Қазақ 200 мыңнан 20 млн-ға қалай жетті? | Орыс отарлауының сұм 5 кезеңі | Қазақстан тарихы 1-бөлім

  Рет қаралды 23,685

NE BOLDY

2 ай бұрын

Сіз Қазақстан тарихын қаншалықты білесіз? Егер толық білмесеңіз, онда белгілі тарихшы Арман Қабдешұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Сақ дәуірінен сақталған қазақтың тегінен бастап, Тоқаевтың дәуіріне дейін кезеңді толық қамтып, 2 бөлімге бөліп көрсетеміз.
Бірінші бөлім: Орыс отарына дейінгі тарих баяндалады. Қазақ деген атау Керей мен Жәнібектің соңына ерген тайпаларға сырттан тағылып, 17 ғасырда өзімізді қазақ деп айта бастадық. Онда неге қазақ шежіресі 15 ғасырдан басталады? 6 Алаш неге 12-ге жетті? Әбілқайыр хан орысқа "бодан болам" деп хат жазғаны рас па? Мұнымен ол қазақты құтқарды ма, құртты ма? Орыс патшалығының отарлау саясатының 5 кезеңін қалай аман өткердік? "Шала қазақ" сөзі 19 ғасырда не мағына берді? Аралас мектептің астында жүріп неге қазақ шоқынып кетпеді? Алаш Ордасы идеясы неге орындалмай қалды? 70 жылғы азап - Кеңес одағы. Қазақстанды достастық елдердің сынақ алаңына айналдырғандар кім? Сұхбаттың бірінші бөлімінде осы сұрақтарға жауап беріледі.
#тарихы #қазақхандығы #әбілқайыр
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
01:10 Қазақ қашан халық болып қалыптасты?
01:56 Сақ дәуірі: Қазақтың тегі. Геродоттың сақтар туралы жазбасы
04:17 Ғұн дәуірі: Билеуші тайпалардың қалыптасуы
05:48 Моңғол дәуірі: бүкіл тайпалардың сапырылысуы, алғашқы билеуші әулеттердің шығуы
06:30 Қазақ бойшаң әрі көк көзді болғаны рас па?
10:00 Қазақ деген атау Керей мен Жәнібектің соңына ерген тайпаларға сырттан тағыла бастады. Қазақ деген еркін адам
10:52 Көшпелі өркениетте наразылық білдірудің бір жолы - көшіп кету. 17-ғасырдан соң өз-өзімізді қазақ деп атай бастадық
13:50 Қазақ шежіресі неге 15 ғасырдан басталады? Өзбекстанда наймандардың бізде жоқ тармақтары бар - Барлас
15:10 6 Алашты талдау
17:54 Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлініп шыққан кезде хан емес, сұлтан атанған. Соңынан 200 мың қазақ ергені рас па?
20:00 Қазақ халқы бүгінгі күні қандай деңгейде? Біз әлі неге ұлт болып қалыптаспадық? Аграрлық дәстүрлі сана деген - рушылдық
22:32 19-ғасырдың соңында "шала қазақ" деген категория пайда болды. Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруі - шоқынған қазақтар дәуірін бастайды
25:24 Отарлаудың бірінші кезеңі: аштықтың зардабы. Ұжымдастырудың қасіреті
26:33 Хандықтан кеңес одағына қалай өтіп кеттік? Әбілқайыр хан орысқа бодан болам деп хат жазса да, жазбаса да орыстың отарлауы басталып кетті
29:00 Әбілқайыр ханның миссиясы - Ресей дипломаттары жіберген қармақты жұтып қойды
31:10 Біздің шенқұмарлығымыз түбімізге жетті. Орыс патшасынан ай сайы 600 рубль айлық алып отырған Кіші жүздің ханы Нұрәлінің сатқындығы
32:28 Отарлаудың екінші кезеңі - әскери-казак колонизациясы: Қазақ жеріне казактардың келе бастауы (600 мың шаруа, 1 млн-нан астам әскер)
33:34 Ресей патшасына «Осы неге Қазақ жеріндегі хандықты жойып тастамаймыз» деген ойдың келуі. 1824-28 жылдары Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарлық шықты
34:12 Отарлаудың үшінші кезеңі: реформалық колонизациялау. Қазақ жерінің түгел байлығы енді патша өкіметінің меншігі
35:23 Отарлаудың төртінші кезеңі: шаруалар колнизациясы. Ресейге Қазақстанда арқа сүйейтін әлеуметтік топ керек, халық арасына ірткі салу
38:51 Отарлаудың бесінші кезеңі: мәдени-ағартушылық колонизация: Қазақ балаларын орысша оқытудың мақсаты - шоқындыру. 1864 жылы алғаш аралас мектептер пайда болды
42:44 1917 жылғы ақпан көтерілісі - қазақ интелегенциясы мен байлары
45:36 Алихан Бөкейханов: «Большевик деген сіңірі шыққан кедей» дейді
46:56 Ресей патшалығы құлағаннан кейінгі қазақ жеріндегі бірден бір заңды өкімет - Алаш Ордасы. Біздің бірінші Президентіміз - Әлихан Бөкейханов
52:50 Лениннің мұсылман халқына жасаған өтірік үндеуі - «Тәуелсіздік аласыңдар!»
