Инстаграм арқылы көп ақша тапқысы келетіндерге арнайы «сториспен оңай сатуды» үйрететін жаңа канал аштым, тегін сабақтарды толықтай қарап шығып, сториспен ақша табуды бастаңыз 🔥👇🏻 youtube.com/@akbotaanuarbek.1 Инстаграмда ақша табу жолдарын ең бірінші білу үшін инстаграм парақшама тіркел 😉👇🏻 instagram.com/akbota__anuarbek Сториспен сатпай-сату техникасын үйреніп, көп ақша тапқысы келетіндерді өзімнің «Деньги на сторис» курсыма шақырамын 💸🔥 Курс туралы толық ақпарат алу үшін менеджерге жазыңыз 👇🏻 wa.me/77770339246
@БагилаНармаханова11 ай бұрын
мына кісіні бірінші рет естіп,көріп отырмын.қазақтан осындай қыз келіншектердің табысты болып жатқанына өте қуаныштымын,алатын инсайттар өте көп .
@Lira_Muratqyzy10 ай бұрын
Мен қазақ қыздарына қайран қалам! Басқа ұлтта бар ма осындай қыздар, жоқ па, білмеймін. Бірақ қазақтың тектілігі бойына дарыған қайтпас қайсар мінезі Тұмар ханшайымнан қалған бір қасиет пе дерсің?! Айгүл Ерубаева деген есімді бірінші рет естіп тұрмын. Шынайы әңгімесі үшін бек рақмет. Еңбек бәрін жеңбек! Мың жаса! Риза болдым. Бірге жыладым, бірге күлдім, көп нәрсе түйдім өзіме. Ақботаға мың алғыс осындай тамаша подкаст жүргізгені үшін. Ақбота да бұрынғы емес, кемелденген Ақботаны көрдім. Жасай бер, өсе бер, Ақбота.
@nureke.sarseke11 ай бұрын
Ер азамат болсам да, жүрегіме жетіп көзіме жас келтірген санаулы подкасттардың біреуі болды. Ақбота мен Айгүлдей қазақтың алтын еңбекқор қыздарына өте риза боламын. ❤
@botasha11 ай бұрын
Қазақтың қыздарына қайран қалам… қарапайымдылықтары сүйсіндірді. өзім 10 жылдан астам балалармен үйдемін, жақында балалар өз беттерімен кетеді, мен не істеп жүрмін деп ойға кетіп едім. Алла маған осы подкастты босқа кездестірмеген болуы керек. әрекет жасауға үлкен шабыт бердіңіздер! рахмет сіздерге!!!❤❤❤
@БотакозЖумабекова-ъ7п11 ай бұрын
Айгүл мен Ақботаның подкаст соңында бір-бірін сөзсіз түсініп, көзбен ұғынып, көз жасқа ерік беріп, шүкіршілік еткені бәрінен де өтті. Сәттілік, қыздар!
@АйгульЖусупбаева-л5т11 ай бұрын
Ақбота Алла разы болсын Айгүл сияқты шынайы адамдарды танып қонаққа шақырғаныңыз үшін. Осындай пайдалы түсірілім көбейе берсін.Айгүл сіздің рухыңыздың мықтылығына ризамын.Анаңызға рахмет сізді дұрыс бағытқа қайтарғаны үшін.Жетістігіңіз арта берсін.
@gumaxanym11 ай бұрын
Айгүл ханымның енесіне жасаған келіндік міндетіне риза болдым! Өзіне де адал, қамқор келін бұйырсын! Күйеуіне берген қолдауы, ізденуі, аналық қамқорлығы - үлгі алуға тұрарлық кейс. Жасай берсін қазақтың Айгүл қызы, Берекеге айналсын жүрген жері. Миллиардтарды доллармен күреп тауып, Ұшып-қонып шарласын бар әлемді!
@zhansayaongarbai553918 күн бұрын
Не деген мықты әйел. Қызғаншақ күйеуін жеңіп, өз қалауына жетті. Бұндай мықтылық кейбір әйелдерде ғана бар.
