Қазақтар Ай сырғаны не үшін таққан?

  Рет қаралды 104,815

Куат Ахметжанов

Куат Ахметжанов

4 жыл бұрын

🌙🌛🌜💫🌙
АЙ СЫРҒАНЫ НЕГЕ ТАҚҚАН?
🌗🌘🌔🌑🌓🌔
Бала кезімізде үлкендер ұрсатын,айға қарап қолыңды шошайтпа- деп,қолыңды тістеткізетін."Айға қарап телмірме!"-ол дегеніміз Ай адамның жанарын,сұлулығын,терінің жастығын алады екен.Қазақтың салтында мынадай тиым бар:"айға қарап дәрет сындырма...."-ар жағы жазылмаған.Құпиясы мынада: айға қарап дәрет сындырған қыз бала-бедеу болады екен,ешқашан сәбилі бола алмайды.Айға қарап дәрет сындырған ер баланың шәуіті (спермасы) әлсіз болады,яғни ол жұбайына бала тапқыза алмайды.НЕГЕ ??? Ол үшін айды біраз зерттейік.
Ай төрт фазадан тұрады. Бірінші фаза Ай Туады🌙.(7-күн)
Екінші фаза ай толады 🟡(7-күн)
Үшінші фаза ай желінеді теріс жағынан🌜
Төртінші фаза ай жіңішкеріп, жоғалады.
Есіңізде болсын айдың ең қауіпті кезі адам үшін, ол 1-2 фазасы, яғни туылып- толуға екі жетіде ай күшті энергияны жерге жібереді. Осы кезде теңіздер тулайды, қышыма, бөртпе, бронхит, давление, т. б аурулар өршиді. Байқасаңыздар ай желіне бастағанда, аурулар өршуі күрт басылып, тынышталады.
Айдың күшейген кезінде "Айкезбе" (лунатизм)-ауруы күшіне мінеді.
Осының растығын білу үшін мынадай тәжирбе жасадым. Ай туған кезде, балта, пышақтарды қайрап, ай түсетін терезенің алдына қойдым, біреуін пышақ пен балтаны орамалмен жауып қойдым, екінші пышақ балтаны ашық тастады. Таң ата қарасам, ашық тұрған балта мен пышағымның жүзін ай жеп қойыпты, ал орамалмен жапқандарым, сол күйде қалыпты. Міне, айға телмірме, ұйықтағанда ай бетіңе түспесін деген осыдан шыққан. Невропотолог дәрігерлермен сөйлескенде бет аузы қисайған учетта тұрған, ем қабылдаған студенттер қаншама Алматы қаласында. Ия, ем жүреді, массаж, игла терапия, витамин уколдар. Бірақ, беттерінде тыртық, іздер қалатындар да бар, оның сеьебі ай энергиясының қатты өткені тәрізді. Бірақ, дәрігерлер айдың әсері мүмкін десе де, медицинада бұл ауру "Паралич Билла"- леп аталады, олар нерв жүйесіне суық тиген деп жазады диагнозды. Қызық ә.... Екінші тәжирбем мынадай болды:-Ай туғанда шашымды, тырнақтарымды алдым, ай толған сайын шаш-тырнақ тез өсетініме көзім жетті. Келесі айда шаш-тырнағвмды айдың үшінші фазасында, яғни ай желіне, мұжыла бастағанда алдым, шаш тырнақ екі жұмадай баяу өседі." Лунный календарь"-дегенді естігенсіз бе, жалпы ағаш, бау бақша отырғызғанда ай туып немесе толып келе жатқанда салсаңыз, жақсы өседі, себебі ай қуатымен тещ көтеріледі. Ал "өлара" кезінде не айдың 3-4 фазасында ексеңіз әлсіз, қуатсыз болып, көтерілуіне біраз уақыт кетеді.
Ескерту бизнесті, жаңа жұмысты ай туғанда бастаңыз, берексі болады.
Себастьян Бах айға қарап әуендерін шығаратын, ай Бахқа музыка берді, бірақ құлағымен, көзінің жанарын алды. Бах саңырау және көзінен айырылып өлді.
Бетховеннің өзі Лунная сонатаны"- айға қарап жазып, аяғы саңырауға айналды. Қазіргі ағылшын суретшісі Ли Хадвин ай ауыруына шалдыққан, жастайынан айға қарап ұйықтайтын. Ол түнде тұрып, ұйқылы түрде сурет салады. "ұйқылы суретші"- деп атайтын Ли дің суреттері мүлде басқа галактиканікі деп айтуға болады.
