Қазақстан тарихын қалай оқыту керек? | Әлия Әшім, Сәуле Темірбаева

  Рет қаралды 8,921

Qazaq Grammar

Qazaq Grammar

Күн бұрын

Пікірлер: 95
@QazaqGrammar
@QazaqGrammar 5 ай бұрын
Тарихи тұлғаларды, мысалы, Абылай хан, Әлихан Бөкейхан немесе Абайды сынап, әшкерелеуге бола ма?
@НұрбекЖүзбай
@НұрбекЖүзбай 5 ай бұрын
Егер соған негіз бен дәлел болса, әрине. Ешкімнен культ жасаудың қажеті жоқ. Ешкім ешкімнен жоғары емес. Жалғыз биік нәрсе ол шындық!
@ssb04
@ssb04 5 ай бұрын
Тарихшы ретінде сынауға болатын шығар,әр кім өз еркі.Бірақ ол кездің заманы оларға шешім қабылдауға ыңғайлы болды.Біздің заманның көзқарасымен сынауға келмейді ау.
@birlikbatyr268
@birlikbatyr268 5 ай бұрын
Әрине.
@Kaspi-z4u
@Kaspi-z4u 5 ай бұрын
Ия абылай негы́зы жонґар деп естыгенмын. оны бухар жырау сарт деген бырак ол жонгар болган немересы тезек султан жонгарша киынген. абылай кит деген будда храм барго шыгыс жакта
@kaisak8026
@kaisak8026 4 ай бұрын
​​@@Kaspi-z4u😂 Сәбсім тақырыптан ауытқып кетуден бөлек, тарихтан мақұрым екенсіз! Әңгімең, өсек деңгейінде екен. Тарихшылар көпқой. Дегенмен осы Ютубта көп жазатын, яғни қолжетімді жас тарихшыларды оқыңызшы. Олардың каналын: Жаксылык Сабитов, Радик Темиргалиев деп іздейсеңіз, табасыз... Олардың храмы болған деген әңгімеде басқа жерлер аталады. Бырақ дәл бүгін олар сақталмаған. Мысалы, қызыл Қарқаралы қаласының маңында Қызыл Кент деген жер атауында соған қатысы бар дейді.
@АйжанБаракатова-р9х
@АйжанБаракатова-р9х 5 ай бұрын
Менің ұсынысым Алия Әшім тарихи ойлау жүйесі туралы тарих пәні мұғалімдеріне арнап Оқу ағарту министірлігімен бірігіп курс, семинарлар өткізсе. Тарих беттері түрленіп, оқушылар жаңа деңгейге қол жеткізер еді. Салдар-себептер туралы өте керемет түсіндіреді деп ойлаймын❤
@БекзатБакказиев-й7ч
@БекзатБакказиев-й7ч 5 ай бұрын
Бір адам күннің батпауын, не күннің атпауын армандаса, мен осындай контенттің бітпеуін армандаймын. Сол кездері жырауларды 30 күн жырласа да тыңдай беретін тыңдарман секілді отыра бергім келеді. Үлкен еңбек! Сөзсіз! Алия ханымның жанындағы Сәуле ханым туралы білмеппін, барлығы да керемет сөз жоқ. Еңбектеріңізге тек шабыт, сақтық, амандық тілеймін. Ал, қалған критерийдің барлығы бар екендігінде шүбәм жоқ. Мен басқа бір тыңдаған подкастта Камилла Смагулова мен Дастан Әлқожаның спичтері ашылмай қалған еді, сол спикерлерді келесі қонақ ретінде көргім келеді.
@user-ei9cn3qg7o
@user-ei9cn3qg7o 5 ай бұрын
Керемет сұхбат. Миымда бомба. Осындай білімді жастар көбейе берсін. Подкастарда көп болса күшті болар еді.
