Қанды қырғынға бір ай! Халық күткен нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз ба?

  Рет қаралды 104,924

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Тура бір ай бұрын елімізде қаңтардағы қанды қырғын басталған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімовты қызметінен кетіріп, кейіннен оның "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен тергеліп жатқаны мәлім болды. Бұрынғы Үкімет басшысы өз еркімен кетсе, бірқатар министрлердің орнын жаңа шенеуніктер басты. Сұйытылған газ, бензин мен дизельдің, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бірінші шілдеге дейін қымбаттамайды. Бұл дағдарысқа қарсы уақытша шара.
Бірақ, Үкімет ел игілігі үшін биыл барлық саланы реформалауға міндетті. Үкіметтің бекіткен бағдарламасы тағы да маусымдық, тек статистикаға жұмыс істейтін шаралар болып қалмай ма? Халық күткен нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз ба? Әріптесім Айбар Төлжанұлының саясаттанушылардың пікірін тыңдаған еді.
Бір айда ең қатты байқалған дүние - кадрлардың ауысуы. Президент әуелі биліктің негізгі тізгінін ұстаған кадрларды ауыстырды. Айдың басында Үкіметті басқарған Асқар Мәмин өз еркімен кетсе, сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімов Президент өкімімен қызметінен босатылды. Кейіннен Атамекен кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур құлыбаев, QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досанов секілді олигархтар өз еркімен қызметтен кетті. Үкімет жаңарды, тең жарты министр ауысты. Парламент Тұңғыш Президент туралы заңнан ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларды Тұңғыш Президентпен ақылдасуы керек деген норманы алып тастады. Президент жылдар ұлттық компанияларды тиімсіз басқарып келген Самұрық Қазына қорын түбегейлі реформалауды тапсырды. Енді қорға бағынышты алпауыт компаниялардың біразі жекешелендіріледі. Қорға қарайтын барлық компанияның тендерлері жіті тексеріледі. Қазірдің өзінде жүзден астам штаттағы кадры қысқарды. Қазақстан халқына деп аталатын қор ашылды, оған 130 миллиард жиналды. Автомобильдерге утильалым жинап келген компания да жекенің қолынан мемлекетке өтті. "Жасыл Даму" компаниясы енді айдың соңына дейін утильалымның қолжетімді жаңа тарифін бекітпек. Ал, автокөлігі жоқ азаматтар үшін Қазақстанда құрастырылған құны 15 миллион теңгеге дейінгі көліктер 4-пайызбен несиеге беріледі. Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті 1 шілдеге дейін газдың бағасы батыс өңірлерде 50, өзге аймақтарда 70 теңгеден өспейтінін мәлімдеді. Бензин, дизель, әлеуметтік азық-түлік пен коммуналдық ақылардың да қымбаттауына шектеу қойылды. Саясаттанушы Талғат Қалиев Президенттің айтқан саяси реформасына Үкімет бір жылдық емес, көпжылдық бағдарлама бекітуі тиіс деді.
ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, саясаттанушы:
- Егер бастық болған соң өзін жоғары ұстау керек, ол бай болуы керек деген. Сондықтан соның арқасында коррупцияға көзіміз жұмылып кетті. Мемлекеттік аппарат, мемлекеттік қызметкерлер ауысу керек. Ол адамды ауыстыру емес. Системаны ауыстыру керек. Жұмысқа көзқарасын, бюджеттік кодексті, бюджеттік тәртіптің шарттарын өзгерту керек
Алайда, Талғат Қалиев реформаны жасау тек үкімет пен парламенттің ғана міндеті емес дейді. Халық сергек болуы керек. Әрбір істе қоғамдық бақылау мықты болу қажет. Яғни: әрбір азамат заңсыздыққа, жемқорлыққа жол бермей, өз құқығын сақтап атқарушы биліктен статистикалық есепті емес, нақты нәтижені талап етуі керек. Қазір Қазақстанда азаматтық қоғам оянып келе жатыр деген саясаттанушы Президенттің айтқан барлық тапсырмасы мен оның атқарылуы тікелей халыққа байланысты дейді. Айта кетейік, Үкімет алты ай бойы бағаны қымбаттатпауға шектеу қойғанымен, одан кейінгі жоспардың қандай болатынын әзірге жарияламады.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

Пікірлер: 286
@user-go1nz9ff6y
@user-go1nz9ff6y 2 жыл бұрын
Оттапты,не өзгерді бөтен бөріні,өз бөрісіне ауыстырды ,енді осылар жейді елді,өңкей жалмұт не тоймайды,не қоймайды !