Біздің ата-бабаларымыз Айдың қыр сырын жақсы білген. Сол себептен айдан қорғану үшін мынадай іс- шаралар істеген.
1.Ай сырға таққан(ай көріп әулетіме тиіспейді деп ырымдаған)
2.Балаларының аттарын Айтуған, Айдын, Құралай, Айбар, Айсұлу, Айбек, Толғанай, Айқара, Айжарық, Айгүл т. б ай атымен атаса ай тиіспейді деп жорыған.
3.Ай туғанда айға бата берген" Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа! "-деп.
4.Ай туғанда әжелеріміз, қыз-келіншектер бастарына орамал киіп афға сәлем салған.
5. Ай туралы тиым сөздер ұрпаққа үйретіп отырған." айға қарап дәрет сындырма", "айға қолыңды шошайтпа"," айға қарап телмірме" т. сондай.
6. Аңыз әңгімелер, дастандар, ертегілер, өлеңдерде, мифтерде айды тек мақтаған, ешқашан жаман айтпаған, қатері тиеді деген.
7. Ай тұрғаннан кейін ұйықтауға рұхсат берген, ай ұйықтаған адамның бетіне түспесін деп қатты ескертіп, жастардың құлағына құйып отырған.
8.Қылышты-қынапқа, пышақты-қонышқа, балтаны сапыға салу керектігін қатты бақылаған, себебі, ай қайралғанның жүзін жеп қояды.
Міне, ай сырғаны кішіден бастап, үлкен ана-әжелеріміз құлағынан тастамай алтыннан таққан. "Айсырға таққанға-ай тимейді"- деген.
" Әшекей бұйымдардың тылсым, құпия сырлары"- кітабынан үзінді, авторы Б. С. Ешмағамбетов.
Ұрпаққа үйретіңіз бұл ата-
баба салты, өте маңызды.
🌖🌗🌑🌓🌘🌔

Пікірлер: 109
@user-dg2fu5fe7o
@user-dg2fu5fe7o 3 жыл бұрын
Ия анам осы ай туралы көөп айтылады .Сосын тунде баламен жургенде баланың бетин жауып журу кереқ деп отыратын. Алла Разы болсын Сізғе.
@user-pz8ee1ou4c
@user-pz8ee1ou4c 3 жыл бұрын
Оте маңызды энгимелер! Кемиген айга ауруын айтса,суйелди корсетсе,кетеди! Ай қызғаншақ болады деген болжам бар! Ия,айға карап салем береди:"Жаңа Ай жарылқа ески ай есиркеайдан,сағаттан,минуттан,секунттан сақтай гор деп!" Қазақтар,оте билимди,ақылды болған!
@user-kz9dh3yb5m
@user-kz9dh3yb5m 3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум рахмет бауырым ескі бұлақтардың көзін аштын Аллаһ пана болсын. Бала кезімде әжеммен атам айлы түні жалаңбас жүрме деуші еді.
@aimanabil4884
@aimanabil4884 3 жыл бұрын
Тамаша айтылған сөз ия қазақта ырымдар көп болғанғой менің əжем осылай айтып отырады далаға жалғыз шықпа деп айға қарама деп жас сəбилер жазда тапшада далада жатса айға қаратпа көлегейлеп қой ай сəулесі түспесің деп айтып отырады,дұрыс айтасыз ай жанадан туғанда салем саламыз 😊Əжемізден бастап кіші сіңілімізге дейің үш рет салем саламыз айға қарап жақсы тілек айтып батамызды аламыз міне қазақтын ырымдары қандай я біздің от басыңыз осындай қазақи тарбие ұстанамыз ,
@user-zo9wk8du2e
@user-zo9wk8du2e 3 жыл бұрын
Керемет әжем осынвң бәрін жасайтын, әжем96жасында қайтты, Алла алдынан жарылқасын
@user-le1mj7om4n
@user-le1mj7om4n 3 жыл бұрын
Менынде ажем ай туралы айтатын осыны.Жаткан жеры жарык болсын
@user-of3ip4yo3f
@user-of3ip4yo3f 3 жыл бұрын
біздің ата бабамыз ғалымдардың ашып отырған жаңалықтарын мыңдаған жылдар бұрын білген. бірақ ҚАЛАЙ
@qwertyqwerty3284
@qwertyqwerty3284 3 жыл бұрын
Шариғатта бар бұның бәрі.
