Қазақ тілі мен төл тарихымыздан хабары жоқ жандарға енді азаматтық берілмейді

  Рет қаралды 9,021

Информбюро 31

Информбюро 31

22 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Бұдан былай қазақ тілі мен төл тарихымыздан хабары жоқ жандарға азаматтық берілмейді. Президент тиісті заңға қол қойды. Соған сәйкес енді қазақстандық атануға ықтияр білдіргендер қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмесе, тарихымыздан Ғылым және білім саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын деңгейде хабардар болмаса олардың өтініштері қабылданбайды. Еліміздің азаматтығын қалпына келтіргісі келетіндерге де осындай талап қойылып отыр. Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Қазақстан азаматтығын алуға бүгінде өтініш білдіретіндердің дені - қандастар. Мысалы, былтырғы статистикаға көз жүгіртсек 2023-те Қазақстан азаматтығын алған 26 мың адамның 20 мыңнан астамы атажұртқа қайта оралған этникалық қазақтар. Өткен жылғы көрсеткіште де олар басымдыққа ие. Отандастар қорының Алматыдағы сарапшысының пікірінше, күшіне енген талаптар болашақта соған кері әсер беруі мүмкін. Өйткені қазір келіп жатқан қандастардың көбі ана тілін ұмытқан.
ОМАРӘЛІ ӘДІЛБЕК, "ОТАНДАСТАР ҚОРЫНЫҢ" Алматы қалалық фронт кеңсесінің сарапшысы:
- Енді бір 10-20 жылда өз тілінен ажырап қалған, ірі қалаларда, мысалы, Үрімші, Құлжа, Алтай, Шәуешек қалаларында балалар ана тілін білмей өсіп келе жатыр. Ал осы балалар болашақта Қазақстанға келемін десе осы жағынан, тіл жағынан қиындық көруі мүмкін.
Азаматтық алғысы келетіндер енді төл тарихымыздан да белгілі бір деңгейде хабардар болуға міндетті. Олар соған қатысты тест тапсырып қалуы да мүмкін. Ал тарихшы Хангелді Әбжанов қазақстандық болуға тілек білдіретіндерді үркітіп алмау жолын да қарастыру қажет дейді.
ХАНГЕЛДІ ӘБЖАНОВ, Тарих ғылымдарының профессоры:
- Сұрақ көп болмасын. Ұсақ-түйек керек емес. Стратегиялық сұрақтар қойылсын. Болашақ біздің елдің азаматтары сол сұрақты оқу арқылы мақтанышқа бөленетін болуы керек. Егер оның иығынан басып жіберсек, бітпейтін сұрақтармен, онда бізге азамат болғысы келмейтіндер көбейіп кетеді.
Жауаптылар азаматтық алуға өтініш білдіретіндерден тіл мен тарихқа қатысты қандай сұрақтар қойылатынын әзірге хабарламады. Олар айқындайтын деңгейге жетпегендердің өтініші қабылданбайтыны ғана белгілі. Айта кетсек, былтыр елімізде 16 мыңнан астам адам әр түрлі себептермен азаматтықтан айырылған.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 290
@jibeksavethanovna845
@jibeksavethanovna845 20 күн бұрын
Аллаһ Тағала Қазақ Елімнің тілі ,діні өркендеуіне нәсіп етсін.Әмин.❤❤❤
@user-fe5lm6oo2c
@user-fe5lm6oo2c 20 күн бұрын
Әмин!
@user-im8ln5zf1w
@user-im8ln5zf1w 20 күн бұрын
Әмин!
@asylbekmursalim4470
@asylbekmursalim4470 20 күн бұрын
Әумин 🤲 Еліміз осы беттен таймасын, келімсіктерге жол берілмеуі керек. Қандастарға жіеңілдік берілсін
@YouTube_Y-tu6qu
@YouTube_Y-tu6qu 20 күн бұрын
Кашкын оралмандар
@kansulikansulu1964
@kansulikansulu1964 20 күн бұрын
Кандастар іркіліссіз кабылдану керек казагым көбеисін
@user-zr3cv7lg6v
@user-zr3cv7lg6v 20 күн бұрын
Российских особенно надо проверять манкуртов ,они дядю Вову звать любят.
@user-ny4ip9ql5h
@user-ny4ip9ql5h 20 күн бұрын
Тек Қазақтарға қана азаматтық беру керек.
