«Қазақтығым,Қанатты рух - әлемім». Құрал Көмек.

  Рет қаралды 106

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы

8 ай бұрын

Бүгін ақын, Халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмектің 65 жас мерейтойына орай «Үнсіздіктің үнін тыңдап...» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке ақын А.Наурыз, Ә.Дүлдүл,отставкадағы полковник С.Оңбаев, полковник Т.Кенжебаев, көркем сөз оқу шебері Г.Әбуова, №51 ЖОББМ директоры Н.Шырынбеков тағы басқа зиялы қауым өкілдері, ақын сыныптастары мен Ө.Жәнібеков ат.ОҚМПУ, Ж.Тәшенов университеті, ОАИУ, ШУ филология студенттері мен Ө.Жолдасбеков ат.№9 мектеп-лицей, №51 мектеп оқушылары қатысты.
«Мен -даланың ұлымын» поэмасы композициясымен ашылған кеште студенттер мен оқушылар ақынның лирикалық, рухты жырларын жүрекке жеткізе оқыса, Ө.Жәнібеков ат.ОҚМПУ студенті А.Сапардың «Жүрегімде жүрсің сен» әні оқырмандарды бір серпілтіп тастады. Осы аталмыш оқу орнының студенті Н.Сералиев өз өлеңін оқып, кеш иесі ақынның ақ батасын алды.
«Өмірді өлеңмен оятқан ақын» Құрал Көмектің дүние қабылдау, образ түзу, сөз бен сезімді қамту ерекшілігі зор, жырларында ақиқатты, ұлттық рухты мұрат тұтады. Образ жасау табиғаты ақын талантын ашатындай,-дейді сөз алған ақынның замандастары. Сыныптас дос-жарандары ақынның балалық шақтағы қызықты естеліктерімен бөлісті.
Құрал Көмек фәни мен жалған арасындағы арпалысқан жұмбақ әлемнен көркемдік іздейтін рухты сезім ақыны,-деп кешті қорытындылаған кітапхана басшысы кеш авторына сый-сияпат көрсетіп, кеште жыр оқыған студенттер мен оқушылар грамотамен марапатталды.

Пікірлер: 1
@user-ce4xu2pi7f
@user-ce4xu2pi7f 8 ай бұрын
Құрал ағайдың 65 жас мерейтойы құтты болсын! Іс-шара жоғары деңгеде өтті!
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 4 МЛН
Omega Boy Past 3 #funny #viral #comedy
00:22
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 28 МЛН
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17
РУХ-ДЕГЕН НЕ? | ҰСТАЗ АБДУЛАХАД СМАНОВ
7:35
Айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері,  Маржан Есжановамен  сүбелі сұхбат өтті.
57:15
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы
Рет қаралды 52
15 тамыз - композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 93 жыл
4:46
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы
Рет қаралды 16 М.
Бір әннің тарихы: «Торғай қызы» кімге арнап жазылған?
3:54
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 87 М.
Тәртипсіз келінге өсиет
2:49
Аділбек жиеней
Рет қаралды 230 М.
Ақтық сындар  3  Аян мен Қарлығаш
20:35
Улан Ержанов
Рет қаралды 65 М.