Рет қаралды 110,171
13 шілде түнде Нұр-Сұлтандағы «Шерқала» тұрғын үйінің 7-қабатында екі кішкентай бала терезе торымен ойнап отырып, құлап кете жаздады.
Аулада жүрген көрші Есдәулет есімді жігіт байқап қалып, достарымен бірге баспалдақпен көтеріліп, үйге кірмек болады. Алайда есікті іштен ешкім ашпаған. Одан кейін Есдаулет көрші пәтердің балконы арқылы өтіп, ішке кіреді.
Абырой болғанда, 1 және 3 жастағы қыз бен ұл бала аман қалды. Есдәулет балаларды құтқарып қана қоймай, олардың анасы келгенше үйде отырып күткен.
Есдәулет Дәуітбеков деген жігіттің бұл ерлігін халық жаппай талқылап, бүгін өзі оқыған елордадағы №51 мектептің құрметті қонағы болды. Мектеп басшылығы Есдәулет секілді түлектерімен мақтанатынын айтып, оған 100 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Толығырақ сілтемеде...
halyq-uni.kz/a...