Қасқыр қатын. Өмірде болған (аудиокітап)

  Рет қаралды 344,830

Куат Ахметжанов

Куат Ахметжанов

2 жыл бұрын

Пікірлер: 219
@kuatdiktor
@kuatdiktor 2 жыл бұрын
АРНАМДЫ ҚОЛДАП ЖІБЕРЕМІН ДЕЙТІНДЕР БОЛСА, КАСПИ ГОЛД: 8 701 950 04 51
@shakhinursultanova2981
@shakhinursultanova2981 Жыл бұрын
#
@guleke0212
@guleke0212 Жыл бұрын
Мен де 32 жасымда ,2001 ж.4 баламен жесір қалдым,үлкенім 10-да,кішім 1 жаста еді.Қара шаңырақта, ата-енемнің қолында қорғауында болған соң,ешкім тиіскен жоқ,Аллаға шүкір жетілдік,үш ұлым үйленді,немерелер өсіп келеді.Қасқыр болғаным жоқ,сол қайынжұрттың дегенімен жүріп,әлі күнге момақан күйде қартайып келем.
@user-jh8fu1tv6n
@user-jh8fu1tv6n Жыл бұрын
Әңгіме өте әсерлі. Өз басымда да бар, төрт баламен қалдым. Өмір, адамдар дың алып қашпа сөзі, ең ауыры туыстардың айтқан дары жүрекке ауыр тиеді екен.Басында естігенде жүрегіме жақын алатынмын, қазір мән бермейтін болдым.Аллаға шүкір қыздарым өз алдына бір бір шаңырақ жиендер бар..Ұлдың қолындамын екі тәп тәтті немерелерім бар тауба, аллаға сансыз шүкір деймін 🙏🙏🙏
@aigulaitmukashkyzy601
@aigulaitmukashkyzy601 Жыл бұрын
Қазіргі әйелдердің образы, көп балалы аналар, алдына келгенін тістеп, артынан келгенін теппесе өкмет басынып алды, қайран аналар мен әйелдер аман болсын
@user-xp3pf1ow4w
@user-xp3pf1ow4w Жыл бұрын
Қуат сияқты шегіне жеткізе оқитындар жоқ шығар бәлкім даусы да керемет жанға жайлы 👍💯жаса бауырым
@user-ho8wc6dk6z
@user-ho8wc6dk6z 2 жыл бұрын
Жасасын ҚАСҚЫР ҚАТЫНДАР! Ақылдыларым менің. Ең бастысы ар намыс ұят ақыл иман ой парасат... Аманшылық болсын.
@user-ej7yr7ik9h
@user-ej7yr7ik9h 2 жыл бұрын
🤲иманды болсын🤲😱 Артында қалған балашағасы аман болсын
@user-mx2yb3jf3x
@user-mx2yb3jf3x 2 жыл бұрын
Ия,осы әңгімеде талай әйелдің тағдыры жатыр.
@user-xv4vi1xp9e
@user-xv4vi1xp9e 2 жыл бұрын
Иманды болсын, жақсы адамды жан жағындағы адамдар құртадығой
@user-pw2ej3yj4g
@user-pw2ej3yj4g 2 жыл бұрын
Керемет айтылған әңгіме.Барғаның баласын, келгеннің кетпенін алған сарамжал адал ерге бергісіз апамыз жанны жәннәттән болсын Амин.
@altynkulturmakhanova2528
@altynkulturmakhanova2528 2 жыл бұрын
Əдемі əңгіме екен. Қазақтың нағыз қыздары осындай болған, қайсарда, қасқыр. 👍
@user-yf2zj7ez2k
@user-yf2zj7ez2k 2 жыл бұрын
Ассаламуалейкум не деген керемет адамзат баласына улкен бир ой салатын ангиме екен оте асерли кылып адамнын санасына жететиндей етип окисыз Алла тил козден сактасын рахмет
@user-eq8wu9wu9n
@user-eq8wu9wu9n 8 ай бұрын
Осындай мыкты айелдер бола берсын. Рахмет, Куат!
@user-ww1fn1lx3b
@user-ww1fn1lx3b 2 жыл бұрын
Басына жесирлик тускен айел катты агыска тап болгандай омирмен арпалысып отед...ангиме журекке жетти...
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t Жыл бұрын
Казир де каскыр минез казактын аналары мына заманның киындыгымен жалғыз алысып жүр, Алла жар болсын айтеуир.
@user-og4yi4kq1z
@user-og4yi4kq1z 2 жыл бұрын
Керемет ангиме, улкен рахмет сизге!