@user-bi5ny2qo6j
@user-bi5ny2qo6j 20 күн бұрын
Сондай заң шықса ғой. Әттең шықпайтыны өкінішті. Қазақ тілін шала болса да білетіндер деген екен. Сонда білетін екі үш сөзді айтса, пара берсе азаматтық бере салама сұмдық қой. кәзір қытайлықтар қазақ тілін үйренушілер көбейіпті. Осылай болатынын білген ау. Азаматтықты қытайлықтарға берілмесін деген заң шығару керек. Әр ел өз мүддесіне қарай заңды өзгерте алады. Егер сондай заң шықса бүкіл еліміз қуанар еді деп ойлаймын. Анық мен қуанар едім. Өйткені қытай басып барады. Көшеге шықсақ тобымен жүрген қытайлар көбейді. Бұл халқы аз бізге үлкен қауіп. Араптар кез - келгенге азаматтық бермейді екен. Оны алу өте қиын дейді Бізге де ел қауіпсіздігі үшін өзге елдің келгісі келгеннің бәрін кіргізе беруді тоқтату керек. Тек шетелдегі қазақтарға ғана азаматтық беру керек.
@KULTEGIN_
@KULTEGIN_ 20 күн бұрын
Мәңгүрт болып кеткен қазақтарға 🤭😅 кешірім өтінем орыстарға 🪓 азаматтық берудің қажеті жоқ 😂😅
@DiasKZ01
@DiasKZ01 20 күн бұрын
@@KULTEGIN_мангурт деген ким? Нацист дегендерди билем, озимшилдерди билем, мангурт Ким екенин билмеппин. Аа, тагы ауылда интернет косып, баска тил билмеген, билимдери жок малдарды билем, мангурт дегендерди билмеппин
@user-bi5ny2qo6j
@user-bi5ny2qo6j 20 күн бұрын
@@DiasKZ01 малдар деп ауылдықтарды айтатындай сен сонша кім едің. Ауыл адамдары өзге тіл білмеседе білімді деген шетелде оқыды дегендерден артық біледі. Осындай өз қағынан безгендерді, өз ұлтын жамандайтындарды мәңгүрт дейді.
@KULTEGIN_
@KULTEGIN_ 20 күн бұрын
@@DiasKZ01 Мәңгүрт (ағылш. Mankurt, түрікменше munqul - есінен айырылған, ақылсыз) түркі кезеңінде жуанжуандардың (қарақытайлардың) тұтқынға жасаған әрекетінен кейін пенденің өз есінен айырылғаннан кейінгі аты. Мәңгүрттер қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті болып келеді. Олар тіпті алыс пен жақынды ажырата алмайды. Мәңгүртизм өңдеу Мәңгүртизм, немесе Мәңгүрттік идеологиясы - өз ұлттық құндылықтары мен өз ана тілін өзі жоюды көздейтін, осыған дейін кімнің отары болса, соның тілінде сөйлеп, соның мүддесі үшін жанталасатын азғындардың сенім жүйесі. Мәңгүрттік идеологиясы әлемдегі ірі отаршылдық саясаттарынан пайда болды. Отаршылдар өздері басып алған елдердің байлығын тонап, мәдениетін ойрандап қана қоймай, сол халықтың азаматтарына мәңгүрттік идеологиясын сіңіріп, оларды өздерінің рухани құлына айналдыруға тырысады. Тіпті кейін сол ел тәуелсіздік алса да, жаңағы мәңгүрттік идеологиясы жұққан кісілер өз ұлтының мүддесіне қарсы мәңгүрт ретінде әрекет жасап, ұлттық мемлекеттің дербес өмір сүруіне, өзін-өзі қалпына келтіруіне және өсіп-өркендеуіне кедергі келтіруімен болады. Олар сыртқы жаулардан да қауіпті. Ал, егер олар сол елде билікке шықса, елдің өз ұлттық болмысын қалыптастыруына кететін уақыт ұзарады, жолы қиындайды.
@user-gd2gt1ns2h
@user-gd2gt1ns2h 20 күн бұрын
Қандастарымызға жеңілдік берілсін, келсін .
@farizaberdibekova3649
@farizaberdibekova3649 20 күн бұрын
Кыи аитты саған
@farizaberdibekova3649
@farizaberdibekova3649 20 күн бұрын
Олар өз Отанында жасап жатыр олардың тарихы 500 600 жылға барады менын быз еш жерден кашып келмегенбыз
@user-gd2gt1ns2h
@user-gd2gt1ns2h 20 күн бұрын
@@KZbin_Y-tu6qu Ішің тар адам екенсің!Өз ұлтыңды жек көретін.Келсе саған бізге жақсы .Қуа бермей отыршы өтініш.