53:17 Құдаймен күрес - Түркістандағы дін басыларын түгел ату
54:50 1927 жылдан кейінгі компескелеу. Байлардың тұқымын тұздай құрту. Абайдың ұрпағын жою процесі

Пікірлер: 160
@user-ee8em5rj4c
@user-ee8em5rj4c Ай бұрын
Қандай керемет айтты біздің Тұңғыш президентіміз Әлихан Бөкейханов
@user-fb3lq9di4k
@user-fb3lq9di4k 2 ай бұрын
Ай сау болшы аға осы видеоға лайк басып пікір жазып көрермендерін көбейтіп жіберейік және осы видеоны орысша нұсқасын шығарайық орыс тілді орыс аралас мектепке барғыштар естіп есін жыйсын
@user-ee8em5rj4c
@user-ee8em5rj4c Ай бұрын
Қабдеш ағамыз балаларына өте керемет тәрбие берген екен Қазақ тәрбие Қазақша оқытып білім берген Алла деніңе саулық берсін керемет тарихты жастарға миына құйып беріп отыр
@user-lm9fz5in4u
@user-lm9fz5in4u Ай бұрын
Алқаш құлдың тұқымдары орыстарды қарғыс атсын! Қаьыл болғай!!
@bolatkasenbaev7539
@bolatkasenbaev7539 2 ай бұрын
Алтынның сынығы деген осы әкесі марқұм Қабдеш атамыздың жазған кітабы соңғы көші не деген керемет Жанны жәннәтә болсын ❤❤❤❤❤
@user-tq4lc5eq2t
@user-tq4lc5eq2t 2 ай бұрын
Осындай тарихшылар аман болсын көп болсын қазақ еліне нағыз демократия орнатылсын
@makekami2020
@makekami2020 2 ай бұрын
ТАРИХЫМЫЗДЫ БҮГЕ ШҮГЕСІН ҚАЛДЫРМАЙ БӘРІН АЙТА БЕРІҢІЗ ЖАҢА КӨЗІМІЗ АШЫЛЫП ЖАТҚАНДАЙМЫЗ КЕЛЕР ҰРПАҒЫМЫЗҒА БІЛСІН БАБАЛАР КІМ БОЛҒАНЫН.
@user-yc5bg6wv7r
@user-yc5bg6wv7r Ай бұрын
Савет үкіметін әлі сағынасыңдар сондада
@bekzatjumash2274
@bekzatjumash2274 Ай бұрын
​@@user-yc5bg6wv7rкеңес үкіметін санасыз сорлылар ғана аңсайды
@user-ed5fc9lo4r
@user-ed5fc9lo4r 2 ай бұрын
Соқырға таяқ ұстатқандай болды. Тарих универге ректор болатын ғалым екен.
@user-hw9qg1oe6h
@user-hw9qg1oe6h 2 ай бұрын
Керемет адам, әкесі тарихшы, Дидар деген кызымды казгуге окуға апарып, баратын жерболмай, үйге жүріңіздер деген еді, танымайтын адам бызғо, адамгершілігі мол адам.
@saqados7594
@saqados7594 2 ай бұрын
Барлық қазақ тарихына қызығушыларға және зерттеушілерге! Румыния астанасы Бухарест қаласына жақын жерде таза қазақ тілінде сөйлейтін ауыл бар. Олар өздерін САҚпыз дейді. Жылқы ұстап қымыз ішеді. Қазақстан жайлы білмейді. Осыны Сапар Ысқақовқа, Асланбек Қаңсарбаевқа, т.б.тарихшыларға және Қазақстанның Румыниядағы елшісіне жеткізіңіздер. Қазақ тарихы үшін құнды жаңалық болады.. Сақтар құрып кеткен жоқ. Ұрпақтарының көздері тірі. Мен мұны 1990 жылдары Жас Алаш газетінен оқыдым. Ол қиын кез еді. Хұрттың газет оқуға мұршасы жоқ уақыт болатын. Қзақ журналисі Стамбұлда екі сақ жігітін кездестіргені туралы жазған...
@user-xz3rk9ld9z
@user-xz3rk9ld9z 2 ай бұрын
Ал керек болса
@smadiyarakinbad371
@smadiyarakinbad371 2 ай бұрын
1970-шы мен 5-6 жаста едім әкем 73-74жамта шамасы далада жатқан туиенын жылқының бүтін бас сүтегін Беиіттін 4 бурышына қоиушы еді бал сақ дәуірімен сабақтастық
@user-zj3yd9nw8z
@user-zj3yd9nw8z Ай бұрын
Мынауыңыз керемет жаңалық екен
@bolatkasenbaev7539
@bolatkasenbaev7539 2 ай бұрын
Мына кісі керемет тарихшы екен ғой бұрын қалаи білмегенбіз 😂
@user-md4rk5vd3m
@user-md4rk5vd3m 2 ай бұрын
Қабдеш Жұмадилов атамыз Қазақтың әдебиетіне ,тарихына өте көп еңбек сіңірді.Ұлы жазушы деп санаймын . Өте жақсы көруші едім тыңдаған сайын тыңдай бергің келетін.Азаматтығының өзі бір төбе,халыққа жанашыр ,елдің сөзін сөйлеген нағыз патриот адам еді жатқан жері жаннатта болсын атамыздың.Шыңғысхан бабамыз туралы айтқан әңгімесін еш жалықпай таңға таңды аттырып тыңдайтын едім.
@askhatassan6699
@askhatassan6699 2 ай бұрын
Арман сол асылдың тұяғы ғой.