@user-nj6ih7le8x
@user-nj6ih7le8x 2 жыл бұрын
Жетім жесірлерді әркім пайдаланғысы келеді Олар өлгенше алысқан мен алысып жұлысқан мен жұлысып өмірден өтеді Соған өмір үйретеді Күле қарасаң әркім басыңа шыққысы келеді Пендешілікпен көре алмай өсектейтіндер де болады Әркімнің пейіліне жаратқан ғана куә Соңында қайырын бала шаға ұрпағынан ғана көреді
@user-cp5gm5dp6m
@user-cp5gm5dp6m Жыл бұрын
ҺеұъқирпууцёёёёёёёцһЫқһукввуыЯФФФФЙФФЙФФЙФФЙФЙФЙЫЙЙФЙЦУЦФЙФЦЙЙЙЙЙЙҰҰҰҚҚЪШҰ О
@user-py1rh1ff5i
@user-py1rh1ff5i Жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз. Өз басымнан өтті және өтіп жатыр...
@user-fo1bn4xl9d
@user-fo1bn4xl9d Жыл бұрын
Рахмет, шын батыр күресте шыңдалады.
@user-nr1vz4ef6m
@user-nr1vz4ef6m 2 жыл бұрын
Бәрекелді Аллаһ жарылқасын Әмин Әльһамдулиллаһ
@user-qm9qm2mq6q
@user-qm9qm2mq6q 2 жыл бұрын
Тартымды жағымды Әңгіме екен сіздерге Рахмет АллА разы болсын!!!
@sub-zero5558
@sub-zero5558 2 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-we4eu7db6n
@user-we4eu7db6n 2 жыл бұрын
Қуат аман бол. Апаның тағдыры тура менің тағдырыма ұқсайды екен. Мен бірақ сұлу болмағанмын. Жабылған жала сені ширатып, қамшылайды. Менің тіпті ауруға ақым жоқ, арқамда төрт телечкам бар. Елге-жұртқа масқара болмай өсіріуім керек деген ұраным бар. Аллаға шүкір. Немерелердің шулағанымен тәтті тілдері бәрін ұмыттырды.
@RedmiNote-cx2uv
@RedmiNote-cx2uv 2 жыл бұрын
Сіз де сұлусыз, қазақтың әйелдерінің бәрі сұлу, қайсар болған. Осы әңгімедегідей жандар бар.. Алла қуат берсін!
@zhaziramukhambetkali8861
@zhaziramukhambetkali8861 2 жыл бұрын
Орыстар сияқты "төрт телечка" дегеніңіз не?????😭😭😭😭 төрт балам бар демейсізбе????? Масқара!!!!!
@guleke0212
@guleke0212 Жыл бұрын
Мен де сіздей 4 баламен өте жас қалдым,қаоа шаңырақта,ата-енемнің арқасында қатты қиындық көрмедім,ешкім басынған жоқАллаға шүкір,балаларым жетілді,немерелер бар,дегенмен,сол қайынжұрттың ыңғайынан әлі күнге шыға алмайм.соған кейде жүрегім ауырады.
@bayanm6672
@bayanm6672 Жыл бұрын
Сіз керемет жансыз!!Төрт тірегіңіз бар.Әлемдегі ең бақытты жансыз!!!Алланың берген аманатына қиянат қылмай,сол төрт балапаныңызды аман-есен жеткізгеніңіз үшін көп рахмет сізге!!!Ана деген ұлы атқа кір келтірмей,осы күнге жеткізгеніңізге Аллаға шүкір!!!Басымды иемін сіздей АНА-ға.Менің Анамда 18-баланы өмірге әкелген.Сол бауырларымның көбі кішкентай кезінде шетінеп кетті.Анашым мен Әкешім және бауырларым жандары жанатта болсын!!!🤲🤲🤲Аман болыңыз!!!Ендігі сол кішкентай балапан немерелеріңіздің ,балаларыңыздың қызығын көріп,шауып жүре беріңіз!!!Деніңізге саулық тілеймін сіздей Батыр Анаға!!!🤲👍❤🌹🌹🌹🌹🌹
@user-jc2dy7lf9i
@user-jc2dy7lf9i 2 жыл бұрын
Керемет әңгімені мәнімен айту де керемет өнер. Рахмет
@user-zq6nm8bg1h
@user-zq6nm8bg1h 2 жыл бұрын
Керемет оқисыз Алла жар болсын.
@user-yt6lo5qx9u
@user-yt6lo5qx9u 2 жыл бұрын
Өте әсерлі әңгіме! Ар-намысын таптаттай, өрелік танытқан аналарымыздың жаны жәннәта болсын!!!
@user-zo8us3pi9f
@user-zo8us3pi9f 2 жыл бұрын
Қайсар ана апаларымыздың жәні жанатта болсын🤲
@user-ck6rt4tq5q
@user-ck6rt4tq5q 2 жыл бұрын
Тууу, неткен керемет әңгіме, Қуекеңненде барғо, майын тамызып тұрып айтат
@user-cj5ln2qh2y
@user-cj5ln2qh2y 2 жыл бұрын
Керемет әңгіме, мағыналы. Және мұңды, әй өмір-ай....
