ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды

  Рет қаралды 2,736

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге үкімге байланысты мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.
«Аса құпия» белгісімен қаралған істе Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айыптар тағылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасына 18 жыл, ал оның орынбасарына 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекеттік қызметте қандай бір лауазым иеленуге өмір бойына тыйым салды. Бұдан бөлек «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деген айыптармен Мәсімовтің орынбасарлары болған Дәулет Ерғожинді 15 жылға, ал "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен Марат Өсіповті 3 жылға соттады. Төртеуі де әскери шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды. Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңгеден астам және 24 миллион АҚШ доллары өндірілді. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Наши сайты: www.31.kz и www.informburo.kz
Наш WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 21
@zhan638
@zhan638 Жыл бұрын
Отанын сатқан опасызға бұл аз! Кеше ғана барлық жерде бұл ауырып, жақында өліп қалуы мүмкін деген хабарлар тарады, яғни әдейі таратқызды. Мұнда керемет жоспар жатыр. Сотталды деп күшіне енген соң, бұл жоспар бойынша өледі. Өлді дейді де, халықты тонаған ақшасына шетелге кетеді. Болды, біз тағы алданамыз. Соры қайнаған халықтың сыртынан, мұртынан мырс етіп күліп отыра береді. Бұл менің ойым.
@----------bx4tk
@----------bx4tk Жыл бұрын
18 жыл аз емеспе қатаң емес бұл Отанға опасыздық жасаған Елдің тыныштығын бұзған адамға Қаңтар оқиғасында жазықсыз өлген адамдардың кінәсі қайда 18 жыл аз Өмір бойына Соттау керек отбасылары қосып соттау керек
@raimkz_8223
@raimkz_8223 Жыл бұрын
Соттағы видиосы қайда?Түрмедегі видиосын көрсетің қайдағы жоқ баяғы видиоларын көрсете бермей.
@suleiman8995
@suleiman8995 Жыл бұрын
Кулактан тебу
@sultanazizxanov6367
@sultanazizxanov6367 Жыл бұрын
Қалғандаршы қайда кетті
@user-ns6gt3in3c
@user-ns6gt3in3c Жыл бұрын
Турмеде отканын бир корсетпедiгой отирик сиякты
@bahytzhanborybekov-sf9ox
@bahytzhanborybekov-sf9ox Жыл бұрын
СОТ ӘДІЛ ӨТПЕДІ. ҚАЗАҚТАР ОЯНЫҢДАР. К. МӘСІМОВ ӨМІР БАҚИ ОТЫРУ КЕРЕК.
@user-fy1cq2bc5v
@user-fy1cq2bc5v Жыл бұрын
Өте жұмсақ .болды нақты кінəлі бұлемес .бұл орындаушы .сосын азжыл беріпотыр .біріншіадамды табуерек .тапсырма берген .
@user-fm6ll8dz6o
@user-fm6ll8dz6o Жыл бұрын
10 жыл Астана қаласында жалғыз басты Аналар баспана күтіп Әркімнің времянкасын жалға алып 12 кі Квадратта бөлмеде 60 70 мың төлеп Газ балон Пеш жағып Угар жұтып балаларды бір бұрышы сабақ оқыйды бір бұрышы шомылады бір бұрышы тамақ ішеді бір бұрышы кір жуып күн көруде Өкімет мырзалар 10 жыл күткен баспана берулеріңіздер ді өтінеміз Алла разы болсын рахмет .🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼😭😭😭😭😭😭😭😭😭
@user-bt2ti2qp6q
@user-bt2ti2qp6q Жыл бұрын
маңдайдан ату керек
@MaksatBisenov-be7rl
@MaksatBisenov-be7rl Жыл бұрын
Таза өтірік,өзін көрсетпейді сөз бермейді ме?соңғы сөзін айтқызатын еді
@user-rb3bc1zt1p
@user-rb3bc1zt1p Жыл бұрын
18кун десей кейын уй камакка шыгып денсаулгна байлансты 1жыл емделып кайтадан окметте отрад десей
@user-fm6ll8dz6o
@user-fm6ll8dz6o Жыл бұрын
кәрім мәссимовтың үрін бұтағын таныс тарын Қызақстаннан көшіру керек россияға Қазақ елінің нанын жеп Қазақстан ды сыйламаған үшін онбаған Аллаһ жазасын берсін Әмин тонаған байлыққа жалғыз басты Аналарға баспана берсе 10 жыл баспана к6тіп жүрген аналарға бір сыйыр бір бұқа берсін көбитіп аламыз сүт ішеді бала шаға өтініш .әмин.🤲🤲🤲🤲🤲🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏😅😅😅😅😅😅😅
@bahytzhanborybekov-sf9ox
@bahytzhanborybekov-sf9ox Жыл бұрын
ОН СЕГІЗ ЖЫЛ АЗ. ӨМІР БАҚИ ТҮРМЕГЕ ЖАБУ КЕРЕК.
@bahytzhanborybekov-sf9ox
@bahytzhanborybekov-sf9ox Жыл бұрын
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА ДӘЛ ОСЫ КӘРІМ МӘСІМОВ КІНӘЛІ БОЛСА, НЕГЕ ӨМІР БАҚИ ТҮРМЕГЕ ЖАППАЙДЫ. ҚАҢТАРДА КӨП АДАМ ҚАЙТЫС БОЛЫП КЕТТІ, ОСЫ ҮЙҒЫРДЫҢ КЕСІРІНЕН.
@bahytzhanborybekov-sf9ox
@bahytzhanborybekov-sf9ox Жыл бұрын
КӘРІМ МӘСІМОВ ОЛ ҮЙҒЫР. ӨМІР БАҚИ ТҮРМЕДЕ ОТЫРУ КЕРЕК.
@user-sr2zn4nd4i
@user-sr2zn4nd4i Жыл бұрын
18 жылға қалай сотталды? Онлайн соттадыма?
@user-mt1tr6wb5x
@user-mt1tr6wb5x Жыл бұрын
Показуха
@azamatkz5940
@azamatkz5940 Жыл бұрын
😂😂😂😂
@user-vr4dn3pv7p
@user-vr4dn3pv7p Жыл бұрын
Халык сенбендер буны 18 жылга жетелге демалуга жыберды буны енды кормейсындер ешкандай турмеде
They RUINED Everything! 😢
00:31
Carter Sharer
Рет қаралды 24 МЛН
Just try to use a cool gadget 😍
00:33
123 GO! SHORTS
Рет қаралды 17 МЛН
Советский мультфильм про нашу жизнь !
13:49
Дедушка Аргентинца
Рет қаралды 2,7 МЛН
ҚАЗАҚСТАННАН ТЕК 1 АЙДА 3,4 МЫҢ АДАМ КӨШІП КЕТТІ
4:26
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 149 М.
КӘРІМ МӘСІМОВ 17 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
2:04
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 11 М.
Беймәлім дерек. Санжар Асфендияров
20:12
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 1,3 М.
Кәрім Мәсімов қамауда қалатын болды
0:28
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 177 М.
КӘРІМ МӘСІМОВТЫҢ ІСІ «ӨТЕ ҚҰПИЯ» БЕЛГІСІМЕН ТЕРГЕЛУДЕ
0:48
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 112 М.
Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
0:47
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 1,1 М.