@shattykmussina382611 ай бұрын
Мяяя топ подкаст болды 🔥🔥🔥😍 Рахмет коп коп. Акбота ар подкастта артурли болып отырады - биреуинде более женственная, биреуинде более целеустремленная, деловая, бугин более эмоциональная. С каждым разом больше раскрывается ❤
@enbekke_baulu11 ай бұрын
Сәлеметсіз бе! Айгүл ханымды бірінші рет көріп тұрмын. Осы сұхбатты көріп, тыңдағаным үшін өте қуанып отырмын. Шынында да керемет (душевный) сұхбат болды! Көп мотивация алдым! Көзіме жас алып тыңдадым🥺 Декреттегі уақытымдағы біраз қателіктерімді мойындадым. Менің алға қадам басуыма қорқыныштарым (ел не дейді, ұят болады, дұрыс емес болса ше, т.с.с. шегі жоқ сылтаулар) кедергі болып келеді😢... Өзіме құнды сабақ алдым! Ақбота ханым, осындай бізге үлгі болатын батыр қызды студияңызға шақырып, оқиғасын бөлісіп, біз сияқты баламен үйде отырған аналарға мотивация беретін сұхбат жасағаныңыз үшін, үлкен алғыс білдіремін!!! Сіздерге Алла разы болсын! Шынайы оқырмандарыңыз көп болсын!!!💐💐💐💐💐❤️😘😘😘😘😘
@aimy95maratovna4511 ай бұрын
Осы кыздын еразаматы акша тапканда токал алып кетер еди,акылды кыз екен пейлине ак❤журегине берген гой кудай❤❤❤
@gulziramurzalieva9590Ай бұрын
Кушти Подкаст болды рахмет көп инсайт алдым адам жасағанды адам жасайды жумысын алға жүре берсин берекесин берсин керемет
@akmaralsaugabaeva11 ай бұрын
Айгүл менің алғашқы кейісім, басында тегін жұмыс жасағанмын, кейін тұрақты айлыққа 1 жылдай жұмыс жасадым. Айгүл ақшаны өте ұқыпты жұмсай алады. Екі кемпірдің тәрбиесін алған психологиясы өте жақсы дамыған, ойлауы, миы мықты қалыптасқан жан. Айгүлге айтатынмын, шет елде пәлен деген оқуға түсіп оқып келгендер бұлай жасай алмайды, сен дипломы жоқ осындай дәрежеге жеттің, өзіңді сол дәрижеге жеткізе алдың дейтінмін. Айгүлге енді білім керек, ол білімсіз дегенім емес, теория керек. Ол кезде уже бүкіл ел таныйтын болады. Алла қаласа депутат болады. Ол дәрежеге жете алады және Қазақстанның болашағына үлкен үлесін қоса алады. Айгүл саған тек жарқын болашақ тілеймін денің сау болсын 😘😘😘 бұл жазба чугун үшін емес 😅
@Di-dar11 ай бұрын
😅😅😅
@firuzakulataeva242611 ай бұрын
Депуттатықтың не қатысы бар
@ШолпанСейтенова-о1ь11 ай бұрын
Айгүл ханым маған мотивация болды керемет жан екен бірінші рет көріп отырмын . Ақбота ханымға ризамын .еңбектеріңіз жана берсін екі дүниенің бақытына тілеймін ❤
@ЖаннаНурпиисова11 ай бұрын
Депутаттың айлығы Айгулдің табысының жанында түкке тұрмайды Депутаттықты не қылады
@СветаСыдыкова-ы2бАй бұрын
Ақбота Әнуарбекті тыңдағаныма үшінші күн. Бұрын мүлде естімеген адамым екен. Үш подкастын көріп, жатып алдым ғой😀 не деген табандылық, сөйлеу мәнері қандай, подкастқа шақырған адамдары да шынайы, таза еңбек адамдары екен. Мына подкаст вообще супер болды. Елудегі мені орнымнан тұрғызды, мықты мотивация берді. Аман жүріңдер, айналайындар
@АяжанСапаргалиевна11 ай бұрын
Айгул ханымның токыма курсын сатып алган едим, 5000 тг карантин кезинде. Оте керемет, казир баламды емизип корип отырып, озиме мотивация алдым. Рахмет сухбатка. Ой туйдым , ойландырарлык!
@Ayaulym_zakariya11 ай бұрын
Шынайы еқ боямасыз подкаст. Кофені іше ашмайм дегенге күлдім, енесін айтқанда жыладым. Айгүл ханымның қарапайымдылығы мені тартты. Ақша санай алмаймын деп мойындап айтып отырғаны…Мен де үйде отырған анамын. Мықты мотивация алып, 0 ден бастауға желания аштыңыздар. Бәрі мүмкін екеніне көз жетті. Ақбота ханым да 100 млн тауып отса да, шынайылығын жоғартпаған жан екенсіз. Өмірде көпті көрген адал да ақылды қыз деп білем сізді. Жасайм деген адамға ештеңе кедергі емес екенін түсіндім. Сылтау - детская позиция. Бәрін білеміз бірақ жасамаймыз. Ұлылық қарапайымдылықта, жасы үлкеннің ақжарма батасын алсаң жолың ашық болтынын ұғындырды. Ашық жарқын еш боямасыз еңбекқор Айгүл ханымға ғашық болдым. Осындай мықты подкаст түсірген Ақбота ханым сізге рахмеет❤ Мен де долларовый миллионер болам🤲🏻
@niko9niko4625 ай бұрын
Қуанып отырмын, қазақтың қыздары осылай жарқырап-жайнап жүрсін! Еңбегі жанып, табысы еселенсін! Сіздерді танымаймын, бірақ риза боп отырмын!
@marshmallows_645911 ай бұрын
Айгүлдің табысты болуының себебін түсіндім. Өйткені 7 жыл күйеуі ақшасын анасына бергеніне шыдап сабырлы боп ұрыс шығармай отырған өте дана келін боп отыр ғой сосын күйеуінен сұранбай еш жерге бармайды екен. Бұл подкасттан жасым 40 та болса да өте үлкен өнеге алдым.