@samgaryshahbekuly7676
@samgaryshahbekuly7676 2 жыл бұрын
һд
@user-gk9tl8js1v
@user-gk9tl8js1v 2 жыл бұрын
"Жаным арымның садақасы" Өте керемет өнегелі әңгіме екен. Біржағы үлкен сабаққой түсінген жанға.
@user-bo5wo2uw2l
@user-bo5wo2uw2l 2 жыл бұрын
Қазақша м ай
@user-ee2rv5gg5b
@user-ee2rv5gg5b 2 жыл бұрын
Магынасы терен сабак алатын ангиме. Тагдыр тартысы омир оны каскыр катын аттандырды. Куат онегели, а нгимениз ушин рахмет
@user-nf2fc8wg3j
@user-nf2fc8wg3j 2 жыл бұрын
@@user-ee2rv5gg5b ДҰРЫС АИТАСЫҢ,ӨМІРДІҢ ӨЗІ ҚАТАИТАДЫ.БАР БОЛСАҢ КӨРЕАЛМАИТЫН,ЖОҚ БОЛСАҢ БЕРЕАЛМАИТЫН ӨСЕКШІ ҚАТЫНДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ АДАМДЫ СОҒАН ДЕИІН АПАРАДЫ.МЕНДЕ 44 ЖАСЫМДА ЖЕСІР ҚАЛДЫМ.КҮИЕУІМ АДАМ ҚОЛЫНАН ӨЛДІ.ТАП ОСЫ ҚАСҚЫР ҚАТЫННЫҢ КЕИБІР МІНЕЗДЕРІ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕИІН,МЕНДЕДЕ БАР.КЕИБІР ҚАТЫНДАР МАҒАН ӘҢГІМЕ АИТУҒА ҚОРҚАТЫН.БІРЕУЛЕРДІ ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАМАНДАҒАН ҚАТЫНДАРДЫ СӨЗБЕН СОИЫП САЛАТЫНМЫН.БІРАҚ ОСЫ МІНЕЗІМНЕН,КӨП ПАИДА КӨРДІМ.ЖАЛПЫЛДАҚ ЕМЕСПІН,ШЫНШЫЛ АДАМДАРДЫ ҚОЛДАП ОТЫРАМЫН.
@user-vq8hl7ej8z
@user-vq8hl7ej8z 2 жыл бұрын
Өте мағыналы әрі керемет әңгіме екен
@user-qg3ze9nj9k
@user-qg3ze9nj9k 2 жыл бұрын
Өмір,қоғам,тыптен жалғыз адам да мынездіңөзгеруіне себеп бола алады
@bayanm6672
@bayanm6672 Жыл бұрын
Рахмет Қуат аға!!!Жүрегім ауырып кетті.Менің де марқұм Анам көп балалы болды.Жаны жанатта болсын!!!🤲Өзі өтірік айтпайтын болған соң,тез сеніп қалатын,аңқылдақ адам еді.Әзілдеп айтса да шын көретін.Бірақ еңбекқор еді.Адал ,өтірік айтуды білмейтін еді.Ешкімге есесін жібермейтін.Барлық ел сыйлайтын адам болды.Оқырмандарыңыз көп болсын!!!Аман болып жүре беріңіз Аға!!!🤲👍🌹🌹🌹🌹🌹
@user-ms5qo1cy7g
@user-ms5qo1cy7g Жыл бұрын
Неге қасқыр қатын, керісінше мықты қатын, абыройлы қатан, кімкөрінгенің оинасы болмаған қатын , үлгі тұтатын жан . Сол ауылдың адамдары қатындар .
@user-pz2tb8ws4s
@user-pz2tb8ws4s Жыл бұрын
Қасқыр тәуелсіз,айлалы,өте батыр,текті аң..Арыстан,жолбарыс,пілден бастап барлық аң тамағы үшін көзін сатып адамға бағынады,тек қасқыр .бағынбайды,қолға үйретілмейді..Жалғыз жұбы болады дейді аңшылар..
@user-rk1hv4es1v
@user-rk1hv4es1v 2 жыл бұрын
Керемет👍
@user-bf1xd8ih7k
@user-bf1xd8ih7k 2 жыл бұрын
Өмір шындығынан тұған нағыз жұректі тербетер әңгіме екен.....осындай аналарымыздың жаны жаннатта болсын...
@user-yt7kw3qt4j
@user-yt7kw3qt4j 2 жыл бұрын
Аруағыңнан айналдым апа, жатқан жеріңіз жайлы болсын әр от басында осындай намысты, әділ қолы таза, ары таза аналар көп болғанда парақор, дүние қоңыз ұрпақ бәлкім болмас па еді...