@АйзадаНазарханова-ц6к
@АйзадаНазарханова-ц6к 5 ай бұрын
Бұл жастар ертең серпіліс алып келеді. Жарайсыздар, тек алға😘🌸🌸🌸
@azasky2412
@azasky2412 5 ай бұрын
Қыздарға тек қана алғыс. Өте білімді, сауатты. Басымды идім.
@kaisak8026
@kaisak8026 4 ай бұрын
Иә, өздерінше ізденіс жасағаны, соған жұртты, өз замандастарын шақыруы деп түсінем.
@АманИзтурганов
@АманИзтурганов 5 ай бұрын
Керемет сұхбат!! Рақмет қонақтарға, рақмет редакцияға!! Ойландыратын бірнеше қызықты пікірлер айтылды. Міндетті түрде осы подкастпен айналаммен бөлісемін!
@johannafeminist1745
@johannafeminist1745 5 ай бұрын
23:55 согласна полностью, что вопросы должны быть не о том в каком году родился тот или иной хан, а вопросы должны быть "почему, зачем, к каким итогам это привело?" Недавно один турист - европейский курд - спросил меня, почему у такого немногочисленного народа как казахи такая огромная страна. Он конечно же добавил, что он курд, курдов больше 40-50 млн и у курдов нет своей страны. В его голосе была обида, его слова были полны предвзятости, что казахи не заслуживают такую территорию. Он споашивал меня, может казахи у кого-то отняли земли. Сначала его вопросы меня смущали, я думала, что он же гость и гостю нельзя грубить. Но в какой-то момент он меня достал окончательно. Я вспомнила казахскую поговорку Қонақ қойдан да жуас. Но передо мной стоят не "қойдан жуас", а наглец, враг. И я ему сказала как есть. У казахов такая огромная земля, самая большая среди тюркских стран, потому что казахи были и остаются самыми доблестными, казахи веками отдавали жизнь за эти земли, они сражались за них, а не бежали. Мне хватило МУЖЕСТВО признаться себе и заявить другим, что казахи были смелее, храбрее, умнее, чем остальные тюрки, казахи знали что такое ауызбіршілік и умели объединяться. Вот кто такие казахи. А тот курд был очень недоволен, но возразить не смог, вскоре он уехал обратно в тихую чистую Бельгию, а не поехал сражаться за независимость Курдистана.
@siya5433
@siya5433 5 ай бұрын
У кого что болит қой. Біздер “неге азбыз” дейміз басқалар “неге тұрақсызбыз” дейді.. Дұрыс айттыңыз, империялық гиганттардың басымдылығына басылып қалған халық қаншама. Соның арасында қазақтар ғана тектілігін сақтағанбыз.
@manarbekbaieke4523
@manarbekbaieke4523 5 ай бұрын
Праввильно и хорошо ответили. Мы казахи верны : Аманатам \поручение\ и Мура \наследие\ наших предков. Об этом даже писал Геродот в своем 4-томе " Мелпоменна". Скифо Саки, берегут курганы своих предков и готовы сражаться насмерт за эти курганы. Поэтому мы и наши предки защищали наши земли, с ростом народа приобретали. Вот и оказались огромными территориями среди всех Тюрков. И сейчас готовы сражаться с любым врагом за наши земли. Казахи говорят үш дау бар. 1. Битва за землю. 2. Битва за потомков. 3. Битва за слабый пол. Это говорит что лучше не трогать Казахскую землю, не трогать их потомков и не трогать их женщин. Чтобы не было войны с ними.
@БакдаулетАскарулы-к2ж
@БакдаулетАскарулы-к2ж 5 ай бұрын
@@manarbekbaieke4523даааа, а ещё понятие “қара шаңырақ” дом родителей объясняет нашу суть❤ Наши предки, в кровь из носа защищали, оберегали, не в коем случае не оставляли и передавали детям те земли в которых жили, пасли свой скот их отцы и деды.