@YouTube_Y-tu6qu
@YouTube_Y-tu6qu 20 күн бұрын
@@farizaberdibekova3649 не жаздын мангурт?
@user-im1sw1pw4o
@user-im1sw1pw4o 19 күн бұрын
​​@@KZbin_Y-tu6quайтады дегенге айтың не толко оралман ұлтты қазақ еместерде келеді келіпте жатыр және келеде береді керек болса жұмыс орнын ашып ақшасын қолыңа беріп көтіңе теуіп жұмсайды керек болса кәзір бүкіл әлем базар экономикасына өтіп кеткелі қай заман оралмандар келмесіндеп отырғанша еңбек ет кәсіп аш тәуелсіз адам болудың қамына кіріс осы елде туылдыңғой осы заманға сай бол болмаса шетелдіктерге құл боласың мына заман сен қазақ екендеп маңдайыңнан сыйпайтын заман емес осыны оралман болып мен айтпасам басқа адам саған жаны ашып айтпайды астыңа жастық қойып алдап сулап аузыңды аңқыйтып құл қылады бауырым
@user-jr6jo3wf9n
@user-jr6jo3wf9n 20 күн бұрын
Керемет екен! Қандастарға бөгет болмау керек. Олар түгілі өзіміздің қазақтар өз тілін білмейді. Ылғи мәңгүрттер.
@user-gg6tb9xu5j
@user-gg6tb9xu5j 19 күн бұрын
Мəңгүрт деп өзге тілді білмегендерді аитады біздің тілге өзбек қырғыз араб сөздері кіріп кеткен алдымен соны тазарту керек
@user-qe5ly6ci7w
@user-qe5ly6ci7w 19 күн бұрын
Орыс шошқаларға қарап тілдерін сүйреңдетеді , солардың тіліне арағына , денесіне сурет салу құштар болып бара жатыр жастарымыз Қазақстанға келіп жатқандар ..ұсақ кәсіп те ашып жатыр , арақ қүйылмалы .көп жерден осы ҚАЗАҚ болашағына балта шабу деп ойлаймын осы иттерді кім жазалайды жане қандай ақшақұмар рұқсат .беріп жатыр .
@YouTube_Y-tu6qu
@YouTube_Y-tu6qu 19 күн бұрын
Есек
@kaireke8754
@kaireke8754 19 күн бұрын
Қандастарға жеңілдік болсын. Қытай мен орыстарға мүлдем азаматтық бермеу керек
@user-wu6xw1og5u
@user-wu6xw1og5u 20 күн бұрын
Бірінші орынға ҚАЗАҚ тілі
@user-ie7rw7go8s
@user-ie7rw7go8s 20 күн бұрын
Қандастарға жеңілдік болу керек Қазақ көбеиу керек мына Дархан даламыздың иесі қазақ болу керек осы уақытқа деиін қытаиға орысқа тәжіке бәріне қазақстаның азаматығын берді
@askarslambek2394
@askarslambek2394 20 күн бұрын
Қаншама келімсек кіріп кетті...Аллаға шүкір енді кірмесе болды. Қазақ елі атына сай болуы тиіс, тек қазақша тілдесу қажет. Мәңкүрттер нағыз қазақтың жауы.
@user-uq5ph7ur3e
@user-uq5ph7ur3e 20 күн бұрын
УРА,УРА,УРА рахмет Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 🙏🙏🙏енді Бүкіл құжаттар ҚАЗАҚ тілінде жазылуы тиіс Бұл міндетті түрде болуы керек
@user-jy6rh4sq6q
@user-jy6rh4sq6q 20 күн бұрын
Алла қаласа ол да болар бәрі бірден болмайды , осыған жа шүкір
@user-gi9qs2hf1m
@user-gi9qs2hf1m 20 күн бұрын
Ура орысша алға алға
@samal2951
@samal2951 20 күн бұрын
Қазақты атқызған қылмыскер ол. Ресеи қоиған диверсант. Əлі жауап береді. Мынауы қитұрқы оиын ба, білмеимін.