@user-hj6ti3wp2c
@user-hj6ti3wp2c Ай бұрын
Қазағым Өз Тарихымызды ешқашанда ұмытбайық !!!!!!!!
@user-ox7nv2kk7f
@user-ox7nv2kk7f 2 ай бұрын
Ассалаумағалейкім батырдың тұқымдары. АЛЛА разы болсын. Батырдан Батыр туады ол хақ. 😅😂😢
@user-gw4yg3qf1r
@user-gw4yg3qf1r 2 ай бұрын
Қабдеш Жұмаділов қайтыс болғанда енді мына заманда ақиқаттың сөзін айтатын зиялы қалмады-ау, деп қапаланған едім...Өзі кетсе де, сөзін айтатын тамаша тарихшы баласы бар екен! Атамыз өзі айтқандай, бабалар миссиясын жалғастыратын азамат ұл қалған екен! Тыңдайтын құлақ, көретін көз көбейсін! Кешеден бері айызым қанып тыңдап жатырмын осы сұхбаттарды. ❤❤❤
@user-hz2cl7ox8x
@user-hz2cl7ox8x 2 ай бұрын
Сізге рахмет бауырым. Қазақтың көзін ашып отырсың Аралас мектептер әлі бар Соларды тегіс жабу керек Біздің мәңгүрт өкіметке бәрі бір Бұларда ұлттық намыс деген жоқ. Өкіметке ұлтжанды азаматтар керек. Мектепке қазақ тарихын қайта жазып,жас ұрпақтың санасын өзгерту керек
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 2 ай бұрын
Сұрқия сорақы саясат, отаршылдардан тәрбие білім алған игілер, өз қалқының қас жауы!
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b 2 ай бұрын
Қысқа уақытта бүкіл тарих тізбегін әдемілеп тұрып жеткізді 👍👍
@rozasultaweva122
@rozasultaweva122 2 ай бұрын
Бәсе, сол кісінің баласы болар деп , отыр едім, өте сауатты тарихшы екен
@user-ke7dz8nx3j
@user-ke7dz8nx3j 2 ай бұрын
Оңбаған орыстарға бодан болмағанда біз Қақақ елі Азядағы АҚШ болар едік,қытайға кеткен керемет султустік СУАР өзімізде қалар едік,екі шегараның екі жағында қалып,сорламас едік,туысымыщды сағынып олардың өміріннен алаңдап жыламас едік😢😢😢😢😢
@nurlandauletkaliev5867
@nurlandauletkaliev5867 2 ай бұрын
Керемет!!!санасы,бар.бойында аз болсада казактын каны калган казакка егилип отырып тындайтын сухбат екен...бакытты .жан рахатын арабтын тарихынан салтынан солардвн галымдарынын өмирин жатка согатындарга тындатса гой ширкин...
@timax.j7a5r9y1l
@timax.j7a5r9y1l Ай бұрын
Ризамын сіздің әңгімеңізге!!! Сау болыңыз, Аман есен болыңыз!!!
@rozabortanova55
@rozabortanova55 2 ай бұрын
Бұл кезең Қазақ үшін қызықтар емес, қасіреттер болып келген, Қазағымыз естерін жыйып, еңселерін тіктемесе, ауызбіршілігін бекемдеп, басбірлігін мығымдамаса көрер қасіреті көп болмақ. Тексіздіктің бастауы орыс империясы тағы да бір мүмкіндікке ие болса, онда Қазақ қасіреті тағы басталмақ.
@user-rm1er1fe1r
@user-rm1er1fe1r 2 ай бұрын
Қазақтың басына түскен кейінгі 300 жылғы қасіретті Ұрыұлтанның 30 жылымен пара пар болған шығар.
@user-zr4ho3nb3w
@user-zr4ho3nb3w 2 ай бұрын
Өте дұрыс айтасыз
@user-dy2qo1kw1g
@user-dy2qo1kw1g 2 ай бұрын
Мықты Тарихшы екенсіз.Дәль осылай болды,мен оқыдым.Казақ тарихын енды кітап қылып шығару қереқ,мектептерғе,студентерғе өқу құралы қереқ..
@user-hw9qg1oe6h
@user-hw9qg1oe6h 2 ай бұрын
Осы Арманнан билім алған қызым, сауатты тарихшы.
@user-cd4hs8ie1d
@user-cd4hs8ie1d Ай бұрын
Рахымет, бауырым. Даңғой президенттердің отыз жылдық жолдамасын бір сағаттық сұхбатпен шаң қаптырдың. Тарихын білмейтін халық соқыр. Ол алдын да, артын да, оңын да, солын да көрмейді, көрмеген соң не істеуді білмейді.
@nurlandauletkaliev5867
@nurlandauletkaliev5867 2 ай бұрын
Осы галымның айткан мазмунында тарих кітабын жазу керек!!!Тусінікті әрі жалпак тілмен суреттеп берді...Осыны букил Казакстанда туратын баланын бәрі оку керек!!!Жас балаларымыз осындай тарихпен сусындап өссе баска улттың тарихына.салтына кызыкпас еди...
@user-wg7yj9mf3i
@user-wg7yj9mf3i 2 ай бұрын
Тарихты жақсы білетін кісі екен
@user-ek8pr5zj5r
@user-ek8pr5zj5r 2 ай бұрын
Мыкты устаз. 1 курста сабак берген
@user-gw4yg3qf1r
@user-gw4yg3qf1r 2 ай бұрын
"Қазір мен сөйлейін, сөзімді бөлмеңіз" деуі ұнады. Айтары бар адам ғана солай дейді.
