Керемет кесек туынды! Бұрынғылармен салыстырғанда сарыны бөлек сазы басқа дүние болып шығыпты. Жарайсыздар🙌
@akerkesergazieva254310 ай бұрын
Мен өз жеке қара басым осы бір туындыны есім кете, аузымнан сілекейім шұбырып отырып тыңдадым. Сөз жоқ теңдесі жоқ кесек туынды. Құрманғазы бабам бір аунап түскен шығар. Керемет әңгіме әсем күймен әрленгенде тіптен ғажап болады екен ғой. Самғат бауырым самғай бер.
Самғат біраз деректерді топтастырған екенсің. Негізі бұл әңгімелер шашылып,әр жерде ғана айтылып жүргені шындық. Жинақтап,күймен әрлей отырып ,бір тұтас,жұп-жұмыр,дөңгеленген дүниеге айналдырған әріптестеріміздің еңбегіне қол соғып қояйық. Өтепберген аға майын тамызып тұрып әсерлеп жеткізді. Дариға Мұштанова да тың деректермен бөлісті. Еңбектерің жана берсін! Шығармашылық табыс тілеймін! 20-25 жылдан кейін де архивтен суырып алып эфирге қоятын,өлмейтін,құндылығын жоғалтпайтын фильмдеріміз көп болсын!