@user-vg2yr3xn8i
@user-vg2yr3xn8i 2 жыл бұрын
Сонда кимге сенесин Сирия или Ливия болганын калайсынба артын багайык
@user-tb5xw2ym3s
@user-tb5xw2ym3s 2 жыл бұрын
Құры ауызбен, бітіп жатқан дым жоқ
@user-wz6sg9lk2d
@user-wz6sg9lk2d 2 жыл бұрын
Ауызбен айтып жеткизуден басталады.
@user-bc7pg6rj6r
@user-bc7pg6rj6r 2 жыл бұрын
Дұоыс айтасың шіріген билікті ауыстыру керек...Жасттарға орын беру керек..☝🖐✊👏🤝👍🤲
@user-mf1rn7fe4s
@user-mf1rn7fe4s 2 жыл бұрын
Ештеңе өзгерген жоқ бәрі жалған.бірі кетсе орнына итін қоиып жатыр. Не бұл?
@user-iq7pk4ho3x
@user-iq7pk4ho3x 2 жыл бұрын
Жастар солардын бала шагасыма
@user-ce4em7yh7m
@user-ce4em7yh7m 2 жыл бұрын
@АДАЛ ҚАЗАҚ Орынды пікір!
@user-tl5pv8od8h
@user-tl5pv8od8h 2 жыл бұрын
Оттапсыңдар!Бірінші ұры кетті,екінші ұры келді.
@user-hv1dj3ct8r
@user-hv1dj3ct8r 2 жыл бұрын
Жазықсыз төгілген Қазағымның қанын кім кайтарат .Билік жауап беріндер!
@user-wj9ze2yg5q
@user-wj9ze2yg5q 2 жыл бұрын
Млд жеп кете берген қандай жақсы .
@kazakbalasi3674
@kazakbalasi3674 2 жыл бұрын
Құдай-ау осындай жиіркенішті өтірікші журналистерден қашан құтылады екенбіз.Я Алла осындай сатқын арамтамақ журналистер мен сатқындардан құтқара көрші!!!
@joestarbrando7451
@joestarbrando7451 2 жыл бұрын
Ештене де озгерген жок,сол баягы кымбаттау журип жатыр.
@gulmirasabdenova7567
@gulmirasabdenova7567 2 жыл бұрын
Күйеу балалары жай кеткен жоқ, орындарына өз адамдарын қойып кетіпті, сонда олардың кеткенінен не пайда.
@orynbasarismail1800
@orynbasarismail1800 2 жыл бұрын
Ақиқатын айтқыштар осыларға кім кінәлі неге айтпайсындар яғни халықты қырған кім?
@user-vz5wn8sh4l
@user-vz5wn8sh4l 2 жыл бұрын
Кінәні мәсімовке жаба салып қүтыламыз деп ойламай ақ қойсын оқ атуға бұйрық берген қылмыскер нағыз сатқын сол ол құтылмайды
@nyc8344
@nyc8344 2 жыл бұрын
Кто ты ??
@nyc8344
@nyc8344 2 жыл бұрын
Акылдысынба шыксай батыр болсан
@nelsonmandela2728
@nelsonmandela2728 2 жыл бұрын
@@nyc8344 Касым, сенсын ба?
@ulpiyasaurykova8084
@ulpiyasaurykova8084 2 жыл бұрын
ЖЕТЕР, қаныпезерлер! Осынша күнде, денсаулықтан журдай қылып, рухтарын таптап болдыңдар! БОСАТЫҢДАР, титтей де имандарың болса.
