Аналарымызға зейнетке шыққан соң бала қаратып қою дұрыс па, бұрыс па? Ол масылдық емес пе? Жауабын комментарийде жазып кетіңіздер.
@ТоктарКулбаев3 ай бұрын
Оз баланды оскенше багасын Немерены олгенше багасын 😂
@Армақазақ3 ай бұрын
Қазіргі ақыл айтқыштар өзің үшін өмір сүр деп елді бұзып болды.
@БазиликДжанибекова3 ай бұрын
демалып, рахат өмірін сүруге мұрша беру керек
@БагиБәгди3 ай бұрын
Осындай көріпкелдердің ,бақсылардың,тылсым әлеммен байланыстылардың, қаңғыбастардың,т.б қоғамның көлеңкесіндегі біз білмейтін өмірлерді жарыққа шығарыңыздаршы өтініш, атқан_шапқан, өлтіргендерден шаршап кеттік халық. Психологтарданда шаршап кеттік. Ашып қалсаң сол бір тема. Өтіп кете саласың басқасын іздейсің. Рахмет сіздерге
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Немерелер қараусыз қалды,аналар зейнетке шыға алмай зарлап жүр ғой еден жуып,көше сыпырып,үкіметте ұят жоқ,экономистсымақтар егер пенсияға жіберсек әр әйелге 20мың тенгеден-ақ шығады деп бюджеттің ақшасын ұрлап,желге шашып,одан қалса қырғызстан азаматтарына пенсия беріп отырғанын көріп отырмыз.Қазақ бала тәтті,немере оданда тәтті деп баланы өскенше,немерені өлгенше бағады емес пе?Сондықтан аналарды пенсияға жіберу керек ертерек!
@KentauKentau-jn6dh3 ай бұрын
ҮШ ӘЖЕ ДЕ КЕРЕМЕТ ,ТАҢДАМАЛЫ ӘЖЕЛЕР ЕКЕН .АЛЛА СІЗДЕГЕ ҚУАТ БЕРСІН. МЕН ДЕ ЗЕЙНЕТКЕРМІН. ӨЗІМНІҢ СҮЙІКТІ ІСІММЕН АЙНАЛЫСАМЫН.НЕМЕРЕЛІ ,ШӨБЕРЕЛІ БАҚЫТТЫ ӘЖЕМІН .
@СалиқаАқтанова3 ай бұрын
Ия кәртеиіп зейнетке шығып немере шөберенің ортасында жүргенде не жетсін менде 74кекелген әжемін бекер отырмаймын құрақ құрап төр көрпе тігемін аллаға шүкір келіндерім апалап құрметтейді әліде жұмыстан қалғым келмейді ден сау болса болғаны
@marjanmamyr73383 ай бұрын
Тақырыпты қарастырып, ойланып, үлкендермен, өмір көрген кісілермен ақылдасып қойған дұрыс. Ата аналарымыз зейнет жасында балаларымен тұрғандары дұрыс. Бірақ бала бағу өте қиын. Сондықтан жастар үлкен кісілерге күш түсірмеу керек. Алла үш анамызға денсаулық, күш қуат, қайырлы өмір берсін! Осындай бағдарлама жасаған жастарымызға алғыс білдіремін.
@УлболсынАрманова3 ай бұрын
Парктегі апаң әдемі екен. Денсаулығың мықты болсын. Жұмыс істеуге жарайтын жағдайда болғаныңа шүкір
@jakojamba92273 ай бұрын
Үш кейіпкерде өте жақсы адамдар! Әркім өзінше! Өздеріне ұнаса болды, ойлаған мақсаттары орындалсын! Жыламасын, кредиті тез бітіп, санаторийге баруға мүмкіндік болсын!
@КункеримТилемисова-п9х3 ай бұрын
Сыр.коп.кой.шырагым
@Алтыншаш-х9у3 ай бұрын
Ия, жасың келгенде тыныштық керек. Бірақ біздің қазақ халқы ұрпағы үшін өмір сүретін халық. Әрине денің сау болса немерелерді қарарйсың ғой. Үш түрлі тағдыр, үшеуі де ана, үшеуі де әже. Мықты әйелдер.
@shakerbanumyrzakhanova63213 ай бұрын
Зейнетке шыққан соң адам бірінші өзін күтіп,өз денсаулығына көбірек көңіл бөлуі керек,немере бақпақ тұрсын,өзіңе күтім жасай алмай қалсаң,балаларыңа ауыртпалық сонда болады сондықтан жас ата-аналар өз балаларын өздері бағып,әке-шешеге ауыртпалық түсірмеу керек ,олар шамалары келсе ел-жер аралап,шипажайда демалсын...Бұрындары немерелері ауылдағы ата-апаларына қолғабыс тигізу үшін баратын,қонақ болу үшін емес...
@ЖумакулСейсенбекова3 ай бұрын
Казір жас семьяда ауылда да қалада да мурын қанайтын ,ауыр жумыс жоқ.Барлық жерде заманауи жағдайлары жасалған.Бурынға ана ,әкелеріміз сияқты қиналып от жағып ,су тасып ,кір жуып жатқан жоқ.Балалары садикте.Әр келіннің, баланың астында машина бар.Бірақ сол жеңіл өмірді көтерамай.ата енемен,немесе өз ара урыс керңс болып ,ажырасып жатыр.Немесе ата анасы өліп тіріліп оқытқан дипломмен жумыс істемей шіреніп диванда бір тенге таппай аспайдағы айлықты армандар ата анасының пенсиясымен тамақ жеп отыр.Бурынғы балаңды аясаң аяма деген тәрбие жоқ тәрбие ,,темірдей тәртіп жоқ..Балаңды ортаға қоспасаң тағы болмайды, ал сыртқы ортадан алған тәртібі басқа,дурыс емес..ҚОҒАМНЫҢ ӨЗІН ТІМІРДЕЙ ТӘРТІПКЕ ЗАҢМЕН ШАҚЫРУ КЕРЕК.😢😢
@lauraumirbayeva55203 ай бұрын
Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей, аман болсыншы қарттарымыз ❤
@КулашКошкарова3 ай бұрын
Керемет мен де зейнеткермін немере бағамын солардың жағдайын жасаймын жақсы көремін өйткені перзентімнің балалары өміріміздің жалғасы ешқандай ренжімеймін Алла қуат берсін деп тілеймін
@БахытБакибаева3 ай бұрын
Қартайғанда адам өзінің жеке өміріне қараған дұрыс.
