“Қатын” Гүлшара, “Дәу” Шөкеев жайлы. Субсидияны сүлікше сорғандар. Биліктегі латифундистер

  Рет қаралды 188,096

Adal Adam

Adal Adam

Күн бұрын

ADAL Adam youtube-арнасының кезекті қонағы - “Шопан ата” ұлттық агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаев. Ол сұхбат барысында өзінің саяси-кәсіби мақсаттары, ауыл шаруашылығы саласындағы сәтті әрі сәтсіз жобалар, “Ауыл аманаты”, “Жер аманаты” бағдарламалары, агро сектордың өзекті мәселелері, биліктегі латифундистер, субсидияны сүлікше сорғандар, шаруалардың жанайқайы жайлы айтты. Биліктегі бұрынғы және қазіргі саясаткерлер, министрлер, әкімдер мен депутаттардың (Гүлшара Әбдіқалықова, Өмірзақ Шөкеев, Нұрлан Ноғаев, Асқар Мырзахметов, Абылай Мырзахметов, Асылжан Мамытбеков, Нұрлыбек Нәлібаев, Айдарбек Сапаров, Ербол Қарашөкеев, Айдарбек Қожаназаров, Санжар Боқаев және т.б.) қызметіне көзқарасын білдірді. Сөз арасында “Ауыл” партиясының жұмысын сынға алды және партия өкілдерін дебатқа да шақырды. Сондай-ақ сұхбат кезінде көптеген ұсыныстар айтып, тосын мәлімдемелер жасады.
Видеоны тайм-кодтар арқылы көру
00:00 Тизер
01:19 Сәлемдесу
01:40 Қызылорда облысына барып бір шулаттыңыз. Гүлшара Наушақызын “қатын” дедіңіз. Дархан Сатыбалдыны «Дархан хан» дедіңіз.
02:47 “Ол кісі қатын бола тұра ол сөзімнен қайтпаймын. Басқа 14 облыстың жасай алмаған әрекетін жасады”
06:47 “Осыдан кейін Нәлібаевты қалай мемлекеттік қайраткер, халықтың қамын ойлаған деп айта алам”
10:27 Сіздің ойыңызша ауыл-шаруашылығы саласында қандай мемлекеттік немесе шетелдік инвест жобаға ревизия жасау керек?
21:17 “Асылжан Мамытбековтің пайдасы көп болды ма елге, зияны көп болды ма?”
12:31 Асылжан Мамытбековтің миллиардтар бөліп алдыртқан, «ұрғашысы мен еркегі түнде ғана жақындасатын» американдық бұқалары ма?
23:40 Осы ауыл-шаруашылығындағы олқылықтарды реттеу мәселесіне келгенде тексерісті Шөкеевтен бастау керек деп ойламайсыз ба?
28:51 2022 жылы Дүйсенбинов Берік деген Мәжіліс депутаты «Астананың айналасындағы жердің көбі Шөкеевке тиесілі» деп ақпарат таратты.
34:21 Оңтүстіктен шығып, ауыл-шаруашылығын басқарғандар туралы сөз қозғағанда Асқар Мырзахметов ойымызға оралады.
36:49 Інісі Абылай Мырзахметовтің қалын сұрап тұрасыз ба?
39:22 “Атамекеннің дамуы тоқтап қалды. Ол кісілер бюрократияға батып кетті. Бүгінде кәсіпкерлік министрлігі деген лақап аты бар”
39:40 Қазақстан 30 жылда миллиардтап ауыл-шаруашылық саласына субсидия бөлді.
46:05 Атасынан дүние қалмаса да арам жолмен байығандарды талтаңдатпай атын атауға не кедергі?
47:18 Ербол Қарашөкеевке тоқталсақ.
50:50 Билікте отырған, ел басқарып отырған латифундистерді атап бере аласыз ба?
53:51 “Аманат” партиясының «Жер аманаты» жобасы аясында пәлен мың гектар жерді мемлекетке қайтардық деген статистикаға сенесіз бе?
55:57 Абай облысындағы Ақсуат ауылының адамдары маған хабарласты.
59:22 Қазір министрлікте Айдарбек Сапаров отыр.
1:00:13 Мұхтар Тайжанның айтуынша, Сапаровтың інісі сол аймақта жер иеленушілердің бірі және бірнеше жыл қатарынан субсидия алған.
1:04:31 Ауыл шаруашылығы жерлері Назарбаевтың әулетіне кім министр немесе Алматы облысына кім әкім болып тұрғанда көбірек өтіп кетті?
1:05:21 «Откат» дегеннен зәрезап болып жүрген фермерлер бар ма?
1:05:49 Өзіңіз откатпен мәселе шешкен кезіңіз болды ма?
1:06:30 Бізде бар ауыртпалықты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер көреді.
1:10:42 Мемлекеттен барлық жеңілдікті алып, бюджеттен қаржылық қолдау көріп отырса да, техника бағасын соншама аспандатқан отандық өндірістің басшыларына неге үкіметтің тісі батпайды деп ойлайсыз?
1:11:28 Алмасбек аға, неге Санжар Боқаевпен бірігіп осы мәселені ел үшін шешпейсіздер?
1:12:49 Ел аралап, мәселелерді көтеріп жүргендегі түпкі мақсатымыз осы ма? Саяси партия құру ма?
1:14:13 Партия құру үшін ақша керек. Оны құру оңай емес. Қаржылай қолдау көрсетем деген дөкейлер бар ма еді?
1:15:21 Ауыл партиясын көп сынайсыз. Олардың Мәжілістегі өкілдері өте өзекті мәселелерді көтеріп жүр.
1:17:32 Ауыл партиясының қатарына қосылып, осы мәселелеріңізді күшейтерсіздер...
1:19:43 Енді киік мәселесіне келейік. Кеше ғана азығына аулап сотталып кеткендерді ұмытып, енді “атып берсеңдер 4 мың теңгеден ақша береміз” деп жар салды. Не үшін киікті өлердей қорғады?
1:24:47 Сұхбаттың аяқталуы.

Пікірлер: 674
“НАЗАРБАЕВ МҰНАЙДЫҢ БУЫНА МАС БОЛДЫ”
35:47
ADYRNA ULTTYQ PORTALY
Рет қаралды 46 М.
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН
Conforto para a barriga de grávida 🤔💡
00:10
Polar em português
Рет қаралды 95 МЛН