Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан Таиланд қызы сиыр сауып, қазақ тілін үйреніп жүр

  Рет қаралды 122,270

OMIR GO

OMIR GO

3 жыл бұрын

Түркістандық жігіт Рахат Әнапия мен тайландтық бойжеткен Корнканок Хачоктың неке қидырып, отбасы құрғанына бес жыл болды. Қазақ отбасына келін болған соң ислам дінін қабылдап, Гауһар есімін алған. Өткен жылы жас отбасы Қазақстанда той жасады, енді екінші той Тайландта өтеді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты уақыты кейінге шегерілген. Жастар қазір білім алып, тәжірибе жинақтау үшін шетелде жүр.
Рахат пен Гауһар 2015 жылы Америка Құрама Штаттарында Бостон қаласында бір жерде жұмыс істеп жүріп танысады. Ол кезде Рахат Америкаға Work and Travel бағдарламасымен барған еді.
"Шетелден қыз алу туралы бұрын мүлде ойламаған едім. Себебі Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Бабайқорған ауылында туып-өстім. Қаратау бөктерінде орналасқан ауылда нағыз қазақы тәрбие алып, әжемнің баласы болдым. Басқа ұлт өкіліне, оның ішінде шетелде туып-өскен қызға үйленемін деген ой болмады. Гауһарды кездестіргенше осылай ойладым", - дейді Рахат Әнапия.
Бойжеткенмен жақын таныса бастаған соң ауылдағы отбасына шетелдік қызбен сөйлесіп жүргенін айтқан. Арада бірнеше ай өткен соң Қазақстанға оралып, Гауһарды еліне қонаққа шақырған. Осы кезде ол отбасына қарым-қатынасының тұрақты екенін, ойының байыпты екенін жеткізген.
"Үйдегілер қазақтан қыз алғаның дұрыс қой деді. Басқа ұлт өкілімен ертең сөйлесуіміз, құдалармен араласуымыз қиын болады. Келін мен ене ретінде араласуымыз қиын болады. Әлде де ойлансаңшы" деп айтты. Бірақ менің шешіміме тікелей араласқан жоқ. "Өзің білесің, дұрыс болар еді..." деген мағынада қарсылық танытты", - дейді Рахат.
Алайда Рахат әжесінің ақ батасын алуға асыққан. Ол әжесін көзі ашық жан еді деп еске алады. Осылайша отбасы ішіндегі шешімнің нүктесін әжесі қойған. "Қандай ұлт, кім екені маңызды емес. Балам жақсы көріп тұрса болды. Біз ақ батасын береміз", деп қолдау көрсеткен.
Осылайша, 2016 жылдың қаңтарында Гауһар алғаш рет Қазақстанға келген. Рахат ол кезде елордадағы Еуразия Ұлттық университетінде оқып жүрген. Шетелдік бойжеткен Қазақстанды көріп, ел астанасымен танысқан.
Араға бірнеше ай салып, сол жылдың қазанында қайтадан Қазақстанға келеді. Бұл жолы Рахаттың отбасымен танысқан.
"Менің шақыруыммен Қазақстанға келді. Отбасыммен таныстыру үшін ауылыма апардым. Ата-анам, әжеммен таныстырдым. Әжеме бірден ұнады. Бастапқыда қарсылық танытқан ата-анам Гауһарды көрген соң ойын бірден өзгертті. Риазшылығын білдіріп, батасын берді. Көрмей тұрып қарсы болған еді", - дейді Рахат.
Оның айтуынша, ауылға апарып таныстырғанының өз себебі бар. Алдымен ата-анасымен таныстырып, өзінің қандай жерде өскенін, қазақы отбасының қандай болатынын көрсеткісі келген.
"Ауылдың тұрмыс-тіршілігін өзі көрсін, соған дайын болсын деп апардым. Ауылда тұра ала ма, соған көз жеткізу үшін апардым. Өзі де танысты, білді. Егер өзіне ұнамаса, кез келген уақытта шешімін өзгерте алатын еді. Ауылда тұратынымды көрсеттім. Соның бәрін көрді, сиырды да сауды, даланы да жинады. Қарсы емес екенін білдірді", - дейді Рахат.
Екі жастың танысқанына бір жылдан аса уақыт өткен соң Рахат Гауһарды өзіне жар етемін деп шешкен. Бұл Гауһардың Қазақстанға алғашқы сапары кезінде қабылданған шешім болатын.
"Отбасын 2016 жылы қаңтарда құрдық. Бұл - Гауһардың Қазақстанға екінші рет келгенінде еді. Ауылға барып таныстырып, Түркістаннан Астанаға келдік. Осындағы "Нұр-Астана" мешітінде некемізді қидық. Бірақ заң жүзінде некемізді тіркемедік", - дейді ол.
Sputnik Қазақстан сайтының хабарлауынша, Рахаттың әжесі 2017 жылы дүниеден өтті. Түркістандық жігіт әжесінің ақ батасын алып, келінімен таныстырып үлгергеніне қуанады.
Қазір екі жас екеуара ағылшын тілінде сөйлеседі. Себебі екеуіне де ыңғайлы тіл - осы. Соған қарамастан қазаққа келін болған тай қызы қазақ тілін курсқа қатысып үйреніп жүр.
Сілтеме:
sputnik.kz/interview/20210517...
#РахатАнапия #РахатГаухар #КазахстанТаиланд

Пікірлер
didn't want to let me in #tiktok
00:20
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 10 МЛН
О, сосисочки! (Или корейская уличная еда?)
00:32
Кушать Хочу
Рет қаралды 3,9 МЛН
顔面水槽がブサイク過ぎるwwwww
00:58
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 98 МЛН
маленький брат прыгает в бассейн
00:15
GL Show Russian
Рет қаралды 3,9 МЛН
Өз үйім - 6-хабар Шарапиевтар әулеті
17:50
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 3,4 М.
Кечки ЖАҢЫЛЫКТАР топтому 15.05.2024
20:56
ОшТВ Каналы
Рет қаралды 26 М.
Таныстық Айбектің қызқұмарлығының кесірінен тоқтай ма?
18:54
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 90 М.
Накормила депутатов 😅 #сериал #топ
0:56
Топ по Ивановым
Рет қаралды 6 МЛН
MAGICIEN VS MOLDU (Les best ahah)
0:53
Achille Magic
Рет қаралды 6 МЛН
Amazing Speed kick | Classic Kick #martialarts #taikwando #themaster #Karate #kicks
0:14
The Master's Academy of Martial Arts
Рет қаралды 4,7 МЛН
ТЫ В ДЕТСТВЕ ПРИВЕЛ ДРУГА ДОМОЙ😂#shorts
1:00
BATEK_OFFICIAL
Рет қаралды 2,3 МЛН