@johannafeminist1745
@johannafeminist1745 5 ай бұрын
@@manarbekbaieke4523 иә, солай. Бірақ шетел азаматтарына қызымет көрсетуден шаршадым. Әр қайсысы ауыздарына келгенін сандырақтап кетеді. Жақында тағы бір осман Біз қазақ, қырғыз, өзбекті түркіленген қытай деп санаймыз, сендер біздің жерімізді басып алып бізді кәзіргі Түркияға қуғансыңдар, деді. Сол османдар қазақ, қырғыз, өзбекті енді орыстанған қытай деп айтады екен және бәрімізді өз елімізден қуып шығу мақсаттары бар екен. Содан кейін византия, яғни грек-рум, ұрпағын түркілер деп атауға тілім бармайды - османы, анатолийцы (ана жақтағы дала!), византийцы, тюркизированные греки деп оларды атаймын. Моңғол болса қазақты түркіленген моңғол деп санайды. Some kind of trend he Kazakh erasure.
@Kazakhheror
@Kazakhheror 5 ай бұрын
Сөкпеңдер! Бұл қарындастарымыз талқылап әрекет жасап жатыр! Болашағымыз! 🙌🏻🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@AminaKhssainova
@AminaKhssainova 5 ай бұрын
Мағыналы әңгіме болды,қызығып тыңдадым. Білімді жастарымыз бар екеніне қуанамын.
@gulmirakabulova3600
@gulmirakabulova3600 3 ай бұрын
Какие крутые девушки! Умные, глубокие, адекватные. Очень смело, профессионально занимаются самыми сложными вопросами современности. Респект Вам обеим❤
@satbayevanazgul4652
@satbayevanazgul4652 5 ай бұрын
Мықты қыздар! Мен қазақ қыздарына кайран қалам, ойымен білімін ұштастыра білген👍
@БакдаулетАскарулы-к2ж
@БакдаулетАскарулы-к2ж 5 ай бұрын
Осы қыздарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек. Мектепте де, Әлияны оқығанша да тарих пәнін ұнатпайтын едім. Әлия мен командасының жұмыстарын көріп тарихымызға үңіле бастадым. Рахмет❤
@БакытгульИбраева-д5у
@БакытгульИбраева-д5у 5 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды,осындай жастарымыз болғанына құаныштымыз,орталырын көбие берсін
@gulsarabotabaeva3988
@gulsarabotabaeva3988 4 ай бұрын
БІЛІМДІ ЖАСТАРЫМЫЗ КӨБЕЙЕ БЕРСІН! РАХМЕТ АЙТАМЫН ❤❤❤
@assel-f3v
@assel-f3v 5 ай бұрын
Орысша сөйлеген кыз Әлия ханымды көп бөлді,дұрыс тыңдай алмадым😢😢😢 эхх
@ArsenArtem
@ArsenArtem 2 ай бұрын
Екеуы бырлесып жасаған жумыстын барын екеуі де конак
@askhatzhangir9091
@askhatzhangir9091 5 ай бұрын
Қандай керемет осы екі қыз, көбісіне үлгі
@assemgulkozhabek109
@assemgulkozhabek109 5 ай бұрын
Қыздар бірін бірі жиі бөліп отырды, келесі жолы асықпаңыздаршы🫶🏻
@Janbolat_Ahmet
@Janbolat_Ahmet 4 ай бұрын
Подкаст осындай болады ғой
@books_fm9097
@books_fm9097 5 ай бұрын
47-минут шамасында қазақ және орыс әдебиетін мектепте оқыту туралы әңгімеге қатысты пікір білдірсек. Жанды жерімнен басып жіберді. Сәуленің айтқанын түсініп отырмын, менің түйдей құрдасым екен, Қарағандының Майқұдығында дәл сол кезде өзім 11 жылдық білім алдым. Қазақша мектепте оқыдық, бірақ тіліміз орысша болды. Әдебиет сабағын өзім жақсы оқитынмын, сонымен класстастастарыма көп дүниені қайта айтып (пересказ) беретінмін. Басты себеп - менің әкем қазақ әдебиетінің маманы - сол контекстте әдеби мәтіндерді түсініп ғана емес, түйсініп оқу мүмкіндігім болды - бірақ ондай мүмкіндік бәрінде болмады. Қазақ әдебиеті менімше солай біршама толқын үшін керегінше, дұрыс оқытылмады. Ұстаздарым керемет болды - оған сөз келтіргім келмейді, өздері қағазға көміліп отыратын қашан көрсем. Бірақ коммуникация құру мүмкін емес болды. Қарағандының қалада туып өскен баласы жусанның иісі дегенде не түсінеді? Бұл жақсы да, жаман да емес - тек факт. Ал орыс әдебиетінің оқыту деңгейі ТОП болды. Коммуникация құрылды, себебі мұғаліміміз орыс офицерлері киген мундирлердің суретіне дейін салып беретін (интернет ресурс жоқ), кассетамен экранизациялар қарайтынбыз. В ИТОГЕ СЕЙЧАС Я ПРЕПОДАВАТЕЛЬ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ. Майқұдықтан Мәскеуге дейін жеттім. Себебі орыс әдебиетінің мұғалімі мені тәрбиелеп шықты… Айтар сөздің төркіні - біз мектеп жүйесінде, нақты мен үшін маңызды көрінетін, әдебиетті оқытуға ӘРҚАЙСЫМЫЗ көңіл бөлуіміз керек. Қазақ әдебиетіне түсетін балалардың проходной баллына қараңыздар, контингентке қараңыздар. Әлі де екінші сорттық бір қарау бар сияқты - бұл ең ауыр вирус, бірақ шешімі жоқ емес. Осы орайда НУ’да қазақ әдебиетінің курстары бар екен, бәріне арналған - кішігірім бірвқ күшті бастама. Жалпы, өзімізден бастайықшы, замандастар, осындай дүниелерді ойласам….
@SahiNurid
@SahiNurid 28 күн бұрын
Қазақшаңыз өте керемет екен. Кейбір орыс тілі пәнінің мұғалімдері бұлай жаза алмайды. Орыс тілі емес қазақ тілі пәнінің мұғалімдері де жетісіп тұрған жоқ. Тіл байлықтары төмен.
@books_fm9097
@books_fm9097 28 күн бұрын
@ рахмет🥹🫶🏼
@DauletxanBek
@DauletxanBek 3 ай бұрын
Керемет күшті подкаст осындай дүниелер жасөспірімдер арасында көп қолданылса не деген білім жанып тұрғой мәәәә просто WOW
@Olm-tt7rh
@Olm-tt7rh 2 ай бұрын
🎉классные девочки, смотрел "орыстандыру", крайне приятно что у нас как этоса появляется глубинный интерес в развитии и исследовании культуры. Вдохновения в работе и пусть нам это поможет был счастливее😊 миру всем!!!
@AyaulymAitbek
@AyaulymAitbek 5 ай бұрын
Өзім Қарағандыданмын, кішкентай кезімде тіпті қазақша ертегісі бар кітаптар болған жоқ, тек жұқа көк пен ақ түсті аққала түралы ертегі, ал теледидарда бір атаның айға көйлек тігіп жатқан мультигі. Анам екеуіміз кітап дүкенін көрсек, міндетті түрде кіріп қазақша кітап іздегеніміз есімде. Өзімнің да тілім орысша шыққан өкінішке орай, өйткені жан жағымда көбісі орыстар, кітаптар орысша, мектептер орысша (менің бастауыш мектебім мысалға, қаланың қақ ортасында тұрсам да өзім барып жүрген бала бақшада болған, екі қазақша сынып ретінде), теледидарда бәрі орысша, тек ауылға барып қазақ тілін ести алатынсың. Сондықтан өзге өңірлердегі қазақтар бізді, қарағандылықтарды, қазақ тілді емессіңдер деп сөккенде, жағдайымыз қандай болғанын түсінсе екен деймін. Және де бұның бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін болғанын айта кетейін.