@servicepro3597
@servicepro3597 2 жыл бұрын
Дурыс айтады ,,адамдар емес системная озгерту керек
@nursulutlemisova8463
@nursulutlemisova8463 2 жыл бұрын
Ешкандай озгерыс жок Сол кымбатшылык бул укыметпен болашак булынгыр орындары ауысты болды тендер деп тонап быттындер гойКазакстанды
@gs3830
@gs3830 2 жыл бұрын
Телеарналарға осындай синхрон-сұхбат беретін саясаттанушылар мен сарапшыларды ауыстыру керек. Жаңа көзқарасы бар, шын жақсы өзгерісті қалайтын эксперттерден ғана пікір салыңыздаршы.
@user-gq7es9dz3e
@user-gq7es9dz3e 2 жыл бұрын
Журналисты не все могут рассказывать цензура
@shoraarinov1886
@shoraarinov1886 2 жыл бұрын
журналистердің бала шағасы бар . олар шын мәнінде бийлік не десе соны жазып береді . шындықты жазуға қорқады ал шын айтса оқыс көлік басып кетүі т. б. жәйттер көп
@Turkiye428
@Turkiye428 2 жыл бұрын
ӘДИЛ САЙЛАУ БОЛУЫ КЕРЕК
@user-wf8dg3yi5r
@user-wf8dg3yi5r 2 жыл бұрын
Ештеңе өзгерген жоқ
@user-bj1tf3bx9c
@user-bj1tf3bx9c 2 жыл бұрын
1-шілдеден кейін халқым қалаи кун көреді. Қымбатшылық доғарылсын. Жоғарыда отырып халықтың жағдаиын баспанасын оиласатын Адам керек. Утилдің қажеті жоқ. Халықтың Кредиті толығымен жабылсын. Барлық Қазақстан халқының кредиттік амнйстия жариялансын. Балабасына 36000-берілсін.
@user-id2kp1hy6x
@user-id2kp1hy6x 2 жыл бұрын
Бензин мен Дизельдың бағасын неге түсірмейді?... Түсірсін, азық-түлік сол үшін қымбаттап жатқан жоқ па...
@user-bn8nz9bs8x
@user-bn8nz9bs8x 2 жыл бұрын
Боз сөз халықты алдау бірақ халық сенбейді
@user-si8px3ed6b
@user-si8px3ed6b 2 жыл бұрын
Қандай жиіркенішті, Құдайдан қорықпайтындар.
@user-rb8ye6rq4w
@user-rb8ye6rq4w 2 жыл бұрын
Нақты нәтижеге жету үшін халқым қырағылық таныты, жіті бақылап, тексеріп отыру керек! Әр олыстың әкімдерін,басшыларын.! Шет Елге еш нәрсе сатылмасчн және еш нәрсе халық шешімінміз берілмесін. Мысалы Халық банк!
@user-fx9fs6uu1n
@user-fx9fs6uu1n 2 жыл бұрын
Бир айда не өзгерді ештеңе сол баяғы жартас сол жартас орындарын ауыстырғаннан не пайда
@user-kw9qy8nq6y
@user-kw9qy8nq6y 2 жыл бұрын
Банкрот деп жаряқылыу елге тиімсіз, қайткен күнде де қалыққа болсын деген үкіметтің ниеті көрінбейді.
@user-mn3kv8sm4u
@user-mn3kv8sm4u 2 жыл бұрын
Қанды қырғынды кім жасады? Халық жиналып бейбіт шеруге шықты. Қолдан жасалған қырғын, билік жасады деп ойлаймын. Халық бұлай қырыламыз деп күткен жоқ.
@user-ye5pz3kd6b
@user-ye5pz3kd6b 2 жыл бұрын
Еш нәрсе арзандаған жоқ, бәрі сол бағада тур, бəрі қымбат
@gulnarhafdolla1558
@gulnarhafdolla1558 2 жыл бұрын
Азық түлік арзандаған жоқ.
