Рет қаралды 400,343
Әрине, Қарақалпақстандағы оқиға Өзбекстанның ішкі мәселесі. Дегенмен де көрші ретінде әрі өзбекпен бауырлас, ал қарақалпақпен туыстас халық ретінде Қазақстан жұртшылығы алаңдамай отыра алайды. Кімге болса да көршісінің бас амандығы мен тыныштығы керек. Сырттай қарағанда жағдай тынышталған сияқты болып көрінеді. Себебі Қарақалпақстаннан тарап жатқан хабарлардың ауқымы тым жұтаң, жағдайдың нақты қандай халде екенінің анық-қанығын ешкім білмейді. Бір анығы - бір айға жарияланған коменданттық тәртіп қатаң түрде жүзеге асырылып жатыр. Барлық жерде бақылау күшейтілген, белсенділікке мүмкіндік жоқ десе де болады. Ал көз алдындағы қанды қақтығыстан есеңгіреп қалған халықтың көңілі су сепкендей басылған болар.
Авторы: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов
Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness
Facebook - / atamekentv.kz
Instagram - / atameken.business
ВКонтакте - atamekenbusiness
«Atameken Business» online: inbusiness.kz/kz/tv
Cайт - inbusiness.kz/kz
Atameken Business Programs - kzbin.info/door/Qpz...
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #Анығынайтсақ