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv 2 ай бұрын
ІХ ғасырларда табылған шетел деректеріндегі мына сөзді қалай түсінеміз: Үйсін, дулат, қоңырат бәрі қазақ тайпалары деген құжатты неге талдамаймыз. Ондай құжаттар өте көп. Әлі талайы табылады
@askhatassan6699
@askhatassan6699 2 ай бұрын
Арман жақсы тарихи ликбез оқып шықты.
@user-hv1vw2zp1c
@user-hv1vw2zp1c 2 ай бұрын
Еңбегіңіз жемісті болсын !
@user-gx4gk9ls5i
@user-gx4gk9ls5i 2 ай бұрын
Керемет мағұлмат екен
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Міне Ақиқат сөз осы: -" Отаршылдық сана мойнымызда тоң болып қатып тұр!"- дегеніңізге Мың алғыс! Осыны Үкімет, Билік қашан мойындайды? Халық, Қазақ халқы Қашан мойындайды? Мəселе осында ғой! Бар пəленің тетігі осы Құлдық санада!
@user-tp4bu2jm2j
@user-tp4bu2jm2j Ай бұрын
Өте жақсы түсіндіреді екен Ағамыз , ракмет Ағамызға
@azamatuni2394
@azamatuni2394 Ай бұрын
Жинақы, айбат сөйледіңіз. Рахымет..
@user-pe5ks9km1m
@user-pe5ks9km1m 2 ай бұрын
Онбагыр Петр, галош сталин сиякты жауыздар Qazaq жерiмiзде бiлгенiн iстептi гой,🤨😏осындай болган тарихтар мектепте универде де кобирек окылуы керек. Анау ак кулактарды тир тутып кушагында жургендер корсин. Агамыз тарихты жiлiктеп жаксы шындык айтты.👏🏻 ✊🏻
@user-yc5bg6wv7r
@user-yc5bg6wv7r Ай бұрын
Әлі савет үкіметін сағынасыңдар ғой әлі мерекелерін тойлап жүрсіңдер
@user-pe5ks9km1m
@user-pe5ks9km1m Ай бұрын
@@user-yc5bg6wv7r Оз басым тойламаймын, балкiм тойлап журмiз дерсiн.
@morinos12_1
@morinos12_1 Ай бұрын
ӨТЕ КЕРЕМЕТ ТҮСІНДІРЕДІ МЕН ТАРИХШЫМЫН 100% КЕЛІСЕМ ОСЫНЫ ЖАСТАР БІЛСЕ ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ ЕДІ 👍👍👍💪💪😊
@user-dl9je1lj5l
@user-dl9je1lj5l Ай бұрын
Керемет әңгіме! Алла разы болсын! ❤
@user-ph5qj4lw4v
@user-ph5qj4lw4v Ай бұрын
Жаңа Қазақстанға-жаңа атау керек,Туран Түркістан аталса,орыстар үні өшеді.
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Қазақтың қалай ұлтсыз- мəңгүрттке жеткені маңызды. Əлі арыла алмауда!
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Дұрыс! Осылай ғалымдар барынша "Халықтың санасын Отарсыздандырумен, Орыссыздандырумен айналыспаса"- мына "Ұры- жемқор Олигархтар кланы" Билігі құрған "Жүйеден" қалай арылмақпыз?
@jgjhyuvut423
@jgjhyuvut423 2 ай бұрын
Аскар Аскар Дурыс айтасыз
@user-qm8wl6ot5m
@user-qm8wl6ot5m 2 ай бұрын
Керемет! 1_ рет біреудің сөзін соңына деиін тыңдаппын.
@neboldy
@neboldy 2 ай бұрын
Жалгасы болады
@NN-wf1hn
@NN-wf1hn Ай бұрын
​@neboldy😂😂😂 мынаны кайдан тауып келгенсин😂😂😂 Кхахолдар Тарихы дал биздикиндей Екен 😂😂😂
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
1731 ден 1847 жылға дейін "Бодан ел" ( Подданый), 1847-1917 жылдары 70 жыл-" Отар ел",( Колония), 1921-1991 70 жыл Советтік "Орыстандыру"- тарихы болды!
@NN-wf1hn
@NN-wf1hn Ай бұрын
Коканд хандыктын бодандыгын Казактын уш жузге болинип алып бир бирин котин шукып журген кезинде жаза кет
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv 2 ай бұрын
ХVI ғ. Батыс атлас карталарында біздің мемлекеттің аты "Қазақия-Тартария" немесе Қазақ Ордасы деп көрсетілген. "Хандық"-деп ешқашан орыстан басқа еш ел атамаған
@user-lj5us2ur5l
@user-lj5us2ur5l 2 ай бұрын
Керемет.
@user-uo4fe8ws2n
@user-uo4fe8ws2n 2 ай бұрын
Қашып журіп. Жаны қалдығои. Қазақтың. Әліде қашу қысымкөп
@user-ou3qi4xn1i
@user-ou3qi4xn1i Ай бұрын
Агамызга мын рахмет. Ештен кнш жаксы дейди гой.Кеш те болса урпагымыз тарихын бтлуге тиисти Орыстар Казактын нагыз жауы.Биздин Казактар али сол шошкалардын тилинде сойлейди
@user-fc7nb3qf9i
@user-fc7nb3qf9i 2 ай бұрын
Атакты Абилкайыр хан,- ресейге бодан боламын деген жок- ресейге аскери одактас болайык усыныс жасады, Ресей патшасы келискен болып шекара ашыктыгын орыстар пайдаланып , казах жерине биртиндеп кре берди,- Абилхайыр хан орыска алданып калды.