@user-ds8yh6hs1u
@user-ds8yh6hs1u 2 жыл бұрын
Бәрі бос сөз.Өмір осылай бірін бірі алдап өтебереді.итқалмақ қамалмай итқалмақ өлмей Қазақстанда жақсылық пен тыныштық болмайды..
@happybouzdey6865
@happybouzdey6865 2 жыл бұрын
Азаптауда жатқан адамдарды босатсын ! Ешқандай нәтиже жоқ
@user-sl7nm2gh5x
@user-sl7nm2gh5x 2 жыл бұрын
Заңды озгертпей еш нәрсе болмайды,
@user-we8ww2th4f
@user-we8ww2th4f 2 жыл бұрын
Қандай кадрлар ауысты?Түкте ауысқан жоқ іштегілерінің килешеватьтаған ауысқан емес көз бояушылық.
@user-we8ww2th4f
@user-we8ww2th4f 2 жыл бұрын
@АДАЛ ҚАЗАҚСіздің тәрбиеңіз қана айтып тұрау сіздің білімді ғалым екеніңізді.Сол осындай ғылымдар отырған соң қазағыма оқ атылып тұрғой.Адамды біліп алмай оқ жаудыратынның бірі сіз.
@user-hv1dj3ct8r
@user-hv1dj3ct8r 2 жыл бұрын
Не өзгерді!Еш өзгеріс .жок. Тоқаевта кетсін! Қорадағы малдын орнын ауыстырдым дегендей .
@user-hv1dj3ct8r
@user-hv1dj3ct8r 2 жыл бұрын
Қорыкпаймын мен ешкімнен Құдайдан ғана коркамын Сүмелек
@sayathankalmuratova9832
@sayathankalmuratova9832 2 жыл бұрын
Кояагойыш еш тене озгермейди неге Сол бийликтин созин сойлейсиз калык жинли емес барин корип отыр
@user-cp9gy9lq1g
@user-cp9gy9lq1g 2 жыл бұрын
Кадр ауыскан жоқ,тек орындары ауысты деу керек, жаңадан ешким келген жоқ.... Система ауысу керек...
@user-pf1kz9yk2o
@user-pf1kz9yk2o 2 жыл бұрын
Бәрі жоғарғы отырып жегендеріңіз желкеден шыксын әлі шығады Аланың көзі дүзу көресіңдер
@user-gv3wn7rw7m
@user-gv3wn7rw7m 2 жыл бұрын
Журналистердин беттери тым калындап кеткен типти канына синип кеткен отирик акпаратты судай симирип халыкка таратып тура береди
@Turkiye428
@Turkiye428 2 жыл бұрын
ОТИРИК СТАТИСТИКА ТОКТАТЫЛСЫН
@mobilplis550
@mobilplis550 2 жыл бұрын
Бәрі көз бояушылдық осылар халықты ақымақ санайтына таң қалам.боқ қарынның бәрінің байлығын тексеру керек.байлықты қандай жолмен тапқанын дәлелдесін.
@Uanderdog
@Uanderdog 2 жыл бұрын
Министрлерді бастықтарды орындарын аыстырдыңдар енді одан не пайда ешқандай нәтиже көріп тұрғамжоқ бәрі қалай болды солай қалды,билік толық бүкіл кланымен өздері добровольно кету керек,сол кезде бір жақсы өзгерістер болады әйтпесе мыналарың очередное кино,мыльный операларың халыққа керегі жоқ.
@technodomtechnodom629
@technodomtechnodom629 2 жыл бұрын
Еш нәтиже жоқ, азық-түлік күннен-күнге қымбаттап жатыр, бәрі өтірік!
@hopeforever1118
@hopeforever1118 2 жыл бұрын
Халық сурап, талап қою керек
@erbolzhakupbekov5554
@erbolzhakupbekov5554 2 жыл бұрын
Ел игілігіне қызмет көрсету уақыт жетті!!!!!!!!