@user-hj5zv3li3c
@user-hj5zv3li3c Жыл бұрын
Өте жақсы оқисыз 🙌👍🏻
@user-vg7cj1hj8z
@user-vg7cj1hj8z 2 жыл бұрын
Тагдырымыз оте уксас екен... 😢 😢 😢 Куат карагым Алла разы болсын балам, оте жаксы окыдын, тусьнген жанга бьр керемет сабак кой... 😢
@user-db8xq1zm9y
@user-db8xq1zm9y 2 жыл бұрын
Каскыр катын коп болсын казахтар сонда адлет коп болар, мыктылар коп болсын агалар, агалар жыламасын кайран казах, спасибо за ролик желаю удачи и долголетия будьте счастливы и здоровье живите долго
@user-uz6mn1me9j
@user-uz6mn1me9j Жыл бұрын
Менің Анамын өмір болады ғой сондай иманды болсын
@azharmamayeva2052
@azharmamayeva2052 Жыл бұрын
Керемет айтылған әңгіме рахмет
@nisaasel667
@nisaasel667 2 жыл бұрын
Керемет әңгіме.
@alfarabi_bekarysuly
@alfarabi_bekarysuly 2 жыл бұрын
Иә...көзбен көріп, бастан өткенді аздап жазатыным бар еді. Шырайын келтіріп оқыпсыз Қуат бауырым. Мың жасаңыз!
@nurgizazhaksybayeva316
@nurgizazhaksybayeva316 2 жыл бұрын
Сіздің әңгімеңіз екен ғой. Рақмет! Қазақтың қайсар бір қызы, анасы туралы естелік жазып, Рухына бағыштағаныңыз Бір Жаратушы Алланың рақыметін алғаныңыз!
@alfarabi_bekarysuly
@alfarabi_bekarysuly 2 жыл бұрын
@@nurgizazhaksybayeva316 рақмет, сіздерге де Алла разы болсын.
@akmaralimdetova8415
@akmaralimdetova8415 2 жыл бұрын
Керемет👍
@user-jj8bk4py8d
@user-jj8bk4py8d 2 жыл бұрын
Енемнің енесі тап осы кісі секілді 31жасвнда қалған 4ул 1кызбен. Барин үйлендіріп, немере сүйіп, өткен жылы өмірден өтті. Қанағатшыл, қарапайым еді.
@user-ux8rk9wm2p
@user-ux8rk9wm2p 2 жыл бұрын
@@alfarabi_bekarysuly мықты інім!
@user-pz2tb8ws4s
@user-pz2tb8ws4s Жыл бұрын
Жазушы да,жеткізуші де мықты!
@user-dc5oy7ul7h
@user-dc5oy7ul7h 2 жыл бұрын
👍👍🌷🌷🌷керемет жылагынг келеды екен апанын басынан откен киындыгы себеп болгангой😭
@user-mq5tj2wt4z
@user-mq5tj2wt4z 2 жыл бұрын
Оте асерли ангиме екен,автордын даусы да оте жагымды,еее жарыктык талай асыл кызыналы карттарымыз отип кетти гой,бул фаниден,Иманды болсын
@user-ep4yj8eu1k
@user-ep4yj8eu1k 2 жыл бұрын
Өнегелі әңгіме екен, Керемет.
@m..q5838
@m..q5838 Жыл бұрын
КЕРЕМЕТ!!!!!!!
@user-ls4qx5ro6d
@user-ls4qx5ro6d 2 жыл бұрын
Керемет Энгыме! Я в восторге!какая женщина Кремень! ! Умна!СильнаНе сломалась!неПодгиналась ни перед кем!
@user-gk5un1ns1b
@user-gk5un1ns1b 2 жыл бұрын
Тамаша əңгіме. Шындық оқиға. Өмірден алынған.
@user-iq8gq5vz9j
@user-iq8gq5vz9j 2 жыл бұрын
Жақсы әңгіме, жеткізуің тамаша дауысың керемет!
@user-kv5cc5li7e
@user-kv5cc5li7e 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум ағайындар Қуат аға сізге Алла разы болсын!
@user-kk1or5dm4g
@user-kk1or5dm4g 2 жыл бұрын
Иа,откен жан иманды болсын, осы ангимени апай туралы ,жеткизген жана мын рахмет, АЛЛА разы болсын, адеми адамдарга шынындада омирде киындыктар коп кездесетини рас кой.
@ayatulkurcituran1749
@ayatulkurcituran1749 2 жыл бұрын
Соғыстан кейін канша жесiр эйелдер каскыр катынга айналды, соның бірі менiн Эжем Әмина, 3 баласын жеткiзiп байға тимей етегіне Куран окитын емші акылды, дана Эйел болды, жаның жәннатта болғай Әк Эжем!
