ҚАЗҰУ - СІЗДІҢ ТАҢДАУЫҢЫЗ! КАЗНУ - ВАШ ВЫБОР!

  Рет қаралды 2,017

Farabi Media - KazNU

Farabi Media - KazNU

5 жыл бұрын

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы 18-26 шілде аралығында республикалық білім гранты байқауына талапкерлерден құжат қабылдайды.
Қабылдау комиссиясы келесідей жұмыстар атқарады; университет мамандықтарының ерекшеліктері жөнінде жастарға толық түсіндіру, талапкерлерге қабілеті мен бейіміне қарай қызығушылық танытқан мамандығы туралы толық мағұлмат беру. Қазір университет 15 факультет бойынша 85 мамандыққа құжат қабылдау жұмысын жүргізіп жатыр.
Білім беру грантын алу байқауына қатысу үшін талапкерлер 18-26 шілде аралығында университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- ҰБТ немесе кешенді тест бойынша сертификат;
- жеңілдіктері бар екенін анықтайтын құжат (бар болған жағдайда);
- 3х4 пішініндегі 2 фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- фотосуреті бар жеке куәліктің көшірмесі керек.
Қабылдау комиссиясы жұмысының өзгерістері туралы айтар болсақ, былтыр әрбір талапкердің білім беру гранты байқауына қатысуы үшін өтініштер мемлекет бекіткен бланкты толтыру арқылы жүзеге асырылған болатын. Ал биыл барлық өтініштерді электронды форматта яғни веб-портал арқылы қабылдайды. Байқауға түсетін балл мемлекет тарапынан реттеледі, ұлттық университеттерге барлық мамандықтар бойынша 65 баллдан төмен болмауы керек, ал педагогикалық мамандықтар 60 баллдан жоғары болуы тиіс, жекеменшік оқу орындары үшін 50 баллдан жоғары болуы қажет. Сонымен қатар ақылы бөлімге 25 тамызға дейін талапкерлер өз құжаттарын тапсыра алады.
Республикалық байқау комиссиясы 27 шілде мен 5 тамыз аралығында өтініш берген талапкерлердің грант иелену мүмкіндігін қарастыратын болады, ал қортындысы республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланады.
Сонымен қатар биыл алғаш рет ҚазҰУ-да шетелдік талапкерлерді онлайн қабылдау жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйе бойынша университеттің барлық мамандықтарына өтініштер қабылданады.
Жоғары білім алуға талпынған талапкерлерге ақ жол тілейміз!
Баспасөз қызметі
welcome.kaznu.kz/kz/
#Talapker #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Пікірлер: 14
@girlsecret3302
@girlsecret3302 5 жыл бұрын
Мен 2019 жылдың түлегімін. Алла қаласа осы КазГу- де оқығым келеді))
@user-qq8el1vn8p
@user-qq8el1vn8p 5 жыл бұрын
КАЗГУ-ге ТАРАЗДАН тапсырдым грантка оны да кабылдайсыздарго ия.
@aruaskar5065
@aruaskar5065 5 жыл бұрын
Мен ҰБТ дан 75 балл жинадым. Философия жəне саясаттану факультетіне түсе алам ба?
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Құтты болсын, Нұргүл! талабыңызға нұр жауып, біздің университеттің студенті атануыңызға тілектеспіз! Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген телефондар арқылы жауап ала аласыз.
@bagdattastanbekov9173
@bagdattastanbekov9173 5 жыл бұрын
Nurgul Zholdybay ж
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
???
@aruaskar5065
@aruaskar5065 5 жыл бұрын
Alfarabi TV ??? Маған сұрақтарыңыз бар ма?))
@aruaskar5065
@aruaskar5065 5 жыл бұрын
Bagdat Tastanbekov сəлем неге "ж" ??🤔
@user-wd7uf8bs2k
@user-wd7uf8bs2k 5 жыл бұрын
Алтын белгимен отпей калды, кызык медалистер керек болмай калган ау шамасы?
@user-qq8el1vn8p
@user-qq8el1vn8p 5 жыл бұрын
КАЗГУ-ге ТАРАЗДАН тапсырдым грантка оны да кабылдайсыздарго ия.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Жарайсыз, Дидар! Киелі Тараздан келіп, біздің университеттің студенті атанады деп сенеміз. Сәттілік!
@user-qq8el1vn8p
@user-qq8el1vn8p 5 жыл бұрын
Alfarabi TV. рахмет айтканыңыз келсін.
Each found a feeling.#Short #Officer Rabbit #angel
00:17
兔子警官
Рет қаралды 8 МЛН
MEU IRMÃO FICOU FAMOSO
00:52
Matheus Kriwat
Рет қаралды 11 МЛН
Why You Should Always Help Others ❤️
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 115 МЛН
Жер сілкінісінен кейін: Алматыда пәтер арзандап, жер үй қымбаттай ма?
3:32
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 18 М.
Аграрлық университеттегі жатақхана дауы
2:52
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 2,8 М.
Уральские пельмени  Нога в гипсе
11:36
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 396 М.
Each found a feeling.#Short #Officer Rabbit #angel
00:17
兔子警官
Рет қаралды 8 МЛН