@askaridaaskarida4756
@askaridaaskarida4756 20 күн бұрын
тОнкаева ол ишак☝️
@user-vk7lr1hz1n
@user-vk7lr1hz1n 19 күн бұрын
Соған сеніп қалдынба. 😁😁😁ура сы нес. Орыстарға тоқаев қазақ тілін білмей ақ азаматтық береді. Бұл заң тек қандастарғағой.
@kantar2901
@kantar2901 20 күн бұрын
ҚАЗАҚТАРҒА. ҚЫСЫМ ЖАСАМАСЫН
@user-mk4vq7nf6s
@user-mk4vq7nf6s 20 күн бұрын
АЛЛАҒА ШҮКІР ҚАЗАҒЫМ , ҚУАНЫШЫМЫЗ МӘҢГІ БОЛСЫН ! ӘМИН
@armanzhumadil7747
@armanzhumadil7747 20 күн бұрын
тегі қазақ азаматтардың бәріне автоматты түрде азаматтық беру қажет
@user-ql7df7oj2p
@user-ql7df7oj2p 21 күн бұрын
Өте орынды қабылданған Заң!
@user-qp7gj7mo1m
@user-qp7gj7mo1m 20 күн бұрын
Тамаша заң, қуана қолдаймыз ! Екі азаматтығы барларды да саралап, сараптау керек
@user-mg2mq2tu3o
@user-mg2mq2tu3o 20 күн бұрын
Өзіміздің қандас қазақтарымызға , бұл заңға өзгеріс енгізу керек , бізге қалайда қазақтың санын көбейтуіміз керек , қандастарымызға барлық жағдайды жасау қажетпіз.
@shaman_.
@shaman_. 20 күн бұрын
Ұзағынан болсын!
@user-gd2gt1ns2h
@user-gd2gt1ns2h 20 күн бұрын
Депутат министрлерды да тексеріңдер,.Қазақ тілінде сөйлесін.
@bolatalendar7256
@bolatalendar7256 20 күн бұрын
Өте орынды
@user-pg4tr4ks1f
@user-pg4tr4ks1f 20 күн бұрын
Казакша билмейтиндердин азаматтыгын алып койындар
@user-rj8hk4mr7x
@user-rj8hk4mr7x 20 күн бұрын
Өзге ұлтты қоя ғой Өзіміздің Қазақта азаматығынан қоштасады
@user-yq3no7bk1o
@user-yq3no7bk1o 20 күн бұрын
Кезекті қазақты алдау, көзбояушылық.Бар заңдар жұмыс жасамайды.
@user-bi8yp8eq3u
@user-bi8yp8eq3u 20 күн бұрын
Қазақстандағы диаспоралар білсін тарихымызды! Құтырып жүрген келімсектер міндетті!
@user-fl8we4ug7p
@user-fl8we4ug7p 20 күн бұрын
😂 сам то знаешь свою историю?
@user-ds9rm6uy2m
@user-ds9rm6uy2m 20 күн бұрын
Ал Қазақстанның ішіндегі Қазақ тілін Тарихын Дәстүрін білмейтіндер ше.
@user-fl8we4ug7p
@user-fl8we4ug7p 20 күн бұрын
😂 !
@user-mg2mq2tu3o
@user-mg2mq2tu3o 20 күн бұрын
Біз Қазақстан емес Штрафстан болдық қои ,сондықтанда оларға айсайын штраф салып тұру керек , сонда бәрі бұлбұлша сайрайтын болады
@user-nz4sg4kq6i
@user-nz4sg4kq6i 21 күн бұрын
Біздің жемқорлар ақшаға азаматтықты сатуды қымбаттатын болды ғой.
@user-tz8mb1uo8x
@user-tz8mb1uo8x 20 күн бұрын
Дұрыс болды , жарайсындар Қазақ азаматтары 🙏🏻💐🇰🇿💐🇰🇿💐🇰🇿🥰🥰🥰🥰.
@user-sj8hh5xo1m
@user-sj8hh5xo1m 20 күн бұрын
Міне елбасының ісіне разымын. Керемеееет
@user-vf5jq8gs2x
@user-vf5jq8gs2x 20 күн бұрын
Қазақ тілі статусы ,Қазақ жерінде қорғалмаса басқа қай жерде ,әмірі жүреді , 30 жылда көлеңке де жүрді емеспе тығылып
@user-dw5nd5lx3z
@user-dw5nd5lx3z 19 күн бұрын
Дұрыс! Басқа елдерде мемлекеттік тілді білу керек! МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ КЕРЕК!