@madina.kazbekkyzy11 ай бұрын
Қаншама үйде отырған декреттегі аналардың іс бастауға табыс табуға шабыт сыйлаған жан 😍❤️ лично өзім роддомда жатып случайно көріп қалып мяяя адам тоқымадан да осылай байып кетуге болады екен ғой деп мен қатты таң қалғанмын ең қызығы сол менде еліктеп тура Айгул ханымның бастапқы кезде жүріп өткен жолында жасаған әрбір әрекетін в точь в точь қайталағанмын мендк көршімнің айфонын сұрап тоқыған заттарымды түсіріп оны сату үшін клиент табу үшін таргет үйреніп кейін таргетолог маман болып бізде миллионер болып лыға келдік шүкір осындай игі істерге себепшісіз Алла жолыңызды ақ қылсын әрдайым😘😘😘😘
@Mairaomar11 ай бұрын
Амансыздар ма? Түсінген адамға өте пайдалы подкаст болды.Керемет.Өте көп инсайттар алдым.Жүрегімде бір қупныш бар.Мен де осылай подкаст түсіріп,подкастқа қонаққа барсам деген ниетім бар. Халыққа айтар әңгіме көп. Жасым 48 де.Соған қарамай инста жүргізіп бастадым .Барынша шынайы болғым келеді. Сіздерге сәттілік❤❤❤
@papa-ob3mk11 ай бұрын
Айгуль, сенің әр сөзіне әбден күлдім, әрі жыладым. Сенің бай болуына сенің дипломын болуын маңызды емес деп айтқаның өте қатты ұнады. Енеңді қалай баққаның, күйеуіннің батасын алғаның, табандылығын өте, өте ұнады. Аллаһ екі өміріне Береке Берсін, бақытты бол, қосағынмен қоса ағар. Бүкіл эфир 100% ұнады. Ботақан, саған да үлкен рахмет, инстаграм инстаграммен, сіз Айгүлдің образын ашып беруге себепші болдыңыз. Жақсы күйеуге тиіп, ана, әйел болып қалыптасуына тілектеспін
@КасиетИсабаеваАй бұрын
подкаст битуге аз калды , барлық жетістіктеріңізді айтып жаттыңыз жақсы көріп тыңдап отырмын, бірақ ішімде енеңіздің батасы гой деген ой 3.4 рет келді сонгы минуттар келгенде өзіңізде айтып жатсызгой , енемнің батасы барлығы деп ❤ рахмет улкен өте кұнды дүниелер алдым
@А.Т.А-и9ф11 ай бұрын
Еркек басыммен сіздер жылағанда қосылып жыладымғой 😂 Күшті өтті 🔥👍🏼
@danamen_080611 ай бұрын
Единственный подкаст мен до конца қараған😍 Шынымды айтсам Айгүл ханымды мүлдем танымаймын, көрмегенмін. Бірақ мен үшін өте өте пайдалы, мотивация берген подкаст болды. Главный не нәрсе жасасаңда қорықпай, " болса болды, болмаса болмады " деп бастап кету😍❤️ Рахмет көп көп
@Rauza8811 ай бұрын
Жаным ауылдас сыңлым кішкентайынан танимын,жасап жатқан жумысыңа берекесін берсін 😘
@gulnaz_erbolatkyzy_9 ай бұрын
Үлкендердің батасын ал, жолың ашылады Енеңнің батасын ал, өміріңде береке болады Күйеуіңнің разылығы үшін қызмет көрсет. Аллаға тәуекел етіп еңбектен, берекелі болады. Еңбек бәрін жеңбек Инстаграм мүмкіндіктер мекені Алла бәрімізге бірдей шанс береді, әркім өзіне керектісін пайдаланады♥♥♥♥ Өмірімдегі ең сапалы, шынайы подкаст болды. Жақсыменен өткен жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей демекші, еңбекқор адамдар туралы көбірек көрсек, айналамыз сондай болады
@kabanbai57511 ай бұрын
Мен kazakh кыздарына кайран калам! Саламатсыздарма! Акбота мен Айгул! Алтын карындастарым! Жарайсыздар! Бакытты да бай-куатты болыныздар! Керемет подкаст болды! 🎉
@ГулжанатМедетбекова-и1в9 ай бұрын
Өз өзіңе адал болған кезде Алла жолыңды жеңіл етіп, ризығыңды арттырады. Бұл падкасттан алған инсайтым. Ақбота мен Айгүл, қыздар рахмееет сіздерге падкаст үшін, инсайтым үшін 😘💐💐
@АнаркулЕсимова11 ай бұрын
Айгулге риза болып отырмын! Қандай еңбекқор қыз!!
@АльбинаЖумашева11 ай бұрын
Эфир бойы жылап отырдым,Мықты Эфир болды.Мықты мотивация қарапайып әйелдерге,Өзім бастаймын,өмірімді өз қолыма алам деген Осознание келді.Рахмет Алла разы болсын!!
@АЛИч5щ9 ай бұрын
Алла разы болсын ! Каншама мотивация 🔥
@englishgulizat92308 ай бұрын
Адамны тірі кезінде сыйлап , қызмет көрсеткен екенсіз , керемет . кезінде ондай қызмет көрсете алмадым, енді ол уақыт та ол адам да қайтіп келмейді, сол үшін жас келіндерге алтын сырға😢
@АлияТуракешева-б6ч11 ай бұрын
Тағы да айтамын, күшті подкаст болды. Бүкіл историясы өтті маған. Әрекет етсең Аллаһтың беретін ризығына шек жоқ екенінің бірден бір дәлелі.
@АйнурНуракай11 ай бұрын
Әрекетке берекет дегенді дәлелдеген, еңбекқор екі арудың әңгімесінен өзіме көөөп нәрсе алдым❤ Істеріңіз алға бассын, көп рахмет
@ZemaBarber10 ай бұрын
Акбота я покупал ваш курс из за вас я проехал город когда я мечтал переехать. Капец я многим говорю то что вы поменяли мне жизнь . Когда нибудь тоже буду на подкасте у вас 😮
@НазираКенешева-д9и4 ай бұрын
Тамаша подкаст болды,шынайы бугин Акбота ханымнан курс алып демалыс кунимди озими дамытуга арнадым,сториспен сату 👍👍👍👍👍Айгуль ханымды да жакында кордим паракшасын карапайым бизнесин нольден бастаган арбир казак кызына улги болар жан❤Менде 4-5жылдан инстаграм жургизем шынымды айтсам оз нишамды дурыс таба алмай журмин 🙊бугинги эфир сиз дин курсыныз пайдасы боларына сенимдимин!жумыстарыныз алга баса берсин✊🏻
@Gulzhant7779 ай бұрын
Айгүлді бірінші рет көріп отырмын. Өте көп инсайттар естідім қуаныштымын. Еңбегін жемісті болсын!
