Қарабауыр қасқалдақ / Лесбек Аманов / Гүлжан Сұлтанқызы

  Рет қаралды 90,560

жанатбек жакупов

жанатбек жакупов

3 жыл бұрын

Қарабауыр қасқалдақ. Лесбек Аманов пен Гүлжан Сұлтанова .
Исполнитель: Лесбек Аманов
Дата выпуска: 2014 г.
Альбом: Қара бауыр қасқалдақ
2014 жылы, күзде, қыркүйек айында Лесбек Аманов пен Гүлжан Сұлтанқызының Астана қаласында менің үйімде қонақта болған кезінде айтылған алты-жеті өлеңдері видео түрінде компьютерде жоғалмай сақталынып қалыпты. Қәзіргі уақытта екі асылымызда "о дүниелік". Ойлап отырсам аруақтар әндерін әдейі маған Астанаға алып келіп, "сенетін адамымыз-ау" деп өздерінше табыстаған болып, жеке басыма үлкен "аманат" арқалатып кеткен екен...осы тектес ойларға оранатыным бар, аруақтар алдында "бұл жәйді" парыз деп түсінгенім бар, Ютубтен канал ашып, кісі аманаттарын жоғалтпай интернет жүйесінде "мәңгіге қалсыншы" деп, кезекпе-кезек салып отырмын. Сіздерден де сұрарым: осы "екі асылмен" түсірілген жақсы видеоларыңыз болса, маған салсаңыздар жақсы болар еді. Ендігі уақытта осы адамдардың шығармашылығына қатысты барлық мәліметтерді жинастырып, топтастыру ойымда бар.
Менің поштам: janat_bek@mail.ru

Пікірлер: 156
@user-do4fe4pc7y
@user-do4fe4pc7y 10 ай бұрын
Қонаев атамызға айтылған сөз қаңғырған шүрегей Колвин
@user-gp4zs2xo7s
@user-gp4zs2xo7s 2 жыл бұрын
Керемет онер деп осындаиды аиту керек Жаткан жери жарык болсын иманы корине сыимасын кандаи онер иеси
@user-pc6kl7ct3g
@user-pc6kl7ct3g 2 жыл бұрын
Лесбек көке иманыңыз серік болсын Дәмдес болып едім
@user-tt7ld1nx7e
@user-tt7ld1nx7e 2 жыл бұрын
Даусы да анде оте асерли Козге жас келтиреди екен Жаткан жери жайлы болсын Алла казак елиме енди ешкандай кияншылыктар болгызбашы Елимиз аман журтымыз тыныш болгай
@qazaq2595
@qazaq2595 2 жыл бұрын
АЛТЫН АЗАМАТ ,,РАХМЕТ!!! КҚҢІЛІМ БОСАП КЕТТІ. ҚАНДАЙ ТАЛАНТ,,,ҚАНДАЙ ТҰСПАЛМЕН ӨМІРДІҢ ШЫНДЫҒЫН,,,ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН СУПЕР ӨЛЕҢ.... ТЕРЕҢ ФИЛОСОФИЯ,,,ОРЫНДЫ ТЕҢЕУ,,,СУПЕР,,СУПЕР...... ӘТТЕҢ ОСЫНДАЙ ТЕРЕҢ ОЙЛАЙТЫН САЗГЕРЛЕР ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ.... ЗАМАННЫҢ ӨЗГЕРІСІН МАЙДА ТІЛМЕН ЖЕТКІЗГЕН АВТОР!!!👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍❤❤❤❤❤💋💋💋💋💋💋💋💋💋💋💋💋💋💋 ТАЛАНТ ДЕГЕН ОСЫ !!!!
@user-sr3qd9tp2y
@user-sr3qd9tp2y Жыл бұрын
Лесбек көке нағыз қазақтың батыры!
@user-qo2yy3qb8u
@user-qo2yy3qb8u 10 ай бұрын
Ұя қалса иесіз айдын үшін сол қайғы, қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды ай.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Солай болғанын көзімізбен көрдік те ғой
@user-td8lv2es7r
@user-td8lv2es7r Жыл бұрын
Алғашқы кездері осы Қасқалдақ әнінің мағынасын түсінбей , жиындарда билеуші едік.Қазір есіме түссе ұялам. Балалық қой.