@user-tu9ze1yk5m
@user-tu9ze1yk5m 20 күн бұрын
Өзге елдегі қазақтан қазақша талап еткенше өзімізді қадағалайық. Ел болам десек қулап жатып сүрінгенге күлуді қойыу керек.
@user-mm7wq6ut2j
@user-mm7wq6ut2j 20 күн бұрын
Дұрыс Өте Дұрыс Қолдаймын
@user-ye1fx5go1v
@user-ye1fx5go1v 20 күн бұрын
Жарайсындар өте керемет келісемін
@user-oz1de1xv1v
@user-oz1de1xv1v 20 күн бұрын
Тек.казахтарга.
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 20 күн бұрын
Басқа елден көшіп келген қандастарымыз азаматтық берілу керек. Себебі басқа елде қазақ тілі оқытылмайды. Бірақ көшіп келген қандастарды бейімдеу орталығында дұрыс, шынайы, тарих, салтдәстүр, қазақ тілі, саяси сауатын ашуға үйретіп, оқыту керек. Елге ата жау қытай мен орысқа азаматтық бермеу керек. Себебі олар өркөкірек, шовинистік сасық ойдағы адасқандар. Ертең өздерінің заңын жүргізеді. Оған тарих және қазіргі жағдай дәлел. Саясатты білмеу әділетсіздікпен күреспеу ұрпақты аяқ қолын жіпсіз байлап жауға бергенмен бірдей. Алға Украина. Оян қазақтар. АЛЛАҺУ АКБАР. 🇰🇿🇺🇦🇹🇷🇦🇿🇰🇬🇺🇿🇹🇲 + НАТО.
@user-pw9rl7up5z
@user-pw9rl7up5z 20 күн бұрын
Жақсы болған,
@YerkebulanKamitov
@YerkebulanKamitov 18 күн бұрын
Жақсы жаңалық,ішкі халықты қыспаққа алмай,сырттан келетіндерге қатан заң қолдану керек
@qurbanaxmedov252
@qurbanaxmedov252 20 күн бұрын
Ассалаумағалейкум өте дурыс Ташкенттен сәлем.
@user-lz4zr9xu7k
@user-lz4zr9xu7k 20 күн бұрын
Қазақ тілін бірінші биліктегілер өздері үйреніп алсын.соларды жоқ қылу керек министр.әкімдерді.егер шын заң болса.
@user-dv4iv7tj4o
@user-dv4iv7tj4o 20 күн бұрын
дурыс! керемет! тыл болмаса, ел болмайды! Отанымыз мангылык жасасын!
@elmasg4411
@elmasg4411 20 күн бұрын
Öte dūrys ❗Keremet 👏 🙌
@user-mx7jd1gd6k
@user-mx7jd1gd6k 20 күн бұрын
Айтпайсыңдарма, қай мемлекетте қазақ мектебі жоқ, сол елдің азаматтарына қонақжайлығымызды көрсетпейік
@user-tn2ke4zf8s
@user-tn2ke4zf8s 20 күн бұрын
Дұрыс мен қолдаймын қазақ тілін білу керек сонымен құрметтеу керек,бізде басқа мемлекетке барсақ сол елдің тілін үйренеміз әйтпесе қалай тұрамыз сол сияқты
@gulnara61-go3sc
@gulnara61-go3sc 20 күн бұрын
Жақсы жаңалық! Енді орыс тілді мектептерден тіпті алып тастаса екен. ЕАЭС, ТС, ОДКБдан шықсақ қой!
@Arlan3791
@Arlan3791 20 күн бұрын
Шала қазақтар азайса жақсы болар еді, бізде өзіміздің қазақтар ана тілінде сөйлей алмайды өкінішке орай.
@user-xj6uv4vo3g
@user-xj6uv4vo3g 20 күн бұрын
Тілді, тарихты жеткілікті деңгейде оқытып үйрететін орын болуы тиіс, Германиядағыдай, елге қайтып жатқан қазақтар мен басқа ұлт өкілдеріне де... Дұрыс, көрші елдін жағдайы қиындай бастайды енді, сонда ағылып бізге қашпасын деп уақытылы заң шығарғандары...
@user-ud9ys3sy8x
@user-ud9ys3sy8x 20 күн бұрын
Мен президент болсам айына бір рет бәрінен қазақ тілінде емтихан алар едім
@user-yr5wp9lv4q
@user-yr5wp9lv4q 20 күн бұрын
Казахстан азаматын тек казақтарга беру керек шетелден келетін кандастарга беру керек.
