Рет қаралды 131
Еліміздің бас мерекесі - Республика күніне орай «Қара шаңырақ» ҚБ ұйымдастыруымен, Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ-нің қолдауымен елордалық жас отбасылар арасында өткен «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ-АЙ!» қалалық ұлттық-этнографиялық сайысы өз мәресіне жетті.
⚜️ Тәрбиелік мән-маңызы зор іс-шараның басты мақсаты - қазақ хaлқының сaлт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптaрын заманға сай жаңғырту, жастар арaсында насихaттау, отбасы институтының мәртебесін көтеру, іргесін нығайту, дәстүрлі отбaсылық құндылықтaрды жастар арасында дәріптеу, жас отбасылардың қоғaмдық белсенділігін aрттыру.
Қазылар алқасының құрамында жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақ, ҚР Президенттік орталығы Мәдени және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Ақбота Хамитова, «Қара шаңырақ» ҚБ директоры, тарихшы-этнолог, «ҚР Журналистер одағының мүшесі Тұрар Шәкен, «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, актриса Айнұр Жүгінісова, Астана қалалық Қ.Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясының ұстазы, айтыскер ақын Азамат Малжанбай болды.
⚜️ Үш кезеңнен тұрған сайысқа 15-ке жуық жас отбасыдан өтінім түсіп, байқау шартына сәйкес 8 отбасы іріктеліп алынды.
Тағылымы мол іс-шарада жас отбасылар қазақтың бай салт-дәстүрін дәріптеп, ұлттық қолөнер бұйымдарымызды насихаттап, ұмыт болған ұлттық тағамдарымыз - үлпершек, өрметөс, қарынбұрме, мипалау, балқуырдақ, әсіптің дайындау тәсілдерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Мекебай отбасы
орын -Мұқажановтар отбасы
орын -Сембековтер отбасы
орын Сауханов және Хызайхан отбасы
Арнайы номинациямен марапатталғандар:
⚜️«Өнегелі отбасы» - Қалитовтар отбасы
⚜️ «Дәстүрге берік отбасы» - Пірімқұловтар отбасы
⚜️«Көрермен көзайымы» - Мұқановтар отбасы
Барлық қатысушы отбасыларға ризашылығымызды білдіреміз! Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай берейік!
Тіл Басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Астана қаласының Білім басқармасы
#оқүғақұштарколледж
#читающийколледж