@ДинараИбраева-ь2б11 ай бұрын
Үлгі алатындай адам Айгул ханым. Әр бір қазақ осылай еңбектенсе нұр үстіне нұр болар еді. Еңбектеніп, талпынып, қайсарлы мінезінің арқасында осындай дәрежеге жеткені қызығарлық, мақтанарлық сезім. Айгул ханымға тек ғана жұмысының өркендей беруіне тілектеспін, Қазақстанның барлық қалаларына қол жетімді, сапалы өнімдер әкеліп, әйел қауымын қуантып жүре берсін🙌
@gulbakyt_980111 ай бұрын
Айгүл ханымның қалай өз еңбегімен көтерілгенін оны бұрыннан бақылайтын оқырмандары біледі😘Жарайсыз Айгүл ханым,тоқтамаңыз,дамыңыз,өсіңіз,өніңіз!Біз әрқашан қолдаймыз!Сумка тоқып жүргеніңізден бастам еңбекқорлығыңыз қатты байқалатын!Қазір міне жемісін көріп отсыз!Жолдасыңыз екеуіңзге Алла ұзақ ғұмыр берсін,отбасыңыз аман болсын,қалғаны бұйырса болады
@fishingkot239211 ай бұрын
Бұрын айтушы едим, Алла адамның еңбегінің ақысын жемейді деуші едім! Сіздің өмір осы сөздің дәлелі! Сөз жоқ! Большое уважение вам❤
@ДанашИбрагимова11 ай бұрын
Керемет енбеккор, адал, ак конил, шыншыл еки кызды ангимеси болды, тындай бергин келеди, енбектериниз берекелди болсын, бакытты болыныздар.
@Naziraamankulkyzy5 ай бұрын
Ма щаа Аллаһ 😊😊керемет подкаст болды,😢 отырып қарадым,Айгүл ханым еңбекқорлығыңызға тәнті болдым ма щаа Аллаһ, Алла ісіңізге береке берсін,бақытты болыңыз ❤❤❤Балаларыңыздың тек қызығын көріңіздер ❤❤❤
@NurgulEska11 ай бұрын
Әсерлі подкаст болды. Бұлай аяғына дейін тыңдай алмайтын едім жалығып кететінмін әңгімелерінен. Бұл сырласуды аяғына дейін тыңдай алдым және жалғасы болса екен деп. Ақботаның нәзіктігі, Айгүлдің қарапайымдылығы мен тартымдылығы үйлескен подкаст болды❤
@ZamanbekXan11 ай бұрын
Ерубаева Айгуль ханым оте енбеккор адам, адамдарга мыкты мотивация береды 👍мыкты одан ары дамый берыныз
@AsselZholaman-zo4jc11 ай бұрын
Оте пайдалы подкаст болды! Акбота ханым Алла разы болсын!❤
@tanaqueen648111 ай бұрын
мәссаған! Ақбота ханым , негізі сіз туралы дұрыс ойламаған едім, Майбахты арендаға алды , өтірік өмірін көрсетеді деп , осы подкасттарыңызды тыңдағалы көз қарасым 200% ке өзгерді , өз ойымнан өзім ұялып қалдым, рақмет сізге, Алла жолыңызды ашық қылсын🤲 Ал Айгүл ханымға келсем, менде декретте отырған жас анамын, қаншама мотивация алып жатырмын, кеше алғаш рет өзімнің рилсымды салып бастадым😁 Алла қаласа осы жолы тоқтамай , результатқа жетемін деп шештім❤️❤️❤️ рақмет сізге осындай пайдалы подкасттар жасап жатқаныңызға , Алла разы болсын🙏
@Zhuldyzdynomirinen9 ай бұрын
Не жайында рилстар тусыресыз менде тусыргым келеды но неден бастарымды билмей әлекпін
@tanaqueen64819 ай бұрын
@@Zhuldyzdynomirinen өміріңізді түсіріңізде за кадровый текст оқып салыңыз. Өзіңіздің ойыңызбен бөлісе беріңіз … адамдарға қызық
@rizamen11 ай бұрын
Үзбей қарап шықтым, мотивация ға толы подкаст болды ❤, рахмет 🫶
@danagul.y11 ай бұрын
"Жасаймын" деген адамға ешқандай кедергі жоқ екендігінің нағыз дәлелі. Керемет подкаст. Алла разы болсын. Біраз адамды, соның ішінде мені де әрекетке шақыратын мықты подкаст болды.
@rozassn825011 ай бұрын
Сумка тоқып бастаған кезінен бастап көрдім. Осв жылдар бойы постоянно көріп, мотивация алатын Әйел, Блогер. Жарайсыз
@boss_boss080311 ай бұрын
Мощный мотивация алдым Бугин. Озим инстаграмм аккаунт жургизип журмин,бирак страх бар. Осы подкасттан талай инсайттар алдым. Рахмет сизге , омириниздин бир болигимен болискенинизге. Сиздин жолыңызды бизге берсин. Тура сизге тартып , жолымыз болып, жумысымыз журсин. Енди сиз биздин майбахымызсыз. Аман сау болыңыз
@ГульназСулейменова-г9ю11 ай бұрын
Оте жаксы, шынайы ангиме болды. Акбота, Айгул, рахмет!
@МадинаБайгалиева-к7г10 ай бұрын
Керемет сырласу болды. Нағыз мотивация қыздарға, ниет дұрыс болу керек дегеннің тағы бір дәлелі. Айгүл ханым мықты жан💪
@makpalabdikhalikova14311 ай бұрын
Айгүл ханымның пысықтығына риза болдым үйде отырып, ата-енеге, бала-шағасына қарай отырып бәріне үлгеріп, кәзір осындай жетістікке жетіп отырғаны мақтанға тұрарлық!!! Үлкендерді құрметтеу, батасын алу адамның жолын ашады екен ..... мейірімді келіншек екен жүзімен көрініп тұр. Алла істеріңізге береке берсін!!!!