@user-xc8wy8jx8l
@user-xc8wy8jx8l 20 күн бұрын
Президент Токаев. К.К. оте орынды, жарайсыз. Казакстанда турып жаткан, озге улт окi лдерi де казак тiлiн, салат дастурiн, тарихын бiлiп ж/е курметтеуiн занды турде бекiту кажет.
@user-ic3cm4eq1c
@user-ic3cm4eq1c 20 күн бұрын
Орыстар га да зан коиу керек Казаксстан да тургандар егер Казак тiлн бiлмесе Рессиге каитару керек Орыстаргада зан коиу керек
@user-rf5eg3gs3t
@user-rf5eg3gs3t 20 күн бұрын
Тіл және жаза билмесе кабылданбасын Кандастарды қабылдау керек Кандастарды уиретип алу киын емес Себебі канында бар
@user-qg6wf2oh2k
@user-qg6wf2oh2k 20 күн бұрын
Енді осы ретте туындайтын 1 мәселе бар. Азамат туылғанда сол елдің Азаматтығы беріледі. Енді келе Өзге елде мекен еткен өскен Қандастарымыз қазақ бауырларымыз Қазақ бола тұра қазақ тілін білмедің деп Азаматтық бермеуі орынсыз. Бұл тұрғыда туыла салған нәрестеге Сен қазақша білмейсің деп азаматтық берілмеу санаға келмейтіндей нарсе мен тең. Мысалыға алсақ өзге елде туылған қандастарымыз қазақ тілін ешкім үйретпейді гой. Өзне елде тұрғаны үшін. Қазағым саны аз ретте дұрыс емес пікірмен қаны қазақтың баласын қазақ тілін білмедің деп Азаматтық берілмеуі дұрыс нәрсе емес. Елде мемелектте көтерілген мәселе қазақтын санын бұлай ұлттың көбейуіне қазақ ұлтының демографиясына кері тигізетін нәрсе.
@user-gn3xf2om6q
@user-gn3xf2om6q 19 күн бұрын
Ұстаздар дамытыңдар қазақ тілін ,Алға.
@user-hr6vh4cl2v
@user-hr6vh4cl2v 20 күн бұрын
Өте дұрыс болған
@user-qc9fi2ej5j
@user-qc9fi2ej5j 18 күн бұрын
Қазақша білмейтін мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату туралы заң қабылдансын
@user-cd6ob2wb6u
@user-cd6ob2wb6u 19 күн бұрын
Қазақстан Азаматтығын Алғысыкелетіндерге. Қоғамдық орындарда Қазақша сіулепжүрүуге міндеттеп қоюкерек . Тұрғұлұқты Қазақтарғада Қоғамдық жерлерде қазақша сіулесіпжүрукерек .
@brightstar9555
@brightstar9555 20 күн бұрын
Қолдаймын 👍
@user-cf2jb5do5k
@user-cf2jb5do5k 20 күн бұрын
Алла Разы болсын, Алла Жар болсын, Бауырларым, Алхамдулиля, Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, Аллаху Акбар!!!
@user-wu6xw1og5u
@user-wu6xw1og5u 20 күн бұрын
Қазақ тілін тарихын ,ЕМТИХАН ТАПСЫРУ КЕРЕК
@user-ke9cv6rh5t
@user-ke9cv6rh5t 20 күн бұрын
КҮЛКҮЛІ 😀! ƏУЕЛІ ӨЗДЕРІ ( айырым қазақстандықдар ) ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП АЛСЫН !!!!!!!!
@AlashOrda-rg6gt
@AlashOrda-rg6gt 20 күн бұрын
Іштегілерше мемлекеттік тілді, тарихты білмейтіндерше.Өзге мектептерде Қазақ тілі жоқтарше олар не істейді..
@user-nt4gm7ie1y
@user-nt4gm7ie1y 20 күн бұрын
Жарайсын
@bolatmusaev73
@bolatmusaev73 20 күн бұрын
Заң дұрыс бірақ анау жоғарыдағы министр прокурорлар ше солай мәңгүрт болып қала берема кешегі айлап өткен Бишімбаевтың соты неге орыс тілінде өтті сотталып жатқанда соттап жатқанда қазақ Қазақстанның туған жеріміздің атына ұят сыртқа кұлкі болып отырмыз
@alibanat4734
@alibanat4734 19 күн бұрын
Өте керемет жаңалық 👍👍👍
@salembatu9581
@salembatu9581 19 күн бұрын
Барлық ұлыт өкілдерінден де алсын.... Әсіресе Орыстардан
@SerikgulBolat
@SerikgulBolat 20 күн бұрын
Қандастар келып қазуға сөйлеуге үйреніп жүргендер бар
@user-fo4fi7om9j
@user-fo4fi7om9j 20 күн бұрын
Өте орынды!
