ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ: Әл-Фараби музейі

  Рет қаралды 13,244

Farabi Media - KazNU

Farabi Media - KazNU

5 жыл бұрын

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені «Қазақстан музейлері» жобасы аясында Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби музейі жайлы шағын бейнефильмді ұсынады.
Бұл бейнефильмді түсіру жұмыстары "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Ұзақтығы: 23:30 мин.
Тілі: қазақша
Әл-Фараби музейі
Әл-Фараби музейі - Қазақ Ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің рухани мұраларына арналған.
Бұл музей 2013 жылдың 13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы - диорамалық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген.
Олар: «Көне Отырар - естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері - адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан».
Экспозициялық көрсетілімде данышпан мұралары - философиялық трактаттар, фарабитанушылардың құнды зерттеулері, Отырар елді мекенінен табылған тарихи артефактар, деректер, конференция материалдары және әлемнің ең ірі кітапханалары мен музейлерінен әкелінген баға жетпес жәдігерлер қойылған.
Музей - жастардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлы бабамыздың мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа сүйіспеншілікпен жеткізуде және насихат жұмыстарын жүргізуде маңызды жұмыстар атқаруда.
Диорамалар витриналармен бірге дөңгелек композиция түрінде орналасады.
Ортада - қымбат тастан қашалған адамзат білімінің өмірлік қайнар көзін сипаттайтын қондырғының үстіне қасиетті құран кітабы орналасқан. Бұл - Адам қолындағы Кітаптың адам жаны мен ақыл-ойына деген ықпалы образды түрде бейнеленеді. Барлық уақытта барша халықтарда, әсіресе, Шығыста, ол - Ақыл, Әлемді ғылыми тануды, ұрпақтар сабақтастығын білдіретін символикалық мәнге ие. «Ғалымның артында оның кітаптары, шынайы шәкірттері, ғылыми жазбалары қалады...», - деген екен Отырардан шыққан ұлы Ұстаз.
www.kaznu.kz/kz/17913/page
#Qazaqstan_muzeileri #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Пікірлер: 6
@doszhanbalabek3734
@doszhanbalabek3734 5 жыл бұрын
Жақыпбек ағамыз Әл-Фараби музейіне тамаша саяхат жүргізді. Көпшілік үшін осындай тағылымы мол хабарларды жүргізу осы күннің талабы болуы тиіс. Фильмді жасаған Әл-Фараби арнасының ұжымына да алғыс білдіреміз! Құтты болсын!
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Рахмет, Досжан! Осы фильмнің дыбыс жағынан ақаулар болып, қолайсыздық тудырғаны үшін барлық көрермендерден кешірім сұраймыз. Алда мұндай техникалық олқылықтар қайталанбайтын болады.
@user-bc7de7ue8u
@user-bc7de7ue8u 4 жыл бұрын
Рахмет сізге мен сіздің арқаңызда ертеңгі жбға көп мәлемет алдым. Мен кіттәй болсамда сіздің арқаңызда жақсы мәлемет алдым. Сізге мың алғыс
@user-xq4du4hq1s
@user-xq4du4hq1s 5 жыл бұрын
сіз күштісіз
@aigerimkenzhebekovna7362
@aigerimkenzhebekovna7362 Жыл бұрын
Актобе ба
@haisha713
@haisha713 3 жыл бұрын
Евгений Жаринов: беседы о литературе
3:31:47
Profileschool
Рет қаралды 2,2 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 621 М.
Who enjoyed seeing the solar eclipse
00:13
Zach King
Рет қаралды 108 МЛН
Алматының мыңжылдық тарихы (3 бөлім)
10:28
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 3,2 М.
Н.Тілендиевтің мерейтойына арнайы дайындалған деректі фильмнің премьерасы
44:53
Казахская государственная филармония им. Жамбыла
Рет қаралды 4,9 М.
Богатая нищета первого закона логики
1:05:21
Правовая риторика
Рет қаралды 4,8 М.
Arabic language? I'll explain it now!
14:29
Энциклоп
Рет қаралды 1,9 МЛН
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕН БІЛМЕГЕН 7 КЕРЕМЕТІ
3:43
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 621 М.