@pgu8198
@pgu8198 3 жыл бұрын
Сомненья жок
@user-dz5zm3dn9y
@user-dz5zm3dn9y 2 жыл бұрын
Даналығы мықты ғой
@user-oc6kv1ts7u
@user-oc6kv1ts7u 9 ай бұрын
Ата бабамыз өмірден көрген білгендерін , табиғаттың құбылыстарын байқағандарын кейінгі ұрпаққа айтып кеткен. Содан дана халық болған.
@user-le1mj7om4n
@user-le1mj7om4n 3 жыл бұрын
АЛЛА ТАГАЛА разы болсын Куат
@kulzhekhanbekenova3556
@kulzhekhanbekenova3556 3 жыл бұрын
Мұндай әңгімелерді, салт - дәстүрлерімізді, кешегі кеңес үкіметі кезінде, мұның бәрі өтірік, миф, ескіден қалған сандырақ деп сендірді. Сонда да апаларымыздан талай нәрсені бойға сіңіріп өстік. Менің ойымша, бұл арғы ата-бабаларымызыдың зерттеп, жазып-сызып кеткен құнды дүниелері болған. Мүмкін оның сыры Отырар кітапханасы табылғанда ашылар. Жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Кезінде сол шежіремізге дейін кудалады. Менің атам теміршілердің ұрпағы болған екен. Өзі зергер болған. Кеңес үкіметі келгенде қуғынға ұшырап, бәрі жан-жаққа қашқан. Менің атам 1918 жылы қайтыс болған. Менің әкем артында төрт жасында қалыпты. Атамның қалай қайтыс болғаны туралы ешкандай мәлімет жоқ. Әкемді жеткізген, өзінен он жас үлкен әпкесі, менің дәу апам. Атам туралы сол кісіден еститінмін. Ол кезде мен жас болдым, егжей-тегжейін сұрамадым. Ол да басын ашып көп айта бермейтін. Осыдан сегіз жыл бұрын ғана, әкемнің немере ағасының баласы, жасы 80 ге таянғанда бізге осы әңгіме туралы былай деді. Аталарымыз, басқа ағайындары, қуғын-сүргін заманда бір-бірімен хоштасып, жан-жаққа кеткен. Біріміз үшін, біріміз опық жемейік, алыстан бір-біріміздің амандығымызды тілеп, ұрпақтарымызды аман алып қалғанға тырысайық, деген екен. Өкініштісі, атамыз ұсталық өнеріне балалырын баулып улгерместен, жас кеткен... Кеңес заманында, "Қазақтар даланы кезіп, малдың соңында жүрген, надан халық болған" - деген ұғымды сіңіріп, еңсемізді жерге тықты. Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Халқым бай-қуатты ғұмыр кешсін!
@akanakan6566
@akanakan6566 3 жыл бұрын
Керемет осындай әңгімелер көп болсын жастаоымыз қазақтың қағидаларын білсе сіз сияқты жеткізе алсақ кейінгі ұрпааааааққа
@user-zo9wk8du2e
@user-zo9wk8du2e 3 жыл бұрын
Иа ай туған күні әжем иіліп сәлем. Беретір
@user-cr3st7jz8n
@user-cr3st7jz8n 3 жыл бұрын
Бұл шын , қазқтың өзге ұлттан ерекшелігіміз сонша қарапайым халықтың көбі тілсім дүниеден хабары бар , кез келген қазақ біледі айға қарап отырма , айлы түнде суға барма , ұйқтап жатқанда бетіне айдың жарығын түсірме деп.
@user-hx6nd2uh3h
@user-hx6nd2uh3h 2 жыл бұрын
Керек арна керемет умытыл баратир ган соз дер жабылып калган кытап жаңартылды сызге рахмет
@gulziranuridinova5676
@gulziranuridinova5676 3 жыл бұрын
Б.С. Ешмағанбетов мырза осы ақпаратыңызға рахмет!
@saulezhumanova7491
@saulezhumanova7491 3 жыл бұрын
Біліп журетін дуние,Керемет
@isabekdosanov8848
@isabekdosanov8848 3 жыл бұрын
Көп көп рақмет!!!
@user-jh8wz5xe6p
@user-jh8wz5xe6p 3 жыл бұрын
Естімеген елде көп деген осы-ау Осынша құпиясы көп айдың сырын білдік Рахмет сізге шығармашылық табыс тілеймін
@nurseittasibaev8844
@nurseittasibaev8844 3 жыл бұрын
үлкен рахмет сізге
@yerlanibraimov6822
@yerlanibraimov6822 4 жыл бұрын
Керемет дүние
@user-sb5rk8hm8o
@user-sb5rk8hm8o 3 жыл бұрын
Өте керемет ақпарат екен !🤔
@temirtulpar9843
@temirtulpar9843 4 жыл бұрын
Иә,иә.Керемет.