@user-kl7pb2wz2p
@user-kl7pb2wz2p 2 жыл бұрын
Осы кисинин ангимелери унайды жаксы ангимелер айтады осындай ман магынасы бар нарселер салса гой баскаларда
@kenozhax1342
@kenozhax1342 Жыл бұрын
Әл Фараби бауырымыз да түигені мол жігіт екен. Мұндай тағылымы мол әңгімені қазіргі толып жүрген асабалар тек той тойламай ел ішінде осылай жйып -теріп халқына ұсынып жүрсе.
@RedmiNote-cx2uv
@RedmiNote-cx2uv 2 жыл бұрын
Керемет әңгіме! Осындай жандар әр өңірде бар . Әр мен намысты жоғары қойып, өмірмен күресе білген!
@bayanm6672
@bayanm6672 Жыл бұрын
Ар
@user-gi9bu7hk9i
@user-gi9bu7hk9i 2 жыл бұрын
Бұндай кісілер баршылық, бірақ мыңнан бірі ғана
@sandra6760
@sandra6760 Жыл бұрын
Кермет 👏👏👏👏👏
@user-ri3dx4jq6l
@user-ri3dx4jq6l Жыл бұрын
💔қайран біздің аналар....
@user-bq7qw4rn9v
@user-bq7qw4rn9v 2 жыл бұрын
Ия, жаны жәннәтта болсын.
@user-fd3eb4qw3g
@user-fd3eb4qw3g 2 жыл бұрын
Кандай керемет ангиме, омирден алынган
@70almukhamed
@70almukhamed 2 жыл бұрын
Жасасын ұлы Қазақ елім
@user-ks1do3qj9o
@user-ks1do3qj9o 2 жыл бұрын
Қуат аға әңімені күшті айтыңыз.Керемет.! Апамыз жатқан жері иманды бодсын! Осындай аналарымыз бар ,әр өңірде .Батыр аналарымызға арнап кино шығару керек .Жастарымызға сабақ болады .Қиыншылықты жеңіп ,балаларын аяққа тұрғызған .Өз өмір жолдасын өтте жақсы көрген ,құрметтеген анаға бас ием!
@nurgizazhaksybayeva316
@nurgizazhaksybayeva316 2 жыл бұрын
Керемет әңгіме, өмір тартысынан шыққан оқиға екен. Бұл апамыздай,әлде құрдасым ба, егер ол кісі 90- жылдары жесір қалса. Бұл бейшара Қазақ не көрмеді, әлі көріп келеміз. Ата- бабамыз аманат қылып тастаған "Қазақтың байлыққа өте мол жері" - санасыз билік басындағылардың бір- бірінен, өз ұлтынан қызғанғандығынан Рессейдің патша заманынан бастап, басы қосылмайтын Қазақтың "соры" ғана болып келеді. Қазақтар сол заманнан бері, басқа елдерге жем болып келеді. Осыған ұқсас оқиғалар Қазақтың әр ауылы мен қалаларында көп болды ғой, болыпта жатыр.
@user-rl7fl5er6i
@user-rl7fl5er6i Жыл бұрын
Ю́ж
@nurikmyrzahmetov9727
@nurikmyrzahmetov9727 2 жыл бұрын
Оте керемет окисыз Куат ага даусынызга ризамын омырыныздын берекесын берсын
@urgenchbaynurimov7702
@urgenchbaynurimov7702 2 жыл бұрын
Ар намысы мыкты адам женистин шыңынан көрінеді нағыз қазақтың кызын екен
@user-xg9em6zz1r
@user-xg9em6zz1r Жыл бұрын
Жесір қалған оңай емес..Әрі ана боласың ,әрі әке боласың.Өмірдің өзі сол бала-шағаны жеткізіп аяқтан тұрғызғанша қасқыр етеді. Ондай өмірді кез -келген әйел алып жүре алмайды. Әңгімеңізге рақмет
@user-el5mu9uw4u
@user-el5mu9uw4u 9 ай бұрын
Өтте керемет оқиға ана балаларын жеткізімін деп отқа да суғада түседі ғой
@user-sy7if8gh1r
@user-sy7if8gh1r 2 жыл бұрын
Омир жесир каттынды каскыр катын етткен омир адамды каскыр етеды 4 балансын долга салып жетистиру ушин недеген сокпактардан отеды Жанны жанната болсын апамыздын
@user-xt6wk9lq9f
@user-xt6wk9lq9f 2 жыл бұрын
Текті адам екен
@user-jn9nf5qf2p
@user-jn9nf5qf2p 2 жыл бұрын
Тартымды әңгіме рақмет.