@user-nu3ot7zq8l
@user-nu3ot7zq8l 2 жыл бұрын
Керемет дауыс ози бугин бир аунап тускен шыгар Алдынан жарылкасын!
@zhanatan1961
@zhanatan1961 2 жыл бұрын
«Астанаға Лесбек Аманов пен «Оңтүстіктің ерке қызы» Гүлжан әнші келді» дегенді естіп, дереу оларды тауып, үйіме қонаққа шақырып алдым. Өнердің қақ ортасында жүрген Кентау інімді де қосылған. Лесбек Амановпен бірге болу, бірге болып отыра, оның осынау аңыз үрдісті шығармасын композитордың өз аузынан есіту, «Желтоқсанның» сол асау күндерін» тоңазыған бойыңыздан қайта сезіну, «бағасы жетпес» асыл күндер екенін сол кезде толықтай байқадым ба екен... осы сәттер «Қазақстанға материалдық емес құндылықтар» ретінде тарихта қалатынын сездім бе екен... Бірақ, менің өз өмірімде, тарихта бұл сәттер «қазынам» болып қалды. Осындай «арқалы адамдар тарихты жасайды» дегенді естігенмін, енді көзім осы күндері оған анық жеткендей. Әлем оянған «Желтоқсанның үш күні» қазақ халқынының еңсесін бір көтермелеп, бір жаныштап тұрған уақытта «аян болған айдай «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен опат болған жастардың жоқтаушысы болып Лесбек ағамыз оңтүстіктен үн қатты. Осы әнді естіген халық аққан көз жасымен бір шетінен жастарға істелген зобырлыққа торынып, екінші шетінен келер күндерге үміт есігін ашқандай болды. Бойымызда ауырлығымен түскен азалы күндер әрбіреуіміздің жанымызды жаншып, сол күндер бойымызды шемендеп алған еді . «Жалтақ үкімет» тарапынан елеусіз қалған асыл Ағама тағы қандай «құрмет көрсетсем» деген бір ой келді. Осы «елеулі күндеріміз қайтып орала ма, жоқ па» деп мазаландым. Бір «сәттің» келіп тұрғанын өзімнің жүрек қағысымнан анық байқағандай болдым. Дереу қабырғада ілулі тұрған "Желтоқсан ардагері" деген медалімді алдым да, үстелден тұрғызып композитордың кеудесіне тақтым. Сол кезде Лесбек ағаның «үкіметтен көрмеген жақсылықтарымды, мына қатардағы Желтоқсан ардагерінен көріп отырмын ау» деген ой торлағанын байқап қалдым. Денесі н тіктеу ұстап жүретін кісі жан толқынысынан кеудесі иіліп сала берді. «Ұлы композитор» көзіне жас алды. Көз жасына ерік берген Ағамыз «Қазақстанына қайтадан ие «Желтоқсан батырларына» бас иіп тұрғандай көрінді маған. Шам жарығына жылт-жылт еткен медаліне қайта-қайта көзі жасаурай қарай берді. Дастархан басындағыларды бәрі Ағаға қосылып көздеріне жас алды. Енді бұл «ән» қазақтың басына күн туып, шешуі қиын тұстарда қайта-қайта жандарына қайта оралатынына еш күмәнім жоқ, себебі елі үшін шырылдаған ақын жанның тереңінен толқыған шемен шері еді. Елі үшін туған Асылдарым ай!
@user-sv1uy3tn3q
@user-sv1uy3tn3q 2 жыл бұрын
8''
@user-xy2ps4sv8n
@user-xy2ps4sv8n 2 жыл бұрын
Ия әр Қазақпын деген азамат осылай құрметтесе артық болмас еді ғой.
@user-dr9tx1pg1k
@user-dr9tx1pg1k Жыл бұрын
Есенғали Раушанов авторы әнің
@gibatkydyralin8898
@gibatkydyralin8898 Жыл бұрын
СІЗГЕ АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН. АСЫЛ КІСІНІНІҢ ӨНЕРІН ҰРПАҚТАРҒА ЖЕТКІЗІПСІҢ:
@user-sr3qd9tp2y
@user-sr3qd9tp2y Жыл бұрын
Қазақтың нағыз зиялысы Лесбек көке Есенғали ағамыз!