@user-kg2dh8si1c
@user-kg2dh8si1c 4 жыл бұрын
Мм маған лаик басшы
@user-zd4tp6lk7m
@user-zd4tp6lk7m 3 жыл бұрын
Керемет .Ай туралы көп мәлімет білдік
@Maksat_Zolboldy
@Maksat_Zolboldy 3 жыл бұрын
Уағыз деген осы шығар, Оттап отыратын молдалардың Мыжымасынан әдеміғой
@user-oz2tg6ns9r
@user-oz2tg6ns9r 3 жыл бұрын
Керемет создер
@mokasheikhslam6231
@mokasheikhslam6231 3 жыл бұрын
Куат сизге көп көп рахмет Бурын бала кезимизде апаларымыз айтатын осы ангимелерди казирги жастарға үлкен сабак деп ойлаймын казирги кезде маңдай ангимелерди көп айтылмайды сизге Рахмет
@user-qj6im4xj3p
@user-qj6im4xj3p 2 жыл бұрын
Рахмет билмегенни билдергениз ушин бул кулакта устайтинн ваших екен мен уйгурмын казахшалап жазувым друс болмаса кеширим сураймын айип етпеныздер
@DuGal2023
@DuGal2023 3 жыл бұрын
Үлкен Рахмет!
@user-bl4xn3jr1y
@user-bl4xn3jr1y 3 жыл бұрын
Дәл түстиңиздер. Халық даналығы.
@user-pz8ee1ou4c
@user-pz8ee1ou4c 3 жыл бұрын
Кишкентайымызда,ай терезеден Тусип туратын еди! Казир нервымыз Ашушан. Жаңа туған айга карап,ақша корсетсе,акша кобейген! Лайк
@user-bl4xn3jr1y
@user-bl4xn3jr1y 3 жыл бұрын
Күшті ғой
@user-ly8fp4sp1c
@user-ly8fp4sp1c 11 ай бұрын
Өте керемет ақпарат!
@juparhojametova5741
@juparhojametova5741 2 жыл бұрын
Рахмет сизге мин алгис каракалпактан Салем Орка
@Ali-qh1ct
@Ali-qh1ct 3 жыл бұрын
Рахмет сізге Алла разы болсын
@user-kg2dh8si1c
@user-kg2dh8si1c 4 жыл бұрын
Керемет жазлаин сізге
@user-fr2sq4xn4n
@user-fr2sq4xn4n 3 жыл бұрын
дүрыс аиытқан бұл сөз бұрыннан бар сөз шындық
@user-iw3px3ty7k
@user-iw3px3ty7k 3 жыл бұрын
Я кишкентай кезимде есимде Ажем Анам барлыгымызды ертип шыгатын далага аиды кориндер деп. Жана аиды аман кордик есен кордик деп салем салатын ески аида есирке жана аида жарылка деитин есинде калады бала кезиндеги барлык нарсе дурыс екеен барлыгы рахмет аман сау болыныз барлыгыныз
@janetduissenova5802
@janetduissenova5802 2 жыл бұрын
Керемет ракмет свзге былып журемын
@user-ep6pj5px1m
@user-ep6pj5px1m 3 жыл бұрын
Жаксы шыгарылган
@user-nq2kt1ob3f
@user-nq2kt1ob3f Жыл бұрын
Менің анам жаңа тұған айға сәлем етеді әрдайм
@user-ny9jl4lb6p
@user-ny9jl4lb6p 4 жыл бұрын
Рахмет
@user-gv1og9nb9g
@user-gv1og9nb9g 3 жыл бұрын
Керемет
@user-ph4pe2zg1l
@user-ph4pe2zg1l 3 жыл бұрын
Иә бала кезімізде айға қарап қолыңды шошайтпа деп айтатын. Қолыңды тісте дейтін.
@user-hp2xl2ou2f
@user-hp2xl2ou2f 3 жыл бұрын
Есміде біздеде солаи аитатын
@user-fu9qq6de4m
@user-fu9qq6de4m 3 жыл бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС ТҰЖЫРЫМ,ӨЙТКЕНІ АЙ ТҰНЫП ТҰРҒАН ҚҰПИЯНЫҢ ӨЗІ МЕН КӨЗІ.