@sharmis1390
@sharmis1390 2 жыл бұрын
Сұлулық кей әйелге бақ, кей әйелге сор әкеледі.
@user-uq3id8sz7m
@user-uq3id8sz7m 2 жыл бұрын
Керемет әңгіме рахмет сізге .келесін күтеміз
@kizikazak3857
@kizikazak3857 2 жыл бұрын
Йә бұл өмірде әйел деуге бергісіз ер азаматтан артық әйелдер бар тек әйел болып туылғаны болмаса ақылына көркі сай болып келнен бірақ өмір өзгертеді көп нәрсені тіліде шығады мынезде шығады үйтбесе өмір сұре алмас бірақ ол әйелдің заты өзгермес оған бола мықты нағыз әйел заты осындай болады жаныңыз жанната болсын асыл ан 👍👍👍👍👍
@70almukhamed
@70almukhamed 2 жыл бұрын
Қазақтың Әңгімесі таусылмасын .
@user-id4xs2pe5b
@user-id4xs2pe5b 2 жыл бұрын
Алла оз ныгыметине кенелтсин
@bibiyt8752
@bibiyt8752 2 жыл бұрын
Өте керемет
@user-op6ju7zw8z
@user-op6ju7zw8z 2 жыл бұрын
Керемет
@user-bp6ho5vm4c
@user-bp6ho5vm4c Жыл бұрын
Менің әжем де 31 жасында жесір қалған. Керісінше әжем өте мейрімді болатын. Ешкіммен жұмысы болмайтын.
@user-mi8ml7zj8z
@user-mi8ml7zj8z 2 жыл бұрын
Қуат өте керемет рахмет сізге
@user-pb6hx3lj9v
@user-pb6hx3lj9v Жыл бұрын
1941-1945жыл, қасқыр атанғандар болды, өмірдің ащы тұшысын көргендер аз емес, ауыр еңбек, бала шаға қамы, қайтып тұрмысқа шықпай кемпір шалды,бала шағасын баққан,ерінің махаббатына адал болған, әйелдер болды.Бинетінің зинетін көргендер бар.
@user-po6mv4gz9i
@user-po6mv4gz9i 2 жыл бұрын
керемет бауырым
@user-te8cp7sx6o
@user-te8cp7sx6o Жыл бұрын
Қайран қайсар ана 😭😭😭😭
@saulesh4105
@saulesh4105 Жыл бұрын
Керемет окыдыныз
@user-mt7xc5nu9q
@user-mt7xc5nu9q Жыл бұрын
Гүлмайса апа жаның жәннәтә болсын 🤲
@ibatullasatybaldiev9621
@ibatullasatybaldiev9621 2 жыл бұрын
Бәрекелді бауырым))
@user-yo3ch2mp4q
@user-yo3ch2mp4q 2 жыл бұрын
Мыкты
@user-kh6ne1gy4q
@user-kh6ne1gy4q 2 жыл бұрын
Өмірдің шындығы
@user-tu6kn9qv8n
@user-tu6kn9qv8n 2 жыл бұрын
Өткыр аиелгои.бетке аитып тастайтын адамдар сондаи өжет болады.
@tukabekamol4541
@tukabekamol4541 Жыл бұрын
Қашанда шындықты айтатындар.Кімге ұнаушы еді.
@whitewolf6645
@whitewolf6645 Жыл бұрын
Әсерлі оқиға екен, негізі ондай қазақ елінде көп болған ғой тегі, ашаршылық, соғыстан кейін. Аллаһтың қалауымен қаншама апа әжелер 5-10-.. бала өсіріп жеткізген кезінде, қоса "тегін " колхоз совхозда жұмыс істеп...
@user-gs4fm9it8j
@user-gs4fm9it8j Жыл бұрын
Əңгімеңіз өте дəмді өзіңізде түрлендіріп адамдарға тыңдаибер дептұрғанд тегін адам қасқыр аталмаидытүрте берсе тілде мінезде шығадығои Иманы жолдас болсын! Өте өкінішті екен!
@user-fb6dp9is8x
@user-fb6dp9is8x Жыл бұрын
Менің енем емес па😊. Менің енем 10 баласымен қалған. Оныда қасқыр деп айтатын. Жаны жәннатта болсын. Рамазан айында кетті.
@user-dm7ny1uu9l
@user-dm7ny1uu9l 2 жыл бұрын
Осындай жақсы адамдар арамызда бар, бірақ кейбіреулер ондай адамдарды басқаларға жексұрын қылып көрсетуге тырысады, əсіресе əйел адамдар...