@user-wm1nr4pv4h
@user-wm1nr4pv4h Жыл бұрын
Жандарың жәннәтта болсын асыл достарым Бауырларыи ай!
@user-xk1bl4po9t
@user-xk1bl4po9t 2 жыл бұрын
Сол кезде осы өлеңге тойларда бйлеп жүруші еді байғұс қазағым сол өлеңнің колбенге арналған екенін білдіме екен
@patimanurgalieva165
@patimanurgalieva165 2 жыл бұрын
Ілесбектің жатқан жері жәннәт болсын!
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 5 ай бұрын
Менің, бір, ☝️ өлеңіме, екеуі, екі, ән, 🎤 шығарған, еді, жандары, жәннатта болсын
@user-hf3zc8vg2d
@user-hf3zc8vg2d Жыл бұрын
Қайран қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы Лесбек аға жаныңыз жаннаттан болсын.Туа біткен дарын ғой.Бір әні бір әннен керемет.Есенғали ағаның жан тебірентер сөзіне, естіген жанның жүрегіне жеткізер ән жазған қайталанбас нар тұлға аға да қасқалдақтай ұшып бүгін ортамызда жоғы өкінішті ақ.Неткен теңеу десеңші "Қаңғып келген шүрегей,көлге пана болмайды"
@user-xy2ps4sv8n
@user-xy2ps4sv8n 2 жыл бұрын
Дауысыңнан да өзіңнен де айналдым ағажаным.
@bikaaubakirova9936
@bikaaubakirova9936 Жыл бұрын
Жаныңыз жәннатта болсын Лесбек аға. Жанатбек мырза қандай тамаша естелік, көзге жас келді. Көңілім босады. Неткен дауыс, таза орындау. Тұспалдап қоғамның жағдайын жеткізетін тарихи ән. Еш ұмытылмас.
@user-bl5yz2jk8u
@user-bl5yz2jk8u Жыл бұрын
Ағажан топырағың торқа болсын жаныңыз жанатта болсын
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Әумин!
@user-vd5bs6xu3l
@user-vd5bs6xu3l 3 жыл бұрын
Тамаша нағыз оригиналы ғой. Жәке көңілімді бір толқыттың. Сол кездегі оқиғаны көзге елестетіп атамды бір еске алдырдың. Еліміз аман, жұртыиыз тыныш болсын!
@user-xl7wc7pl1h
@user-xl7wc7pl1h Жыл бұрын
Даусыннан айналайын асыл агам шекемизге симай кеткен тиринде кадиринди коп адам билмеген жанын жаннатта болсын
@qazaq2595
@qazaq2595 2 жыл бұрын
ӨЛЕҢГЕ СЕРГЕК ОЙ КЕРЕК- - ДЕГЕН ОСЫ БОЛАР!!!! 💯Пайыз шындық!!! Алла жар болсын!!!!
@zhanatan1961
@zhanatan1961 7 ай бұрын
Рахмет достар! Аллаға мың шүкір, Лесбек ағамен кездестіргеніне. Кәдімгі түс сияқты көрінеді маған, қазір. Лесбек ағаның артынан қарындасым Гүлжан да о дүниелік болып кетті. Дауыстарыңнан айналдым, жандарым...
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
Гүлжан, туған, қарындасыңызба...!?...
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
Гүлжан, туған, қарындасыңызба...!?...
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
жоқ. руласым болып келеді@@user-fw8wn9lu9o
@user-ls5jj6jl4j
@user-ls5jj6jl4j 3 жыл бұрын
Жарықтың Лесбек аға жатқан жеріңіз жарық болып жәнәттан орын нәсіп етсін Артыңызда қалған әндеріңізді Гүлжан ханым дәріптейді бұйыртса
@madinanurtasovna1806
@madinanurtasovna1806 6 ай бұрын
Үлкен рахмет аға сізге, мен Лесбек ағаңыздың өзінен кейінгі қарындасы Сапаркүлдің қызымын!Алла бұйырса осы айдың 15 не нағашымның кешіне қатысайын деп дайындалып жатырмын! Мына көріністі көріп қатты қуанып отырмын! Сіздей ағалар көп болсын!Нағашымның әнін елге паш етіп отқаныңыз үшін алғысым шексіз!