@ЖанельЖалғас3 ай бұрын
Өзі не қалайтынын біліп, сонымен айналысатын, өзіне көңіл бөлетін, қартайса да өзін дамытып жүрген әже ұнады.
@КалданБайжуман-ъ5ц3 ай бұрын
Зейнетке шыққан соң өз еркіңмен қалағанша өмір сүру керек. Қатарларыңмен айына кездесіп тұрған жақсы көңіл- күй сыйлайд. Үй- ішіңе бала- шағамызға да көмегіміз болад. Тәуелді болмау керек.
@КзКруто3 ай бұрын
Оз еркинмен туруу ушин- акша керек!
@Оразкуль-т9ь3 ай бұрын
Иогамен айналысып,өзі үшін өмір сүріп жүрген әже ұнайды
@ФатимаИбрагимова-ю6ъ2 ай бұрын
Үш Әженің өмірге көзқарасы үш түрліғой,сондықтан үш түрлі тұрмыс тіршілік!Улкендері аман болсын!
@KarashashSalakhova3 ай бұрын
Женщина из зеленстроя такая красавица!!!
@РозаАкишева-й8у3 ай бұрын
Мен де осылар сияқты зейнеткермін. Немерелерге қараймын. Кезек-кезек мектепке тасыған кезім болды. Қазір өсті, үлкейді, өздері барады. Ендігі кезек кішкентайларға қарау. Өзім шомылдырып, қырқынан шыққанша қарадым. Киімдерін бір жасқа дейін үтіктедім. Егіздер. Қазір бақшаға барады. Қолым босады. Құрбыларыммен бас қосып, кафеге барамыз, қыдырамыз. Аллаға тәубе, жас кезде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер,- деген бар ғой. Бәрі жақсы менде.
@ГулзинаЕстауова3 ай бұрын
Ата-анаға бала бақтырғанға қарсымын. Бос уақыты болғанда шамалы қарасқаны дұрыс, бірақ міндетті болмау керек. Ата анамды ауылдан қалаға көшіріп алдық үй алып беріп. Бізді бақтыңыздар, енді өздеріңізге арнаңыздар уақытты дейміз. Бұйырса 1 айда босанамын, балаңды бағам дейді анам. Өзім бағамын, сізге бақтыратын болсам да ақша төлейтін боламын минимум 200 мың деп айтамын.
@ГульнараКазина-д3н3 ай бұрын
Күшті екен,осындай тақырыптар көп болу керек деймін.
@РахиляМуканова3 ай бұрын
Айран бағдарламасының осы номері ұнады.Мұндай тақырыпты бірінші рет көрдім Қазір не көп бағдарлама көп,олардың мақсаты әншілерді ғана шақырып, баяғы мезі қылатын сұрақтармен шектеледі.Зейнетке шыққан соң,әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысуы керек.Мейлі ол немере қарай ма, жұмыс істей ме,спортпен айналыса ма, тек өзіне ұнауы тиіс.Сонда ғана өз ісінен ләззат алып,өмірге деген құлшынысы артады.Осндай тақырыптың арнасын кеңейтулеріңізге тілеушімін.
@НурисламЖайлымысов-м5ш3 ай бұрын
Сыпырушы әпке сізге мың алғыс. Үш кісі де өзінше бір бір тағдыр. Мен мына очки киген әпке сияқты сол немерелерімен отырып қалам. Кейде шаршап қалам соңғы кезде байқап жүрмін...,Соған қарағанда аздап демалыс та керек ау.
@СкарлетЖдангабилова3 ай бұрын
Улкен Адамдарга..Немере караиу Дурыс емес..НЕГЕ ? Десендер Улкен Кисилер Немерелерди Жаксы кореди...БИРАК-та.....Улкен Кисилерди Бари бир Жок деген де де Денсаулык жок...Мысалы:Кобиси .Давлениеси бар...Аяк-кол..Тизеси сыркырап ауырады...Отырып туруы киын...Барибир жас кездегидей тез-шапшан..Кимылдай алмайды.. ал Бала-дегег Жугиргиси келеди-ойнагысы келеди...Капризный болып...Коп-жылайтын Балалар бар ...Онын бари Улкен Адамнын жуйкесине тиеди....ози Давлениеси бар болса....кейбир Адамдар..оздери билмейди..Давлениеси бар екенин...Журеги ауыратынын---бирак..Адам..озин..Жайсыз сезинеди....Ауа-райы..да асер етеди...Улкен Адам кейде Жаксы Уйыктайды...кейде Жаман уйыктайды....Балалар жай айтса..Бир рет айтса---олар тындамайды--тусинбейди гой Кишкентай Балалар----Содан сон Ашулануга тура келеди-----сәл Ашуланса(Ренжисе..Расстройства болса) ол да Улкен Адамга..Әсер..етеди.....Уайымга тусип Уайымдаса да...Ол Кисилерге..Ауыр тиеди-----бунын бари...Улкен Адамдардын Иштеги-Алеминде....жане Улкен Адам барин Айта бермейди гой......Кейде шектен тыс..Жуйкесине ..--Нагрузка тусип жатканын...Балаларым..Уайымдамасын-дейди......Ал Негизинде Улкен Адам...Балаларына Аландаумен...Балалары Есейип...Азамат болып кетседе---Оле-одгенше...Бир сәт..Журеги тыныш таппайды гой(бул иштеги..Алеминде брлады Ата-ананын)..Сыртта журген Балам не истеп жур..Бугин Кешикти гой...айтеуир Аман-болсын Балаларым деп...Иштеги Дуниесинде...Ата-ана....Оле-олгенше..Журектери бир Дамыл таппайды гой...Ата-ананын....Немерени жаксы кореди..гой Баккысы келеди...бирак оздеринин...Денсаулыгы сыр берип калсада...Жуйкеси тозып турсада...Сыр-бермей...сод Немерени карайды гой..содан Казак айтады ""Оз баланды Оскенше...Немеренди Олгенше багасын-деп""....Улкен Адам--отырып жумыс истемей калуга да болмайды----Ойткени..КАН айланымы керек. .Синирлер--семип..Катып-калады....сод Ушин Улкен Адам---Иаза ауада кобирек журип...Есиктин алдында огород суарып..Шоп жулып...сәл Кимыл-козгалыс...жасаса..Кан айналым жаксарады Арине...бари оз молшеримен...Баяу кимыл мен...Озине НАГРУЗКА тусирмеу керек...Асте-асте...Азгантай Баяу кимыл...Озин Сәл..Шаршау сезинсе..Барин Тастап....ДЕМАЛУ керек...Дурыс тамактанып..Коз илип..Уйыктап алу керек...Шамадан тыс Нагрузка тусируге болмайды...Оз.Ауанымен журу керек .....арине Немере татти...караса болады...Бирак катты .Нагрузка тусетин Жагдайга жеткизбеу керек....Кишкениай Балалар да коп Кимылдап калган..коп Жылайтындары болады гой ....арине Денсаулык котерсе арине Карайсы Бирак Озин..Мазан жок болып...Давленин шыгып турган болса ..Аяк-колын Уйып....ондай Жагдайда ....Ойлану керек..??????