@Sagdat8911 ай бұрын
Керемет подкаст. Ақбота ханым барған сайын подкасттың потологын қойып жатырсыз керемет, қонақтарыңыз бірінен бірі өтеді. Когда ученик готов, появляеться учитель дегендей подкасттағы темаларыңыз тура бір маған арналып түсірілгендей... рахмет көп көп. Айгүл ханымға тоже сөз жоқ, қарапайымдылықтың потологын қояды екен... Алла берекесін берсін кәсіптеріңіздің!!! Соңында еркек басыммен сен менің анамды алақанда ұстадың, менде сені құрметтейм деп айтты күйеуім дегенде, сіздермен бірге жас шығып кетті көзімнен... Алла бақытты Баянды ғұмыр берсін, алтын гауһар тойға жетуді нәсіп етсін!!! баталы құл арымас деген осы шығар... Ақбота ханым бір өтініш, үйде отырған аналар, қыз келіншектер деп айтпаңызшы, менде көремғ)))
@АлмаАжикожаева11 ай бұрын
Айгуль ханым, ішінде оты бар адам ғой! Заманауи қазақтың батыр қызы! Жеке үлгі тұрарлық тұлға! Сондай нәзік жанның ішінде қаааншама энергия, идея, батылдық! Жауапкершілігі мол, әрбір сөзіне жауап береді! Айтты ма, жасайды! Уақытына дейін жауапты ғой шіркін! Четко, конкретно, красиво! БРАВО 🎊❤️
@DarigaKasen3 ай бұрын
Осы қыз парақшасы қайсы екен .
@АктолкынАхметова-у1я11 ай бұрын
Айгул оте енбек кор кыз окып жургениме 2021жылдан бери караймын менде видео ларын корип уйге ремонт жасадым касымдаргыларга айтамын оте пысык келіншек караныздар деп бакытты бол аке шешесін айтсам ажырасканын козиме жас келеди ажырасу балаларга катты асер етеди арине Сидомен бакытты бол жолдасын карапайым енбеккор бала екени коринип тур менин балам болсын дейтин бала еңбегін жассын ары карай трендиолды осы Айгулден окыганмын бираз дуниелер алдым уйге Рахмет уйде отырып козимиз ашылды кытайга заказ бен киим кешек баска дүниелер алдык базарга бармаймыз казир жаксы интервью болды керемет
@akanova_aknur11 ай бұрын
Мені жылатқан подкаст болды.😢 Осознанность келді Алладан қарым қатынас жайлы и шынайылық, тоқтамай еңбек ету арқылы үлкен жетістікке жетуге болатынын көрсеткен мықты подкаст болды. Үлкеннің батасын алу күйеуіңді сыйлап айтқанын тыңдау вроде бы күнде естіп жүрміз, нооо осы подкаст маған соның жемісі Алла ризығыңды молайтып, бақыт береке гормония болатынын түсіндірген подкаст болды
@ЖаннаМах-л9л8 ай бұрын
Рахмет сызге кушты оку болды мен ушун, негызы коркам рилс тусургенде анау не айтады деп, сызден корып енды рилстерымды бастаймын❤❤❤❤
@Аида-ш3м6о11 ай бұрын
Подкаст өте қатты ұнады. Орысша на одном дыхании деп айтады ғой, солай көріп тыңдап шықтым. Ақбота ханымның каналына бірінші кіруім. Осындай сұхбатқа үлкен рахмет. Айгүл ханым өте ұстамды, өз өзіне сенімді екен, сол қырынан таныдым сұхбаттан. Маған ұнағаны Айгүл ханым жолдасының разылығын алып жүрген әр ісінде. Күйеуінің разылығы Алланың разылығы демекші, Алла Тағала жұмыстарыңызға береке берсін. Жаңа жобаларыңыз, жаңа бизнес идеяларыңыз көбейе берсін.
@ЖигерБудабай11 ай бұрын
Айгул Ерубаева ханым керемет сұхбат болды. Тек қана алға. Әрекетте берекет. Бүкіл әлемге танымал болыңыздар Сидо мырза екеуіңіз СІЗДЕРДІ КӨРІП ҚУАНЫШТАРЫҢЫЗҒА ҚУАНЫП ЖҮРСІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ. БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҚҚАН ДЕП🎉🎉🎉
@gulbarshinzhappasbaeva55647 ай бұрын
Кір жуып отырып, керемет подкаст тыңдап шықтым. Қандай еңбекқор, ізденімпаз, ақылды қызсыңдар. Еңбектеріңіз одан әрі жана берсін! 🙏🏻🙏🏻🙏🏻 Енеңіздің батасын алу - ол күйеуіңнің разылығына ие болу ғой
@АйданаБашенова-э6о5 ай бұрын
Сәлеметсіз бе! Өте жақсы сұхбат болды. Маған ұнағаны ата ананың, күйеудің айтқанын тыңдау дегенді қарапайым жеткізе білді. Инстаграмды қарапайым түсіндіріп берді. Супер! Алла осы сұхбатты көрсетті шүкір!