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Сендердің бар болғандарыңа да рахмет! Құдай қаласа ағаларың қонақта болған үйге барып, тағы бір съемка жасап, контент шығарамын. Каналға жазылып, лайк басыңдар, туғандарға, айанйң ауылдастарына, білетіндерге таратыңдар, Ағам бар видеоларды жиыстырып жібере беріңіздер, бір жерге жинайық
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
менің каналымдағыларды түгел көрдің бе?
@user-sj6we7hp1y
@user-sj6we7hp1y 6 ай бұрын
Алла ЖАР БОЛСЫН
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Әуимин @@user-sj6we7hp1y
@user-eb9sw4we6v
@user-eb9sw4we6v 6 ай бұрын
ТАМАША ӘН ЛЕСБЕК АҒА ЖАНЫҢЫЗ ЖӘННӘТТА БОЛСЫН ӨМЫРГЕ БЫРАҚ РЕТ КЕЛГЕН АЗАМАТ КЕШЕГЫ 86ЖЫЛҒФ ЖЕЛ ТОҚСАНҒА ШЫҒАРҒАН ӘН АДАМДАРҒА ЖЫГЕР БЕРЕТЫН ӘН.😊
@user-tm2uo9lp3s
@user-tm2uo9lp3s 2 жыл бұрын
Иманды болсын🙏
@user-qs7lc8lu9l
@user-qs7lc8lu9l 6 ай бұрын
Жатқан жүріңіз жұмақ болсын
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Әумин!
@user-lx9tt4ss6o
@user-lx9tt4ss6o 6 ай бұрын
керемет орындады әр заманда Казаха кыиын уакытар өтігой кантарда шыктыгой енді Казаха кыиындык болмасын жемкор билік жоиылсын 🤲🏼🙏
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Иә, жаман уақыттар артта қалсын!
@user-gw9mv2uq6i
@user-gw9mv2uq6i Жыл бұрын
Түсінген адамға мықты ақыл сөз ☝️
@user-xw1yp7nd3q
@user-xw1yp7nd3q 2 жыл бұрын
Шіркін өтіп кеткен өмір - ай! Даусыңыз әніңіз қандай керемет! Ешқан ұмытылмас тұлға! Солтүстік өңірден.
@user-hx7es3wv1v
@user-hx7es3wv1v 6 ай бұрын
Жаныңыз жәннатта болсын! Текті адамдар ғой,қайталанбас тұлға!
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Әумин
@user-ow3pu6hx7d
@user-ow3pu6hx7d 6 ай бұрын
ИаАлла ЖАР БОЛСЫН Бейбітшілік болсын
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Рахмет, әумин
@patimanurgalieva165
@patimanurgalieva165 6 ай бұрын
Жатқан жерлері жәннәт болсын!
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Әумин
@kulyashbekieva1052
@kulyashbekieva1052 2 жыл бұрын
Не деген керемет осы кисинин оз айтканындай болмайды кайталап тындай бергин келеди.Кайран казармы ай мын олип мын тирилген
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
өз айтқанындай болмайды деп қалай дөп басып айтқансыз...
@kulyashbekieva1052
@kulyashbekieva1052 2 жыл бұрын
Кайран казагым ай
@user-sz9ls3ec6x
@user-sz9ls3ec6x 6 ай бұрын
Қандай керемет дауыс өзгеше айтқан екен сөзі анық , таза тұнық дауыс керемет
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Жазғандарына жан тазалығының бейнесін қосыңыз
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
осы орындау басқа орындауларынан бөлек, сарынды
@user-tu2ts9dj4x
@user-tu2ts9dj4x 6 ай бұрын
Қазақтың.ұлдары.дарынды.талантты.оған.дау.жоқ.бірі.өлең.жазды.бірі.ән.шығарды
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
енді біреуі ол әнді шырқады!
@user-xw1yp7nd3q
@user-xw1yp7nd3q 2 жыл бұрын
Ешқашанда ұмытылмас тұлға! Солтүстік өңірден.