@user-fe4os7mj8k
@user-fe4os7mj8k 20 күн бұрын
Кумандарщ тек казактарга бериндер азаматтыкты .
@user-ye1fx5go1v
@user-ye1fx5go1v 20 күн бұрын
Талаптар қиын болу керек дұрыс
@user-vt3kk8ld3v
@user-vt3kk8ld3v 20 күн бұрын
ОТТЕ КЕРЕМЕТ И ДУРЫС, РЕСЕИГЕ КИРСЕНДА ОРЫС ТИЛИН БИЛМЕСЕН КОТЕН БИР ТЕБЕДИ, МЫНАЛАР МАКТАНЫШТАРЫНДЫ КОТЕРИНЕ ТЫГЫНДАРШ, КЫЗДАРЫНДЫ БЕРИНДЕР СОЛАРГА СОНДА КОРЕМИЗ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 20 күн бұрын
Басқа елден кқшіп келген қандастарға азаматтық беру керек, қазақ тілін білмеседе, себебі басқа елде қазақ тілі оқытылмайды. Елдге ата жау қытай мен орыстарға қатаң тыйым салу керек және азаматтық берілмеу керек. Себебі олар өркөкірек, шовинистік сасық ойдағы адасқандар. Саясатты білмеу, әділетсіздікпен күреспеу, ұрпақты аяқ, қолын жіпсіз байлап жауға бергенмен бірдей. Оян қазақтар. АЛЛАҺУ АКБАР.
@MES87
@MES87 20 күн бұрын
Бәрекелді 😊
@janbylasanov5763
@janbylasanov5763 20 күн бұрын
Мына зандарын корши озге улт окилдерине жаксы болды Сол елдеги кандастар келе алмаиды есесине сол озге улттар посредник аркылы сатып алады азаматтыгынды
@user-mv5js9ix9f
@user-mv5js9ix9f 19 күн бұрын
Өте дұрыс қолдаймыз
@user-gg6tb9xu5j
@user-gg6tb9xu5j 19 күн бұрын
Қазақ тілін білу əр қазақтың борышы оған бола шулатып керегі жоқ өзге тілдерді да білу керек білім ғылым сол тілдерде
@user-fi1zw8pz1g
@user-fi1zw8pz1g 20 күн бұрын
Елдегі адамдар қашан емтихан беред тіл туралы .. көбі білмейд ,әсіресе орыстар..
@user-gq7yp5jo7y
@user-gq7yp5jo7y 19 күн бұрын
Өте дұрыс, қолдаймын
@user-br4jr5id3y
@user-br4jr5id3y 20 күн бұрын
Дұрыс сұрақ көп болмауы керек олар тілді ұмыта қоймасы.
@ssou6685
@ssou6685 20 күн бұрын
Өөте дұрыс 👏👏👏👏👍👍👍
@mechtamarket663
@mechtamarket663 20 күн бұрын
Казирде мемлекеттик тилмен тарихты билмейтиндерден бастау керек сонда Ата занга багынатын болады.