@Bauyrzhan_Zhaqsymbet3 ай бұрын
Эххх шетелдің қарттарын көрсең рахаттанып демалып жүреді. ал біздікілер болса жұмыстан қолдары тимей. Негізі елей бермейсің мұндайды. шынымен сұрап көру керек екен ата-ана не қалайтынын...
@nuraish4583 ай бұрын
Н
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Дұрыс
@Зибира-п6г3 ай бұрын
Зейнетке шыккасын өзің үшін өмір сүрген дұрыс, біракта сол балдарга көмек болсын деп карап отыралмайсың. Ата ананың көңіліне карау керек. Қал жағдайын сұрап тұру керек.
@Зибира-п6г3 ай бұрын
Шет елдің карттарындай болу кайда
@zhumagulrakbaeva99823 ай бұрын
@@Зибира-п6г Шетел қарттары біз құсап келінімен тұрмайды ғой, тіпті солардың балалары бар ма екен өзі.... немерелеріңмен өткізген өмірің рахат қой, олар тәп- тәтті!
@rozabattl23513 ай бұрын
Видео беташарындағы: "Үш кемпір... ",- айдарының атауы - мәдени әдепке де, әдеби үлгіге де кереғар, әр сөздің қадір-қасиетін сезіне алмайтын талғамсыздықтың, қазақы табиғатқа жат дөкірліктің дәлелі! Жазып отырған авторлар жас адамдар екені анық, яғни оларша айтқанда: "кемпір" емес, "шал" емес. Бұл сөздерді негізінен үлкен адамдар- қарттар өз құрдастарымен өзара қалжыңдасқанда немесе араларында салқындық болғанда айтады. Мәдениетті, әдепті жастар әдеби тілдік норманы сақтап: "қария", "қарт", "зейнет жастағы", "егде тартқан", "ақ самайлы аналар" т.б. сөздерді қолданады. Жастардың ақ шашты аталар мен аналарды: "шал", "кемпір",- деуі - шектен шыққан көргенсіздік, білімсіздік әрі дөрекілік!
@Bach-iu9fz3 ай бұрын
Өте дұрыс аттыңыз!!
@Бетельгейзе-и7р3 ай бұрын
@@rozabattl2351 рухани кедейлік!!!
@РозаАсанова-в3у3 ай бұрын
Өте дұрыс айтасыз!
@kuleke9543 ай бұрын
Сізге қосыламын, не деген мәдениетсіздік, автор ата-әже көрмеген ше ұқсайды😢
@shakerbanumyrzakhanova63213 ай бұрын
Өте дұрыс ескертпе,қазіргі жастардың сөздік қоры тым жұтаң, сөздері қораштау шығады,көркем әдебиет оқымағандықтан шығар...😢
@Акикат3 ай бұрын
Айсұлу апамды таныймын, қалған апаларда өте керемет өмірден алғандары,түйгені жыйғаны бар,аман есен болсын бәрі де!!!!
@super97253 ай бұрын
Қартайғанда демалу керек 5уақыт намаз оқуда оған жнергия кетет шаршайт адам ,сондықтан бала бақтырп қою керек емес шаршатып.әркім өзы үшын туады бақсын .Ал әже аталарды мазалау дұрыс емес Тек үйде отса болды пқыл айтып.Пенсиясына да ешкім қол сұғпасын. Өзы киынсын жас күнде кимегенді енды кисын .
@АйкеримКокешова3 ай бұрын
Кейбір активный адамдар үйде отырып қалса ауыра береді, тез қартайады. Өздерін керек еміс сезінеді😢. Лучше қимылдап “бір пайдам тисін” деп жүре бергені жақсы
@shakerbanumyrzakhanova63213 ай бұрын
@@АйкеримКокешова ,ондай активный адамдар үйде отырмауға тырысу керек,қазір зейнеткерлерге арналған түрлі бағдарламалар бар"Белсенді өмір сүру" т.б,сол жерлерде өзі қатарлы адамдармен араласып,түрлі мәдени шаралармен қызықты өткізуге болады Тек қана немере бағумен айналыспай,қартаң адамдарға алдымен өздеріне көңіл бөлген жақсы.қаражат болса шетелге шығып,шипажайға демалып қайтса тіпті жақсы...
@super97252 ай бұрын
@@АйкеримКокешова намаз оқып үйрренып алса ,уақыт та жетпей қалада
@Анафиа3 ай бұрын
Кемпірлер емес аналар десе дұрыс еді
@НургульНажат3 ай бұрын
Табигатта жумыс жасайтын зейнеткер апамыз унады маган, немерелерине карап отырган апамызда дурыс жасап отыр деп ойлайм, аман болыныздар
@ayaulymturarbek45293 ай бұрын
Жүрекке жететін оқиғалар болды.Маған қатты ұнады.Бірнеше рет көруге болады.
@Zhandarbek.ut853 ай бұрын
Жасым қырыққа келді. Шүкір Әкем Анам бар. Бірақ олардың қалағанын бере алдым деп айта алмаймын. Кейде өзімді сол үшін кешіре алмай кетемін.