@aidynsahanov8107
@aidynsahanov8107 Жыл бұрын
Қайдағы солтүстік? Түркістан облысы, Шардара ауданының бұрынғы Көксу совхозынан. Сонда мектеп бітірді.
@user-sz9ls3ec6x
@user-sz9ls3ec6x 6 ай бұрын
Бұл ән мықты айтылды бірақ мұнда тіпті ғажап , тамаша , тамаша орындалған
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Иә, тек осы жерде ғана өлең өз деңгейіне жеткен
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
сондықтан ңой мен видеоның шапкасына ең жақсы орындау деп жазғаным
@user-gn1ki5ss6y
@user-gn1ki5ss6y 6 ай бұрын
Ту. Туф туф. Қандаи. Тамаша. Аитып отыр. Міне. Нағыз әнші деп. Осы. Інімді. Аиту. Керек. Алға. Алға. Осындаи. Адамды. Көтеріп. Сағнаға. Шығарып. Нағыз. Әнші. Ету керек қои. қаида. Қарап отырады екен. Жоғарыдағылар .
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
осы екі адам да өмірден өтті, жандары жаннаттан болсын!
@user-do4fe4pc7y
@user-do4fe4pc7y 10 ай бұрын
Әкемнің досы еді марқұм
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Рахмет!
@akgulabiyeva53
@akgulabiyeva53 6 ай бұрын
Ой Алла😢. Не деген өлең
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Автордың өз орындауынды ғой
@temirxantolebaev5089
@temirxantolebaev5089 3 жыл бұрын
Аи көкемаи керемет жан еді жатқан жері жаилы болсын
@user-kz4qt7zo4u
@user-kz4qt7zo4u 2 жыл бұрын
Оооооо дегенай
@user-wf7pw1kf8u
@user-wf7pw1kf8u 2 жыл бұрын
Лесбек Аманов менин Гул көктем атты оленимди газеттен алып ән шыгарган
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
кішіпейлділігі оның қасиеті еді
@user-jh8dn3zf6w
@user-jh8dn3zf6w 2 жыл бұрын
Жаның жанатта болсын Ілесбек аға! Есенғали ағада кайтыпты, Алла тағала алдынан жарылқасын!
@user-ut9zg6xz5n
@user-ut9zg6xz5n Жыл бұрын
ЖАНДАРЫ ЖАННАТТА БОЛСЫН ҚАИРАН ЖАИСАҢ ЖАНДАР.
@user-ry5bk2xu7w
@user-ry5bk2xu7w 10 ай бұрын
Жан ага.
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
Гүлжан, тіріме,тик, тока, біреу, қайтыс, болды, дейді, ....!?...
@user-rx7pr4kf4f
@user-rx7pr4kf4f 6 ай бұрын
​@@user-ut9zg6xz5n3 4:40 8
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Гүлжан әнші қызымыз да қайтты
@zhzhhk3930
@zhzhhk3930 6 ай бұрын
Кешегі Қаңтарда айту керек еді осы "қарабауыр қасқалдақты". Сол кезде орындалғанда біраз адамдарға ой салатын еді осы зарлы өлең!
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Желтоқсанда жалғызсыраған жанымызға осы ән медеу болды ғой
@user-vr8wi4qu9l
@user-vr8wi4qu9l 2 жыл бұрын
Оте оте керемет
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
Жандары, жаннатта болсын, екеуіде, менің, бір, өлеңіме, екі, ән, 🎤 шығарған, еді....
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
сілеметсіз бе, сізді танығым келеді, ол кісілермен қандай шығармашылық байланыста болып едіңіз, оны да білгім келеді
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
@@zhanatan1961 Өнер, саласында, одақ, құрдық...!!!...
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
Желіге, енсең, жақсы, танысасың, меніменен....
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
бұл тарих қой, мен Лесбек аға туралы зерттеп жүрген жанмын, тел болса саласыз ба, менікі 870766309622@@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 6 ай бұрын
@@zhanatan1961 неден, қайтыс, болды, ауырдыма...!?...
