Рет қаралды 51,092
Бүгін шетелдегі оппозиционер, Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов жұртты наразылыққа шығуға шақырған. Митингке шыққандар Қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз кіруіне қарсылық білдіріп, Қазақстанның ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығуын, Қазақстан халық ассамблеясының жұмысын тоқтатуды талап етті. Алаңды қоршаған полиция митингтің заңға қайшы екенін айтып, наразылыққа шыққандарды күшпен алып кетті.