@АлтынайМукангалиева3 ай бұрын
Негизи денсаулык болса ажелер немересинен терис айналмайды , бирак зейнетке шыкасын коп аурулар сыр береди ,екинин биринде давление ,журек ,соны ескеру керек балдары.
@BahytgulDauletbakova3 ай бұрын
Балаларыма қолымнан келген көмегімді жасаймын.Немере бағып отырмын.Мен үшін үлкен қуаныш,өз балаларыма қызмет мансап деп көңілді аз бөлдім,ал немерем менің өмірімді ұзатып жатқандай
@sikyrly__tan25263 ай бұрын
Зейнетке шыққан соң, өміріңді өзіңе арнаған дұрыс қой. Баланы өздері үшін туады, өздері баққан дұрыс. Қарт кісіге бала қарау оңай емес. Үйдің тірлігі, бала қарау адамды шаршатады. Декреттегі ананың озық тозығы шығып жүреді жас болса да, үлкен кісіні үйде отырғызып, бала қарату дұрыс емес деп ойлаймын. Зейнет жасын әдемі қартаюға не жетсін, әлем аралап, өзіңе қажет йога және т.б нәрселермен айналысып, өзің үшін өмір сүрген деген рахат қой. Менің енем бар, тегін жаттығу жасайтын орындарға барып жаттығуын жасап келеді, кітап оқиды, тауға шығады, тегін санаторияға барып демалып келеді, ең бастысы пенсиясына таласпаймыз, өз пенсиясын өзі ұстайды, қажет киімдерін алып келеді, қыдыратын жеріне қыдырып келеді. 4 балам бар, өзім қарап отырмын, үй тірлігін өзім жасап, жолдасым асырап отыр барлығымызды. Енем бүкіл өмірін жұмысқа, бала шағаға арнаған. Қазір өзі үшін өмір сүріп жатқанын көріп, көзің тояды. Іс сапармен жұмыс істеп жүргенде Швейцария мемлекетіне барған едім, және бірнеше Европа елдерін аралап қайтқан болатынмын. Европаның, әсіресе Швейцария елінің қарттарын көріп таңқалғам. Скандинавская ходьбамен айналысатындар көп екен, таңғы, түскі астарын кафеде ішеді, асықпай жүреді, серуендейді. Жан мен тәндерін керемет күтеді екен. Біз тоқтаған қонақүйде Япониядан келген бір топ қарт кісілер аялдапты. Күнде экскурсияға кетеді. Таңертен ерте тұрып жаттығуларын жасайды, дұрыс тамақтанады. Осындай жаста ел аралап жүргендерін көріп, таңырқағанымыз рас. Барша қарт кісілерге соны тілеймін, әсіресе әйел адамдарына қысқа ғана өмірде өзің үшін өмір сүріп қалу керек, өмір бір ғана рет беріледі. ❗️❗️❗️ Жастарға алтын сырға, әсіресе қазақ жастарына, егер ата-аналарыңыз, ата-енелеріңіз болса, қысқа ғана ғұмырларында өмір сүруге мүмкіншілік беріп, жағдайларын жасаңыздар. Жұмыс жасатып, бала қаратып, үй тірлігін мойындарына ілмеңіздер. Зейнет жасына сіздердің жағдайларыңызды жасау үшін шыққан жоқ, зейнет жасына қысқа ғұмырын өзіне арнау үшін шығады.
Немерелерін бақса баласының баласығой біреудің баласы емес ,Алла тағала немере көруді нәсіп етсін
@kuleke9543 ай бұрын
Сіз жас шығарсыз, зейнеткерлікке шыққанда денсаулық та сыр береді, жас келген сайын жаның тыныштықты қалайды, әйтпесе немерені кім жек көреді. Қарт кісі өз қалғанымен өмір сүру керек, әрі қарай қанша өмір қалғанын бір Алла біледі. Сізге немереге жетуіңізге тілектеспін!
@shakerbanumyrzakhanova63213 ай бұрын
Дұрыс айтасыз зейнетке шыққан соң қарт адамдар өздерін күтіп,шама келсе курорт-санаторияларға барып,ел көріп,жер көріп қыдырса жаман болмас еді...
@ДаментРахымжанова3 ай бұрын
2008 де пенсияға 11000 мен шықтық,қайдағы немере күткен,сонымен 68 жасқа дейін жұмыс істедік,ал ендіде қалай немере күтесің.
@ЛяйляМазова3 ай бұрын
Кемпір деген өте анайы естіледі . Зейнеткер әжелер тағдыры десе болатын еді деп ойлаймын. Үш әжеміз де Керемет .👍👍
@dinamukhanaliyeva90963 ай бұрын
Күйеуі қайтқан әйел-кемпір деп аталады. Пірі кем деген мағынада. Әйелдің пірі-күйеуі. Күйеуі( пірі) жоқ( кем) деген сөз деп түсіндірген бір кісі.
@ХадишаСержанова3 ай бұрын
Денсаулық жараса, қимылдаған пайдалы.
@Айкерим-о8у3 ай бұрын
Зейнетке шыққан соң зерігесің сол үшін немереге қараған жақсы,оларды жүрегіңмен жақсы көресің.
@Бетельгейзе-и7р3 ай бұрын
Ең бастысы өздеріне ұнаса болды! Көше сыпырып жүрген замандас қамықпаңыз, оның да жақсы жағы бар, ешкімге алақан жаймайсыз, әрі қозғалыстасыз
@Sigma-w6e7o3 ай бұрын
Шетелде дұние жүзін аралап журген америка, германия, англияның пенсионерлер, ал біздің пенсионерлер көбінесе ең қурмаса санатроияда демалсам деп армандайды.
@asylzatmustafaeva30933 ай бұрын
Иэ,уш адам,уш турлы тагдыр, алла денсаулык,бакытты омир берсин!