@user-vz7lm5oc7p
@user-vz7lm5oc7p 2 жыл бұрын
КУАТ ангыменыз оте керемет сатылык
@almashunusbek8034
@almashunusbek8034 2 жыл бұрын
Өте мағыналы
@adiletjunisbekov2167
@adiletjunisbekov2167 Жыл бұрын
Оооо сырдың саңылағы Әлфарабиғо
@FF-kr8pu
@FF-kr8pu 2 жыл бұрын
Шынайы тәубе........ Есін жиса көлігінің жартысы жоқ. Өзі тізеден төмен қысылып, қозғалса жаны көзіне көрініп, аяқтары қан-қақсап жатыр екен. Қанша айқайласа да ешкім көрінбеді. Есіне не болғаны еміс-еміс түсе бастады.. Түнімен қызметтес достарымен жаңа жылдық сауық кешінде тойлағаны түсті. Орысша - ағылшынша "Новый год" әндерінің неше түрін шырқап, тётя Галя, тётя Вералармен құшақтасып суретке түсіп, ақшақар болған Зулямен әбден вальс билеген... Таңға жуық қайта көріспейтіндей әрқайсысымен сүйісіп қоштасып, рульге отырып, кейін қала сыртындағы үйіне бет алған. Сонда бұл қайда жатыр?! Шамасы ұйықтап кетіп, әлденеге соғылған секілді... Өмір шіркін не деген тәтті? Кім ойлаған, дәл өз басына осындай апат келеді, - деп. Өткенде жұмысында бір әйелдің баласы ауырып, операция жасауға ақшасы жетпей, ұжымда барлығы қолдарынан келгенше ақша жинаған! Үнемі жұма намазға сұранып жүретін Үсен: - 100, 200 теңге болсада берсеңіздер, садақа жетпіс түрлі бәленің алдын алады! - деп, біраз хадистер айтқан. Қасынан "мырс" етіп өте шыққан бұл, қалың әмиянын сыртынан сипап, балаларына салют алуға кеткен... Ақымақты тауыпты. Неге осындай бейшаралар қаптап кеткен? Неге ауруларға біз көмек беруіміз қажет? Үкіметтен жеңілдік алсын! Сөйтіп бір тиын да бермеген. Есесіне шампан, салют, тәттілердің жеті атасын алып, бала-шағасын мәз қылған... Жаңағы аяқ қақсағанға, енді зәр қыстау қосылды. Аяғы жаншылып, жабық жарақат алған секілді. Бірақ еш қозғай алмайды. Ақыры болмаған соң отырған жерінде дәрет сындырды. Төбесі мен бір жағы алынып қалған көліктің іші мұздай болып қалғалы қашан. Зәр тиген шалбары қоқайып қатып, денесі көгеріп кетті... Тісі-тісіне тимей сақылдап, қолдары икемге келмей қалды. "Дүр" еткен көлік даусы естілмейтін, тырс еткен дыбыс жоқ, бұл қай жер? Телефонын да таба алмады... Ешкім хабарласпағанына қарағанда, өшіп жатқан секілді... Қалың ойдан қалжырап жатып, ұйықтап кетіпті.. Түсінде жылынатын жер іздеп жүр екен. Көше толы топ-топ адамдар. Біреулер от айнала отырып, ән салып жатыр. Біреулер кішкене ғана шырақ ұстап алыпты. Бұл кімге жақындаса да, ешкім жолатар түрі жоқ! Денесі селкілдеп, тоңып келе жатса, алдынан Үсен шығып, мұны мешітке шақырады. Кезінде дінге қатты тіл тигізіп, отырған жерінде мазақтап жүретіні есіне түсіп, тұрып қалады. Әсіресе Үсенге жаппаған бәлесі жоқ: -"Бұны арабтар қаржыландырып отыр! Біздің өз Көк Тәңіріміз бар! Қазақтар ешкімге бас имеген! Пайғамбар негізі қазақ болуы керек еді...! Қазақтың бар ақшасын қажылыққа құйып біттік! Мұсылмандарды жек көремін. Мешітке кіргім де келмейді...! - деп, қанша мәрте жамандағаны есінде жоқ. Енді амал жоқ жылынуға мешітке кіріп барады... Іштен миск араласқан жағымды иіс мұрнына келді.. Ел қатарлы намаз оқуға қиямға тұрып, не айтарын білмеді. Бар білетін кәлимасын айтпақ болып еді, есіне еш түсіре алмады! Есесіне көзінен тоқтаусыз аққан жасы, көлге айналып барады екен. Өзі сол судан шығайын десе шыға алмай, тырбаңдап батып барады... - Жігіт! Бауырым! Көзіңді ашшы...?! Бізді естисің бе? Көзін сығырайта зорға ашқан Ерлан, қайта талықсып кетті.. Әйелі мұны жоқтап, іздеу салған соң, айналаны шолуға шыққан еріктілер мен полиция қызметкерлері, мұсылман зираты жақтан бетон қабырғаға соғылып, бөлініп қалған көлікті табады. Қоқиып қатып қалған жүргізушінің қысылған аяқтарын, қабысып қалған көліктен зорға ажыратып алады. Әрине уатылып кеткен сүйектерді қайта қалыпқа келтіру оңай емес! Тек арыстай азамат аман қалса болғаны.. Ерлан бір апта комада жатып, есін зорға жиды. Қан жүрмей, сүйегі үгітіліп кеткен аяқтарын, тізеден төмен кесіп тастапты! Басында қатты айғайлап жылап, қолына түскенді лақтырып, эмоцияға берілгенімен, соңғы кездері мүлде тұйықталып кетті.. Баяғыда көріспесе сағынысып, күн ара кафелететін достарын сол күйі көрген жоқ! Тек Үсен ғана жұмысынан ақшалай жылу жинап әкеліп берді... Бетіне ұзақ қарап тұрып: - Ереке, мен сізге келіп тұруға тырысамын! Бір мұсылман жігіт сізге қоларба әпермекші. Келесі жолы ала келермін, - деді. Осыдан күш жинайын, бірден мешітке барып, шынайы тәубе етемін! - деді бұл. Гүлмекен Қасенбай.