@johannafeminist1745
@johannafeminist1745 5 ай бұрын
Әлі де солай. Жан жақтың бәрі орысша, орысша мектептер, орысша факультеттер. Меломан я Книжный городқа кірсем 90% кітап жәй ғана орыс тілде емес - ресейден келген. Неге? Не үшін? Ненің құрметіне әлі орысша мемлекеттік мектептер бар, не үшін шет елден орысша кітапты елге кіргізеді? Біздің баспалар сонда алақан созып банкрот болып жүру керек пе?
@Yerdos.K
@Yerdos.K 5 ай бұрын
Рахмет подкастқа тындауға тұрарлық ақпараттар болды мектептің берген білімен асып ойлану керектігін айттындар біздің мектеп қазір оларды таныстырумен ғана шектеледі сол қиын басты істеген істері мағлұматтар жайында айтса жақсы
@БекзатБакказиев-й7ч
@БекзатБакказиев-й7ч 5 ай бұрын
Таза қазақы тілдегі контент күтетін комендаторларға айтарым: 1. Кез-келген тілдегі көпіршік(Bubble) туралы ізденсеңіздер және оған сол тілде сөйлеп тұрған адамды, не оның ата-анасы берген тәрбиені айыптау қаншалықты рационалды немесе националды екенінін ойлансаңыздар. 2. Мен де сіз секілді қазақша тілдегі контентті армандаймын, бірақ қай тілде сөйлесе де жүректегі қазақылық қалса ол - ең кереметі. 3. Біз дүниеге келгенде тілді де, дінді де, ұлтты да, ата-ананы да таңдап келмейміз ғой. Сондықтан, бұған талдау немесе талғау дұрыс емес деп санаймын. 4. Мен сізді толықтай түсінемін, бірақ сіздің қазіргі орыс тіліне деген кері көзқарасыңыз, сол замандағы марксистердің қазақ тіліне деген кері көзқарасынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл дегенім, санадағы бейсаналы кеңестік философияны тазартсаңыз, қазақ тілінің дамуына алға жарты қадам болсын жасайсыз 5. Маған сеніңіз. Өзім қазақ тілі мұғалімімін. Арманым: қазақ тілін ел ішінде не сырта глобализациялау. Бірақ мен әлі арманыма жеткен жоқпын. Неге? Себебі, оқыту методикам дұрыс болмады. Бағалау арқылы қорқытып, немесе қазіргі мектептегідей кәмпит беріп қызықтырып оқыта алмадым. Себебі сол кезде менің санамда кеңестік сана қалып қалған екен. Көрдіңіз ба, парадокс қайда жатыр? Кеңес кезінде тамырға сіңіп қалған қорқыту, не кәмбит алдау қазір өтпейді. Егер жалғаса берсе, 100 немесе 1 ғасырдан соң, қазақ тілі тұрмақ, орыс тілі де қолданыстан шығуы мүмкін. Бұдан мәселеден қалай құтылу керек деген тақырыпта да зерттеп көрдім. Ол үшін Кеңестік идеялогияға жақын Қытай мен кеңестік идеялогияның қысымынан өткен Кореяның тарихына үңілдім. Бір қызығы, екі ел де таза қытайша, таза корейше сөйлемейді. Елде бірнеше ұлт тұрғанына қарамастан, бірнеше тілдің бір жазылу стильіне ауысуы байқалады. Әрине, ойлауымыз мүмкін иеороглиф пен әріп бір-біріне ұқсамайды деп. Мәселе онда емес, мәселе бұл жазылым стильінің жанама мақсаты әріптерді орталықтандыру болса, негізгі мақсаты диалект сөздер мен кірме сөздер арқылы жүйелендіру. Ал, бұл лингвистика мәселесі біздің елде жоқ деп айтып көріңіз. Жеке өз басым орысша-ағылшынша сөйлей алатын, полиглот болғысы келетін индиялық Рутви деген оқушым “Ағай қарапайым mother сөзі неге Қазақстанның әр жерінде әртүрлі нұсқада. Неге “ана” сөзі ресми түрде және топонимикалық атаулар мен тарихи адам аттарындағы тіркесте, “шеше” кей өңірде және боқтық сөзде, “апа” кейбір отбасында немесе әдеби шығармаларда , “мама” сөзі қолданыста және эмоционалды шошыған кезде кездеседі деген. Бұған ұқсас жағдайлар көп. Сөйтіп өз қазағымда централизм жоқ екендігін түсіндім. Енді осы сұраққа байланысты әлі зерттеуім керек және бұл подкаста барлық спикерлер әдебиеттегі мәселені толық аша білді. Қазір америкадағы мектепте ағылшын тілінің грамматикасына емес, әдебиеттегі сын тұрғысынан ойлауға көп мән береді. Педагогтер тұрмақ қазір ата-аналар критический мышления не екенін біледі. Бірақ қаншалықты реализация болып жатыр, әлде әдеттегідей терминнің атауын немесе қай жылы пайда болғанын ғана білеміз бе? Пайдалы инсайт ала алдыңыз деп ойлаймын, не болмаса толық оқығаныңызға рақмет!