@ДжамилаРысбаева-и6б3 ай бұрын
Өзіңе қарап әдемі өмір сүру керек. Үшеуі үш бөлек. Мына балерина апаң сияқты болу керек. Оқыған адам деген ерекше болады. Мына екі апаң балаға қарап өздерін де жетпеушілік бар ғой
@faridazhaksymbet28073 ай бұрын
Әркім ӨЗ баласын өзі өсіріп, өзі баққаны дұрыс. Бәріміз өмірге 1 рет келеміз. Қартайып зейнетке шыққанда бала қаратып қоюға қарсымын. Бала қарау өте қиын, өте үлкен жауапкершілік. Үлкен кісі емес мен өзім жасым 27 екі баламен миым ашып кетеді. Себебі үлкейген сайын адам тыныштықты қалайды. Қартайған шақта адам жолдасымен болмаса балаларымен қыдырып, демалу керек.
@MairaAkhmetova-g7x3 ай бұрын
Пенсияға шыққаннан кейін мен немерелерімді бақтым - бірге сабақ қарадым, саябаққа апардым, түрлі үйірмелерге жетектеп апардым. Төртеуі енді студент, үшеуі әлі мектепте. Немерелерім менің тәрбиемнен шықты, әр уақытта олардың қасында мын. Ешқашан өкінген емеспін , жемісін көріп отырмын. Өзімді бақыттымын деп ойлаймын
@Aiz-v9d3 ай бұрын
Бұйырса картайганда өзім үшін өмір сүргім келеді. Келіндер өз балдарын өздері бақсын 😊
@РыскульКаирова-г5н3 ай бұрын
Ешкімде әке шешесіне зорлап бала бақтырмайды ,зейнетке шыққан нан кейін кешке дейін қыдырмайсыңғой Әрине балаларыңа көмектесіп,қолдап отыру біздің міндетіміз деп ойлаймын,немере сүйіп оның өсуіне үлес қосқан ол жақсы емеспе,немереміздің әрбір басқан қадамдары бізге қуаныш силайдығой, қазақта мақал бар,балалы уй базар,баласыз уй мазар деген.ал қыдыруға бәрібір уақыт табасың,Өмірге бала әкелгенсоң сол балаларым бақытты болса екен деп тилейміз
@БактыгулБердіКүн бұрын
Дурыс ене екенсіз жасвңыз узак болсын апалар көмек берген жаксы өте дурыс аманболңдар
@БатимаКабдолданова3 ай бұрын
Керемет сұхбат!!!!
@ДинаНазарова-з3г3 ай бұрын
Өз қалауынша өмір сүру керек. Ол кісілерде демалу керек. Қазір уақыт басқа. Өткенмен өмір сүру дұрыс емес. Жоспарлау керек бәрін. Әкешешем қарайт деп туа бермей.
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Үкімет көп тумасаң пенсияға жібермей отырған жоқ па?Көпбалалы аналар 53те,қалғаны 63те шығатын қылып қойған соң туад та!Туа берсін,қазақ азбыз.
@Bach-iu9fz3 ай бұрын
"Үш кемпір" деп жазғаныңыз - мәдениетсіздік, дөрекілік!!
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Иә,үш ана,үш апа,үш әже деуге болатын еді.Кемпір деген сөз жалмауыз кемпірге ғана жарасады😂
@НурболАмирбеков-и7ч3 ай бұрын
Мына үш замандас үш түрлі тағдыр , үш от басылық орта тәрбиесі әр басқа өмір ғой. Ерекше табиғатты тазалаушы Советхан адал ,арына кір келтірмейтін еңбекқор жан екен. Үш замандас керемет денсаулық берсін Алла .
@СкарлетЖдангабилова3 ай бұрын
Озим--Жол жургенди...Шет Ел Асып кыдырганды Көп Тойға барганды...Базарға барганды Унатпаймын Көп сойлеген Адамдарды да Унатпаймын----Копшилик --Адамдардан--Шаршап кетем-----Озим Оңаша..Кулшылыгымды Орындап...Тамакты Дамди писирип...Койу Шайымды сут катып ишип....Алып Терлеп. Отырып....Огород--Еккенди Жаксы корем....Гулдерди Суарып....Огород егип...Огород Казып..Шөп жулып...Жерде...Топыракта...отырсам Каным-айланым. Жаксарып калады.....Огородтын Бир бурышында...Еки Ешки-Малым бар...10--шакты Тауыгым бар...соларды қараймын...Жем-шобин беремин ...Уйдин айналасын--Сыпырамын..жинаймын...----Устиме Жабык Киим киип аламын. .Терлеймин......Содан Самаурынга от жағып..Сут каткан Шай ишип---таттилермен...Терлеп---бир Рахаттанып...Букил Денелерим жибиб...Жаксы Женил болып журемин....Арасында Немерелерде журеди....Бала шага---Кейде оларға да...Ай деп бас-коз болам ...Келинге колжалгау болам...Шамам келсе...Шаршаса Дем аламын...ара-арасындв Агайын арасында Жағдайын билеуге барам...Керекти болған Жерге барам....бирак Керексіз болған..Кафе.Клуб..Базар...Бос -шаршау болатын Жерге...Ырду-Дырду...Кику-у-Шу ...Жерге бармаймын....ондай жер жатпайды...ондай жерде Ауырып калам..........Таза-Ауада.--журсем..Кимылдап.--Жер тазаласам----Ауруымнан жазылам---Жаксы журем...Носки-токып..Уршыкпен жун иирсем---Ауруымнан жазылам.....""Адамды Адам етип Тарбиелейтин---Енбек--деген""Макал..Жане ""Еңбек..Кимыл----Денсаулык кепили""деген Сауалмен мен оз басым---Келисемин Жане Устанамын....Аз-аздап...Асте-Асте..болсын---Кимылдап...Еңбек етпеген----Адам..Озин Ерте ...Олип --калуга. Итермелеген Адам деп ойлаймын..........ойткени Кан-айналмай ..Синирлер семип..катып калады....Сол Ушин..Зейнетке Шыккан Адамдар...Шамалап..Азгана болсын...Асте-Асте .оз Шаманызга карап...Нагрузка тусирмей...Огород Казып..Суарып...Шөп жулып..Жер сыпырып...Кимыл-козгалыс жасап турыныздар....Жер--топырак---Адамга Энергия Береди...Терлейсиз...Куат--Алмасады..Канайналым жаксарады...Тек Катты Нагрузка тусирмей..------Мен оз Практикасынан откен соң Айтып Турмын..
@Акмарал-с1о3 ай бұрын
58 жас кайтарылуы керек! 63 - ке коп адамдар, ерде, айелде жетпейди!