@АйгеримДжазыбаева11 ай бұрын
Екі жарқын көңілді, қарапайым қазақ қыздары😘 Осындай тәрбиелік бәні бар подкаст көп болса екен
@muratkyzy_gulzhaz11 ай бұрын
Подкаст ұнады. Осы 2020жылы маған анам қытаймен бизнес деп курс алып берген еді, мен басын бастап оқыдым да, заказ бермедім, тұрған үйімде интернет дұрыс ұстамайды деп сылтауратып, сол күйімен ол курс жайына қалды. Енді қазір ойлап отырмын осы подкастты көріп, сонда менде әрекет пен жауапкершілік болмапты ғой деп. Мүмкін сол кезде бастағанда қазір басқалай жетістікке жетер ме едім. Мәә содан бәрі 4 жыл уақыт өтіп кетіпті. Мен енді ғана саналы түрде инстаграммды жүргізіп бастадым. Сіздердің оқиғаларыңыз сабақ болып отыр, рақмет. Қорықпай осы қазіргі әрекеттерімді тоқтатпай жасай беремін, жасай беремін. Көп рақмет за толчок в 🍑. 😁 болды
@АйгеримАбишева-ф4й11 ай бұрын
Оте керемет сухбат болды. Энергия мыкты Айгуль ханым. Сиздин сухбатыныздан кеин енбектенип жумыс истеуге ниет катты ашылды. Абай атамыз айтпакшы "Енбек етсен еринбей тояды карнын тиленбей"
@АйжанАлпысбаева-д8б11 ай бұрын
Өте ақылды әйел екен, мен 1 ші рет көріп отырмын , риза болдым👏🏼👏🏼👏🏼
@МеруертАбдуллаева-х9ы11 ай бұрын
Қандай керемет қыз, осы қызды жақсы көрем күнде сториздерін қарағанды ұнатамын, Шымкенттегі үйден распаковка жасайтын уақыттан бастап жазылғанмын, жолдасына фура алып шащу шашып жатқан уақытынан бастап көрем, мықты жарайсың дегім келеді, шыныменде ата-ененің, үлкен кісілердің батасын алған адам осылай көтеріледі екен❤ Біраз мотивация алдым көп рахмет, өмірге деген талпыну, әрекет ету, соның жемісін көрген кездегі сезімді жеткізу мүмкін емес❤ ❤❤❤❤❤❤ Бұйырса тек жақсы күндерді көрсетсін Аллам, анасына үй сыйлағаны, папасына машина сыйлағаны, тоқыма тоқып пост салғандары бәрін білем сол сезімдерді бірге сезініп бірге қосыла жылағанмын шыны керек, бізді де Айгул сияқты сыйлық берушілерден етсін, үлкендерге үй, машина сыйлауды нәсіп етсін Алла❤🤲
@Muxanbet.guljanat8 ай бұрын
Рахмет сіздерге көп көп керемет поткаст болды.Өте көп мағыналы әңгіме болды
@ТалгатКенжебаев-у7ю6 ай бұрын
Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деп бекер айтылмаған. Басыңызға бақ берген қазақтың қызы екенсіз. Байыса қазағым байысын. Подкаст өте күшті болған. Үлкен әсер алдым👍
@АкмоншакЕмбергенова-т8й11 ай бұрын
Ақбота ханым Айгүл ханымды күшті аштыңыз. Подкатс керемет болды. Өзіміз үшін көп нәрсе алдық. Енесі туралы айтқан ангімесі өтті. Менің екі бауырым бар, бірақ қартайған ата-анама өзім қарап отырмын. Аллаһым ол кісілерді менің қолыма жайдан жай жібермеген екен ғой, батасын алсын, өссін, өнсін деп жіберген екен ғой. Алладан ата-анам үшін деңсаулық сұраймын. Сізлерге көп рахмет ❤.
@GulmiraKambarbekova-k6h11 ай бұрын
Ақбота Айгүл мына подкасттарың бомба болды. Бір деммен көріп шықтым. Түйсікке тұйіп алар нәрсе көп айтылды. Алдаһтың нұры жаусың. Аман бодыңдар!!! Жолдарың ашық болсын!
@akbotaanuarbek11 ай бұрын
❤️🫂😊
@Asco858611 ай бұрын
Керемет сұхбат болды. Амал ет, қимылда Аллаһ үйіп-төгіп берері көп. Тәрбиелік, өнегелік мәні бар подкаст болды. Өзіме инсайттар алдым.
@laubaevas11 ай бұрын
Қарааап отырып прям бір фильм көргендей болдым. Айгүл ханымның барлық өткенін айтып отырғаны сториз көріп отырғандай бәрін еске түсірдік қой😅 Жаныым бір қарапайымсыз ғой. Барахолкадағы үйіңіз туралы айтқанды күліп өлдім😅 Бір жақынымызды өмірі сияқты, бәрі еске түсті. Молодец, қарап тамсанасын. Кіп-кішкентай сары қыз, өзінің пысықтығы мен еңбекқорлығымен бастысы қарапайымдылығымен осы жетістікке жетіп отыр. Енді бір 5жылда Қазақстанның бай магнат олигархтарының қатарында болыңыз ❤😘 Жаным сол жақсы көреміз! ♥️♥️♥️♥️♥️
@АйманАлипбаева-д7о11 ай бұрын
Айналайын бакытты бол өс,өн,өркенің жайылсын.Ата-анаң жақсы тәрбие берген адал сүт емген бала екенсің .Ата-енеңнің ақ батасын алған екенсің ,берген баталары қабыл болсын.Қосағыңмен қоса ағарып үбірлі шүбірлі бол😘😘
@GulzhanatNurzhan8 ай бұрын
Керемет, сұлу қыздар, жарайсыңдар. Естір құлаққа сондай өнегелі сұқбат болды. ❤
@АктолкынИбадуллаевна11 ай бұрын
Мына подкастты барлығы көруі керек деп ойлаймын.Не деген шынайылық!Мен бұл кісіні танымайды екенмін.Осындай адал адамдардың барына қуанамын.Респект!!! Ақбота ханым ,осындай шынайы оқиғалары бар еңбекқор адамдарды халыққа танытып жатқаныңызға алғысым шексіз!Айгуль ханымның ерік жігеріне риза болдым !Әсіресе жолдасымен қарым қатынасы,адамгершілік қасиеті ұнады .Жылап ,қозғалмай отырып бір деммен көрдім.😭😭😭Сіздің подкастты күніге көремін.Жұмысыңызға табыс тілеймін!Осындай кейіпкерлерді көбірек шақыра беріңіз.❤❤❤
@akbotaanuarbek11 ай бұрын
❤❤❤❤
@AdelaidaZhanatovna-wf8nm11 ай бұрын