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 2 ай бұрын
Баймұрат Ысанбеков! Дұрыс айтасыз!: Әбілқайыр хан ресей империясына: "бодан боламын" деп жазған жоқ! Сіз айтқандай: "әскери одақ" сосын: "сауда-саттық саласында одақ болсақ" деп жазған. Ол хат: сол күйінде: түпнұсқасында: осы: интернетте жүр... Мына кісінің: ""Ә.х. "бодан болам" деп жазса да, жазбаса да"" деп күлтілдетіп: яғни: ғалым боп отырып: нақты айта алмайды: көрдіңіз бе: өйткені: ол хатты көрген! Сөйтіп, отырып: көлгірсіп бұлталақтатып жеткізіп отыр: ақпаратты! Көрдіңіз бе: не деген қараулық! Өйткені: өзі тағы: "орыстар: хат мәтінін: кейін өз мақсаттарына бұрып: бұрмалап жазып таратып жіберген" деп, тағы мойындап отыр! Енді, сонда: ""Ә.х.-ң хатында: "бодан" сөзі жоқ!" деп: шын көргенін айтса: атағынан айырылып қала ма?! Неге: айтпайды?!: ақиқатын? Өз аузымен: "о хатқа қарамай-ақ, бәрібір ресей бодандық орнатар еді" деп: екінші жағынан: екіұшты сөзін: жуып-шайып отыр! Көрдіңіз бе? Жоғарғы оқу орындарында: оқытушылықта, Ғылым академиясында: әсіресе: тарих ғылымы саласында: батыс жақтың жастары: жалпы адамы жоқ!: негізі: о жаққа жұмысқа алмайды, кіргізбейді... Содан да: ғылыми көзқараста халыққа ақиқатын жеткізіп: Ә.х. туралы зерттемелер жүргізіп, лекция оқитын ешкім жоқ: о жақта!... Бұлардың бәрі: Ә.х -ды негізсіз құрбандыққа шалуды әбден меңгеріп алған... Жоқтаушысы жоқ: содан: қолжаулық қып алған: сол, жоғарыдағылар, одан: ондаған, жүздеген жылдар бойында: біріне бірі эстафетадай беріп, қарау мақсаттарын үзбей жалғастырып жеткізумен келеді... Қалайша: жыылдааар бойында: қоймастан!: ауыздарына түкіріп қойғандай: ұмытпай, қоймай қаралаудан танбай: айтумен келеді! Жәрайды: патшалық саясат: "қазақтар: өз еркімен бодан болды" деп: хаттың мәтінін өзгертіп: өтірік Ә.х.-ң хатына аудара салсын! Енді, сонда: жыылдаар өткенде қашанға шейін: қазақ кеңестік ғалымдары!: заманауи мәдениетті ғылыми, білімдік тұрғысынан: неге: Ә.х. атына: парасаттылықпен баға бере алмайды! Неге сонша: пендешілік төмендік көрсетеді? Неге, тек: со кісіні ғана қаралап айта береді?! Неге парасаттылықпен бағалауға қабілеттері жетпейді? Бәрі неге: Ә.х.-ға жабысып айырылмайды: қаралаудан? Орта, ұлы жүз хандары да бар емес пе: өзі, шынында: осы: ұлы жүзде: Жолбарыс ханнан басқа хан болды ма? Жоқ па? Басқа хандар ай қарап отырып па? Ә.х.-нан бұрын: Тәуекел хан, одан кейін екі рет Қайып хандар ресейлік патша үкіметіне: "одақ құрайық" деп хат жазғанды! Оларды еш уақытта айтпайды! Екінші ғасырға кетті!: ТЕК!: Ә.х.-ды ғана!: "хат жазған" деп қоймайды!: оның үстіне: "бодан" сөзі жоқ екен!: енді: неге: қаралап: "бодандыққа қабылда" деп жазған, деп қоймайды: осы кеңестік: одан: тәуелсіз кезеңінің ғалымсымақтары! Оқып: зерттеп дәлелденген құжаттың өзін: жоққа шығарып: масқара!: шынын айтпайды! Бұл, не деген надандық! Әлде, жоспарлы саясат па?: Ә.х.-ға аударып сап: өздерін ақтап!: анау-мынау емес!: тіпті: отыз екі жыл! бойы да: сол: ресейдің дегенінен шыға алмай отқан жоқ па? Ә.х.-ң енді!: ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?! Қалай түсіну керек: осы: шытырманды?! Мына кісі: білдей ғалым басымен: пендешілікке салып: ұсақ сөз айтып отыр: ""Кім біледі: Ә.х.-ң өзінің есебі болды ма: үш жүзге өзінің балдарын "хан" қылмақ болды ма?"" деп: шімірікпестен соғып отыр! Осындай ғалым бола ма?: 300 жыл бұрынғы аласапыран заманда: қазақ жерін талай соғыста: жаудан құтқарып тікелей басы-қасында, қан майданның ортасында жүрген-болған: ұлы Ә.х.-ды: ""ұлдарын "хан" қылмақ болған"" деп: қазір: XXI ғасыыырдаа: қызғаныш көрсетіп соғыыып отыр!: "... ойлады ма" деп! "Ойлаған-ау" деп: қазірге дейін күдіктеніп ұнатпай отыр! Сұмдық! Таяздық-ай! Аман болыңыз!