@user-uz7ph9zh4x
@user-uz7ph9zh4x 3 жыл бұрын
Ата апалармыз ай туғанда жатып туылыпты немесе жайлы туылыпты малға жайлы болады басқаша туылса шаруға жайлы болады деп айтып жататын еді
@user-tl3nm9yn3q
@user-tl3nm9yn3q 3 жыл бұрын
Оте дурыс
@user-ze6xk8ps6j
@user-ze6xk8ps6j 3 жыл бұрын
Ажем апам айтушы еди жана ай жарылкай корсин ески ай есирке корсин айдай жузимди жарык етсин деп салем салып тилегимизди айтар едик бала кезимизде автор окыган создерди есмизде
@user-th6sn2yz4t
@user-th6sn2yz4t 3 жыл бұрын
Кушті, ., .
@jalgaskyzy_a3453
@jalgaskyzy_a3453 3 жыл бұрын
Иа керемет
@user-ps8ji3oh1f
@user-ps8ji3oh1f 3 жыл бұрын
Жаңадан оқига шығарасызба бакетто ергешбай сиякты
@user-em3wq5fo1n
@user-em3wq5fo1n 2 жыл бұрын
Керемет қай тақырып болсада манызды айтасыз.
@tfcccg584
@tfcccg584 2 жыл бұрын
Аллах сактасын
@saulemadiyarova6373
@saulemadiyarova6373 3 жыл бұрын
Мусулман ай календарін қпйдан аламыз!
@danajanabekqyzy9203
@danajanabekqyzy9203 3 жыл бұрын
🌚🌑🌒🌓🌔🌝
@user-pf3jf9oe8s
@user-pf3jf9oe8s 3 жыл бұрын
Жаңа айда жарылқа. Ескі айда есірке.
@saparova9574
@saparova9574 3 жыл бұрын
Ай сырганы тек казахтар такбаган..меним ажемде де бар ол сырга.ажем 75 те жасы.каракалпакстаннан салем!!!
@user-cr3st7jz8n
@user-cr3st7jz8n 3 жыл бұрын
Иаааа , үлкендер ескертіп отырады , ұйқтап жатқанда айдың жарығы бетіңе түссе жаман түс көресің , немесе бет аузы қисайып қалады дейтін, Ай туралы айтса бала кезім есіме түседі Бір жолы қолымнан тартып шынтағыма дейін сүйел қаптап кетті , бір күні Әжем көрдіде ай туғанда есіме түсірші деді, содан бір күні намазын оқып болған соң мені шақырып алды да қасына тұрғызып қойып өзі күбірлеп бір нәрсе оқыды , содан маған : - ай, ай , қолымдағы әйәйымды алып қолымды берші деп 3 рет қайтала деді , содан соң болды қазір ұшып кетеді деп үйге кірді . Мен ойлаппын қазір қалығ шыбын сияқты ұшқанын көрейін деп екінші қолыммен сүйелдерді басып отырдым я содан ұстап отырғанымды әжем көріп : - тәйт ары , ұмытып кет , қолыңмен ұстама деді , Сүйтіп ұйқтап қалыппын , таңертең оянсам қолым тап таза , бірде бір тал сүйел қалмай ұшып кетіпті , Екінші бір оқиға көрші әкеміз тектес кісі ауырып қалып аудан орталығна айелі больница ға жатқызуға қалага алып кетті , содан артында іркес тіркес балалары қалды , қорқап үшін досым мені үйіне қонуга шақырды , содан түнде ұйқтап жатқанымда терезелерінде перде жоқ екен , айтеу оянып кетсес ай жап жарық екен , ең соңғы кішкентай баласы бесікте , бетін жауып қоймапты , менде баламын ғой, аса мән бермедім , теріс қарадым да көрпені жамылып ұйқтап қалдым , кейін естісем әлгі сәби шетінеп кетіпті , айтеу үлкендер айдың жарығын ұйқтап жатқанда бетіңе түсірме дейтін , адамның нұрын тартып алады дейтін, қаншалықты зиян екенін білмедік, енді ойласам нұрын да емес жанын да тарьып алатын сияқты ғой. Үшінші бір оқиға , бір күні ел орынына жатып ұйқтап қалған да бүкіл ит аба- жаба , шырылдаған дауыс шыгып еді , әкем орынынан атып тұрып сыртқа жүгірді , біз үрпиіп үрпиіп оянып кеттік , әкем келген соң шешес сұрап жатты , - Не болыды екен бейшара қызға деді. Әкем , - бәленбайдың қыз баласы ұйқысырап далаға кезіп кетіпті , бір ақ ит соңымнан қалмай қапқалы жүр деп адамға бой бермей шырылдап ауылды айналып қвшып әрең ұстатты деді, Шешем , - ойбууу байқұс бала -ай , айдың жарығы бетіне түсіп жаман түс көрдіма екен , шайтан жетелеп кетті ау, айтпесе қайдағы ақ ит , деді .... Сөйтіп айта берсек көп.... Айдың тартылыс күші бар екенін атам қазақ ғарышқа ұшпай тұрған кезде ақ зерттеп зерделеп болган ғой.
