Рет қаралды 420,801
Әнші Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановтың алғашқы отбасы жайлы бар білгенін айтып берді. Әнші ел арасында тарап кеткен дақпырт әңгімелердің нүктесін қойды. Тұрмысқа шыққан кезде ертегі әлеміне түсіп кеткендей күй кешкен Қарақат отбасылық өмірі басталған тұста қандай қиыншылықтарға тап болғанын әңгімеледі.
Қарақат өзінің өмірлік жолдасымен консерваторияның бірінші курсында оқып жүрген кезінде танысқан. Алғаш рет атағы дүркіреп тұрған «АБК» тобын ол тойда кездестірген. Сонда Қыдырәлі Болмановтың әншіге көзі түскен. Қарақаттың әнін тыңдап: «Дауысың әдемі екен, қарындасым», - деп жылы лебізін де білдіріпті. Қанша ұялса да, Қарақат мекен-жайын сұрап тұрған әншінің бетін кері қайтармаған. Ал Қыдырәлі Болманов уақытты текке өткізбестен сол күні-ақ Қарақат тұрып жүрген жатақханадан табылған. Халат киіп шыға салған болашақ жарын Болманов мырза сол кездегі танымал кафелердің біріне алып барыпты. Қарақаттың айтуынша, сол күннен бастап Болмановтың консерватория жатақханасына келуі жиілепті.
ШОУ БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАН, ҚАЗАҚ ШОУ БИЗНЕСІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ, ШОУ БИЗНЕС СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР, ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ШОУ БИЗНЕС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ, ӨНЕРДЕГІ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР, ӘНШІЛЕРДІҢ ӨМІРІ, ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕР, ӘНШІЛЕР ЖАЙЫНДА ТОЛЫҚ, АКТЕРЛАРДЫҢ ӨМІРІ