МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ | СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫҢДЫ ТАҢДА

  Рет қаралды 1,386

JUZ40 ONLINE

JUZ40 ONLINE

3 ай бұрын

Мамандығыңды сүйіп таңдау - өмірді ұтқанмен тең.
Осындай маңызды сәттерде өзіңді және өз жүрегіңнің үнін ғана тыңда. Бізге сен, ол сені алдамайды.
Видеода өмірдің қысқаша бір сценарийін ғана көрсеттік. Сен де 1000 даған нұсқаларға өзіңе ең жақынын таңда.

Пікірлер: 29
@Mereke_happy
@Mereke_happy 3 ай бұрын
Мені жан жақтан әкем, анам, апам, апкем қыспақтап мұғалім немесе дәрігерлік таңдайсын деп тұрып алғанына қарамастан, өзім қалайтын, жақсы көретін мамандығымды таңдап өзімнің ішкі қалауымды тыңдағаныма қуанамын. Алдағы түлектердіңде өз жақсы көретін мамандықтарын таңдап, сол салада үздік болғанын қалаймын.❤🫶🏻🫂
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Мықтысыз🫂
@akbotakonarbai7839
@akbotakonarbai7839 3 ай бұрын
Өте әсерлі фильм.Мамандық таңдау-сенің үлкен өмірге алғашқы қадамың.Жәнеде өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Сондықтан оны дұрыс таңдау қажет және өзің қалаған мамандықтан ешқашан бас тартпау қажет.Себебі ол сенің болашағың.Ата-ананы тыңдау қажет әрине ,бірақ ол өз таңдауыңнан бас тарту керек дегенді білдірмейді.Сондықтан болашақ түлектерге өз таңдауларыңыздан бас тартпаңыздар дегім келеді. Ең бастысы-сенім. Алға қойған мақсаттарың үшін еңбек етсең,сол мақсаттарың болашақта еліміз үшін, сен үшін еңбек ететін болады.
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Сізге осындай әсер қаллырғанына қуаныштымыз🌷
@akmerey564
@akmerey564 3 ай бұрын
juz40 ең керемет курс.Тек қана сабақ оқытпай, мотивация да береді.Санға емес сапаға жұмыс істейді
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Ұнағанына қуаныштымыз❤️
@aiakoztursinakyn1341
@aiakoztursinakyn1341 3 ай бұрын
Адам өмірінде мамандық таңдаудан ешқашан қателеспеу керек. Мамандық таңдар алдында көп ойлану жеткіліксіз, жүрекпен байланыс құрып, жүрек сырын естуі қажет. Көбінесе мамандық таңдаудан қателесіп ата-анасының айтқанын орындайтындар олар үйдің үлкен балалары. Оларда үлгі тұтып мен осы ағам немесе татем сияқты болам дейтін ешкімі жоқ. Үйдің үлкені артында бауырлары бар, үйдің жауапкершілігін мойнына алып алған, ата-анасын қарабет қылудан, уятқа қалдыртпауға тырысып, өзінің болашағын емес отбасының болашағын ойлап, өз арман мақсаттарын ысыра тұрып ата-анасының кезінде жете алмай кеткен армандарын өзінің алдына қойып алады. Ата-ана өткен өмірінде өздері жіберген қателікті менің балаларым жасамасын деген мақсатта ұрсады және тәрбиелейді, мен жетпеген нәрсеге балам жетсін деп өткен өміріндегі қателікті ойлаумен өмір сүреді және сол жетпеген мақсатты баласының миына құйып қойады. Жастайынан соны естіп келген бала ата анасының көңілін қалдырмай ақыры соңында ата-анасы таңдап берген мамандықта амалсыз оқиды. Егер ата-анаң таңдауды өз еркіңе берсе онда асықпай ойланғаның жөн. Бұл менің шын жүрегіммен таңдаған мамандығым деп бірақ кейде өзіңе сенімсіз болған жағдайда өзіңе осындай сұрақ қою арқылы біле аласың. "Егер бұл мамандықта жұмыс істеп жүріп маған айлығымды бермей қойса,мен бұл жұмысты ары қарай ешқандай айлықсыз өз еркіммен жасай беремінба?" деген сұрақ. Адам өз шынайы жақсы көріп таңдаған мамандығын сүйіспеншілікпен істейді. Әрине қазіргі заманда ақшасыз өмір сүру қиынырақ, және айлық бермей қою жоғынан. Жүрегіңде соғып тұрған мамандықты тек осы тәсілмен таба аласың деп ойлаймын.