@erbolabdirazakov2430
@erbolabdirazakov2430 2 жыл бұрын
Боқты боққа ұрып былшылдатып отыр,сосын несі арзандады ештеңе арзандаған жоқ.Әлеуметтік дүкендерді көбейту керек,сонда жеке кәсіпкерлердеде арзандайды
@nurzanaranzano
@nurzanaranzano 2 жыл бұрын
Үкіметке өткені жақсы болған утил!
@elna7299
@elna7299 2 жыл бұрын
Өткен дымы жоқ көз бояушылық, тек атауы өзгерді, басшылары бұрынғы, халықты ауыш жасамақшы
@user-ls4qn1le4m
@user-ls4qn1le4m 2 жыл бұрын
ҚАРАНЫ, АҚҚА АҚТЫ ҚАРАҒА АУСТЫРДЫДА ҚОЙДЫ. БӘРІ ӨТІРІК. ХАЛЫҚ ОЙЯНДЫ ЕНДІ ТИІШ ОТЫРМАЙДЫ
@user-ze9bo4co4j
@user-ze9bo4co4j 2 жыл бұрын
Кадр ауыстырғаннан дым пайда жоқ.Жүйе ауысу керек.Журналистерді ай шіркін зуылдатады ау
@baimuratsabit4974
@baimuratsabit4974 2 жыл бұрын
Арзандаған Туги жок сол баяғы кымбатшылк кур далбаса Бидай озимизде оседи үн кымбат
@azirkros968
@azirkros968 2 жыл бұрын
Жай орындарынан кетірді. Млрд ақшаны Тоқаев неге қайтартқызбай аузын ашпай отыр. Олардың кеткенінен не пайда заңсыз млрд ақшаны, халықтың байлығын барлығы қайтару керек. Сот арқылы алу керек. Тоқаев 1 ай болды ананы мынаны орынын ғана ауыстырып қойды. Еш өзгеріс көріп отырған жоқпыз. Заңсыз алған ақшаны, байлықты қайтартсын
@user-mc3rv7qr3z
@user-mc3rv7qr3z 2 жыл бұрын
Өзгерген ештеңе көрмедік бір айда ,жәй түстері өзгерді істерін алдағы уақыт шешеді.
@mazi5083
@mazi5083 2 жыл бұрын
Тоқаев%а сеніи жоқ. Ол ойсыз
@user-do3id5fv9u
@user-do3id5fv9u 2 жыл бұрын
Саяси партиялар тіркелу керек, нұр отанды құрту керек,кімді сайлау керек болса оеы халық сайлау керек, депутаттар түгелімен кету керек, халық сайламаса Тоқаев өзі орындарын айырбастай бергеннен түк шықпайды. Қанды қол қылмыскер Тоқаевтың өзі кету керек, елдің әл ауқатын көтеретін, жаны ашитын билік келу керек. Тоқаев халыққа оқ атқаны үшін жауап беру керек.
@user-np7xv5uk9i
@user-np7xv5uk9i 2 жыл бұрын
Қанды қырғын болды, жауапқа ешкім тартылмады, ұсталған адамдар момын болып үйлеріні қайтты, сонда көшеде бүлік істеген екі- үш адам, қалғандары өткіншілер. Үкімет реформасын шеру нәтежесі етіп көрсету алдау, реформа қай кездеде болған. Үкіметпен халық өзін өзі алдап жүбатады.
@aiken_iless
@aiken_iless 2 жыл бұрын
Кредитті созбақдатпай тездетіп кешірсін қарапайым халық бекерден бекер талап етпейді мейлі кредит бермесе бермесін кредит түп тамырымен жойылсын
@user-ll9kw6il6q
@user-ll9kw6il6q 2 жыл бұрын
Сендерде жабуды жаба тоқудың қажті қанша, ешқандаида жаңа адамдар келген жоқ, бұрынғы нұржүиенің ескі құсқы адамдар орын ауыстырып отыр, тек сөзбен қатырасыңдар істелген жұмыс жоқ
@user-yi6ho4fq7h
@user-yi6ho4fq7h 2 жыл бұрын
Ол.бизге.жаналык.емес.бизге.кери.казакстан.азаматына.мунайдан.жане.жер.баилыктын.деведетн.керек.