@МайсаМайса-м2т3 ай бұрын
Зорлап бала бақтырмайтын шығар деп ойлаймын. Мен немерелерді қарап жүрмін,алды өсіп кетті. Қалайша бекер қарап отыруға болады, әрқашанда балаларға зиянымыз тимесе екен.
@kuralayyakhiyaeva34793 ай бұрын
Мен зейнетке шыққанда осы 3 әйелдің жасағандарын түгел жасаймын ау: немереге де қарап арасында, аздап жұмыс та жасап, дем алып та
@gulnargulnar21363 ай бұрын
ӘРИНЕ ӨЗІНЕ ҚАРАП ЙОГАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АПАЙ ҰНАЙДЫ КЕРЕМЕТ БАЛА ШАҒАМЕН ӨЗДЕРІ ҚАРАҒАН ДҰРЫС БАЛАЛАРЫНА МЕНІҢ БАЛАЛАРЫМДА МАҒАН ҚАРАТПАЙДЫ АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН 13 НЕМЕРЕМ БАР ӨЗДЕРІ ҚАРАЙДЫ ӨЗІМ 62 ДЕМІН 👍👏👏👏
@ЖаннатМединаева2 ай бұрын
Ата-ана зейнетке шыққан соң, өздері үшін рақаттанып өмір сүруі тиіс 😊
Зейнетке шыққаннан кейін немереңді бағып. Балаң мен келінге көмек берген дұрыс. Бірақ балларыла анасын демалдырып отырса.баратын жеріне апарып ананыңда ойынан шығып тұрса.үйде ыдыс сылдырламас еді. Әжеде адам, олда демалу керек. Сонда көңілді әже немересін жетектеп жүргенді қалайтын болады. Баласы мен келіні анасын тыңдап отыру керек.
@БактыгулБердіКүн бұрын
Карыздан кутыласыз ден сауболсын бəрі жаксы болат 🙏🙏
@СветаМусина-з5у2 ай бұрын
Менде зейнеткермін. Үш тағдыр. Үшеуінеде Алла денсаулық, күш қуат берсін.🙏🏻 Маған йогамен айналысып, Центрге барып, өзі үшін дамып жүрген апай ұнады.Менде сол апай сияқты тіршілік етемін.😊👍
@УлшаСадыкова2 ай бұрын
Денсаулыктын аркасында аман журе бериниздер замандастар
@СаулеАйтжанова-е8фАй бұрын
ӘЖЕ БОЛУ БАХЫТЫ,БҰЙЫРСЫН,ӘР ШПҢЫРАҚҚА🎉🎉🎉❤❤❤
@sabirautkelova77472 ай бұрын
Жандарыыым сол , сіздер Алтын демалысқа лайық жансыздар ! Аман болыңыздар !
@акмаралТажыгулова2 ай бұрын
Бала қараған да терапия. Денсаулық болсын барлық нәрсені аздан жасап тұрған дұрыс. Тек қарыз болмасын.
@ulbalachatyrbekova71633 ай бұрын
Бари АЛЛАНЫН КАЛАУЫМЕН БОЛАДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН
@МайраКерімқұл3 ай бұрын
КӨШЕ СЫПЫРАТЫН АПАНЫҢ БАЛА ШАҒАСЫНАН ҚАЙРАН ЖОҚ ЕКЕНІ КӨРІНІП ТҰР ҮЙДІ ӨЗІ РЕМОНТТАТЫП АҚШАСЫНДА ӨЗІ ТӨЛЕП ЖҮРГЕНІНЕ ҚАРАҒАНДА БАЛА ШАҒАДАН ҚАЙРАН ЖОҚ ЕКЕНІ КӨРІНІП ТҰР
@Altynay-dh5bn2 ай бұрын
Кемпірлер, Алла жар болсын! ❤❤❤❤❤❤❤
@РаушанНусипбекова-р1в3 ай бұрын
Мықты араларымыз Алла денсаулық берсін.
@СлаваСадовников-я2м2 ай бұрын
Какие красивые, добрые, трудолюбивые и главное умные бабушки! Говорят просто и содержательно. Самое удивительное, все трое обладают государственным складом мышления! Нужно их уважать и беречь!
Картайганда онмендеп,уйде отырмай ма деген создер дурыс емес.Ар адамнын тагдыры ар турли,арким оз ынгайын жасауга тырысады,шамасына байланысты.Кредитим коп деп тур гой.Журттын бари жаксы тургысы келеди,ешкимге кол жаймай.
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Денсаулығы жараса жұмыс істеген жақсы ғой.
@almatoshick3 ай бұрын
конечно, ажешки должны отдыхать в старости - это даже не обсуждается! Блин, какие крутые духом апашки! Я тоже так хочу, особенно как апашки из парка и йоги! Какие они тиянакты, сыпайы, заманауи и добросовестные! Сразу видно по коже, что они не пьют! - Вот от таких апашек и татешек надо брать пример! Правильно говорит ажешка в юрте: "айналайын, у вас своя семья, мы не будем вмешиваться, сможем только иногда помогать, но нам на шею не садитесь, у меня тоже есть свое хобби и свое личное время и пространство!" ОБОЖАЮ! ...а, в парках убираться и следить за красотой и порядком в городе тоже непросто! Да, это физически полезно, но одно и то же место убирать в день по 3 раз - нелегко, к тому же у нее долги... Блин, какой ребенок допустил, чтобы у мамы были долги в старости?! Но, все же мне она тоже понравилась! А, насчет третьей бабушки, которая видела только Кз и Ташкент - проблема внутри, просто надо путешествовать, а не застревать. Блин, какой приятный выпуск, Айран, респект! Аласын да, жагасын да корсетесыздер!
@Улбосин3 ай бұрын
Бала қараған әйелдің жауапкершілігі күшті бәрін өз уақытында болу керек балалардан күш алады көзі құанып отырады
Бала күнімізде вечрға жіберсін деп бәрін істеп,көңілін тауып бірақ кетуші едік бұлда сол сияқты екен,ата-әжелер қазіргі жастардың көбі баласына айтпайтын дүниені айтып,тәрбие береді обал,ұят,болмайды деген сияқты,бірақ бәрін мойнына іліп қоюға болмайды,ата-анасымен санасып,тыңдап,жағдайын жасап отырғандарда көп,сондықтан бәрі бірдей емес,үлкендердің өзінеде байланысты деп ойлаймын.