@user-mb8en7sd9t
@user-mb8en7sd9t 3 жыл бұрын
ИЯ ДҰРЫС БӘРІ, МЕНДЕ ЖАСТЫҚПЕН БІЛМЕГЕНМІНҒОЙ,ҰЙҚТАП ЖАТҚАНДА БЕТІНЕ АЙ СӘУЛЕСІ ТҮСІП ТҰРАТЫН ШАҚАЛАҚ КЕЗІНДЕ,СОДАН ӨСЕ КЕЛЕ ЕКІНШІ ҰЛЫМ АЙ КЕЗБЕ БОЛДЫ ТҮН ЖАРЫМДА ТҰРЫП КЕТІП ҚАЛАТЫН ӨЗІ БІЛМЕЙДІ. АЛЛАҒА ШҮКІР ӘЗІР ЖОҚ ОЛ ӘДЕТІ. ЖАСЫ 34 ТЕ БАЛАЛЫ ШВҒАЛЫ ҚҰДАЙҒА ШҮКІР.
@banujansapbolat7265
@banujansapbolat7265 3 жыл бұрын
Keremet
@user-sn2bq2wp1x
@user-sn2bq2wp1x 3 жыл бұрын
😘
@user-ws6ms8qm5o
@user-ws6ms8qm5o 3 жыл бұрын
Ай түндебетінетүссе дінді боласын
@user-xq6qy6zg9p
@user-xq6qy6zg9p 3 жыл бұрын
Осы,аттылған,рым,тиымдар,неге.Ұлттық,арннада, Аттылайды,бомайттын,бағама,көп,одан,қалса,жарна. ҰЛТ,ТАҒДЫРЫН,ОЙЛАУ,КЕРЕК,сонда,жастар,коп,мағлат Алареді,деп,ойлаймиын...
@user-rd6qh3ih4l
@user-rd6qh3ih4l 3 жыл бұрын
Тамаша осындай ғаламшар жайлы білгім келеді
@user-qg6bf1fl4b
@user-qg6bf1fl4b Жыл бұрын
Менде Ли Хадвин секілді айға қарап уйыхтағанды қатты жахсы көрем болмеме айдын сәулесі түсіп тұрғанын ұнатам
@user-uz9gl5xt3n
@user-uz9gl5xt3n 3 жыл бұрын
Маған осы нақыл сөздерді жібересізбе
@user-wx8vx8uo7e
@user-wx8vx8uo7e 3 жыл бұрын
😯
@sddffxcvbb6034
@sddffxcvbb6034 3 жыл бұрын
Менің де есімім толғанай
@user-ws6ms8qm5o
@user-ws6ms8qm5o 3 жыл бұрын
Айға қарап саусағынды шошайтуға болмайды
@user-qi7hp3zi2n
@user-qi7hp3zi2n 3 жыл бұрын
Жазда далада жатамыз ашық аспап уш ай жазда
@user-bf2zm9mb2t
@user-bf2zm9mb2t 3 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум ! Көп ақпарат пен таныстым рахмет, ғафу етіңіз, бірақ Людвиг Ван Бетховен 26-27 жасынан керең ,"Лунная соната" деп Бетховен айтпаған,оны кейін халықтың берген аты шығармаға(теріс ақпарат ол айға қарап жазды ) дегені, фортепиано аспабына арналған 32 сонатасының 14-ші сонатасы, Иоганн Себастьян Бах 1685 жылы дүниеге келіп,1750 жылы қайтыс болған,ол да айға қарап жазбаған, шығармаларында нәпсәни емес, адамның ішкі рухани жағына мән беріп жазған сазгер болған,Иса пайғамбардың өмірі туралы және ақыретті еске сап жүрген тақырыптары,Бах, Бетховен дар ескі классиктер,ал 19 ғасырдағы сазгерлер көбінесе пенде ең пенде ғашықтығын қулайдан жоғары қойып,тағдырлы қабылдай алмай ақыры қиын болған
@user-sw6rv5dx3d
@user-sw6rv5dx3d 3 жыл бұрын
Айға көп карагам кишкентай кезимде, казир бир козим кормейди екинши козим минус 18
@sontymilawka2293
@sontymilawka2293 3 жыл бұрын
Жерді не үшін таянба деген жауабын аитып бересізбе
@jasiukai5132
@jasiukai5132 3 жыл бұрын
кандай керемт канал
@Muchalkalam
@Muchalkalam 3 жыл бұрын
Айтқаныңыздың бәрі дұрыс. Тек, ай туады, туылмайды. Халқымызда барлық іс-әрекет туды, туады деп айтылады, туылды немесе туылдым деп айтылмаған. Матанализде ғана туынды деген термин бар. Оның өзі жақын арада пайда болған, уақыт салыстырмасында.