@user-tc9nt8fe1l
@user-tc9nt8fe1l 6 ай бұрын
Рахмет.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Сізге де қарап, баға бергеніңізге
@user-co8ts5mm1e
@user-co8ts5mm1e 5 ай бұрын
Азаматсыз өмүриңиз узун болсун!❤😊
@zhanatan1961
@zhanatan1961 5 ай бұрын
Ракмат, боорум
@user-he2tx8md7f
@user-he2tx8md7f 2 жыл бұрын
Шіркін осыдан артық қалай жеткізуге болады Екі.ағамыздың.жаннатта нұры шалқысын
@user-gw9mv2uq6i
@user-gw9mv2uq6i Жыл бұрын
👍👍👍👍
@user-he3ww5rr9o
@user-he3ww5rr9o 2 жыл бұрын
😰😰😰😰😰 Кантарда тагы кайгы 2022 жылгы
@user-tn1fo9xo2i
@user-tn1fo9xo2i 7 ай бұрын
❤жарайсың.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
рахмет, бауырым
@user-gn3xf2om6q
@user-gn3xf2om6q 6 ай бұрын
О кезде білмедік қой әтеңай қаңғып келген қу орыс қазаққа қайдан пана болсын ,әтеңай .
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Басымызға тиді ғой
@sagynyshimashov2048
@sagynyshimashov2048 Жыл бұрын
"Қара бауыр қасқалдақтың қайран уақыты" деген ән жазбақшы екенін 4 жыл алдын айтқан видеоны басқа каналдан көріп қалдым.Сол әнді жаздыма екен.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
мен ондай жаңалық ести алмадым
@user-ij7nt4mp4d
@user-ij7nt4mp4d 3 жыл бұрын
ШІРКІН АЙ ДЕСЕҢШІ ПАЙ ПАЙ ӨМІРАЙ БАҚЫТТЫ СӘТЕР ЖАНЫМ ЖАНАТБЕК АҒА ІЛЕСБЕК АМАНОВ ҚАЙТА ТІРІЛІП КЕЛГЕНДЕЙ БОЛДАУ АЛТЫН АҒАТАЙЫМ СІЗГЕ ҰЗАҚ ҒҰМЫР БЕРСІН.
@user-zr6gw4jp8g
@user-zr6gw4jp8g 2 жыл бұрын
Брат жараисын
@user-vo1wk4by2p
@user-vo1wk4by2p 4 ай бұрын
Ой не деген орындау жан ағам ау жатқан жерің жайлы болсын .
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
меніңше әннің ең жақсы орындалғаны осы жерде шығар
@user-vo1wk4by2p
@user-vo1wk4by2p 4 ай бұрын
@@zhanatan1961 ия тура айттыңыз. Осы нұсқа керемет
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
іштегі жан құбылысын нақ байқадым
@user-on1et5cl5t
@user-on1et5cl5t 5 ай бұрын
Есенғали марқұм жаны жәннатта болсын алдынан жарылқасын иманды болсын әмин
@zhanatan1961
@zhanatan1961 5 ай бұрын
Әумин!
@user-io6eo4di2e
@user-io6eo4di2e Жыл бұрын
Шәмшіден кейінгі екінші компазитор ..
@user-fr8bt2jz5t
@user-fr8bt2jz5t Жыл бұрын
Басынан осы өлеңді ешкімге айтқызбай марқұм Лесбек аға өзі орындағанда,кезінде тойларда шошаңдап тұрып билемес едік,әнді орындағанда жалтырақ киімдер киіп сахнаға шықпас едік,той әні емес екенін ешкім түсініп жатпады ғой... Қалай түйсігіңе жеткізіп орындап отыр,әбден жыладым. Қонаев та,Колбин де,Раушан аға да,Лесбек аға да жоқ,арттарында тамаша бір ән қалды...Жатқан жерлері жайлы болсын.
@user-yc1hn1gl1y
@user-yc1hn1gl1y 6 ай бұрын
Қазақ тілі өте бай тіл бір сөздің мағынасын бірнеше синоним сөзбен айтуға болады,астарлап айтуға болады,біздің тіл,біздің код болып қалуы керек па деймін оны жаны,тәні қазақ қана түсіне алады,әйтпесе бадырайтып бетіне айтып тұрғанда,осы әнді про птичку деп қазақтан басқа кім айтып құтыла алар еді,ешкім де емес,сондықтан бұл тілді өзіміз жіті білейік,біздің жасырын сөйлейтін басқа тіліміз жоқ,сондықтан бұл тіл өзімізге керек шөрегейлерге емес.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
енді Гүлжан да жоқ...