@inkar551
@inkar551 2 ай бұрын
Аллаға шүкір
@user-rm1er1fe1r
@user-rm1er1fe1r 2 ай бұрын
👍👍👍👍👍
@user-nm2ng4nh2j
@user-nm2ng4nh2j Ай бұрын
Осындай тамаша тарихи блімді естіп көріп отрған адам осынша аз болуы біздің қаншалықты надан бейшара екенімізді білдіреді
@user-rs8dj5zt2w
@user-rs8dj5zt2w 2 ай бұрын
❤❤❤❤❤❤❤
@koyshibai4627
@koyshibai4627 Ай бұрын
Қазақтар не көрмей кележатыр енді бір бірін өлтіріп тонап алдап соттап айтатын сөзім жоқ тілегім тек бір Аллаға сенем Қазақ жерім аман болсын
@koyshibai4627
@koyshibai4627 Ай бұрын
Өте орынды айтылған
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Бұның бəрі Мемлекет деңгейінде жүргізілуге тиісті Ең Басты жұмыс еді ғой? Мына Үкімет соны неге істемейді?
@user-bc8fw7yx5y
@user-bc8fw7yx5y 2 ай бұрын
Керемет шындық
@Diana_Moldagaliyeva
@Diana_Moldagaliyeva 2 ай бұрын
Жалғасын күтеміз
@user-ph5qj4lw4v
@user-ph5qj4lw4v Ай бұрын
Қазақ-орыстың казак сөөдік түбірі,қытайда қазақты тұраншалар(туранның аз халқы).Қазақстан сөзі де орысша,ТУРАН яки ТҮРКІСТАН мемлекеті атауы тарих,ұлтқа жарасады.
@user-vy8yb1gp2s
@user-vy8yb1gp2s 2 ай бұрын
Осындай саяси сауатыллық екі тілде жүргізуге қалай болар екен,себебі қазақтар орыс тілділер көп қазақша біліңкіремеиді содан орыстың сөзін сөилеиді
@KamalBisenbay
@KamalBisenbay Ай бұрын
Жоңғар мемлекетінің құрамында 4-5 тайпасы, яғни Қасым хан дәуірінде солардың 4 еуі Қазақ хандығына тәуелді болған, олар Дэрбет, Торғаут, Хошаут, Ойрат ал Хойттар Тибет жақта тұрған, Шоростар Сібірде тұрақтаған, Цеван Рабдан сол Ойраттың Шорос руынан шыққан. Кейін осы тайпалар Жоңғар мемлекетінің іргесін қалаған, кейін шығыстан Мәнжүрлер келгенше. Қытай үкіметі Манжурларды(Шүршіт) пайдаланған жерін кеңейту үшін. Қытай императоры айтқан, азияда 2 жолбарыс бар, біреуі Жоңғар мемлекеті, екіншісі Қазақ хандығы, оларды бір - біріне айдап салу керек, қайсысы әлсірейді, соны бас салу кернк. Оны іске асыратын Манжурлар деген. Манжурларды Қазақ Шүршіт деп атаған, олар бір кездері, солтүстіктен келіп қытайды басып алған, кейін жаңа Цинь үкіметін құрған. Ал Қалмақтар олар Ойрат пен Хошаут тайпасырсн құралған. Оларды қалмақ деп атаған, Қазақ пен Башқұрт.16 ғасырда Сібір Хандығы қүлаған соң, 17 ғасырда Торғаут және Ойрат тайпалары бірігіп, Хойурлук тәйші басқарумен батыс сібір арқылы Еділ бойына келген, Ноғайларды Кавказ бен Қырымға ығыстырып. Патшалық Ресейде Кавказ және Қырым соғысында Қалмақтарға арқа сүйеген.
@user-kv1nx2uc2i
@user-kv1nx2uc2i 2 ай бұрын
Оте керемет айтылды таза шындык!!!
@user-em5ux4mu6f
@user-em5ux4mu6f Ай бұрын
Қазақ халқының тарихына қызығушылығы бар адамдарға айтарым ютубта глазами истории каналында Айбек керемет жазады нақты дәлел деректер бойынша, күн сайын қызығып оқып отырамыз, ұстаздық еткен жалықпас дегендей, дайын материал сабақтарына, жоғарыдан нұсқау керек те емес, жаңа қазақ тарих китап шығады деп уақыт кетирмей жумыс жасай беру керек
@joniqazaq4557
@joniqazaq4557 Ай бұрын
👍👍
@ultzhandyqazaq
@ultzhandyqazaq 2 ай бұрын
Монғол дегеннен қашан құтыламыз? Мәңгі ел десеңдер болмайдыма?
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv 2 ай бұрын
МОҒОЛ деу керек
@user-rs6un1yl2t
@user-rs6un1yl2t 2 ай бұрын
Қумаш
@user-rs6un1yl2t
@user-rs6un1yl2t 2 ай бұрын
​@kz-fuмог могол деген орыс таришылары айтқан сөз
@user-ur5ok7vc5f
@user-ur5ok7vc5f 2 ай бұрын
Сақ елі ХАС САҚтар елі деп біздің ата бабаларымыз өздерін айтқан деп айтады. Сонда қалай. Хассақ Қазақ елі деген атпен. Он бесінші ғасырдан ары ғой деймін. Енді оны Тарихшылар айтпаса. САҚ ХАС САҚ деп аталғанбыз әлі де солай аталамыз.