Керемет подкаст болды❤❤❤ жалпы Айнұр ханымның алғашқы оқушыларынын қатарында менде болғам 2020ж. Менде декретте отырып Сумка тоқуға қызығу шылығым артып Айгүл ханымның сабақтарын оқып біраз сауда Жасан едім 💐💐💐Алла разы болсын сізге🤲 сіз шынайы, кең жүректі адам болғандықтан адамдар сізге дұға жасайды Алла разы болсын деп, сол себепті Сіз Алланың сүйген құлысыз❤ Аллахым әр дайым сізді қолдап жүрсін. Еңбеңіздің жемісін көре беріңіз, қарапайым қазақ елге үйрететінніңіз таусылмасын, саудлараныңыздың берекесін берсін🤲🤲🤲 Чугун қазан алу үшін бүл комментарияны жазып отырған жоқпын😊 Шынайы жүректен шыққан лебіздер бұл❤❤❤ Аман болыңыздар🤲🤲🤲❤❤❤
@ГулзадаМухамедова11 ай бұрын
Енесине кызмет етип шын омирге бар маххаббатымен шыгарып салганынын аркасында, батасын алып жатканынын аркасы. молодец, жолын ардайым ашык болсын, сенин жолынды бастай алмай журген кыз келиншектер кусын, мотивация алсын, подкаст шынайы отти озим де корип отырып сендерге косылып жас келди козиме, молодцы кыздар✊
@Amini__mini11 ай бұрын
Подкастер сұхбат берушіні адам, тұлға, маман ретінде де мықты ашты. Соңына дейін бір деммен қарап шықтым. Оқиғалардың ішіне кіріп кеттім. Ішінде нақты мына оқиға өтті деуге, бөлшектеуге келмейді, осы подкаст тұтас ағза сияқты әсер қалдырды. Душевный подкаст получился✨ Сұхбат берушіні осы подкаст арқылы білдім. Осындай подкасттар легі тоқтамасын✨🌸
@ЖансулуКобегенова-и8и11 ай бұрын
Вау прям керемет сиздер кыздар бирге жылап,бирге кулип отырдым,дами бериниздер,казактын осындай о-ден дамыган,байыган кыздарды ,жигиттерди корсетип жаткан Акбота Ханым жаным Сол Рахмет сизге,адамдардын ойын дамытып жургендеринизге алгысым шексиз,Алла еки омири бакытын Насип етсин❤
@shynarkopbayeva429911 ай бұрын
Считаю, что самый лучший подкаст получился👍👍👍 Такие нежные и красивые девушки с таким сильным духом и внутренним стержнем, спасибо вам, такое уважение и восторг вызываете, показали своим примером, что труд и Вера могут привести к любым мечтам👏👏👏 Все эмоции прожила пока слушала подкаст - и слёзы, и радость, и восхищение, и уважение, желаю Айгуль и Акботе успехов и процветания во всех проектах🌹🌹🌹
Осы подкаст қалай көзіме түсті білмеймін. Өйткені көбінесе орысша тыңдаймын. Бірақ өте қызық, душевный подкаст болып шықты. Екеүініз де өте мықты, ашық, уникальный әйелдерсіз❤️ Мотивация керек болған кезде өте пайдалы сұхбат🔥🔥🔥
@Sokroviwa11 ай бұрын
Әсерлі подкаст болды жылап кордим,Қарапайымдылық, перзент ретінде армандарына жеткен, тәрбиелі қыз үлкеннен бата алу, пейили кен екен көз тимесин,Кудайда көтере алатын адамга берер, арбир казактын кызы осындай енбеккор болсыншы 😊
@ЖанараНурсейтова-у8ь11 ай бұрын
Керемет әсерлі поскаст болды, 5 баламмен 10 жыл болды үйде отырғаныма жақсы мативация алдым,енді өмірімнің жақсы жаққа өзгеретініне сенімдімін, рахмет сіздерге, Айгүль ханым ең бастысы енесінің ақ батасын алған келін, екіншіден сабырлығы күшті болған жан, үшіншіден күйеуінің айтқанынан шықпаған жан және де еңбек қор адамсыз 👍🫶👏 енді соның бәрін шыдай алғандықтан, кәзір жемісін көріп отырсыз👍👏
@Gul_Nur8011 ай бұрын
Керемет подкаст болды. Түнгі екіде өзімде қосылып жыладым. Рақмет, қайдағы керек емес дүние түсіргенше осындай пайдалы дүниелер болса көбірек. Айгуль ханымға сәттілік. Осы подкасттың өзінде қаншама инсайтпен бөлістіңіз байқаған адамға. Шынайы ешқандай бояусыз өтті. ❤
@Anel_officol11 ай бұрын
Айгуль ханым - Вы вдохновили меня❤️❤️❤️❤️❤️❤️Ваши слова дошли до сердца, я решила, что тоже добьюсь успеха ради своих детей!!!Настолько откровенный подкаст, благодаря Вам я поняла, что нет ничего невозможного!!!Аллах велик, Аллах справедлив😍😍😍 Алла разы болсын Сізге🤲 Ақбота ханым да ісіңізге береке берсін Алла тағала, осындай подкасттар арқылы адамдарға рух беріп, отырма, әрекет ет деп бағыт көрсетіп тұрғаныңыз үшін👍🏾👍🏾👍🏾
@akbotaanuarbek11 ай бұрын
❤❤❤❤
@АльбинаСейткамалова-н6з10 ай бұрын
Керемет история 😢 бир жылап алдым, Айгуль ханым керемет жетистикке жеткениниздин артында улкен енбек жатырго, Маган улкен мотивация болды, бираз нарселерди озиме туртип алдым. Коп кыз келиншектерге мотивация болды деп ойлайм. Сизди инстаграмм да да корип отырам. Бакытты болыныз!! От басыныз аман болсын ❤❤❤
@gulbakyt_980111 ай бұрын
Еңбекпенен көтерілген жан еді, Айгүл ханым міне оның жетістігін көреді, Халық куә,бәрі куә еңбекке, Еңбекпенен жеткен дүние тәтті еді! Айгүл ханым сәтті болсын әрбір іс Тек жақсылық сізге лайым тілейміз, Әр қазаққа жұғысты болсын береке, Әр қазақтың ырысы болсын кеңінен
@assel77711 ай бұрын
Бір подкаста қаншама инсайт мотивация 😻 Осы интервьюдін өзі бір обучение ғой 👍👍👍👍
@AraylimCeylan8 ай бұрын
Өте шынайы подкаст екен, Құдайдың еңбекке сыйы бар дегенді естігем, яғни еқбек етсең береке болады дегеннің результаты осы.