@user-gj8tp6et8l
@user-gj8tp6et8l 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@joxajoxa4423
@joxajoxa4423 3 жыл бұрын
Бұл шірк АЛЛАҒА сенген дұрыс АЛЛАХ не қалса сол болады ежелде солай сенім болған АЛЛАХты танымағанына дәлел Сенген адамдың өзінің иманы әлсіз адам болады кәпір ғалымдарды айта бермеңдер шариғатта ырым ол харам👆
@arsenaliaskar3046
@arsenaliaskar3046 2 жыл бұрын
Кәпір дей беруге де болмайд дұрыс емес деу керек шірк деми дұрыс емес Аллаға сиынайық Алладан сұрайық деп айтсаң ия негізі дұрыс емеско бірақ шындық айдың күші осындай екені Алланың жаратылысы
@user-zo9wk8du2e
@user-zo9wk8du2e 3 жыл бұрын
Бағыда әжем тісіміз ауырғанда пышақты қайрағышты терезенің алдына қойып ертесіне азанда ауырып тұрған жерге басатын
@nurlanatenov2703
@nurlanatenov2703 3 жыл бұрын
Ия айға қарай көп қарамау керек бұрын апам көп айтатын еді
@jasiukai5132
@jasiukai5132 3 жыл бұрын
Монтаж жасаганда Лидин суреттерин, Бахтын суреттерин койса керемет болады
@user-mv4ms6pe2t
@user-mv4ms6pe2t 3 жыл бұрын
Планета емес пе?Планета созсиз Сулу емес пе,соданда туындаган ырымдар гой.
@amireoryn3298
@amireoryn3298 3 жыл бұрын
Ай планета емес, спутник, ягни серик,
@arsenaliaskar3046
@arsenaliaskar3046 2 жыл бұрын
@@amireoryn3298 Астахфиралла сонда адамдар жасағанба айды
@nurtasmerei2763
@nurtasmerei2763 3 жыл бұрын
😵😵😵😵😵😵😵😳😳😳😳😳😳😳😳😳
@user-ju7ko7ui6c
@user-ju7ko7ui6c 3 жыл бұрын
Ғылымның көкесін баяғыда агыптастаптығой
@user-kp1sq1fl7m
@user-kp1sq1fl7m 3 жыл бұрын
Айға қарап дәрет сындырма. Ар жағы айтылмаған... Бірақ оның себебі бедеу боласың. Өйткені пышақтың жүзін ай жеп қояды. Және Бах айға қарап музыка жазып еді саңырау, соқыр болып қалды....🤔дәрет, бедеулік, паралич билла(суық тиген), балта, сырға...қандай байланыс?
@user-kp1sq1fl7m
@user-kp1sq1fl7m 3 жыл бұрын
Айға қарап дәрет сындыруға болмайтынына келісем. Мүмкін айтылғанның көбісі орынды шығар. Бірақ логикалық тізбек таппадым. Ай туралы ақпараттан атала сияқты.
@nurai4291
@nurai4291 3 жыл бұрын
Ырым ғой. Сеніп, сенбеу өз еркімізде.
@user-kp1sq1fl7m
@user-kp1sq1fl7m 3 жыл бұрын
@@nurai4291 соқыр сенім ауыр күнә.
@nurai4291
@nurai4291 3 жыл бұрын
@@user-kp1sq1fl7m Кесіп-пішіп сөйлегенен қаш деуші еді, бұрынғылар.
@user-kp1sq1fl7m
@user-kp1sq1fl7m 3 жыл бұрын
@@nurai4291 дұрыс айтқан.
@user-tc7wk4dv9o
@user-tc7wk4dv9o 3 жыл бұрын
Аллаха Серик косу!!!!Аллах сактасын!!!билим алындар!коздеринди ашындар о адамдар!!!!!!
@kuatdiktor
@kuatdiktor 3 жыл бұрын
Адаспаңыз. Бұл қазақтың салты. Вахабисттер келгелі салттың бәрі шірік.