@kujaikulzia
@kujaikulzia Жыл бұрын
👍👍👍
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
📌 КАНАЛҒА ТІРКЕЛІП, ЛАЙК БАСУДЫ ҰМЫТПАЙЫҚ!😀 2014 жылы, күзде, қыркүйек айында Лесбек Аманов пен Гүлжан Сұлтанқызының Астана қаласында менің үйімде қонақта болған кезінде айтылған алты-жеті өлеңдері видео түрінде компьютерде жоғалмай сақталынып қалыпты. Қәзіргі уақытта екі асылымызда "о дүниелік". Ойлап отырсам аруақтар әндерін әдейі маған Астанаға алып келіп, "сенетін адамымыз-ау" деп өздерінше табыстаған болып, жеке басыма үлкен "аманат" арқалатып кеткен екен...осы тектес ойларға оранатыным бар, аруақтар алдында "бұл жәйді" парыз деп түсінгенім бар, Ютубтен канал ашып, кісі аманаттарын жоғалтпай интернет жүйесінде "мәңгіге қалсыншы" деп, кезекпе-кезек салып отырмын. Сіздерден де сұрарым: осы "екі асылмен" түсірілген жақсы видеоларыңыз болса, маған салсаңыздар жақсы болар еді. Ендігі уақытта осы адамдардың шығармашылығына қатысты барлық мәліметтерді жинастырып, топтастыру ойымда бар. Менің поштам: janat_bek@mail.ru
@baktiyarnurakhman2632
@baktiyarnurakhman2632 2 ай бұрын
Талант
@zhanatan1961
@zhanatan1961 2 ай бұрын
Рахмет!
@user-ny5ds2bu1s
@user-ny5ds2bu1s 3 ай бұрын
Бұл кісі ШАРДАРА АУДАННЫҢ ТУМАСЫ БОЛУ КЕРЕК ЖАҢЫЛМАСАМ. ЖАТҚАН ЖЕРІ ЖАИЛЫ БОЛСЫН КӨКЕМІЗДІҢ. ОРЫНДАУЫ ӨТЕ БӨЛЕК ЕКЕН.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 3 ай бұрын
Әумин!
@user-fw8wn9lu9o
@user-fw8wn9lu9o 5 ай бұрын
Осы, екі, 2️⃣ марқұмның, көзін, көргенмін, еске, алу, кештері, болса, хабпрласарсыздар, барып, өзім, айтып, беремін...!?!?...
@zhanatan1961
@zhanatan1961 5 ай бұрын
рахмет!
@user-ds2pk4ez8c
@user-ds2pk4ez8c 4 ай бұрын
Ой дүние ай. Ыштегы арманын. Ойларын айтып орыстың бетын осындай әндермен. Киелы сөздермен кайтарган быздын. Алыптарымыз ғой
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
әйтеуір, ішінде кетпеді, бар қазақ үшін қарсылық үнін білдірді
@NurdinKonokbaev
@NurdinKonokbaev Жыл бұрын
Жакупов Жанатбек ага, ассаламу алейкумдаар. Сиз Казмультфилимде иштегенсизби? Конокбаев Бактыгулду тааныйсызбы? Кыргызфильмде иштеген. Мен баласымын.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 Жыл бұрын
Уагалекумассалам! Бақтығұлды жақсы білемін, балам, әкең аманесен бе?
@NurdinKonokbaev
@NurdinKonokbaev Жыл бұрын
@@zhanatan1961 жакшы, аман эсен. Атам көп досторун айтып калат. Алардын ичинен сизди дагы айтканда дароо интернеттен издедим. Жаш кезиңерде Фрунзеден түшкөн сүрөттүңөр бар экен. Ватсап номериңиз болсо атам менен байланыштырайын?
@zhanatan1961
@zhanatan1961 Жыл бұрын
Жакшы балам. Телефондармен алмашалык. Мен Астанадамын қазір. Хабарласып тұр. 87076639622
@zhanatan1961
@zhanatan1961 7 ай бұрын
телефондарыңды салсаңдаршы, менің осы номерім ватсабта
@user-oy7dc1pw8z
@user-oy7dc1pw8z 4 ай бұрын
😢😢😢
@zhanatan1961
@zhanatan1961 4 ай бұрын
Әумин!