@user-vd2hv8ji6z
@user-vd2hv8ji6z 2 жыл бұрын
Орындары ауысқанмен еш пайда жоқ жаңартыу керек ұры менжебірлерді отставкаға жіберіп жауапқа тартыу керек.
@user-ds2nb9hk4n
@user-ds2nb9hk4n 2 жыл бұрын
Еш өзгерис жок али бир баладан бастап жардем акы берилсин айелдердиң пенсияға шыгу жасы 58 жас болсын казакстан азаматына бирдей карау керек
@user-fv1fy8bk6i
@user-fv1fy8bk6i 2 жыл бұрын
Заңды қаталдату керек, бағаға түпкілікті ұстап тұратын заң керек, уақытша бағаны ұстап тұрғаннан пайда жоқ, уақыты аяқталысымен қайтадан көтереді, тіпті ұстап қалуға мүмкінді болмай қалады!! Елдің жағдайы алты айда өте жақсы дегенге дейін көтеріліп кетуі мүмкін емес! Сондықтан олигарықтар бағаға ие бола алмайтындай заң керек!!
@privetkakdela9219
@privetkakdela9219 2 жыл бұрын
Бүгін бір ай болды не өзгерді халыққа не жақсылық жасалды қай жақсылықты қолымен ұстап көзімен көріп пайдасын көрді ештене әлі сол бүйту керек сөйту керек естетініміз мүмкін бәрін құрту керек шығар
@user-ng1qq8ds5n
@user-ng1qq8ds5n 2 жыл бұрын
Масимовтың жанына кулибаевты да қамау керек тезірек ол сатқын
@user-qx8oj3py6s
@user-qx8oj3py6s 2 жыл бұрын
Тағы да қымбаттап жатыр. Антимонопльный комитет жұмыс жасамайды, оларды таратып жіберу керек.
@user-vl3gb7se8u
@user-vl3gb7se8u 2 жыл бұрын
Жапон , немістер өздері машина шығарады утилалым арзан , бізде неге қымбат тек гайка бұрайды баға аспандағой
@user-tl5sp7sz1s
@user-tl5sp7sz1s 2 жыл бұрын
Системаны аустырмай еш жақсылық болмайды, бұларға биліктін не керегі бар, жақсылап асап алған.
@saltanatkenges6776
@saltanatkenges6776 2 жыл бұрын
Сырдарйя аудан ауылдарға газ жылу келсе баспана мəселесі кол жетімді болса. Газ кұбырын орнатып əкелу мəсе
@user-pq3tf2gb3o
@user-pq3tf2gb3o 2 жыл бұрын
Тамақтың барлығы дүкенімізге қымбаттап келіп жатыр,
@toktarbaibeliskhodjaev228
@toktarbaibeliskhodjaev228 2 жыл бұрын
Бір қашыр кетсе орнына есек келіп жаиғасып жатыр, бұдан ештеңеде өзгермейді. Сол баяғы жартас бір жартас
@user-tg2kj9gz8o
@user-tg2kj9gz8o 2 жыл бұрын
Откендеги котерилистен канша ма кыршын боздактарымыз олди гой .. Байгустар ай. Одан бери не озгерис... Тукте озгерис жок...
@user-mc7sl9dc6j
@user-mc7sl9dc6j 2 жыл бұрын
Ешнәрсе өзгермейді.басқа жемқорлар келді.айлық қосылды деп бары тағы қымбаттады
@user-li6eg5dy4g
@user-li6eg5dy4g 2 жыл бұрын
Жеген ақшаларын елге қайтарсын. Орындарын ауыстырып, қызметтен кеткенннен дым да пайда жоқ.