@ГулбакшаБекенгалиева3 ай бұрын
Қызым тұрмыс құрып бөлек шықты.3бала дүниеге кеп,бала қарап үиде отырды.күиеу бала жұмыс жасады өзі.😅балалар өскен сайын ақша.тамақ киім керек уже.4ші жиен дүниеге келді.қыз декретке шықты. Мен бөлек тұрам. Қызым 4айдан кеиін,мама түнгі ауысымға жұмысқа шығам,жиеніңді бағасың ба деді😮жүрексіндім. Қорқа тұра ия дедім. Мен кеште есіктен кірем сол үиге,қызым шығып кетеді түнгі ауысымға.😮 13.11,8жасар жиендерді тамақтандырп,жатқызам.содан 4айлық жиен қызбен отырам.жуындырам.тамақ.ол да бір бақыт. Таңда қызым06,30да кіреді,мен 06,45те шығып кетем жұмысқа😅2жыл бақтым.өсті,бәрі орнында👍 2жасар жиен қызыма 'әже'деп айт десем,😂'же'дид😮тілі әлі шықпады😅 Түн ұйқымды 4ке бөлгенде мені боқтадың ба деп күліп алам😂. Мен бақытты әже.🤟 Орал.қ.
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Ұлыңыз жоқ па әлде тек қыздың баласын бағатын заман болды ма?😂
@Айж-к9с3 ай бұрын
Өте керемет жазыпсыз, ауырмаңыз, бақытты болыңыз!
@Aiz-v9d3 ай бұрын
Жаксы сұқпат болды 👍🏻👍🏻👍🏻
@КанияКуанышева2 ай бұрын
Керемет бағдарлама рахмет Айран
@САУКЕЛЕ-с2э3 ай бұрын
УШ КЕЙИПКЕРДЕ ЖАКСЫ,АРКИМ ОЗ ОМИРЕРИН СУРИП ЖАТЫР. БИРАК-БИРАК БИЗДЕР КАЗАКТАР ОМИР -БАКИ БАЛА ДЕП ОДАН КАЛСА НЕМЕРЕ ДЕП ШАУЫП ЖУРЕМИЗ. ОЗ БАЛАНДЫ ЖАКСЫ ЖАС КЕЗИНДЕ ОСИРЕСИН ,АЙТИП-БУЙТИП ,АЛ КАРТАЙГАНДА КОБИМИЗ НЕМЕРЕЛЕР БАГУДАН КОЛ ТИМЕЙДИ.ОТБАСЫНДА АЛДА 3-4 АРТЫ 5-6 НЕМЕРЕ БОЛСА,БИР АЖЕ СОЛ БАЛАЛАРДЫ 1-Н СПОРТКА АПАРАДЫ,2-ШИН МУЗЫКАГА АПАРАДЫ ,3-МЕКТЕПКЕ АПАРЫП -АЛЫП КЕЛЕДИ,4-ШИН АНГЛИСКИГЕ АПАРАДЫ.СОЕЫМЕН КЕШКЕ СУРЕ КУЛАЙДЫ. ДЕМАЛЫС КУНДЕРИ ТАГЫДА СОЛ НЕМЕРЕЛЕРДИ КАРАУ. БАЛА -КЕЛИН АЗАННАН КЕШКЕ ДЕЙИН ЖУМЫСТА. ТИПТИ БОЛЕК ТУРГАННАН ОЗИНДЕ БАСКА ШАГЫН АУДАННАН БАРЫП БАРЛЫК УЙИРМЕЛЕРГЕ ТАСИДЫ.КАЗАКТАР ЕШКАШАН САНАТОРИГА НЕМЕСЕ БАСКА КАЛАГА КЫДЫРУГА,БАСКА КАЛАДА ТУРАТЫН ТУЫСКАНДАРГАДА БАРМАЙДЫ. ТЕК. ТОЙ-ДОМАЛАК НЕМЕСЕ КАЙТКАН КИСИГЕ БАРАДЫ.
Жастар жұмыс істеуі керек.Жас кезде бейнет бер,қартайғанда зейнет бер дейді қазақ.
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Ал баланы башаға берсең,әжесі мен атасы да бір мезгіл тынығып алады.
@ЗауреУакасова-я7и2 ай бұрын
Не нәрсе өз уақытында.Мен зейнетке шыққаныма 10 жыл болды.6 жылдай немере бақтым,балаларға көмектесіп .Еңбектеніп пәтер алып ,рұқсат сұрап бөлек шықты.Қазір жолдасым екеуміз тұрамыз.Балалар келіп тұрады апта сайын,көмектесіп тұрады,шүкір.Енді өздеріңді күтіңдер,дем алыңдар дейді.Мен центр долголетияға барып,ағылшын тілін үйрене бастадым,би ге барамын.Санаториге барып дем алам.Шетелге барғым келеді.Бұйыртса ол да болар.Ұш кейіпкердің тағдырын көріп,әркімнен өзіме ұқсайтынын көрдім.Ьіз қазақпыз ғой.Өміріміздін мағынасы бала,немере,соларға көмегін тиіп,немереге ақыл айтып,ертегі айтып,бір уақыт солармен болған керемет қой.Бар аналар бақытты болсын,жақсы қартаюдың нәсіп етсін.Ең бастысы бала шығамыз аман болып,еліміз тыныш жұртымыз аман болса екен.
@БахытБакибаева3 ай бұрын
Әйелдердің жасын 58- ге түсірген дұрыс
@Rayana-n5s2 ай бұрын
ИӘ, АСЫЛ ӘЖЕЛЕР, АЙТҚАНДАРЫҢЫЗДЫҢ БӘРІ ДЕ РАС, АЛЛА БАРЛЫҚ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ЗЕЙНЕТКЕР ЖАСЫНА ЖЕТКІЗСІН. МЕН ДЕ ОСЫ ҮШ ӘЖЕ СЕКІЛДІ ӨМІРІМ ӨТТІ. ӨЗІМ ҚОЛ ӨНЕРМЕН АЙНАЛЫСЫП, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛ ӨНЕРІН ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ЖАСАУДЫ АРМАНДАП, СОЛ ҚОЛ ӨНЕРМЕН АЙНАЛЫСУДЫ БАСТАП КЕТТІМ. БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА АЛЛА ҚОЛДАП, АРМАНДАРЫҢЫЗҒА ЖЕТКІЗСІН!
