Мәдени-танымдық туризм - туристерді мәдени құндылықтармен таныстыру арқылы көзқарастарын кеңейту болып табылатын туризмнің бір түрі. Бұл негізінен табиғи-рекреациялық нысандардың, туристік-экскурсиялық, археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады.Олар: әртүрлі тарихи, архитектуралық және мәдени кезеңдермен танысу үшін мұражайларға, тарихи және архитектуралық ескерткіштерге бару. театрландырылған қойылым, музыкалық, кино, діни мерекелерге , сурет көрмелеріне бару лекция,семинар,симпозиум, шетел тілін оқу және құзіреттілікті көтеретін треннингтерге бару.Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа: табиғи және әлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи) ресурстарға бөлуге болады. Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, «табиғи рекреациялық ресурстар» - бұл белгілі уақыт ішіндеТуристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары мынадай: 1) ТРЖ-нің әлеуеттік сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері(минералды сулар дебиты; қолайлы рекреациялық аумақтардың көлемі,туристік орталықтардың экскурсиялық әлеуеті); игерілу деңгейі,жүктемелерді реттеу; 2) потенциалды рекреациялық жерлерді анықтауға және санитарлық қорғау шеңберлерін орнатуға мүмкіндік беретін ресурстардың таралу ауданы (сулы қабаттардың көлемі, жағажайлардың аумағы, территорияның суғарылуы, орман аумағы, тұрақты қар жамылғысының шекаралары); 3) туризм маусымын, туристік ағымның ырғақтығын анықтайтын эксплуатациялық кезең (климаты қолайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы); 4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші; 5) ақша капиталының аз жұмсалуы және пайдалануға кететін шығындардың тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға және әлеуметтік-экономикалық нәтиже алуға, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін жеке қолдануға мүмкіндік береді; 6) табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация және сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреациялық ресурстарды көп рет пайдалану мүмкіншілігі