@user-dt2sq1mo1b
@user-dt2sq1mo1b 2 ай бұрын
👍
@jamshidayupov3209
@jamshidayupov3209 Ай бұрын
Assalamu alaykum Qazaq ag`alarim
@user-jj6qg1nv9g
@user-jj6qg1nv9g Ай бұрын
👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-ei6oy4iw7t
@user-ei6oy4iw7t Ай бұрын
❤❤❤❤
@user-dt2sq1mo1b
@user-dt2sq1mo1b 2 ай бұрын
Жілігін шағып айттыңыз
@user-ur5ok7vc5f
@user-ur5ok7vc5f 2 ай бұрын
ХАС деген нағыз өзі нағыз САҚ деген сөз дейді тарихшылар. Нағыз ХАС САҚ пыз деген. Енді бұны мен ойдан шығарған жоқпын оқыдым тарихи деректерде, тарихшылар осылай жазыпты. Мен тарихшы емеспін бірақ оқимын арасында осындай Қазақ елінің тарихын. Көп оқымасамда ақырындап оқимын.
@user-nx7xd5we8n
@user-nx7xd5we8n Ай бұрын
Бул СИЗ айткан буткул турк элдеринин обший тарыхы казах Жанибек менен Керейден башталат
@user-do6oi6bg2h
@user-do6oi6bg2h Ай бұрын
Бес кезеңнің керегі жоқ өтті ғои енді айдың аманында тонап билігін жүргізіп отыр ғои залымдар сатқын екі жүзді ақша кресло құмар қазақтарды пайдаланып биліктегі.
@timax.j7a5r9y1l
@timax.j7a5r9y1l Ай бұрын
Шоқан Уалиханов бар қазақтың құпиясын орыстарға жазып беріпті!!! Екі том кітабын оқығанмын! Неге орыстар Шоқанды мақтайды десем, мәні тереңде екен!!!
@user-zj3yd9nw8z
@user-zj3yd9nw8z Ай бұрын
Орыстың шпионы қызметің атқарған ұйғыр, қырғыз, өзбектің қалаларның картасын сызып берген. Бізде бармыз ішінде.
@user-xj8gp3rj1g
@user-xj8gp3rj1g 2 ай бұрын
Әлихан Бөкейханұлының ескерткіштері әрбір елді мекенде, суреттері әрбір мемлекеттік қызметкерлер кабинеттерінде ілулі тұру керек
@user-wk4oo9wg4r
@user-wk4oo9wg4r 2 ай бұрын
Орыстар үреткендей иә??? Солар ғой сүреттерды іліп отырады. Арылмай жүрсіндер ғой сол үреткенен.
@qazaq091
@qazaq091 2 ай бұрын
Орыстың империясын мақтап жатыр ғой 😂
@user-jn3cr7mm3d
@user-jn3cr7mm3d 2 ай бұрын
📚✍️⚛️💪👏👏👏
@user-ge9jp7gz3x
@user-ge9jp7gz3x Ай бұрын
Шыңғысхан монғол емес! Шыңғысханның заманы монғолдану заманы емес. Шыңғысханның, Жошыханның ұлыстары монғол тілінде сөйлемеген. Қыпшақ(қазақ) тілінде сөйлеген. Ол тарихи шындық. Шыңғысханды монғол деген адамның өзі монғол.
@user-yi7sc9el6f
@user-yi7sc9el6f 2 ай бұрын
Меніңше қазақ нағыз сақ дегенді білдіреді
@user-uw3dp7jo7w
@user-uw3dp7jo7w Ай бұрын
Хас сақ нағыз сақ деген,дұрыс айтасыз.Қытайлар әліге децн хасақи деп айтады Димаши дегендей
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Үш ғасыр емес 260 жыл.
@nato594
@nato594 2 ай бұрын
Тамаша сұхбат, бірақ сұрақ қоюшының дайындығы/білімі жетіспей тұрғаны болмаса, тарихи білімі болса жақсырақ болар еді.
@tynusbeknauwabaev-cq4tc
@tynusbeknauwabaev-cq4tc 2 ай бұрын
Мына тарихшы смақтар дәлесіз орыс тарихына қаныққан өзегі саиаз қәзетсіз әңгімегі ң керегіне 9\10 ғасыр дағы Қазақ рулары қыпшақ қаңлы Баласағұн қаласы үшін қырғызбен соғысты деген деректі білмейді 15 ші ғасырдағы Қазақия деген мемлекеттің картасы қалай жоққа шығарып түр оны білмейді . сондықтан осындайлар жастарға орыс тарихшыларының жалған мәлметін дәріптеп біздің жастарды уағыздайды
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 2 ай бұрын
Тынысбек мырза! Дұрыс айтып отырсыз! Ана, жұрналистің: "алаш" атауы туралы сұрағанына: анық жауап бере алмады: олай-бұлай, деп айналып кетті. Сосын: Керей, Жәнібек хандарды: немене: Әбілқайырдан бөлек кетті, деп пе: соқты!: қазақ хандығы: 1465 дылы қүрылды! Алғаш хан болғандар: Керей мен Жәнібектер! Олардың Әбілқайырда шаруасы болған жоқ!: өйткені: о кезде: Әбілқайыр түгілі: Әбілқайырдың: әке-шешесі тіпті: дүниеге келмегенді! Абылай ханның да: Әбілқайырға қатысы болған жоқ! Ә.х. 1748 жылы қаза тапты: осындай: іштар, аузы бірікпеген сұлтансымақтардың кесірінен! Аруақ атып: оның өзі де екі жылдан кейін өліп қалды! Ал, Абылай хан 1771ж. таққа отырды! Тіпті: Ә.х.-да шаруасы болған жоқ! Ең қиыны: студенттерге тарихи ақпараттар тура жетіп жатқан жоқ. Олар: қалай айтса: солай: таңдайларын қағып қабылдай салады ғой! Мәселе қайда!
