Қармен еріген асфальт! Петропавлда орталық көше опырылып, ішіне бірнеше көлік түсіп кетті

  Рет қаралды 1,099

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Петропавлда қармен бірге еріп кеткен асфальт жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып жатыр. Өйткені қаланың орталық көшелерінің өзі опырылып түсіп, оған бірнеше көлік түсіп кеткен. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, 4-5 жыл бұрын салынған тас жолмен бірге екі жыл бұрын ғана төселген асфальттың да астаң-кестеңі шығып жатыр екен. Ал қала билігі сапасыз жолдарды дұрыс қабылдап алмайтын техникалық бақылау қызметкерлерінен көреді. Бірақ көбінің кепіл мерзімі өтіп кеткендіктен ешқандай шара қолдана алмаймыз дейді.
Әлеуметтік желі тараған бұл жазба Петропавлдың кіреберісінде түсірілген. Онда қаланың негізгі көшелерінің біріндегі асфальт опырылып, жеңіл көліктің шұңқырға түсіп кеткені байқалады. Машинаны адамдар жабылып шығара алмаған соң, экскаватордың көмегімен тартуға тура келген. Ал бұл қалада жаңадан ашылған инфекциялық ауруханаға апаратын жолдың бүгінгі сиқы. Жердің тоңы жіби бастағаннан бері көше тесілген. Соның кесірінен жолда көлікпен жүре алмайтын жағдайға жеттік дейді тұрғындар.
АЛЕКСАНДР НАУРЫЗОВ, Петропавл қаласының тұрғыны:
- Көліктің аспасы жиі сынады. Жөндеуге бір жұманың ішінде 2-3 рет апарамыз. Ол бізге қаншама шығын. Қазір көліктің бөлшек құралдары да өте қымбат.
Ал бұл қаланың орталық көшелерінің бірі. Ми батпаққа айналған жолға жеңіл көліктер бірінен соң бірі батып, шыға алмай қалған. Жүргізушілердің айтуынша, екі жыл бұрын ғана төселген асфальт қармен бірге еріп кетіп жатыр. Былтырғы тақтайдай тегіс жолдырдың барлығы бүлінген дейді. Әрі бұған жауапсыз мердігерлер мен бақылау жасамайтын шенеуніктерді кінәлады.
ВАЛЕНТИНА БЕРЕГОВАЯ, Петропавл қаласының тұрыны:
- Жолдарды бір рет сапалы жөндеп қоюға болады ғой. Жоқ оған жыл сайын бюджеттен ақша бөліп, қайта - қайта жамайды. Үнемі осындай жағдай. Жұмысты қалай болса солай жасайды. Соның салдарынан осындай шұңқырлар пайда болады.
Ал әкімдіктегілер облыс орталығындағы тас жолдардың 4-5 жылға жетпей тозғанын өздерінен көрмейді. Оны қабылдап алған техникалық бақылау қызметінің жауапсыздығы дейді. Сондықтан сәуір айынан бастап ең болмағанда кепіл мерзімі бітпеген жолдарды қайта тексермек.
ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Қар еріп толық жер құрғағаннан кейін асфальт кепкен соң қала әкімі 21-22 жылдары салынған барлық асфальттің жағдайын тексереді. Егер бір ақаулар табылатын болса мердігерге кепілдік мерзіміне сәйкес исковая претензионная работа будет с ними вестись.
Қала билігі тұрғындарға келеңсіздік туғызбас үшін Петропавлдың жолдарын жөндеуге 5 миллиард теңге жұмсалатынын айтады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12 есеге көп екен. Бірақ тұрғындар бұл қомақты қаржының да мақсатты жұмсалатынына сенімсіздікпен қарайды.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 4
@swatextreme4670
@swatextreme4670 Жыл бұрын
Жемқорларға ату жазасын бермей ештеңе өзгермейді
@user-qf4nm7lm4o
@user-qf4nm7lm4o Жыл бұрын
Гарантиясын көбиту керекта
@user-ld2fd8it2p
@user-ld2fd8it2p Жыл бұрын
Ееее, баяғыдай
@mieramkarzhau3707
@mieramkarzhau3707 Жыл бұрын
😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂
Петропавлда 100 үйдің құрылысы жүріп жатыр
2:05
Aqparat / Ақпарат
Рет қаралды 4,3 М.
Петропавл қаласының іргесінен үйлер салынады
2:09
$10,000 Every Day You Survive In The Wilderness
26:44
MrBeast
Рет қаралды 36 МЛН
Pokey pokey 🤣🥰❤️ #demariki
00:26
Demariki
Рет қаралды 7 МЛН
Be kind🤝
00:22
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 20 МЛН
ТАШИЕВ "КРАСАВЧИК"
37:03
Ыдырыс Исаков
Рет қаралды 202 М.
Петропавлда 105 үйді су басты
1:14
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 1,9 М.
02 маусым 2024 жыл - 19:00 жаңалықтар топтамасы
16:48
Телеканал 24kz
Рет қаралды 4,7 М.
$10,000 Every Day You Survive In The Wilderness
26:44
MrBeast
Рет қаралды 36 МЛН