@user-vz3vt4zm5e
@user-vz3vt4zm5e 2 жыл бұрын
Шекешелендирилгеннин кереги жок. Байлар байи берсин дегени гой. Кайдагы бага кымбаттамаган.
@user-io9im3jg7t
@user-io9im3jg7t 2 жыл бұрын
Қазақстанда халық өтірік жаңалықтардан әбден мезі болды. Не болып бара жатыр? Сенім аз күдік көп🤔Баяғы жартас сол жартас!!!!
@user-yo9mm1fr4o
@user-yo9mm1fr4o 2 жыл бұрын
Қымбаттамайды деп айтардан бұрын, неге дүкен-базарларды араламасқа. Жемқорлар неге өз еріктерімен кетіп жатыр, неге ұрлағандарын қайтармасқа. Неге жазықсыз қамауда жатқандарды босатпасқа. НЕГЕЛЕР толып жатыр сұрай берсе...
@uyren7539
@uyren7539 2 жыл бұрын
Жақсы сөз - жарым ырыс! Жақсы комментарий-жақсы өмір!
@user-kb4lu4fp5y
@user-kb4lu4fp5y 2 жыл бұрын
Билык тубымен тамырымен кету керек
@user-eu6ir2pz4s
@user-eu6ir2pz4s 2 жыл бұрын
Токаев кетпей бул Казахстан коркеймеси анык Токаевка сенбеймиз канга бойалган колы ол кетсин Назарбаев екуй кетсин
@user-gj1ly4xt5c
@user-gj1ly4xt5c 2 жыл бұрын
Қалык қалай сергек болады, ояу, сергек, белсенділер, калыктын қамын елдің жағдайын ойлайтын азаматтарды ұшса аяғынан, конса қанатын ашса аузын жауып тұншықтырып жатса.
@sisters4211
@sisters4211 2 жыл бұрын
Біздің үкимет 6 айға ойланады да қайтып қымбаттай бастайды
@user-nb4hq7qm7w
@user-nb4hq7qm7w 2 жыл бұрын
Укимет ешкайсысы Казак елине Каза болган отбастарына конiл айтканжок! Тек полицияны теледидардан корсетедi .
@user-xq6xq5qy4b
@user-xq6xq5qy4b 2 жыл бұрын
Адамды Аустырыб Отраберу Керек ,Ермек Сол Болсын ,
@user-oz9gn4dr9s
@user-oz9gn4dr9s 2 жыл бұрын
Халык бакылап отыр, озгерис болмаса система озгермесе онда баскаша сойлесемиз
@badboyy1
@badboyy1 2 жыл бұрын
Ештене Өзгермейди Билик өзгермей
@user-cj6rf1cr8j
@user-cj6rf1cr8j 2 жыл бұрын
букил халык болып шыгып занды озгертуин сурау керек, билик басында урлык болса олим жазасы тагайындалу керек сонда система озгереди 100%процент гарантия, баскалай озгерту мумкин емес,сонда гана жениске жетемиз
@bibigulmashkenova7152
@bibigulmashkenova7152 2 жыл бұрын
Дұрыс айтылды халык алдында есеп берып отыру керек халыктын ой пікірін ескеру қажет
@shoraarinov1886
@shoraarinov1886 2 жыл бұрын
бензин дизель неге арзандамады біз не сонда газды жеймізба әлде ішемізба газды көбінесе Атырау Ақтау батыс өңірлері пайдаланады қалған облыстар бензин дизель отынын қолданады. арзандатыңдар !!!
@user-yd8qc5tm9t
@user-yd8qc5tm9t 2 жыл бұрын
Қандай нәтиже күткеніңе байланысты мен өзім жемқорлардың орны ауысқанан басқа ештеңе көрмедім😆
@user-nf4gb5ml7r
@user-nf4gb5ml7r 2 жыл бұрын
Елді басқаруды М.Жәкішівке беру керек ,сонда өзгеріс болады .қалғаны Баяғы жартас сол жартас .