@АяулымШымырбаева11 ай бұрын
Осындай керемет бағдарлама жасағаныңыз үшін Ақбота ханым сізге ерекше алғысым шексіз😘❤️ Айгул ханымды фотозона жасаймын деп үйіне ремонт жасаған кезінен бастап қарайтынмын, мына кісі қандай пысық кісі деп мотивация алып қарайтынмын😃, жолдасына деген сыйластығына вообще риза болатынмын🥰. Қазір подкасты сондай күшті эмоциямен көрдім❤. Өзім үшін күшті мықты үлгі алдым❤ мышлениемді өте күшті ояттыңыз❤ благодарю🥰
@ГулмираУласова-ъ4н11 ай бұрын
Сиздерге улкен рахмет Маган лично отти кушти шыншылдыгы ,адалдыгы жылап корип алдым. Мен казыргы танда уйде отырмын...От болдыго Мотиваторымызсыз Акбота Ханым сиздин осы подкасыныз аркылы Айгул ханымды жаныма жакынырак таныдык.... 1:32:18 ❤❤❤❤
@АсылзатБалабекова11 ай бұрын
Керемет ашық сұхбат болды! Айгүл ханымды бірінші рет көріп, танысып отырмын. Өзінің көп минустарымды ашып айтып берді деп айта аламын. Өзіміз негізі минустарымызды мойындамай , менікі дұрыстыққа салып жатамыз ғой. Күйеуіне деген сыйластығына тәнті болдым🥹 Көп қыздардан, ортада болғанда естіп жатам өзі де күйеуі де жұмыс жасайды бірақ күйеуінің ақшасына разы емес ештенеге жетіп жатқан жоқ, мен бәріне төлеп, балаларымды киіндіріп отырмын деп міндетсініп жатқандарды көргенде қарным ашып қалатын. Мен де декретте отырған келіншекпін. 1 қызым бар тәп-тәтті . Күйеуім Аллаға шүкір айына миллион тауып отырса да, мен де тура осы Айгүл ханым секілді ақша сұрауға ұяламын, неге мен ғана осындаймын ба осы деп ойлап жүрген едім қазір осы сұхбатты көріп отырып әйел адам бәрінде осылай болады екен ғой деген түсінік пайда болды . Оны мен минус деп санамаймын, оған ренжімеймін де. Просто мен күйеуімнің барлығын ойлап, үй алайық, машина алайық , бүйтейік сүйтеміз деп күнде ақылдасып жүргендіктен менде артымды ойлап қоя ғойш деп үндемей салам. Шүкір бірақ сұрасам жоқ демейді. Айгүл ханымға тілегім табысыңыз өсе берсін, өмір жолында мойымаңыз. Сіздің осы қарапайым қалпыңызда қалғаныңызды қаламаймын.❤
@ЖадыраЕржанова-ю2ъ11 ай бұрын
Керемет сұқбат болды❤Жаным Айгүл ханым сондай қарапайым ,үлгі тұтар жансыз Недеген еңбек нағыз қазақылықты жоғалтпаған қазақтың қайсар қызын көрдім ❤Өзіме біраз нәрсе түртіп алдым 👍👍👍🥰👏
@Aya_izat11 ай бұрын
Кушти болды подкаст, Рахмет пайдалы жерин алдым озиме❤
@ЖаннаБайбосынова11 ай бұрын
Керемет адамды аштым өзіме бүгін (для меня это открытие). Тұнып-тұрған мотивация. Айгүл ханымның қарапайымдылығына тәнті болдым. Керемет жан екен. “Мүмкін емес нәрсе жоқ”-тың тағы бір дәлелі.
@aknietaltinbai205711 ай бұрын
Кудай куат берсин сизге, бир деммен кордим до конца жарайсыз тек алга
@СаулеБолысбекова-ю4ц9 ай бұрын
Керемет сухбат болды!екеуи де карапайым жандар! Алла разы болсые
@Moldir_sattarova11 ай бұрын
Керемет жансыз Айгуль ханым.Алла береринен таймасын,ул кыздарыныздын рахатын кориниз,Ата анасының ақ батасының арнасы деп ойлаймын,Алла тил көзден сақтасын