@Aygul-oc9vx
@Aygul-oc9vx 4 ай бұрын
Осындай білімді жастарды көріп көзің тояды
@МағияДүйсалиева
@МағияДүйсалиева 4 ай бұрын
Тамаша 👍
@mad-Krk
@mad-Krk 3 күн бұрын
Қарағандының қыздары жарайсыңдар
@АйнагульИшкимбаева-ч5щ
@АйнагульИшкимбаева-ч5щ 5 ай бұрын
Керемет сұқпат болды! Рақмет!
@Balaussya
@Balaussya 5 ай бұрын
Шынымен керемет шығарылым😍 Жаңа деректі фильмдеріңізді асыға күтетін боламын!
@Grustniy_qazaq
@Grustniy_qazaq 5 ай бұрын
Алия топчик
@nraeli
@nraeli 5 ай бұрын
Әлия Әшім 4 баланың анасы. Краш Ана!
@nurbergen_omar_
@nurbergen_omar_ 5 ай бұрын
Керемет сұхбат 👍👍 но аз болып калды мне кажется
@ГүлнұрИбатуллиева
@ГүлнұрИбатуллиева 5 ай бұрын
Қазақша подкаст тыңдай қояйын деп едім …
@shershersher
@shershersher 5 ай бұрын
Ееееее Сауле делай их!!!!
@liiii2097
@liiii2097 5 ай бұрын
Өте күшті шығарылым, бірақ бір бірін тыңдамай бөліп жібере бергендері көруге де тыңдауғада ыңғайсыз болды🥲🙃
@nursultanaryngazin9290
@nursultanaryngazin9290 5 ай бұрын
👍👍👍
@erkinadamdar5237
@erkinadamdar5237 5 ай бұрын
5:42 айтқан "Алаш демократиясы" кітабындағы материалдарды жинақтаушы Руслан Ақмағанбет. Кітап редакторы Бақытжан Бұқарбай емес, ол кісінің баспасынан шыққан
@gulmirakabulova3600
@gulmirakabulova3600 3 ай бұрын
Я сбольшим интересом слежу за работами Алии, и была прятно удивлена что она обратилась к исследованиям Э. Сапольского. Это говорит о глубине феномена Алии.
@aikaaigerim132
@aikaaigerim132 4 ай бұрын
🎉🎉🎉❤❤❤❤
@-alistudio-2466
@-alistudio-2466 5 ай бұрын
Неге толықтай қазақша подкаст емес ?
@Gunyon-kk3st
@Gunyon-kk3st 5 ай бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@nraeli
@nraeli 5 ай бұрын
Мен 11 жыл, бір мектепте, орыс және орыстанған мұғалімдер арасында таза орысша оқыдым, орыс литература 1 сыныптан бастап пропаганда болды, өзімнің русофоб қаным (ата-бабам солармен көп соғысқан сол үшін жек көрініс бар) қана соны байқап отты, букварь біткеннен кейін Илья Муромец туралы оқытты, 4 сынып Пушкиннің орысжанды өлеңдері, әлі есімнен шыққан жоқ, 6 сыныпта Бородино, 8 сынып Медный всадник - бұның бәрі орыстардыру саясаты. Осының бәрін 15 жыл бойы тыймай қанымызға сініртіп жіберген жүйеден тан қалам әлі.
