Қайғылы жағдай! Шымкентте есінен танып құлаған 8-сынып оқушысы мектепте көз жұмды

  Рет қаралды 1,932

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Шымкентте есінен танып құлаған 8-сынып оқушысы мектепте көз жұмды. Қайғылы жағдай дене шынықтыру сабағында болған. Спорт залда футбол ойнап жүрген 13 жастағы Азамат Тұрдалы басы айналып, жерге құлаған. Жеткіншекке алғашқы медициналық көмекті білім ошағының медбикесі көрсетіпті. Алайда жедел жәрдем қызметі жеткенше Азамат Тұрдалының жүрегі тоқтаған. Оқиғаның мән-жайын өңірдегі әріптесім Нәзерке Үкібасова біліп қайтты.
Шымкенттің №48-і мектебіндегі қайғылы жағдай кеше денешынықтыру сабағында болған. 8-сынып оқушысы Азамат Тұрдалы жаттығудан кейін футбол ойнауға кіріскен. Кенет баланың басы айналып, есінен танып құлаған. Аталған пәннің мұғалімі бірден білім ошағының медбикесін шақыртыпты. Алғашында абдырап қалдым деген педагог спортқа бейім оқушы осыған дейін денсаулығына шағымданбаған деп отыр.
НҰРЛАН БАЙСЕЙІТОВ, Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
- Қақпаның алдында қорғаушы әрекетін жасап тұрды. Сол кезде көз алдымда отырып барып көзі аларып бірден құлады. Сол көз алдымызда. Бар болғаны сол болды ғой. Медиктерді көмекке шақырдым сразу айқайлап, келді олар, әрекетін жасап, мен аяғына массаж жасадым. Мен тек қана массаж жасай бердім әйтеуір жанын ап қалам ба дегендей үмітпен.
Жерде жатқан балаға мектептің медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жалпы ұстаздар Азаматтың тәртібі мен оқу үлгеріміне жоғары баға берді.
ГҮЛЖАМАЛ РОЗИЕВА, мектептің медбикесі:
- Сразу нашатырка иіскеттім оған. Енді бізде қалыпты жағдай нашатыр иіскетсеңіз талып қалған баламыз резко өзіне келеді да.. Ал Азаматта мүлдем реакция болған жоқ. Кейін исікеген жоқ та. Содан кейін мен ватаны кәдімгідей намочить етіп мұрына жақтым. Ол кезде сәл қимылдағандай болды да бала. Қуанып дальше өзіміздің массаждарымызды істеп.
Алайда, екі бірдей жедел жәрдем келгеніне қарамастан бала білім ошағында жан тапсырды. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. Полиция өлімнің себебін анықтап жатыр. Марқұмның ата-анасы сұқбат беруден бас тартты. 13 жастағы Азамат Тұрдалыны туыстары бүгін Қазығұрт ауданында жер қойнына тапсырды.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 3
@Нагима-с7ю
@Нагима-с7ю 8 ай бұрын
Баланың басына доп қатты тиген сияқты.Осындай жағдай Алматыда спорт мекктебінде болған осыдан талай жыл бұрын.
@gulsara_kusherbayeva
@gulsara_kusherbayeva 8 ай бұрын
Обал болған екен. Әке шешесіне Алла сабыр берсін, демі біткен демде деген бар ғой, О дүниеге періште бала керек болңан шығар
@Г.Р-э9т
@Г.Р-э9т 8 ай бұрын
Балаларды көп жугірту болмайды Бірден.Резкий нагрузка болмайды. Үлкен 2-3 круг қоймай жугуруге мәжбүрлеу болмайды.Олар оған үйренбеген,егер бала көп серуендеп жүретін болса ол оны хорошо перенесет,ал көп отыратын баланын организымы көтермейді!!!!Ондайды ескерукереккой,олар спортсмен емес!!!!Индивидуальный подход керек әр балаға!
ИНФОРМБЮРО 20.09.2024 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:41
Информбюро 31
Рет қаралды 56 М.
Это не только ВОЗБУЖДАЕТ мужчину , он еще сойдёт с ума по тебе
18:14
Отношения, Любовь, Самооценка
Рет қаралды 1,8 МЛН
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 63 МЛН
SCHOOLBOY. Мама флексит 🫣👩🏻
00:41
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 7 МЛН
Как она была права 1990 год
9:52
Ринат Шарифуллин
Рет қаралды 2,1 МЛН
Мұғалім санақшы, сылақшы, сыпырушы ма?
8:28
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 102 М.
Самые Опасные Дороги в Мире, По Которым Вы Не Захотите Проехать
31:29
Оңбогон Онкология | Улукбек Карыбек уулу
1:35:13
Улукбек Карыбек уулу
Рет қаралды 54 М.