Ой,Гүлеке! Сен қыз жарайсың, ат үстінде отырып, аңшылық тақырыпты қандай әдемі алып шықтың! Құдай қуат берсін өзіңе!
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет, Назико!
@МейрамгүлНүсүпбек2 жыл бұрын
Аңшы - деген кәсіп екенін, аңшылықтың зор өнер екенін таныттыңыз. Аңшылық табиғаттың сырын үйрететін, шеберлікке баулитын мектеп. Бала кезімізде үлкендердің аңға шыққандағы әңгімелерін құмарлана тыңдайтын едік. Қақпан салудың тәсілі мен ұлардың ерекшелігін, қасқырдың қасиетін жақсы таныттыңыз. Әсерлі әңгімеңіз үшін өзіңізге де аңшыларыңызға да мың алғыс. Жалғасын күтеміз, Гүлмария апай.
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет!
@rabigasaut55292 жыл бұрын
Гүлмәрия әпке,сіздің ерекше жүргізушілік қабілетіңізге, сөз саптау мәдениетіңізге тәнтімін. Табиғат аясында аңшылармен сұхбат барысындағы қызықты әңгіме керемет болған екен! Қазандағы қайнап жатқан қырғауыл сорпасы(ауыздан сілекейді ағыздыңыз),қазақ үйіміз,бүркіт,қанжығалы болып қайтқан көрініс бәрі ғажап! Атқа отырған аңшы қазағыма аманшылық тілеймін! Әпке,әр сұхбатыңыз осылай сәттілігімен болсын!🙏😘🌹👍✊
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет!
@УлбосынКабдыкаримова2 жыл бұрын
Этнографиялық тамаша контент. Осындай дүниелер көп болса, ұлттық құндылықтардың дамуына зор үлес болар еді. Рақмет сізге!
@anardalelkhankyzy56072 жыл бұрын
Сәлеметсізбе, әпке! Қандай керемет сұхбат. Нағыз қазақтың таза әңгімелерінен сусындағандай күй кештім...
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет, Анар!
@Өмірағай2 жыл бұрын
Керемет, Гүлмәрия әпке!
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет, бауырым!
@erkinajormanbekowa38642 жыл бұрын
Керемет, әпке! Атамның көкбөріктен тоны есіме түсіп кетті ...
@Zhasulan_8416 Жыл бұрын
Қазағымыздың сіздердей Аға, апайларымыз көп болсын, аман болсын!
@ҚазираМатаева2 жыл бұрын
Менің атам аңщы болған, екі тазысы, бүркіті болған.Бір қара тазысының алдыңғы аяғында ақ таңбасы болған. Шамасы күшік кезінен асыраған ғой деймін, аты Ақбілек болатын. Мен ол кісінің өнерін қызықтай алмадым, керісінше атам ұзаққа кеткенде сағынып жылап елдің есін алатынмын. Сол тәтті шақтарым есіме атамды сағынып жүрмін. Рақмет саған Гүлеке.
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет!
@bagilaorynkhanova14472 жыл бұрын
Әпкетай, керемет сұхбат екен👍 70 ші жылдарда біздің жас кезімізде менің атамда аңшылық жасайтын еді, өзі секілді біраз шалдар аттарымен, қолдарында құстары бар кететін еді. Атам үйдің жанына ағаш үй тігіп, құстарын сонда ұстайтын, үйдің шатырында сол құстарына бола кептер ұстайтын😊 өте көп болатын. Әкем бишарада қақпан салып жүруші еді. Бірнеше тазы иттер ұстайтын. Мына хабарыңызды көріп барлығы көз алдымнан өтіп жатыр🤩💖
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Аңшылық деген өзінше бір ғажап дүние екен! Аңшының әңгімесі қандай қызық!
@ДаниярКенжетай-ж9т2 жыл бұрын
Керемет әңгіме ғой Аңшының әңгімесі 👍👍👍👍 Қызылсай дан бір сәлем 🖐️
@ДосымҚуатұлы2 жыл бұрын
Гүлмәрия апай еңбегіңіз жемісті болып, жеңіп шығыңыз!
@gulmariya_barmanbekova2 жыл бұрын
Рақмет!
@RaushanAijanova Жыл бұрын
Керемет!
@gulmariya_barmanbekova Жыл бұрын
Рақмет!
@Актау-п5м2 жыл бұрын
сауболың әңгімен естіп риза болдық осындай әңгіме көп болсын алла жарболсын
@kulsysndar17502 жыл бұрын
Ата дәстүрімізді әсіресе жастардың арасына көптеп таратқан абзал.
@ОмарбекБейсалиев2 жыл бұрын
Фейсбуктағы постыңызды оқып, сілтемеге өтіп, кіріп алып қызықты әңімелеріңізден шыға алмай қалдым ғой. 👍🏻