@РымханСейтказина3 ай бұрын
Үш апаның өмірі әр түрлі әкен бәрі дұрыс Денсаулық тілеймін Менің жасым 64те менде отырдым келмейді кредит бар 90пенсия бар ештеңеге жетпеиді балаларым жұмыс істейді бірақ жетпеиді оларға көріп тұрып алақан жаиқым келмейді сондықтан жұмыс істеймін Жолдасым қаитыс болған ол бар болса жұмыс іспеттес еді әрине оңай емес Денсаулық жоқ аз пенсия көңіл болу керек деп ойлаймын Қымбатшылық болып тұр ғой.
@МанчукБалтабаева2 ай бұрын
Менде зейнеткермін, жасым70 те, бала баққан әжемін. Менің хоббиім немере бағу, солардың қызығын көруге Аллаһым нәсіп етсін! Ата-ана мүмкіндігі келгенше, балаларына көмек ету керек, Кейін қартайғанда балалар әке-шешеге қарайласады. Бірлік-береке болса бәрі болады.
@Рана-й7е2 ай бұрын
Иога ға қатысатын кісі өте мұқият , тың пысық жан жақты маған қатты ұнады
@ГулжамилаБисенбай2 ай бұрын
мына бір кісінің әдеті,мінезі,ұстанымы тура мен екен,өзқалауыммен,бала қараубақша қарау,жылда бірсанатори бару,шүкірлік етемін
@ТурагалдыАлдибаева3 ай бұрын
Бала атасының, апасының, əкесінің жəне арнасының қасында өмір сүруі дұрыс деп ойлаймын!
@СалтанатСмаилова-ю3ь2 ай бұрын
Үш апаны көріп көзіме жас келді үшеуінің де армандары көп әлі орындалсыншы ИНШААЛАХ.
@МАДИНАМадина-ю6шАй бұрын
АЛЛА ҚУАТ БЕРСІН АМАН БОЛЫП ҚАЛАҒАН ІСТЕРІҢМЕН АЙНАЛЫСА БЕРІҢДЕР
@Useratlant3 ай бұрын
Шетелдегі зейнеткерлер жылына бір рет курорттарға өз пенсияларына бара алады ал біздің зейнеткерлер бұрышта шімішкі насыбай сатып отырады не болмаса екінші табыс көзін іздеу керек
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Дәл айттыңыз.
@Сантурье3 ай бұрын
Біздің ел болашақта бодан, отар, бір державаның провинциясы болады - деп қорқам. Президент не десе сол болады, бұндай ел ешқашан, еш уақытта дамымайды. Адам құны көк тиын... Қазақстан 18-19 ғасырлар кемшілігін қай алауда, халқы той тойлап, билік мансапқа мас, әйтеуір сол мансапта отыра берсе. Таю керек, мүмкіндік болса шетелге! Кедейшілік емес, қарызға батқан көтен қарыз, тас кедей- жоқшылық күтіп тұр алда... Президент тақта қалу үшін елге барлық тиімсіз одақ, ұйым, келісімдер мен заңдар шығара береді алда - деп санаймын. Әлі талай лақтырады халықты бұл малғұндар деп сенемін 😂😂😂. Кәрілікке өте қатты дайындалу керек...
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Өмір сүргім келмей кетті ғой жазғаныңызды оқып.
@РаушанМиллиардер3 ай бұрын
Не қылған толы ішіңіз негатив
@Сантурье3 ай бұрын
@РаушанМиллиардер Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен.
@РабигаБоранбаева-ю1н3 ай бұрын
Шет ел саған не береді екен ол жақтада сол біздікіндей қымбатшылық. Бұл жақтағыданда қатты жұмыс істеуің керек .Батпан құйрық айдалада неғып жатқан құйрық демекші қай елдеде жұмыс істемесең ештеңе жоқ қой .
@РабигаБоранбаева-ю1н3 ай бұрын
Шет елге барып іздеусіз бір жерде қаламау деген де ой болмайма екен осы адамдарда ?
@ZainyiKuttybaeva3 ай бұрын
Дала жұмыс іс стеген қандай жақсы, сол үшін жерүй сатып алдым. Күш құат берсін әжелерге.
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Құтты болсын!
@ZainyiKuttybaeva3 ай бұрын
@ЗухраКунтуарова рахмет айналайын, көп жаса.
@Boombah-ec2ok2 ай бұрын
Жумыска жарасак оган Аллага шукир Немере баккан да улкен бакыт
Аналарын қара жұмысқа салып қою тек біздің елде,ұят жоқ үкімет басындағыларда.Бұрын қазақтарда намыс болатын әйел түгілі ер азаматтар көше сыпыруға намыстанатын,қазір ол жұмысқа пара беріп кіресің.
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
Бізде үкімет аналарды пенсияға жібермей гүжбеңдетіп еден жуғызып,көше сыпыртып отыр ғой!
@ЗухраКунтуарова3 ай бұрын
@@СемитаАсылбеккызыАдал еңбек жасау керек,бірақ қарт әке-шеше жүр ғой гүжбеңдеп пенсияға жете алмай 63ке дейін.
@ГульшатЖакина3 ай бұрын
Үш кейіпкерде өз алдына керемет замандастарым екен маған қатты ұнағаны Айсұлу апкеміз өйткені менің ұстамымда сондай👍
@gk78263 ай бұрын
Үш кемпір, үш тағдыр деген тақырыбы масқара ғой. Сөз мәдениеті жоқ адам екен.
@Айсулуае3 ай бұрын
Аман болыңыздар
@МайраАйдаралиева-в7ц2 ай бұрын
Уш Апамыз да мықты,аман болсын
@РозаМахмет-г8б2 ай бұрын
Кушти уш апамыздын да омири кызык бизгеде буйырсын жасым 53 те менде армандаймын пенсияны сиздерге мыкты денсаулык берсин