@user-vg2yr3xn8i
@user-vg2yr3xn8i 20 күн бұрын
Кандастарга береберсин Казак болса болды бастысы
@user-jn4qe7jw6o
@user-jn4qe7jw6o 19 күн бұрын
Ауминь дурыс
@maksatisataev9192
@maksatisataev9192 20 күн бұрын
Ассаламуғалйкум өте дұрыс елге келем дегендерге тілді білге дұрыс әрине тілденде маңызды ол қандай дінді ұстанады дініміз Ислам қазір қалай еліміздің болашағын не күтіп тұр оғанда мән беру керек ,әр түрі адамдар олар тапқан дін бізге дін болмайды оғанда мән беру керек
@kaisarkaton-karagai8248
@kaisarkaton-karagai8248 20 күн бұрын
Орыстарга неге беріп жатыр қазақ тылын былмек тугылы менсынбеитын
@user-rm8xt2fq3f
@user-rm8xt2fq3f 20 күн бұрын
Сорлысыңдарғой заң шығарғыштар. Енді паспортный столда ол галочкалар үшін тағы ақша талап етеді. Тура бір білмей қалады екен бізде система қандай екенін
@berikbaiborashov4293
@berikbaiborashov4293 20 күн бұрын
Парламенттегі министр депутаттардан бастау керек
@user-gq1ws9vj5t
@user-gq1ws9vj5t 20 күн бұрын
Журналистер, редакторлар! Х.Әбжанов- тарих ғылымдарының докторы, профессор
@makhambyetonerbyek4730
@makhambyetonerbyek4730 20 күн бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@Trubkamira777
@Trubkamira777 20 күн бұрын
Солтустик Казахстан ози жетип жатыр. Мен Костанай да окыдым, оншен орыс болып кеткен. Ру ларын копшлигы блмейды. Тек Торгай ауданы жаксы сойлейтин ол жакта. Биздерды сыйлайтын.
@user-fc3km9gu7i
@user-fc3km9gu7i 20 күн бұрын
Енд! таза казактар келс!н, оте дурыс, Президент!м!зге ракмет !
@user-ji4qb5hy4j
@user-ji4qb5hy4j 20 күн бұрын
Депутат министрлер руын тарихын билмеди 80%
@ArsenSmagulov
@ArsenSmagulov 20 күн бұрын
Дұрыс! Қолдаймын
@kazakhnomad2935
@kazakhnomad2935 20 күн бұрын
👍👍👍
@user-rg5hp6hq6s
@user-rg5hp6hq6s 20 күн бұрын
Ресейде Казак коп ишь милиондаг асады
@user-kd4ce2xh9n
@user-kd4ce2xh9n 20 күн бұрын
Алақай
@user-ox8zc2wx7w
@user-ox8zc2wx7w 20 күн бұрын
Тилге тискендердин кемситкендердин ДЕПОРТ КОЙСА ДУРЫС БОЛАР ЕДИ
@user-ru9cp5yy8p
@user-ru9cp5yy8p 20 күн бұрын
Вообще берілмесин. Оны да биздин саткындар жасап береді. Барин биледі деп.
@user-kd9qj7xk7p
@user-kd9qj7xk7p 20 күн бұрын
❤❤❤❤❤❤❤
@user-ji3cw1bs9l
@user-ji3cw1bs9l 20 күн бұрын
Жығылып жатып сүріңгенге күледі деген осы екен ғой форте банк қазақ тілін білу маңызды емес деп нақты айтты ол үшін ешқандай жаза қарастырылмады неге
@Botakanim
@Botakanim 20 күн бұрын
Сәлем сау бол деп кутылып кетеди гой оны тексеретин адамдар да одан ари билмеуі де мумкин . Ал кандастарга келетин болса олар биледи барибир оларга кедерги болмайды .оларды биринши акелиниздер мулде умытпай турганда отиниш
@user-kr5tj1nw3r
@user-kr5tj1nw3r 20 күн бұрын
Қайынжұртына беріп болды, енді өзгеріс кіргізуге болады
@user-vf5jq8gs2x
@user-vf5jq8gs2x 20 күн бұрын
Қазақ тілін дамытар , Сөйлесе қазақ сүйсініп Дара туып бір ақын, Ақ,қарасын айырып Жеткізер мұнын халықтың, Бұлбұл болып ән айтсаң Оянар жүректегі түп сезім, Терме, дастан, аңыздар , Ұмытылмас тарихын Дінің, білім ой сала Адаспас жас буын Егер болса қазақша.
Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы сарайы
4:13
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 550 М.
Қазақстанға Қытай камераларынан қауіп бар ма? (рус.субтитры)
22:42
1❤️#thankyou #shorts
00:21
あみか部
Рет қаралды 10 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 6 СЕРИЯ
21:57
Inter Production
Рет қаралды 505 М.
ikan patin #shorts
0:14
Ari Tv
Рет қаралды 2,4 М.
ӘСКЕРДЕН ӘЙЕЛІМ ҚҰТҚАРДЫ
2:55
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 12 М.
Қазақты елу жыл еліне кіргізбейді / ШЫНЫ КЕРЕК/SHYNY KEREK
4:57
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 170 М.
“ЖП” ДЕГЕН КІМ?
5:14
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 23 М.
"Саған бәрібір болса,маған да бәрібір"
21:04
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 46 М.