен арақатынаста өз рөліңді ұмытпау. 9. Тұрақтылық , асықпау, аз-аздан болса да бастау Және т.б Азамат ағай және Нариман ағай подкастты өте пайдалы болды, өз білімдеріңізбен бөлікендерңңізге үлкен рахмет❤ Өз басым Азамат ағайды "Sen" атты кітабын оқу арқылы таныған болатынмын. Менің кітапқа деген болашаққа деген қызығушылығымды арттырған ең үздік кітап ретінде есімде қалды. Сол білімдер үшін Азамат Скаковка өз алғысымды айттқым келеді. Және жаңадан шыққан "Мен" атты кітабыңызды оқып болашаққа нақты қадамдар жасағым келеді.😊
@nurekeff6194
@nurekeff6194 2 ай бұрын
Бұл подкастта қазіргі таңдағы өзекіті мәселелер айтылды деп ойлаймын.7минут қағидасы көптеген жастарға үлгі боларлық қағида.Сен және Мен кітабы біздің тұлғалық дамумыз үшіп таптырмас мүмкіндік.Сол мүмкіндікті жіберіп алмайық.Өзіңе Сен,өзіңді алып шығар,Еңбегің Мен ақылың екі жақтап.
@ali.tolegenov
@ali.tolegenov 3 ай бұрын
Сен және мен! Подкасттан түйген ойым, дисциплина тәртіп, аз-аздан жұмысынды үздіксіз жалғастыру, сонда үлкен нәтижеге шығасын. Асықпай арбамен қоян аласын деген мақал есіме түсіп тұр😅 Жалпы керемет әңгіме болды🎉🎉🎉🎉 Жоспарсыз жүрсен, жоспары бар адамның құлына айналасын😢😢
@AigulZhanturova-jp1dj
@AigulZhanturova-jp1dj 3 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды
@bekaanur
@bekaanur 3 ай бұрын
Екі үздік😍
@R802r
@R802r 3 ай бұрын
Ең күшті подкаст❤
@Dabyl_Karakat
@Dabyl_Karakat 2 ай бұрын
Менің түйгенім: 1. Адамдарда тыныштықтан қорқыныш бар. Егер тыныштықта қалар болсақ, өзімізге жауап беру керек болады. Негізі кейде тыныштықта қалып тұрған жақсы, өйткені сол кезде өзіміз туралы, не істеп жүргеніміз туралы ойланатын боламыз. 2. Мақсат туралы. Мақсат орындалу үшін қалау және қажеттілік болу керек. Не үшін істейтініңді нақты білсең, қалай деген сұрақ қиын емес. Яғни мақсатты нақты қоя білу керек, сол кезде қалаған нәрсесіне жете алады. 3. Өзгеріс қазірден болашаққа емес, болашақтан қазірге болады. Қазіргі әрекетіміз дұрыс, нақты болу үшін болашақтағы мақсаттарымызды, өзіміздің образымды еске алу керекпіз. 4. Ата анаңызға өзіңіздің өскеніңізді сөзбен емес іспен дәлелдеңіз. Сөз жүзінде емес іс жүзінде өсу керек. Ата анамен рөлімізді шатастыруға болмайды! 5. Жауапкершілікті өзімізге алу білу керек. Біздің жетістікке жетпегенімізге басқа адамдар емес, ата анамыз немесе ұстаздарымыз, жан жағымыздағы адамдар емес тек қана өзіміз кінәліміз. 6. Өміріңіздегі қалыптасқан бағдарламаларға сіздің ешқандай кінәңіз жоқ, алайда оған жауапты тек қана сіз. Кез келген бағдарламаны жөндеуге болады, тек біздің миымызда шектеу бар. Біздің денеміздің мүмкіндіктері өте көп. Сондықтан өз өзімізді шектемей, тек қана көбірек уақыт бөліп, төзімділік таныта білу керек. Сол кезде ғана нәтиже міндетті түрде болады. 7. Әр адамның тағдыры жазылған дегенмен таңдау әркімнің өзінде! Жетістікке жету үшін асықпау керек, аз аздан үздіксіз! Сонымен қатар қиындатпау және алға жоспар құру керек. Жоспарың болмаса, жоспары бар адамдардың жоспарын орындайсың. Мен осы подкасттан өзіме керек көптеген мағлұматтар ала алдым. Биыл 11 сыныппын, JUZ40-пен дайындығымды бастағанмын. Алдағы жылыма жоспар құруды ойлап жүргем, бірақ уақытым жоқ деп қоя салушы едім. Осы подкастты тыңдағаннан кейін өз өзімді қолға алып жатырмын. Алдағы күндерімді ең алдымен бір жылдық жоспарымды құруға арнаймын және сол жоспар бойынша ҰБТ-ға дайындалуға күш салатын боламын. Сіздерге осындай керемет подкаст үшін үлкен алғыс білдіремін!❤
@GulnarAgilova
@GulnarAgilova 2 ай бұрын
керемет❤ инсайдтың оты болды❤️‍🔥
@gulnuramangeldii
@gulnuramangeldii Ай бұрын