@user-sl3vq7sz9q
@user-sl3vq7sz9q 2 ай бұрын
Қумашы
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 2 ай бұрын
@@user-sl3vq7sz9q! Кімге айттың?: және қай сөзі үшін? Дым білімің жоқ: базар сөзді айтуға ғана шеберсіңдер!
@user-wb5ou9ex1o
@user-wb5ou9ex1o 2 ай бұрын
Қабдеш Жұмаділовтың Ұлы. Асылдың сынығы.
@naziramusaeva3163
@naziramusaeva3163 2 ай бұрын
Назарбайды мақтап нұрлы жол дегенді мен айттым деген кім????
@user-vv5cc3dz1k
@user-vv5cc3dz1k 2 ай бұрын
оны білмедім?
@user-ti5hp6fh8f
@user-ti5hp6fh8f Ай бұрын
Орысардың бастары қатты істеген екен я
@user-li8bq2lb1z
@user-li8bq2lb1z 2 ай бұрын
Кресті айқыш демейді, ӘДЖІ деген. Осыны зоостризм дегенмен сақтанғандаймых
@user-cz4zq3vu7r
@user-cz4zq3vu7r 2 ай бұрын
15 ғасырдағы қартада қазақия қайдан келі онда сіз 17 ғасыр дедіңіз негізі 10 ғасырда қазақ болып бөлінген
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Монғол деген халық 1920 жылдары Мемлекет болып аталыпты. Неге моғол демеске?
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Моңғол деген сөз аталмауы керек. Ол Ресейдің, Сталиннің қосқан өтірігі ғой. Ал шын мəнінде татар мен Моғолдың ұрпағы.
@user-ic8wi3nm7o
@user-ic8wi3nm7o Ай бұрын
Қазіргі байларды да өлтіріп тастай ма 😮
@user-lh1od7ub6c
@user-lh1od7ub6c 2 ай бұрын
Оны неменеге айтасың бәрі өзімізден.енді ел боламызба деп едік өзіңде көріп отырсың кімді кім құлғылып отырғанын.
@user-wd5ss8lu3g
@user-wd5ss8lu3g 2 ай бұрын
Әр жерінен бир терип , өзине ыңғайлы тарихты айтып отыр. Орағытып, бай, бағдарларды , мактап.
@ardakzhumataev2443
@ardakzhumataev2443 2 ай бұрын
Казақ, деген сөздің мағынасы олаи емес
@user-hv1vw2zp1c
@user-hv1vw2zp1c 2 ай бұрын
Айтсаңшы мағынасын ?
@ardakzhumataev2443
@ardakzhumataev2443 2 ай бұрын
@@user-hv1vw2zp1c Қас, Сақ деген сөз, тез аитсаңыз Қазақ болып тұр
@user-vv5cc3dz1k
@user-vv5cc3dz1k 2 ай бұрын
онда қалай?
@ardakzhumataev2443
@ardakzhumataev2443 2 ай бұрын
@@user-vv5cc3dz1k Қас Сақ деген сөз тез аитсаңыз Қазақ болып тұр
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s 2 ай бұрын
Суверен емес- "Бодан"- болды.
@user-hs3es8yh4k
@user-hs3es8yh4k Ай бұрын
Сіз жақсы айттыңыз , бірақ сырт кейірпңіз еаропойдсыз , егерде қазақша киінуді қашан бастайсыз . Сонда ұлтшыл , ұлтын сүйетін азаматтар көбейер еді деп ойлаймын .
@Sharyarnasriy
@Sharyarnasriy Ай бұрын
Saktardi Irany laremespe
@bahytmussina3829
@bahytmussina3829 2 ай бұрын
Мынау сарапшы өз салсында білікті маман екен, еңбегі жемісті болсын. PS. Оу, Пірім-ай, бұл қазақ еш қашан қалың қазақтардың сөздерін естімеген бе? Қазақтар "Расей" демейді, "Ресей" дейді ғой.
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 2 ай бұрын
Сенің өз деңгейіңе жетіп жатыр ғой...
@user-mb5fh3xk7h
@user-mb5fh3xk7h Ай бұрын
Алаш деген де Алашахан димизгои сол Алашахан басынан аиырлып отыркои А Маргулан неге жай дана жай апарып бересалган орыска неге сонша корыкты екен олиседе бермеу керек еди БАСКА бас суйек бересалу ойына кирмедиме екен
@AmantayZhaukenov
@AmantayZhaukenov 2 ай бұрын
Ғабдеш Жұмабаев ағайдың баласы мекен.
@user-uv7qo2cr6y
@user-uv7qo2cr6y 2 ай бұрын
Қабдеш Жұмаділов!
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 19 МЛН
skibidi toilet 73 (part 1)
04:46
DaFuq!?Boom!
Рет қаралды 34 МЛН
Ages 1 - 100 Decide Who Wins $250,000
40:02
MrBeast
Рет қаралды 126 МЛН
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 19 МЛН