Рет қаралды 381,705
Керей - бұл Қазақстан шекрасынан небәрі 33 шақырым қашықтықта жатқан Ресейдегі тағы бір шағын қазақ ауылы. Мұнда да Қарасарт сияқты тек қазақтар ғана тұрады («Ресейдегі қазақ ауылы» репортажының бірінші бөлімінде арнамыздан табасыздар) Жастары кетіп, қарттары қалған. Тұрғындардың айтуынша, ауылдың іргесі сонау 1905 жылы қаланған. Керей деп аталуына кезінде Керей руының қонысы болғаны себеп шығар дейді. Кезінде Құланды маңында Кіші және Үлкен Керей деген екі қыстақтан тұрыпты. Қазір ауылда басым бөлігі керей мен найман руының ұрпақтары тұрады. Қазақ мектегі 10 жыл бұрын жабылған. Айтса да Қазақстандағы танымал архитектор - Қалыбай Монтақаев осы ауылдың тумасы. Ақорданы салған автордың бірі.
#РесейдегіҚазақАуылы #Керей #АлтайӨлкесі
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:01 Анонс
00:59 Ресейдегі тағы бір қазақ ауылы - Керейге келдік
02:06 Мешітте адам жоқ, бірақ пеш жанып тұр, жылынып алдық
03:00 Жол сілтеген тұрғын - Еркін аға
03:47 Қазақ орталығы мен мектеп директорын іздеуге шықтық
04:40 Көшеде Павлодардың нөмірі бар көлікті көріп, үйге кірдік
05:16 4-ші үйден шықтық, әзірге Керей ауылы туралы жөн айтып беретін адам жоқ
05:40 Іздеген кісіміз - Бақытжамал мұғалімді таптық
06:09 Ауылымыз бай - бір үйде 2-3-тен көлік бар
07:26 "Қазақстанның барлық арналарын қарап отырамыз"
07:44 "10 жылдан бері мектепте тек Ресей бағдарламасымен орысша оқимыз"
09:43 Абай - үш көшенің ең ұзыны
10:27 Сандуғаш мұғалімнің үйіне келдік
10:43 Керей ауылының шығу тарихы қандай?
13:42 Қазақтар жергілікті орыспен құда болып жатыр ма?
15:29 Ақорда сәулетшісінің бірі - Қалыбай Монтақаев Керей ауылынан шыққан
16:47 Ресейдегі қазақ ауылындағы қазақ сыныбы
17:34 Керей ауылындағы мәдениет үйі - той-томалақ өтетін жер
17:59 Ауылдағы ең ескі үй кімдікі?
18:52 Терезеден қарап тұрған келіншектің әңгімесі
19:52 Ресейде 600 мыңнан астам қазақ этносының өкілі тұрады
"Не болды" редакциясы Ресейдегі 3 қазақ ауылына барып қайтқан. Алғашқы репортаж Қарсарт ауылы туралы фильмді мына сілтемеге өтіп көріңіздер
• Ресейден көшпейміз, Қа...