@user-nv8oz1sr4b
@user-nv8oz1sr4b 3 жыл бұрын
планетаго аи куманыздаршы
@user-qg1ch1mv2k
@user-qg1ch1mv2k 3 жыл бұрын
Айдын енергиясы кушти болад. Псориаз аурулар баска тери аурулар ай туганда кутырад. Айга сену сурау диннен безгендер. Ертеде ислам баска диндер келместен бурын адамдар надандыктан ай жулдыз кунге салем берип табынган. Ол надандык. Ислам христиан диндери келмей турып. Мысалы кун кудайы. Ра дегендей. Ежелги тарих сабагында откендей мектепте. Ойнаман Айдын енергиясымен билмесениз. Христиан да заговор наговор бари Айга карап окид акша сурап денсаулык сурап. Фазаларына карап. Бир фазасына кедейшиликтен куткар аурудан куткар деп. Тагы бир фазасына акша байлык денсаулык бер деп окид. Олар дегенимиз уйимиздин есигин шайтандарга озимиз ашып беру кара касиеттерди шакырып. Сенбеу керек. Атак сулулык барин алад бирак кейн расплатасы бар. Урпагына туыстарына зиян болад ауру сыркау тукымына келед и жалгаса беред урпактарына.кедейшилик. Фазасын билмей Кате окыса ен жаманы сол. Фазасын жаксы билмегенге касиирет. Ойнаман. Ислам дини казака келмей жатып казактардында Айга табынган Кате угымы.ертедеен калган калыптаскан надандык. Айтп жаткан жокпа сонында атактылар сокыр ия керен болып жатат. Ондай атак курсын Айга табынып атакты болган болып турго. Расплатасы коп сонында. Жараткан туганда жаратылыстан сурап. Айды кудай жараттыго шайтан тегин ештене истемейд тура жолдан адастырып соларга сендирип ауру кылад урпактарына уйне кирип алып. Ада спан кудайга сенин. Ондай берме еде кудайды журекке кабылдап суйсениз барин беред.ал омирде калаган нарсениз болмаса кудайды ана дуниени ойлан. Шайтан коре алмай тозакты адамнан толтыру. Шайтан кудайга сендирмеу басты максаты. Атакует наши мысли. Шайтан не любит когда мы бога любим. Когда мы любим бога все шайтаны поражены
@user-mv4ms6pe2t
@user-mv4ms6pe2t 3 жыл бұрын
Сенин темиринди жегенде,жер бетинде желинбеген Адам кала ма,оттайсын ау.
@user-pr7jx3kj6d
@user-pr7jx3kj6d Жыл бұрын
Оттамаш бред
@gulziranuridinova5676
@gulziranuridinova5676 3 жыл бұрын
Б.С. Ешмағанбетов мырза осы ақпаратыңызға рахмет!
@jamilaaulbekova8537
@jamilaaulbekova8537 3 жыл бұрын
Керемет
@bakdauletserik2756
@bakdauletserik2756 3 жыл бұрын
Керемет
@user-nw3uj8ru4t
@user-nw3uj8ru4t 3 жыл бұрын
Керемет
@user-tu1is8sw3w
@user-tu1is8sw3w 3 жыл бұрын
Мен айды жаксы корем оте адемы оте сулу,айга карап сойлесем,ай уйге тусып турады тосекеде бетымызгеде туседы бары жаксы
😕Тастанды бала тағдыры… АРХИВАРИУС
40:31
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 18 М.
Эта Мама Испортила Гендер-Пати 😂
00:40
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 7 МЛН
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 72 МЛН
АДАМНЫҢ ХИКМЕТІ НЕДЕ?
35:35
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 76 М.
ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫН КӨРКЕМДЕЙТІН КЕҢЕСТЕР
13:35
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 206 М.
қойдың басын қонаққа тарту
11:33
Aymaut
Рет қаралды 10 М.
ОН ЕКІ ЖЫЛДАН СОҢ ҮЙІНЕ ОРАЛҒАН ЖИРЕН
14:00
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 69 М.
Талай қазақты аштықтан аман алып қалған ҚАЗАН
7:36
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 121 М.
Мүшел жас
5:48
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 307 М.
Бесік
5:29
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 72 М.
Ағайынды тату болса...
6:02
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 95 М.
Құранның кереметі
3:14
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 123 М.
😳ДОҢЫЗ ҚЫРҒАН ЖЫЛ #аудиокітап
21:39
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 46 М.
Эта Мама Испортила Гендер-Пати 😂
00:40
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 7 МЛН