@burnoetaraz8781
@burnoetaraz8781 Жыл бұрын
кеоемет əн
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Оныңыз рас...
@user-mb1bf3xs9n
@user-mb1bf3xs9n 6 ай бұрын
Ананы шүрегейге теңеді мынаны қасқалдаққа теңеді деп, сол өлеңге бола сол адамнан дана жасап, батыр жасап не ұтады екен. Қаншама адамдар қасқайып тұрып беттеріне айқайлап айтып жатыр ғой соларды ақ айта берсеңдерші. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ, ЖҰМАБЕК ТАШЕНОВТЕРДІҢ тірліктерінің жанында әшейін бозадағы боқ сөз ғой. Насихатты да баспен жүргізу керек қой.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Бауыржан мен Жұмабек ағалар туралы көп жазылды ғой, қызғаныш көрмей басқа аға-әпкелерімізді де ел білгені жақсы ғой
@gk7826
@gk7826 6 ай бұрын
Әр адам шама шарқынша әрекет жасайды, оған түкке тұрмайтын тірлік деуге болмас.қасыреті мол жылдар болды.
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
Лесбек аға да шама-шарқынша қансыраған халқымен қайғысын өлеңімен бөліскенге ұқсайды@@gk7826
@patimanurgalieva165
@patimanurgalieva165 6 ай бұрын
Вот
@zhanatan1961
@zhanatan1961 5 ай бұрын
Рахмет!
@user-ip9cm9je7z
@user-ip9cm9je7z 6 ай бұрын
Каын билеген аулетте береке жок
@zhanatan1961
@zhanatan1961 6 ай бұрын
"Қайынжұрт билеген әулетте бірлік жоқ", дегіңіз келді ме, негізі рас сөз
@user-vr8wi4qu9l
@user-vr8wi4qu9l 2 жыл бұрын
Озиндей ешким орындай алмайды
The magical amulet of the cross! #clown #小丑 #shorts
00:54
好人小丑
Рет қаралды 20 МЛН
蜘蛛侠这操作也太坏了吧#蜘蛛侠#超人#超凡蜘蛛
00:47
超凡蜘蛛
Рет қаралды 48 МЛН
Can You Draw The PERFECT Circle?
00:57
Stokes Twins
Рет қаралды 57 МЛН
小路飞姐姐居然让路飞小路飞都消失了#海贼王  #路飞
00:47
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 33 МЛН
Касимов Абдикарим Қара бура Қасқалдақ
2:21
Лесбек Аманов
34:00
Талгат Аман
Рет қаралды 41 М.
Ақторғын
3:24
Темірхан Төлебаев - Topic
Рет қаралды 92 М.
Лесбек Аманов / Гүлжан Сұлтанова / Қайран бақыт әні.
5:45
Болат Əбдиахметов - "Қасқалдақ "
6:30
Булат Абдиахметов 𝓫𝓾𝓵𝓪𝓽_𝓪𝓫𝓭𝓲𝓪𝓴𝓱𝓶𝓮𝓽𝓸𝓿_𝓸𝓯𝓯𝓲𝓬𝓲𝓪𝓵
Рет қаралды 504 М.
Голоса Животных - Кукутики и Любаша Зебра в клеточку
3:51
КУКУТИКИ - Детские песенки и мультики
Рет қаралды 1 МЛН
Asik - Coco Chanel (Lyrics Video)
1:58
Rukh Music
Рет қаралды 1,6 МЛН
Diana Ismail - Kezdeser (Official Music Video)
4:01
Diana Ismail
Рет қаралды 280 М.
Егор Крид, JONY - Дым ( Премьера Клипа 2024 )
2:53
Егор Крид
Рет қаралды 3,1 МЛН
Xcho & МОТ - Баллада (Official Audio)
3:03
Glass Cage
Рет қаралды 10 МЛН
Muhammadziyo - Malikam (Official Music Video)
4:47
NevoMusic
Рет қаралды 1,9 МЛН
Sadraddin & IL’HAN - Aman bolşy suigenim | Official Visualizer
3:09