@user-hi3mo3xw4d
@user-hi3mo3xw4d 2 жыл бұрын
³
@user-pl6gk3fb8u
@user-pl6gk3fb8u Жыл бұрын
Рахмет, ширкин ай дуниениң жалған екенин ертерек билсек қой. Жанымыз да тəнимизде бир жаратушымыздың қолында . Козиме жас келди. Денсаулықтын қадирин ауырғанда билемиз . Бар арманым, ұрпағым саналы ,білімді , иманды болса, уйсиз журген уш қызым баспаналы болса екен, камелетке енди жеткен ұлымды оқытып , уйлендирип жайландырып кетсем деймин. Аллам ,менин жан айқайымды естіші .Жасым 53 те. Əттең , дуние жалған.
@guleke0212
@guleke0212 Жыл бұрын
Жүрегім ауырып кетті.Алла шипасын берсін!
@bayanm6672
@bayanm6672 Жыл бұрын
Керемет !!!!Рахмет сізге!!!Оқып отырып,бір жылап алдым.Ерінбей,жалықпай,бір қате де жібермей жазғаныңызға көп рахмет.Алла жар болсын сізге!!!Аман болыңыз!!!🤲
@bayanm6672
@bayanm6672 Жыл бұрын
@@user-pl6gk3fb8u Уайымдамаңыз әпке.Барлығы жақсы болады.Тек денсаулық берсін деп тілеймін отбасыңызға және сізге!!!Аман болыңыз!!!🤲
@user-xj7hv5qb9q
@user-xj7hv5qb9q 2 жыл бұрын
Керемет әңгіме екен. Қасқыр қатын болмасаң жеп қояды, оны бағалайды халық, бірақ өте кеш болады. Жаны да, тәні де қан жылап шаршағанда бағалайды, бір кем дүние....
@user-sg7hs7cg5t
@user-sg7hs7cg5t 2 жыл бұрын
👍
АДАМНЫҢ ХИКМЕТІ НЕДЕ?
35:35
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 31 М.
ӨГЕЙСІНУ
16:49
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 190 М.
◆テンゲテンゲダンス~Tengelele~◆ #ひめちゃんとおうくん #funny #shorts
00:24
プリンセス姫スイートTV Princess Hime Suite TV
Рет қаралды 20 МЛН
SUPER PRAYER (all 4 shorts) Steve, Herobrine & Alex
00:27
Sam Green
Рет қаралды 12 МЛН
ДҰШПАНЫҢДЫ КЕШІРІП,БЕТІНЕН СҮЙ… @kuatdiktor
9:19
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 257 М.
САЯСАТСЫЗ САНА
16:06
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 115 М.
АЛТЫН ЖЕЙТІН ӘЙЕЛ (әңгіме) аудиокітап
23:30
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 151 М.
Көктүрік қағанатын құрған Ашина @kuatdiktor
14:29
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 77 М.
МЕНІҢ САЛАҚ ЖЕҢГЕМ. Бердібек СОҚПАҚБАЕВ
6:29
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 219 М.
“Әйел махаббаты” Мұхтар МАҒАУИН
35:19
ᴀʀᴍᴀɴ ᴢʜᴀᴋᴇʏᴋʜᴀɴ
Рет қаралды 31 М.
😐Моңғол батырымен шайқас. ҚАМШЫГЕР #аудиокітап
30:40
◆テンゲテンゲダンス~Tengelele~◆ #ひめちゃんとおうくん #funny #shorts
00:24
プリンセス姫スイートTV Princess Hime Suite TV
Рет қаралды 20 МЛН