Қазақ әйелі: Махаббатты бекіту үшін

  Рет қаралды 535

Сан түрлі тағдыр

Сан түрлі тағдыр

Ай бұрын

Авторы: Мұрат Кенжебаев
Махаббат сыры.
Маржан кешкі дастархан басында жалғыз өзі отыр. Бала келіні, немерелері әлдеқашан кешкі шәй тамағын ішіп әр қайсысы өз бөлмелеріне кетіп өздерінің сүйікті ісі "интернет қуып" отырған шығар.
Енесінің әлі ас үйден кетпегеніне ыңғайсызданып кіші келін әлсін әлсін бас сұғып қарап кетіп жүр. Ия, Маржанның қолында екі келін бар, қазіргі заманда Қазақ қоғамында бір үйге үш әйелдің, енесі, екі келінімен басы сиып отыруы өте сирек құбылысқа айналып барады. Бірақ осы үйде, осы шаңырақта үш әйел сиып, өсіп өніп отырғаны осы Маржанның арқасында. Екі ұлдың екеуіде үйленген, екеуінен 5 немере бар, немерелерінің алды 11 жаста. Екі ұлдан соңғы кішісі қыз, ол да тұрмыс құрып екі баланың анасы атанып отыр.
Маржанның үй шаруасындағы қора - қопсы жағындағы қол қанаттары.
Маржан күйеуін отағасы Асыланды күтіп отыр, отағасы соңғы 23 жылда жұмыс жасап қарық қылған адам емес. Жұмыс жасамайды, өзі сияқты "шөлмектің ішінде қалып қойған" бір топ жолдастарымен арақ ішеді. Әр жерден бір шөлмек, жарты шөлмек, дәрігерлік спирт тауып ішіп күндерін өткізіп жүр. Арасында алты ай, бір жылға дейін ішпей кеткен кездері болды. Бірақ айналып келгенде сол араққа қайта соғады.
Анасына алаңдаған үлкен ұлы ас үйге бас сұғып, анасының қасына келіп отырып:
-Анашым ау, әлі отырсың ба? Неғылайын деп отырсың, келсе келер, келмесе аяғы жеткен жерінде қалар. Бірінші рет емес күнделікті жүрсі осы емес пе? Арақ ішіп, аунап былғанып келмес дейсің бе, тірі болса? Оған бола көз майыңды таусып отырасың ба? Келсе ішер "атау кересін" ішпесе жата кетер орнына. Жатып дем алсаңшы анашым ау, шаршамадың ба адам болудан кеткен адамның жолын тосудан? Алыстан артынып тартынып базарлық әкеле жатқан кісі емес, кәдімгі алқаш қой. Жақсылықты түсінбейтін "біткен" адам ғой ол, -деп анасына аяп қарап отыр.
Әрине, Маржан ұлының жаны ашып отырғанын түсінеді. Осы үлкені сәл есі кіргенген анасының көмекшісіне айналды.
Кішкентайынан осы үйдің ауыртпалығы бөліп көтерісіп келеді. 12-13 жасынан "Көлік жууларда" жұмыс жасап тапқан тиын тебенін анасына әкелетін. Сәл есейіп 16-ға толғанда карьерге барып тас тиеп, жүкші болып ақша тауып бастады. Әке шеше бар бола тұра балалықтың тәтті дәмін татты деуге келмеді. Маржан жан дүниесімен сезіп отыр. Ұлы әкесіне өшігіп кек сақтап кеткен түгі жоқ. Анасына алаңдаған болып, ол да әкесінің аман келгенін қалап отыр. Баласының жүзінен күйеуінің жас кезін байқап елжіреп отырған Маржан естелікке қалай шомып кеткенін сезбей қалды.
Жаз мезгілі еді. Маржан ауылдан, аудан орталығына нағашысының тойына келген. Күндізгі той біткесін кешкісін жастардың "вечер" отырыспағы басталды. Палатка астында жастар дуылдасып, әзіл қалжың, қосылып шырқалған әндер кезек кезегімен айтылып жатқан шақта, қасында тағы бір жігіт бар осы Асылан кіріп келген. Маржан бір көргеннен ұната қойған жоқ, бірақ Асылан "кім бар?, кім жоқ?" дегендей жан-жағына қарағанда бұл оның түрін анық көрді. Тікірейген қысқа қара шаштары, жазғытұрғы аңызаққа тотыққан түрі, жалт етіп қарағанда жарқ ете қалған көздері, ұзын деуден сәл төмен бойына жағасы шағаланың қанатындай жайлған ақ көйлегін ішіне салған классикалық шалбар, "Рефле" деп аталатын белбеу, Асыланды Маржанға ауылда күнде көріп жүрген ауыл жастарынан өзгеше қылып көрсетті. Ортада дуылдасып отырған бір екі жігіт бұларды қастарына шақырып, араларынан ысырылып орын берді. Біреудің желкесін, біреудің аяғын баса, жол бойы жігіттермен амандасып орындарына жайғасты. Маржан неге екені белгісіз осы жігітке әлсін әлсін көз қиығын тастаумен болды. Үйінде той болып жатқан, өзімен тетелес немере әпкесінен байқатпай ғана Асыланды нұсқап жәйлап,
- Ана жігіт кім? Ағайын ба? Танисың ба? - деп еді, немере әпкесі,
- Неге сұрадың? Ұнатып қалған жоқсың ба? Жақында армиядан келген Асылан деген жігіт. Байқа, сыр алдырсаң алып қашып кетуі мүмкін. Ұрынарға қара таппай жүрген кездері қазір, - деп күле жауап берді.
-Жоқ бош, неғылам Оны. #аудиокітап ғибратты әңгімелер жинағыyoutube.com/@San_turli_tagdir...

Пікірлер: 2
@user-il8xd9jy9m
@user-il8xd9jy9m Ай бұрын
Не деген мыкты айел тозимди балдары да оте тарбиели акылды екен
@user-fz2rn2dj6d
@user-fz2rn2dj6d Ай бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉
Қазақша Әңгімелер Аудиокітабы 2024
26:26
Сан түрлі тағдыр
Рет қаралды 878
YouTube Play Buttons !! 😱😱
00:17
Tibo InShape
Рет қаралды 10 МЛН
Como ela fez isso? 😲
00:12
Los Wagners
Рет қаралды 24 МЛН
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 109 МЛН
аудиокнига Лёгкий заказ - Андрей Васильев
7:17:05
Аудиокнижная галерея
Рет қаралды 196
Дуаланған үй. #аудиокітап әсерлі әңгіме
6:04
Сан түрлі тағдыр
Рет қаралды 398
🫣ЖЕЗДЕ мен ӘПКЕМДІ ӘКЕМ ӨЗ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙДЫ
5:36
ҚЫЗЫҚТЫ ӘҢГІМЕЛЕР
Рет қаралды 6 М.
YouTube Play Buttons !! 😱😱
00:17
Tibo InShape
Рет қаралды 10 МЛН