Рет қаралды 160,134
Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз 🔔 / @halyq-uni
«Халық Үнін» бірге жеткізейік!
_________________________
Астана қаласының іргесінде орналасқан Қоянды дейтін ауыл бар. Қоянды - Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты ауыл. Елордадан небәрі 2 шақырым жерде орналасқан. Ауыл халқының дені Астана қаласына қатынап жұмыс істейді.
Енді сол ауылды ішінара су басып, халық әбігерге түсіп жатыр. Қыс бойы жиналған қар уақытында сыртқа шығарылмай, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіріп отыр. Қоянды көшелері көлшікке, жолдары жылғаға айналған.
Осыдан бірер күн бұрын Қоянды тұрғындары су басқан ауылдың мәселесін билікке естірту үшін наразылыққа шықты. Тұрғындар не әкімдіктің, не төтенше жағдайлар қызметінің, не қар тазалауды мойнына алған мердігердің әрекетсіздігіне шағымданып отыр.
"Әділдік жолы" РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының жетекшісі Дархан Құлжамбеков Қоянды тұрғындары алдын ала дабыл қағып, қар тазаланбағанын айтып шағымданса да, олардың өтінішіне ешкім құлақ аспағанын айтады. Қоянды ауылы әкімінің аппараты мердігермен шарт жасасқан, алайда тапсырыс беруші тарап жұмыстың орындалуын қадағаламаған. Енді оның зардабын ауыл тұрғындары тартып отыр.
ХАЛЫҚ ҮНІ тілшісі арнайы Қоянды ауылына барып, су басқан көшелер мен үйлерді, шарасыз жағдайға түскен тұрғындардың жайын өз көзімен көріп қайтты.
Журналист: Гүлбаршын Нұрхан
Оператор: Жансерік Күзембай
_________________________
Бізбен байланыс:
Сайт - halyq-uni.kz/
Instagram - / halyquni.media
Telegram - t.me/halyquni
TikTok - / halyquni
Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇
• Ozgeshe podcast
• AQ Soile - сұхбат
• Ащы шындық
• Жанайқай
#ХалықҮні #Астана #Қоянды