Мен түйген ең үздік инсайттар: 1. Азаматтың мырзаның өмірін сапалы аз ұйқы өзгерткен. Сенің де қолыңнан келеді. Өмірдің 30 жылы ұйқымен өткенің қаламасан қазірден бастап ерте тұруға тырыс. 2. Сұрақ тек уақытта ғана,нәтиже болатын тек гарантия, ең маңыздысы шыдамдылық пен сабырлық болу керек. 3. Кем дегенде 7 минут күніне,6 ай. 4. Ең маңыздысы бұл-жоспарлау. Атын таба алмаған нәрсені емдей алмайсыз. Сол үшінде қандай жағдай болмасын жоспармен жүру қажет. 5. Кішкентай кезіңізде сізбен болған оқиғаларға сіз кінәлі емессіз ,бірақ кәзір оны реттеуге жауапты тек қана сізсіз. 6. Қой бағып жүрген адамда елдің алды бола алады,тек психологиясымен,мақсатымен жұмыс істеу керек. Сонда сіз көштен қалып, ескі жұртта омалып отырмайсың. 7. Дененің мүмкіндіктері өте көп,басқа мықтылар біліп тумаған. Ешкім іштей батыр болып туылмайды. Батырлықта міңез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Ең маңызыдсы-аздан үздіксіз жұмыс жасау керек. 8. Құрбандық:Қазір күніне кемі 3-4 сағат оқимын,яғни уақытты құрбан ету немесе ертең болашақта грантқа түспей ақшаны құрбандыққа шаламын. 9. Спортпен қазір айналысып қиналуды таңдайсыңба немесе 50-60 жаста ауырып қиналуды таңдайсыңба? Тандау тек өзінде. 10. Тағдыр жазылған бірақ таңдау өзіңде! 11. 140 балл аламын деп таңдау жасау немесе барлық әлемді кінәлап деп жата беру(мектеп кінәлі оқытпаған,ата-кінәлы, анау кінәлә мынау кінәлі) 12. АСЫҚПА,біз асыққан кезде қателіктер жібереміз.Күнделікті кішкентай қадамдар жетістікке жеткізеді. 13.АСЫҚПА,ҚИЫНДАТПА,ЖОСПАРЛА тек осы үш қағидамен сен жетістікке жетесің. 14. ҰБТ-ны үлкееен мүмкіндік деп қабылда. ҰБТ сынақ ,емтихан емес жаңа сатыға,жаңа өмірге көтерілуге үлкеен мүмкіндік.
@Ss_2-r3w
@Ss_2-r3w 3 ай бұрын
Менің бұл подкастта ең бірінші түйгенім Juz40-қа қатысқаным өмірімдегі ең маңызды жасаған дұрыс таңдау екенін түсіндім.Қысқада болса мығынасын барлығы түсінді деп ойлаймын 😊
@aiauka000
@aiauka000 3 ай бұрын
“ата-анаңа өскендігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде!” бүгінгі инсайт, артық сөз керек емес-ау!
@АидаЖолдасова-и7м
@АидаЖолдасова-и7м 3 ай бұрын
Өте керемет подкаст😭😭😭❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
@nurdauletasan7038
@nurdauletasan7038 22 күн бұрын
1ші ден Азамат ағаға мың алғыс🙌🏻.Бірақ менің ойымда мына сұрақ тұр Азамат аға шынымен 90жылғы ма? Үлкен сияқты еді ғой
@ІңкәрРахи
@ІңкәрРахи Ай бұрын
Керек сұрақтардың үзіндісін қарасамда өзіме өте құнды керемет жауаптар алдым
@cutieforce
@cutieforce 3 ай бұрын
Ұбт, Білім жайлы каналдан жалпы өмірлік ұстанымдар қалыптастыра алғаныма қуаныштымын. Түйгенім барлық дүниеге жауапты өзіміз. Өз өмірізді өзіміз қағаз бетіне түсіргендей жазып жатырмыз сондықтан кінәні біреуден іздемей жақсы әдеттеріңді қалыптастырып жоспарыңды нақтылап өз өзіңді қолға алу керек екен. 11 жыл білімнің аяғына жеткенде ҰБТ-ны жаңа есік, мүмкіндік деп қабылдап саналы түрде айқын мақсаттармен пайдалы әдеттермен әрекет етіп, аз аздан үздіксіз бұл шыңды да бағындыру керек екен✨ Подкаст өте ұнады, барлығыңызға рахмет!
Сестра обхитрила!
00:17
Victoria Portfolio
Рет қаралды 958 М.
黑天使只对C罗有感觉#short #angel #clown
00:39
Super Beauty team
Рет қаралды 36 МЛН
How Strong Is Tape?
00:24
Stokes Twins
Рет қаралды 96 МЛН
Толық аудиокітап | “Сен” Азамат Скаков
3:20:17
Кітап әлем📖
Рет қаралды 35 М.
Ұйықтап азуға болады 2
1:16:08
Таир Нұғман
Рет қаралды 25 М.
JUZ40 | ЖҰЛДЫЗЫҢ СӨНБЕСІН | ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
1:44:40
Ақшаны ҮНЕМДЕУ vs Көп ақша ТАБУ
1:14:30
JUZ40 ONLINE
Рет қаралды 19 М.
Сестра обхитрила!
00:17
Victoria Portfolio
Рет қаралды 958 М.