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Пікіріңізге рақмет🫂☀️
@usengulsaya
@usengulsaya 3 ай бұрын
Мына қысқаметражды фильмді көріп бір жылап алдым. Ата-ананың, қоршаған ортаның балаға деген әсері зор. Қазақта айтқандай: екі заттан қателесуге болмады, бірі жар таңдаудан, ал екіншісі мамандық таңдаудан. Ал, егер біздің болашақ мамандығымыз соншалықты маңызды болса неге қоғам балаға өз жаны қалайтын мамандықты таңдатпайды. Себебі балаға деген сенім мүлдем жоқ. Сондықтан сіздің ата-анаңыз қанша сізді қыспаққа алып, өз жаныңыщ қалаған мамандықты таңдатпай жатса, еш өз алған бетіңізден қайтпаңыз. Себебі бұл сіздің өміріңіз және таңдауыз. Осы бір кішкене ғана бейне роликтен осындай түйін түйген болатынмын. Рахмет сіздерге❤
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Сізге ұнағанына қуаныштымыз🫂
@Aqnur_joba_140_
@Aqnur_joba_140_ 3 ай бұрын
👍🏻👏🏻
@holboyazimov4733
@holboyazimov4733 3 ай бұрын
Яя өтте жақсы әсер етті,рахмет
@dosikooi1624
@dosikooi1624 3 ай бұрын
Бәріміздің де ата аналарымыз өздерінің қалаған мамандықтарына оқытқысы келеді…тек баланың өміріне сәл үңіліп,онымен аз да болса сырласып,оның қандай мамандық иесі болғысы келетінін сұрап …өзінің таңдап, қалаған мамандығына түсіру керек…әйтпесе баланың өміріне балта шауып алуымыз мүмкін
@_agabekovaaa
@_agabekovaaa 3 ай бұрын
Үлкен мотивация болды🥹🫶🏻
@user-xm6lk1ft4v
@user-xm6lk1ft4v 3 ай бұрын
Уау
@user-vd2ju7kp2j
@user-vd2ju7kp2j 3 ай бұрын
😢 ата ана қалауы 😭
@user-qs5xq5vd6q
@user-qs5xq5vd6q 3 ай бұрын
😍😍😍
@bibirabatoyshykozha8626
@bibirabatoyshykozha8626 3 ай бұрын
❤❤
@_zhomart0vnaa_
@_zhomart0vnaa_ 3 ай бұрын
😍
@missDil
@missDil 3 ай бұрын
Мен мамандағымды әлі таңдаған жоқпын. Бірақ ата-анам ұнаған мамандыққа бар дейді. Мектепте 3 алсамда ұрспайтын мама папам бар екеніне бақыттымын ❤❤❤
@user-ws4dn9bx3x
@user-ws4dn9bx3x 20 күн бұрын
9бітіріп жатырмын не бәрі 2жылым қалды бірақ ешқандай мамандық тандап үлгермедім қандай мамандық болса да қазірден ұбтға дайындалып грант иегері болып ата ана үмітін ақтағым келеді бірақ мамандық түгілі пәнде тандамадым өз болашағымды көрмейм не сүйікті ісім жоқ өз өзімді әлі таба алмай жүрмін болашаққа үлкен қателік жіберем деп қорқам
@Sugar-free02
@Sugar-free02 2 ай бұрын
Блмим әйтеуір бір жыртырлақ жарқын болашақтан үміт үзби жүрм, мамандығым өзіме ұнамайды
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Қазір не болып жатса да, сіз мықтысыз, сіздің биік шыңдардан көрінетініңізге сенеміз❤️
@zhan1kemm
@zhan1kemm 3 ай бұрын
🤍🤍
@user-qk8lf7rz6x
@user-qk8lf7rz6x 3 ай бұрын
Бұл дүниеде мамандық таңдаудан және жар таңдаудан қателеспеу керек🙃! Бұл қысқа метражды фильмнің мағынасы өте терең екен🫶🏻❤️! Адам баласы өзі ұнатқан,өз жүрегі қалаған сүйікті мамандығына түсуі керек, ата ананың айтқанына немесе айлығына қарап емес
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
❤️🫂
@enhgg
@enhgg 3 ай бұрын
Мағынасыз субтитр қосыпсыздар
@juz40online
@juz40online Ай бұрын
Қай жеріне субтитр қосу керек деп ойлайсыз? Толығырақ жазып жіберсеңіз🫂🥰
Василиса наняла личного массажиста 😂 #shorts
00:22
Денис Кукояка
Рет қаралды 8 МЛН
100❤️
00:20
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 76 МЛН
OMG🤪 #tiktok #shorts #potapova_blog
00:50
Potapova_blog
Рет қаралды 14 МЛН
AIU-ға түсуге болама|| плюсы и минусы
8:00
104 ГРАДУС ЫСТЫҚ БОЛҒАН
2:59
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 2 М.
Василиса наняла личного массажиста 😂 #shorts
00:22
Денис Кукояка
Рет қаралды 8 МЛН