@user-kk3sd5eb6q
@user-kk3sd5eb6q 2 жыл бұрын
Биликти толык ауыстыру керек еш озгерис жок продукты досих пор кымбат
@user-mj4qs3ir1z
@user-mj4qs3ir1z 2 жыл бұрын
Билыкты ауыстыру керек
@user-vk1th1nu2h
@user-vk1th1nu2h 2 жыл бұрын
Системаны озгерту керек резервтеги жастарга орын беру керек ески чиновниктин барин босату лазым
@gggsss8698
@gggsss8698 2 жыл бұрын
Кредит кешірілсін ! Коллектор дегендер болмасын!! Зейнетақы өссін!
@user-md2cw9yo3r
@user-md2cw9yo3r 2 жыл бұрын
Халык кандай озгерыс болады деп кутып отыр 30 жыл алданган халыкты енды бос созбен алдай алмайсындар
@user-pk1ik9nj2e
@user-pk1ik9nj2e 2 жыл бұрын
Ештене өзгерген жоқ бұлар сөзбен ғана айтады сол қымбаттаған тауарлар қарапайым ұн екі есе қымбаттады бұл төрт аяқты бизнеспмен сымақтар қазақтың жерінде егін егіп өзіміз ге қымбат сатады қолдарынан боқ келмейтін үкімет
@user-wc1kd9vp2h
@user-wc1kd9vp2h 2 жыл бұрын
Жаңарғанын қайтейік Бәрі қымбат
@user-kl1si9hy9d
@user-kl1si9hy9d 2 жыл бұрын
Халыкка берип жатқанын естиген жокпыз
@user-gv3wn7rw7m
@user-gv3wn7rw7m 2 жыл бұрын
Бир урылар кетип екиншилери келди ендеше не озгереди дымда озгермейди киындамаса халык ары карай киыншылык кореди ал олар осы сендер сиякты журналистер аркылы халыктын миын ашытып отирикти сендер аркылы халыкка таратып отыра береди 🎃
@Ad54Basr
@Ad54Basr 2 жыл бұрын
Укимет озгерей ештене озгермейди
@userqwerty2300
@userqwerty2300 2 жыл бұрын
Надо жоска и справедлив , кто виноват надо сажать или На строительство дома на десять лет работу бесплатно и без выходных.
@sayathankalmuratova9832
@sayathankalmuratova9832 2 жыл бұрын
Журеклерин жарылыс кетседе ирасынды сойлеп Олин бул дуньяада болмаса ол дуньяада жууабын бересиз
@user-sh2zs3kg5k
@user-sh2zs3kg5k 2 жыл бұрын
Ком.услуга қымбаттады,кімге айтамыз?
@ardakalmaty556
@ardakalmaty556 2 жыл бұрын
Орындарын гана ауыстырады, одан не паида. Кезек кезек баиытып жатыр деп аитпаима.
@user-ye6jg8xf5f
@user-ye6jg8xf5f 2 жыл бұрын
Бәрі қымбаттап жатыр халықты енді алдай алмайды.
@Mn-ie2hz
@Mn-ie2hz 2 жыл бұрын
АВТОВАЗ БІЗДІ 4%КРЕДИТКЕ ТЫҚПАҚШЫ МАШИНА БАҒАСЫНКӨТЕРЕДІ СОНДА 4% артық БОЛЫП КЕТЕДІ
Информбюро 24.05.2024 Толық шығарылым!
25:44
Информбюро 31
Рет қаралды 46 М.
С.БІЛӘШҰЛЫНЫҢ БЫЛЫҒЫН БІЛЕСІЗДЕР МЕ?
1:23:30
УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ...
Рет қаралды 967 М.
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 103 МЛН
¡Puaj! No comas piruleta sucia, usa un gadget 😱 #herramienta
00:30
JOON Spanish
Рет қаралды 22 МЛН
Назарбаев биліктен кетті. Неге?
1:16:01
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 1,3 МЛН
Su cosa è costruita la nostra SOCIETÀ?
19:16
Will Media
Рет қаралды 13 М.