@QajiAAyubi
@QajiAAyubi 10 күн бұрын
50 жылда ел жаңа. Жоғары деңгейдегі сұхбат
@NJN88
@NJN88 5 ай бұрын
🔥🔥🔥
@Saniyaapai
@Saniyaapai 4 ай бұрын
Негізі мектепте дүниежүзі тарихынан сабақ бергенімде оқушыларды сондай дереккөзден ақпарат алып, өзі ой түйуге жетелеу деген идея болған. Бірақ аптасына 27 сағат бар, қағаз толтыру бар дегендей. Жай 27 сабақтың қарапайым жоспарын әрең жасап жүрдім, оқулық бойынша жүрмеу былай тұрсын.
@Grustniy_qazaq
@Grustniy_qazaq 5 ай бұрын
👍🏻
@primo8703
@primo8703 5 ай бұрын
Максат красавчик!
@Grustniy_qazaq
@Grustniy_qazaq 5 ай бұрын
🎉
@nursultanjolan8859
@nursultanjolan8859 5 ай бұрын
әлем әдебиетінен Джек Лондон Мексика ұлы деген бар!!!
@bekarysabdigali
@bekarysabdigali 5 ай бұрын
😍😍
@kaisak8026
@kaisak8026 4 ай бұрын
54:00 Жақсылық С- айтқаны бар, дерек көздері (қол жазбалар) баршылық, кейінгі жылдары Иран (парсы), Қытай, еуропа елдерінен бірталайы көшірмелері әкелінген. Бырақ ол қолжазбалар қазақшаға аударылмай жатыр ! Осы қыздарымыз, мәселенің түбіне үңілу үшін, аудармамен айналысатын маман-ғалымдарды әңгімеге тарту керек ! Канал иес басқосу ұймдастырып, қозғап жіберсе, аударма нәтижелері керемет даңалықтарды ғылыми ортаға қосар үлкен үлес болар еді... 49:00 ... сол заманда, жас балалардың шетінеуі 70 пайызға дейін барған.
@Қырбаласы-е1э
@Қырбаласы-е1э 5 ай бұрын
Мына орыстілді қыз Қалила Омаровтың қызыма, Қалекең қаймағы бұзылмаған оңтүстіктің қазағы болсада қызы орыстілді , Алматыда қазақ тілінде оқытсада орыс тілін білмей қалмайтын еді.Тәрбиеде жіберген қателігі болса керек.
@johannafeminist1745
@johannafeminist1745 5 ай бұрын
Сол қыздан сұра, өз балаңды қай мектепке бермейсің, деп. Қазақ мектепке десе, онда түсінігі дұрыс. Орыс мектепке десе, онда сіздікі дұрыс.
@balzhanduisenbai9354
@balzhanduisenbai9354 5 ай бұрын
Әлия Әшімге өзіне сай пікір алмаса алар спикер болса екен келесі жолы
@balnuromirzakova
@balnuromirzakova 5 ай бұрын
Сауле ханымға арнайы уақыт бөлесіздерау көп айтқысы келді ғой, Алия ханымның сөзін бөліп.
@johannafeminist1745
@johannafeminist1745 5 ай бұрын
А че в телеге қазақ граммар меня в комментах блокнули? Я қазақ арналарда қазақшаны қолдау "экстремизм","русофобияға" айналды ма?
@maqsatarzaman7545
@maqsatarzaman7545 5 ай бұрын
Ешкім бұғаттамаған. Комент жазу үшін чатқа қосылу керек. Чатта қалу үшін капча жасайтын боттың сұрағына жауап беріп, капчасын шешу керек. Шешпесеңіз чаттан шығарып жібереді. Қайтадан кіріп, капчаға жауап беріңіз.
@GulzhanatAmanzholova
@GulzhanatAmanzholova 5 ай бұрын
Қазақша сөйлеген қыз сөзді бөле береді екен
@КуанышНурпеисов-ы5э
@КуанышНурпеисов-ы5э 5 ай бұрын
Не бопты кетті мына сұхбат не қазақша не орысша сөйлеңіздер?
@СветаУразбаева-з9э
@СветаУразбаева-з9э 5 ай бұрын
Казирде орыс мектептеринде бастан аяк тек орыс эдебиете😢
@КуанышНурпеисов-ы5э
@КуанышНурпеисов-ы5э 5 ай бұрын
Анық сөйлесіңіздершi ханымдар!
@gulnursataeva8455
@gulnursataeva8455 3 ай бұрын
Туф, мына Сәуле
@1kezegen
@1kezegen 5 ай бұрын
Sol jaqta orisca kübirlep otırğan qızğa qatañ sın!
@qazaqtynjanary07
@qazaqtynjanary07 3 ай бұрын
Орыс тілді қыз зуылдай берді ғой орыстар құсап озбырланып…… 🤪Алия нағыз қазақ , аузы аңқиып отырған сүйкімді қазақ 😂
@gulmirakabulova3600
@gulmirakabulova3600 3 ай бұрын
Әлияның критикплық ойлау деңгейі шет елде білім алған негізінде қалыптасқан, ол бұл білімін қазақ халқы үшін қолдануға әрекеттеніп жүр. Қазақстанның білім беру жүйесі керісінше критикалық ой сананы басып тастауға бағытталған
@alaunazarbek8677
@alaunazarbek8677 5 ай бұрын
анау қыз неге орысша сөйлей береді🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️, жап жақсы қазақша сөйлеп отырған адамға
@ainur1651
@ainur1651 5 ай бұрын
дебаттық әңгіме болып кетті ғой
@amiradaulet8481
@amiradaulet8481 18 күн бұрын
Қазіргі таңда да орыс тілінде оқитын оқушылар Ресей әлемінің ертегілерін оқиды.
@GulzhanatAmanzholova
@GulzhanatAmanzholova 5 ай бұрын
Кезек күтіп сөйлениздер
@АртурМолдагалиев
@АртурМолдагалиев Ай бұрын
Мына сауле деген орыс қатын сөз бермейді екен, тыңдау да, әдептен ғой. Әлия үйретсенші.
@ӘділбекЖақсылылық
@ӘділбекЖақсылылық 2 ай бұрын
Туууу не орыс тілді не қазақ тілінде жүргізіңдер
@ОмиржанБайбатыров
@ОмиржанБайбатыров 3 ай бұрын
Қазақша сөйлесең
@NursultanUmirbayev
@NursultanUmirbayev 5 ай бұрын
Орысша сөйлейтін қыз тыныш отырмайды екен, орысқұлданып
@mikeeemikeee4100
@mikeeemikeee4100 5 ай бұрын
Сәуле Темірбаева, уж извините, но Вы все время перебивали её как маленькая девочка. Раздражаете человека. Не надо было вас вместе приглашать. Быт-шытын шығарды, сумандап
@AldiyarTaz
@AldiyarTaz 5 ай бұрын
👍
Cat mode and a glass of water #family #humor #fun
00:22
Kotiki_Z
Рет қаралды 42 МЛН
To Brawl AND BEYOND!
00:51
Brawl Stars
Рет қаралды 17 МЛН
人是不能做到吗?#火影忍者 #家人  #佐助
00:20
火影忍者一家
Рет қаралды 20 МЛН
Украина соғысы не боп жатыр?
13:38
Ойтүрткі
Рет қаралды 7 М.
«Қазақтар». Шежіре
28:56
Qazaqstan serial / Қазақстан сериалдары
Рет қаралды 165 М.
Cat mode and a glass of water #family #humor #fun
00:22
Kotiki_Z
Рет қаралды 42 МЛН